1. Көркем еңбекті оқыту әдістемесінің қағидаларын. Көркем еңбекті оқытудағы дидактикалық принциптер жүйесі


Жүйелілік және бірізділік принципі



бет5/5
Дата20.12.2021
өлшемі29,56 Kb.
#103862
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
КЕ Л-6
Статья1, Л-10 ТИМПХ
Жүйелілік және бірізділік принципі.Жүйелілік пен бірізділік бейнелеу өнерін оқыту процесінің міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді. Мектептегі бейнелеу өнерін оқыту процесіндегі жүйелілік оқу жоспары мен оқу бағдарламаларында анықталған.

Сондықтан бағдарламасының талабына сай оқуды жүйелі түрде жүргізу мынандай әдістемелік шарттарды орындауды қажет етеді:     оқу жылы бойынша бейнелеу материалдарын логикалық ретімен орналастыру.

-   нұсқаны    талдау    мен    бейнелеу        кезеңдері    туралы    оқу матеиалдарын түсіндіргенде ретімен баяндау;

-     оқушыларға    берілетін    өнер    туралы    жаңа    білімдері    мен бұрынғылардың логикалық байланысын қамтамасыз ету;

-      оқушылардың   меңгеретін   жаңа   бейнелеу   икемділіктері   мен бұрынғы дағдыларын байланыстыру.

-       меңгерген    материалдар    мен    қорытынды    топшылаушылар санасында логикалық бірізділікпен орналасуы тиіс;

-     мұғалімдер   мезгіл-мезгіл   өткен       материалдарды   жинақтап отырады, қалай түсінгендерін,есте қалғандарын анықтайды.

Жүйелілік және бірізділік принципінің мәні-жаңа оқу материалдары бұрын қабылданғанды еске түсіріп, оларды нақтылап, толықтырып отырады. Осыған байланысты жалпы білім беретін мектептегі бейнелеу өнері мұғалімнің алдында мынандай міндеттері туындайды:

-                       мектепке   дейінгі   және   кіші   мектеп   жасындағы   балалардың бейнелеу іс-әрекетінің сабақтастығын сақтау;

-                 балалар бақшасы мен жалпы білім   беретін мектептің бастауыш сыныптағы    бейнелеу        өнерінің        оқу    бағдарламаларының сабақтастығын қамтамасыз ету.

-   баланың    жеке    тұлғалық    қалыптасуына    бейнелеу    өнерінің мүмкіндіктері арқылы бірізділікпен, жүйелі түрде ықпал ету.

Балалар бақшасының кіші топтарындағы жас өспірімдер оқу бағдарламасы бойынша қаламсап пен қылқаламды дүрыс ұстап, оны қолдануға, дөңгелек және төрт бұрыш (доп, жалауша) заттарды бейнелеуге үйретілсе, үлкен топтағы балалар қарапайым сәндік композиция құруға, және өмірден алған әсерлері бойынша бейнелеуге үйретіледі.

Екінші және үшінші сыныптарда оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысында біз жүйелілік және бірізділік принциптерінің сақталуын, оқу тапсырмаларының күрделенуінен көреміз. Біз бірінші және екінші сыныптардағы бейнелеу өнерін оқытудағы айырмашылықтарды көреміз. Ал екінші сыныптағы оқыту әдістемесі де үшіншідегіге сәйкес келеді. Бұлар бастауыш сыныптағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесіне бірігеді. Солай бола тұрсада олардың әрбір сыныптарының оқыту әдістемесінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. Мүның бәрін педагог білуі тиіс.

Жүйелілік пен бірізділік принципін оқу-тәрбие процесінде сақтау үшін мұғалімге оқу материалдарының біртіндеп күрделенуін көрсететін жұмыс бағдарламасы мен тақырыптың жоспарлар, әдістемелік нұсқаулар, иллюстративтік жылдық жоспар көмектеседі.

Бұрынғы материалды меңгеріп болмай бекітпей жатып жаңа оқу материалдарына көшуге болмайтындығы, бейнелеу өнерін оқыту барысында жүйелілік принципінің басты ережесі болып табылады.

Бала оқулық суреттің бір бөлігін меңгерген соң екіншісіне көшуі тиіс. Әрбір бөлім жалпы құрамдаушының бір бөлімі ретінде бір-бірімен байланысып отырады. Мысалы, зат көрінісін бейнелеу: зат сұлбасын қағаз бетіне орналастыру; заттың конструктивтік қүрылымын бейнелеу; штрихтау немесе бояу арқылы зат көлемін шығару; заттың алыс және жақын бөліктерін бейнелеу; Жарық-көлеңке қатынастарын табу; зат көрінісінің тұтастай қабылдануын қамтамасыз ету; суретті аяқтау сияқты кезеңдерге бөлуге болады. Егер зат формасын қағаз бетіне дүрыс орналастырылмаса ол қате әрі қарай келесі кезеңдерге жалғасаып береді. Сондықтан, бүл кезеңдегі жіберілген қатені жоймай, оқушыны келесі кезеңге ауыстыруға болмайды.

Бұл жерде оқу материалдарының күрделенуі шартты түрде шекараға бөлініп беріліп отыр. Шын мәнінде оқу материалдарының мазмүны мен көлемі әрбір сыныптың оқушылар құрамына және олардың дайындықтарына байланысты бөлініп отырады. Бірақ оқу материалдарын әрбір сыныпқа, оқу міндетіне байланысты күрделенуін, жүйесін жасау барысында оқытудың лайықтылық және сәйкестілік принципі туралы ойлануды қажет етеді. Бұл принцип жалпы білім беретін мектептегі бейнелеу өнерін оқытуда ерекше маңызды.

Әдебиеттер:

1.Әміргазин Қ.Ж. Қазақ қолөнері.- А., 2004.

2.Өмірбекова М. Энциклопедия. Қазақтың ою өрнектері. - А.,2005.

3.Смирнов С.А. Технология как средство обучения второго поколения.-М.,2005.



4. Сатканов О.С. Еңбекке баулу әдістемесі (1-4 сыныптар). А., 1995.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет