Нұсқаулар Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдістемелік кеңесінде қаралып, баспаға ұсынылған



бет1/4
Дата03.02.2017
өлшемі0,66 Mb.
#8641
  1   2   3   4
Балаларға қосымша білім беру жүесінде әдістемелік өнімдері әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар

Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдістемелік кеңесінде қаралып, баспаға ұсынылған

Кіріспе

Бүгінде балаларға қосымша білім беру саласында барлық бөлімдерін, сондай-ақ әрбір шығармашылық бірлестік жұмысын бағдараламалық-әдістемелік жағынан түбегейлі қамтамасыз етпей, қосымша білім беру жүйесін дамыту мүмкін емес. Қазіргі уақытта қосымша білім беру жүйесіндегі педагогтың, әдіскердің, ұйым басшыларының қызметін әдістемелік жағынан қамтамасыз етпей жүргізуге болмайды.

Аталған үдерісте әдістемелік қызмет ерекше роль атқарады. Қызмет түрі бойынша әдістемелік қамту – бұл әдістемелік материалдардың түрін әзірлеуге әр түрлі санаттағы педагогикалық қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсетуге, тиімді педагогикалық тәжірибені анықтауға, оқып-*үйренуге, жинақтауға, қалыптастыруға және таратуға бағытталған үдеріс.

Мазмұны бойынша әдістемелік қамту – бұл қажетті ақпарат, оқу-әдістемелік кешен, яғни балаларға қосымша білім беру жүйесіндегі педагогикалық қызметкерлердің бағдарламалық-әдістемелік, ғылыми-тәжірибелік, тәрбиелік, бұқаралық ұйымдастырушылық, бос уақытын өткізу, көңіл көтеру шараларын неғұрлым тиімді өткізуде ықпал ететін және жабдықтайтын әр түрлі әдістемелік құралдар.

Кез келген қызмет түрін әдістемелік жағынан қамту – осы қызметті жүзеге асыратын маманға дер кезінде көмекке келу, қиындықты әдістемеліктұрғыдан сауатты шешу, педагогикалық, әдістемелік, тәрбиелік, білім беру қызметін ұйымдастыруда және жүзеге асыру барысында тьуындаған сұрақтарға тянақты жауп беру.

Оқу-әдістемелік материалдардың құжаттары балаларға қосымша білім беру жүйесіне еңдіруге арналған оқу жоспарларын, білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу жұмыстарын қамтиды. Оқу-әдістемелік материалдар түрлері бойынша қаншалықты ерекшкленсе де, тиісті талаптар бойынша әзірленбесе және рәсімделмесе, олардың педагогикалық мәні жеткіліксіз болады.

Үлгілік оқу бағдарламасын қолдану мүмкіндігіне ие мектеп мұғалімдерінен қосымша білім педагогтарының ерекшелігі бағдарламаларды өздері жасайды және құрастырады, әдістемелік құралдарды әзірлейді. Бірақ балаларға қосымша білім беру саласы мамандарының көпшілігі үшін аталған мәселе бұрыннан белгілі болып келгендей, білім беру саласында бірыңғай стандарттардың болмауы, педагогикалық шығармашылықтың ғылыми-практикалық негізі жайлы білім деңгейінің әлсіздігі, сондай-ақ оқу материалын жобалау технологиясының жоқтығы айтарлықтай қиындықтар туындатып отыр.


  1. Оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу және рәсімдеу

    1. Әдістемелік материалдардың түрлері

Оқу-әдістемелік материалдардың құжаттары балаларға қосымша білім беру жүйесіне еңдіруге арналған оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеуді қамтиды.

Қосымша білім педагогтары мен әдіскерлер өз қызметтерінің нәтижесін әдістемелік материалдың негізгі үш түрі бойынша әзірлейді:



  • ақпараттық-насихаттық;

  • ұйымдастыру-нұсқаулық;

  • қолданбалы.

Ақпараттық-насихаттық әдістемелік материалдар таратуға жататын мәліметтерді, әдістер мен тәсілдерді түсіндіруді, тәжірибелерді талдауды, ағымдағы жағдайды бағдарлауды, педагогикалық қызметтің ерекше маңызды әрі көкейкесті бағыттарын насихаттауды қамтиды.

Ақпараттық-насихаттық әдістемелік материалдар:



  • әдістемелік сипаттама;

  • аннотация;

  • ақпараттық плакат;

  • реферат.

Әдістемелік сипаттама өткізілген тәрбие жұмыстарын, көрген іс-шараларын немесе оларды өткізу құралдарын жай ғана мазмұндауды қамтиды. Хабарлау көбінесе бірінші жақта баяндалады, мұнда жеке алған әсері, эмоциясы орын алады.

Әдістемелік сипаттамаға қойылатын талаптар: іс-шараны, әрекетті толық сипаттау және түсіндіру.



Аннотация – кітаптың, әдістемелік құралдың, автор туралы мәліметтің мәнін, мазмұнын және басты ерекшелігін қысқаша мазмұндау. Аннотация аталған материалдың бағытын анықтайды. Онда осы әдістемелік жұмысты, кітапты кімінің және қайда пайдаланатыны міндетті түрде көрсетіледі.

Әдістемелік қызметте аннотация өз бетінше білім алу үшін де, жеке аттестаттауға дайындықты да қолданылады.

Ақпараттық плакат көпшілікті алда болатын кез-келген үлгідегі іс-шаралармен немесе оларды өткізудің қорытындыларымен танысуға мүмкіндік береді. Көпшілік назарына ұсынылатындықтан, плакаттың көлемі, безеңдірілуі сәйкес болуы қажет. Ақпараттық плакаттар сонымен қатар тәжірибелік жұмыстың мекен-жайын хабарлайтын басылымдарын, қосымша білім беретін ұйымдардың, балалар бірлестіктерінің және т.б. күнтізбелік жұмыс жоспарларын жариялайды және насихаттайды.

Ақпараттық-әдістемелік көрме әдістемелік әдебиеттерді немесе әдістемелік материалдың қолжазбасын (оның ішінде тәжірибелік жұмысын) таныстыру және насихаттау мақсатында ұйымдастырылады. Көрме нақты тақырыпқа арналуы мүмкін, онда педагогикалық ұжымның немесе педагогтың жұмыс тәжірибесі насихатталады, сондай-ақ ғылыми-әдістемелік және педагогикалық әдебиеттердің жаңа басылымдары таныстырылады.



Көрме:

  • стационарлық (ұзақ мерзім бойы жұмыс істейтін);

  • уақытша (мереке алдында немесе оқу жылының қорытындысы бойынша жұмыс істейтін);

  • жылжымалы (кітап қорын қосымша білім беретін ұйымдарға, мектепке, балаларды сауықтыру лагеріне және т.б. тасымалдауға болатын) болуы мүмкін.

Өз құрылымында әдістемелік көрменің:

  • көрме тақырыбын дәл көрсететін атауы, оның мақсаты;

  • мекен-жайы;

  • көрме бөлімдері болады.

Мысалы, ақпараттық-әдістемелік көрме тақырыбы «Балаларға қосымша білім беру орталығының кіріктірілген кеңістігі», мекен-жайы: балаларға қосымша білім беру жүйесі мен жалпы білім беретін мектептің педагогикалық және балалар ұжымы; көрме бөлімдері: Балалардың жалпы және қосымша білімін кіріктіру (кіріктіру салалары: «Білім беру», «Шығармашылық», «Демалыс», «Әлеуметтік тәжірибе», «Басқару» және т.с.с.).

Реферат – баяндау сипатындағы басқа жұмыстардың ішіндегі ең көлемдісі. Реферат – бұл бір немесе біренеше кітаптың, мақаланың, ғылыми жұмыстың мазмұнын жазбаша түрде қысқаша баяндау, сондай-ақ, сыни шолу. Бұл нақты тақырып бойынша өз бетінше тереңдетіліп жүргізілген жұмыстың қорытындысы. Рефератта автордың қарастырып отырған мәселеге көзқарасы, жинақталған нәтижелі тәжірибесі сипаттаулы тиіс. Реферат мазмұны нұсқаулы аннотацияларды қамтымайды, тек бар материалды сипаттайды. Оған ақпараттық сипаты бойынша ақпараттық-талдау немесе насихаттау тән, назары өзекті тақырыпқа және мәселеге аударады. Педагогикалық қызметкер рефератта нақты бір мәселе бойынша теориялық және практикалық дағдысын баяндайды; материалды меңгеру, жүйелеу және құрастыру, жинақтау және қорытынды жасау білігін көрсетеді.

Рефераттың үлгі ретіндегі құрылымы:

  • реферат тақырыбы, авторы, лауызымы, жұмыс орны;

  • кіріспе (таңдалған мәселені қысқаша талдау, өзектілігін негіздеу; кіріспеде зерттеудің пәні, мақсаиы мен міндеттері анықталады, зерттеудің әдістері мен технологиясы сипатталады);

  • теориялық бөлім (таңдалған мәселе бойынша концептуалды ұсыныстарды талдау, алғашқы басылымдарды талдау; мәселенің ғылыми жағдайын ашу, оны ары қарай терңдетіп зерттеуді қажет ететін жаңа аспектілерін аңықтау және т.т.);

  • практикалық бөлім (авторлық еңбектер, өз бетінше жүргізілген зерттеу жұмысының педагогикалық, техникалық және т.т. тиімді-тиімсіз нәтижелерін сипаттау). Бұл бөлім көлемі жағынан үлкен және бірнеше бөлімнен тұрады.

  • қорытынды (жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша нақты қорытынды жасалады);

  • библиография (пайдаланылған әдебиеттер);

  • қосымша (зерттеу жұмысы және педагогикалық әрекет қорытындысы бойынша жасалған қолданбалы әдістемелік материалдар).

Ұйымдастыру-нұсқаулық материалдар іс-шаралар мақсаты мен өткізу ретін, оқу үдерісін ұйымдастыру технологиясы мен әдістемесін, бұқаралық шараларды, акцияларды өткізуді ұсынады, түсіндіреді, көпшілік іс-шараларды ұйымдастырудың мүмкін тәсілдерін және түрлерін көрсетеді.

Ұйымдастыру-нұсқаулық материалдар:

  • ақпараттық-әдістемелік анықтама;

  • бюллетень;

  • нұсқау;

  • нұсқаулық-әдістемелік хат;

  • әдістемелік жадынама;

  • әдістемелік ескертпе;

  • әдістемелік нұсқау;

  • әдістемелік ұсыным;

  • әдістемелік құрал;

  • оқу бағдарламасы;

  • жұмыс дәптері;

  • өзін-өзі үйрету;

  • хрестоматия;

  • тақырыптық папка.

Ақпараттық-әдістемелік анықтама – нақты жұмыс түрінің мазмұны және оны ұйымдастыру бойынша сұрақтар мен жауаптар жинағы.

Бюллетень – мекеме қызметіндегі жаңалықтар туралы ұдайы жарияланып отыратын қысқаша ресми материал.

Нұсқау – іс-шараларды, операцияларды өткізудің тәртібін көрсету; мысалы, дидактикалық ойындардың шартын сипаттау.

Нұсқаулық-әдістемелік хат – жоғары ұйымдардың нормативті құжаттарынан туындайтын нұсқаулар мен түсіндірмелерді құрайды; жоғары органдардың шешімдерін орындау жөнінде педагогтың немесе педагогикалық ұжымның функцияларын және қызметтерін анықтайды, нормативтік құжаттардың, нұсқаулардың, бұрықтардың мазмұнын неғұрлым толық ашады, бірақ жеке әдістер мен ұсыныстарды түсіндірмейді. Мысалы, іс-шара туралы ережеге нұсқаулық-әдістемелік хат.

Нұсқаулық-әдістемелік хатты жоғары ұйымдар әзірлейді және ол бір немесе бірнеше санаттағы қызметкерлерге жіберіледі.

Әдістемелік жадынама қысқаша баяндалған әдістемелік материалдарға (жоспар, тізбе, кесте, сызба) түсініктеме береді. Әдістемелік жадынама келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс: берілген әдістемелік жұмыста қандай мәселе қаралған; ол кімге арналған; әдістемелік жұмыс қандай құжаттарға, фактілерге негізделген; материалды баяндау жүйесі қандай.

Әдістемелік ескертпе қандай да болмасын істің мәні және жүзеге асуы туралы қысқа әрі ең маңызды мәлімет береді. Бұл әдістемелік материалдың неғұрлым кең тараған түрі, ол іс-әрекет алгоритмін, міндеттер аумағын, кеңестер тізімін қысқа да нұсқа түрінде беру мүмкіндігіне ие.

Әдістемелік көлемі шығын, бір парақтан аспайды, қысқаша жолдау түрінде нақты мекен-жайын немесе жай ғана атауын көрсетеді. Материалды баяндау нақты, қаталанбайды, ережеге сай баптармен беріледі.

Әдістемелік нұсқау – қандай да болмасын тақырыпты зерттеудің, сабақ және іс-шара өткізудің тәртібін, логикасы мен ерекшелігін айқындайтын әдістемелік материал түрі. Әдістемелік нұсқауда жүзеге асатын іс-шараның сабақтастығына ғана емес (әдістемелік жұмыстағы секілді), жағымды тәжірибе негізінде туындаған бір немесе бірнеше жекеше әдістемені дәріптеуге ерекше көңіл бөлінеді. Әдістемелік ұсыныстардың міндеті – іс-әрекеттің (оның ішінде іс-шараның) нақты бір түріне қолдануға болатын тәсіл үлгілерін, ерекше тиімді нұсқасын насихаттау. Әдістемелік ұсыныстарда міндетті түрде бір немесе бірнеше нақты іс-шараны ұйымдастыру және өткізу туралы ұсынылып отырған әдістемені іс жүзінде сипаттайтын нұсқау беріледі.

Ұйымдастыру мәселелерін шешу жөніндегі әдістемелік нұсқау. Оның үлгі болатын нұсқаулары: қалай жасартуға болады, қиындық тудыруы мүмкін қандай жайттарды ерекше назарда ұстау қажет, техникалық және т.б. қандай құралдары пайдаланған жөн және т.б. мәселелер бойынша кеңесіп шешу. Ұсыныстар нәтижесінің келешегін болжайды: қандай міндеттерді шешуге көмегі тиеді, қатысушыларға қандай нақты әсер етеді, неге үйретеді. Мұнда біліктілігін пысықтайтын, қалаыптасқан дағдысын дамытатын басқа да жұмыс түрлері қысқаша тізбектеліп беріледі. Әдістемелік нұсқауда берілген тақырып бойынша ұсынылатын әдебиеттер тізімі,осы жұмысты дайындау барысында пайдаланған әдебиеттер тізімі, сондай-ақ автордың аты, тегі, әкесінің аты, жазылған мерзімі; білім ұйымының Әдістемелік кеңесі, мамандар тобы және т.б. берген ішікі сараптама көрсетіледі.



Әдістемелік ұсыным – әдістемелік өнімнің кешенді түрі, жекелеген бұқаралық іс-шараларды, әдістемелік кеңестерді ұйымдастыру және өткізуді жоспарлау жөніндегі ұсыныстарды, сценарий, баяндама, көрме және т.б. жоспарларын қамтиды. Ұсынылған материалдың теориялық идеясы мен практикалық мүмкіндіктерін толықтай жақсы түсінуге септігін тигізеді.

Әдістемелік құрал – әдістемелік материалдың кешенді түрі, ол қандай да болмасын оқыту курсының немесе балаларға қосымша білім беру бағытының айрықша ерекшелігі мен әдісін, мәнін көрсететін жүйеленген материалды қамтиды. Әдістемелік құрал, ережеге сәйкес, теориялық материалдан өзге иллюстрация, сызба, диаграмма, сурет, сондай-ақ берілген тақырыпқа сай жасалған құжаттар үлгісі түрінде кеңейтілген дидактикалық материалды да көрсетеді.

Білім беру бағдарламасы – педагогтың қызмет мақсатымен, шартымен, ресурстық жабдықталуымен, арнайы мазмұнымен, әдістерімен және технологиясымен кепілдендірілген оң нәтижеге жететін тұжырымдамасын айқындайтын нормативтік құжат. Бұл – білім алушының жеке білім алу бағыты, одан өте келе ол, бағдарламаны әзірлеген педагог болжағандай, тәрбиеліліктің, білімділіктің қандай да болмасын бір деңгейіне көтеріледі.



Жұмыс дәптері – ерекше дидактикалық аппаратты иеленген білім алушының пәнді меңгеру барысында өз бетінше атқарған жұмысына ықпал ететін оқу құралы.

Өзін-өзі үйрету – жетекшінің көмегінсіз өз бетінше оқып-үйренуге арналған оқу құралы.

Хрестоматия – көркем-әдеби, тарихи және басқа да шығармаларды немесе олардан үзінді беретін, пәнді оқып-үйренудің нысаны болатын оқу құралы.

Тақырыптық папка төмендегі тақырыптар боййынша топталады:



  • осы бағыттағы іс-әрекетті анықтайтын нормативтік құжаттар;

  • әдістемелік ұсыныстар;

  • қолданбаны әдістемелік өнімдер;

  • нақты іс-әрекеттің жоспарлары, өткізілген шаралардың сценарийлері;

  • тәжірибелік жұмыс материалдары;

  • библиография;

  • қосымша (дидактикалық материал).

Әдістемелік материалдар қоры білім беру ұйымдарының әдістемелік бөлімдерінде, әдістемелік кабинеттерінде жинақталады. Әдіскерлер нақты білім ұйымында жүргізілетін білім берудің барлық бағыттары бойынша тақырыптық папкалар жасайды.

Мысалы, Оқушылар үйінде сәндік-қолданбалы жұмыс туралы тақырыптық папкада төмендегідей материалдар жинақталуы мүмкін:



  • сәндік-қолданбалы бағытты басқаратын әдіскерлердің қызмет нұсқаулығы;

  • шеберлер сайысы, халықтық және сәндік-қолданбалы өнер көрмесі, мекемелер және т.б. өткізу туралы ережелер;

  • ұлттық бұйымдар мерекесін өткізу туралы әдістемелік ұсыныстар: «Қазақстанның көркемдік бұйымдар жәрмеңкесі», «Ұлттық киімдер», «Оюлар» және т.б. көрме-көрсетілім.

  • мерекелердің, сайыстардың, бос уақытты өткізу-көңіл көтеру шараларының сценарийі және сценарийлік жоспар;

  • сәндік-қолданбалы бағыт бойынша сабақтың инновациялық түрлерін өткізу туралы әдістемелік ұсыныстар;

  • сәндік-қолданбалы бөлім педагогтері үшін болжау және оқыту әдістері.

Қолданбаны әдістемелік материал – тақырыпты кеңірек ашатын, толықтыратын, көрнекті қосымша материал, әдістемелік өнімнің мынадай түрлерін қамтиды:

  • диаграмма;

  • кестелік ақпарат;

  • картотека;

  • каталог;

  • нұсқаулық әдістемелік плакат;

  • сценарий;

  • материалды тақырып бойынша іріктеу және т.б.

Диаграмма – қандай да болмасын көлемді көрнекілікпен бейнелейтін сызба. Диаграммалар сызықтық, бағындық (гистограмма) және секторлық болып бөлінеді.

Кестелік ақпарат – кестелік құжат мазмұнын айқындайтын, көрнекі кестелік бейне көмегімен жасалатын ақпарат. Есеп беруді құрастыруда кестелер мен диаграммалар жиі қолданылады. Кесте қандай да болмасын құбылыстың өсімін көрнекілікпен бақылауға және салыстырмалы сипаттама беруге мүмкіндік жасайды.

Кестені сызуға қойылатын жалпы талаптар:



  • назар аударуды қажетсінетін мәліметтің немесе талдаудың негізгі нәтижелерін ғана кесте түрінде көрсету;

  • әрбір кесте оны сызуға және оқуға ыңғайлы болатындай тиімді өлшемде болуы тиіс;

  • кестені орналастыру және рәсімдеу оқуға ыңғайлы болғаны жөн, кесте көлемі орындалатын жұмыстың бетінен үлкен болмауы тиіс;

  • кестені оған сілтеме жасалған мәтін соңында рәсімдеу қажет;

  • кестені рәсімдеуде ең әнді жақтары және байланыстары неғұрлым елеусіз жастарынан өзгеше көрінетіндей болуы қажет;

  • әр түрлі бояу түстерін, белгілеу құралдары мен шрифтін тиімді қолдану қажет.

Картотека – әдістемелік жұмыс жөніңде мәлімет және алфавит ретімен (ережеге сай тақырып немесе бағыт бойынша) материал берілген карточкалар жинағы).

Картотека мынадай болуы мүмкін: әдістемелік әдебиетттер; газет және журнал мақалалары; әдістемелік жоспарлар; медиотека; видеотека; фонотека; ойындар; мысал-мәтеледр; цитаталар және т.б. Картотека нақты сызба бойынша толтырылатын арнайы каталогтық карточкалардан тұрады.

Каталог картотекаға біріктірілген каталогтық карточкалардан немесе жай ғана мәтін, немесе іріктелген материалдар орналасқан папка – іс қағазынан тұрады.

Нұсқаулық-әдістемелік плакат – мәтін, суреттер, сызба бейнелер үйлесім тапқан түрі. Сценарий – бұл мерекенің, кез-келген іс-шараны толығымен баяндайтын жазба. Сценарийде жүргізушінің, актерлердің, әннің мәтіндері сөзбе-сөз келтіріледі. Алдымен сценарийлік нұсқау беріледі: көркемдік безеңдірілуі, жарықтандыру, қатысушылардың сахнадағы қозғалысы және т.т.

Сценарийдің үлгісі:



  • атауы («Мектептегі тамаша жылдар!» мерекесінің сценарийі);

  • мекен-жайы;

  • мақсаты мен міндеттері;

  • сценарийді іске асыруға қатысушылар;

  • таңдап алынған сценарийдің толық мәтіні;

  • пайдаланған әдебиеттер.

Сценарий әдістемелік кеңестермен ұйғарылады. Педагогке сценарийді дәлме-дәл емес, қателіктерді қайталамай, өз нұсқаларын жасауға мүмкіндік беріледі.

Сценарийдің мерекелік шараның негізгі түрі саналатын тұрақты элементтері болады, олар:



  • рәсім – салтанатты рәсім, тамаша мереке (ашылу, жабылу, марапаттау, қатысушыларға диплом, грамота, сый тапсыру). Мерекені ұйымдастырушылар рәсімнің ережесі мен шарттарын нақты ұсынуы қажет: музыканы таңдау және бөлу, құрастырудың жалпы стилі. (стиль элеменнтері ретінде қатысушыларды орналастыру, екпін, сөз сөйлеу, интонация);

  • театрландыру – әңгіме спектакль туралы емес, қойылым, драмалық әрекет туралы. Театрландырудың негізгі шарттары – сахна емес, драматургияның, көріністің, ойын рөлдерінің болуы;

  • қарым-қатынас мүмкіндігі – ұйымдастырушылар шақырылған адамдардың мерекенің салтанатты бөліміне дейін және одан кейін бір-бірімен сұхбаттасуына мүмкіндік жасауға тырысады;

  • көтеріңкі көңіл-күй атмосферасы – бір мезгілде сценарийлік ойдың сәтті өтуінің шарты және нәтижесі болуы. Мерекелік атмосфераның ерекшелігі болып барлық қатысушылардың деңгейімен: «өзімен», «басқамен», «барлық қатысушылармен», «әңгіме арқылы» әсерленуі;

Материалды тақырып бойынша іріктеу:

  • нақты тақырып бойынша мәтіндік және көрнекті материалды жинастыру «мысалы, өлең, әң, ойындар, дәйексөз, мақал және мәтелдер, фотосуреттер, суреттер, көркемдік иллюстрациялар, слайдтар, бейне түсірілімдер, және т.б.). Тақырыптық іріктеу ұсыныстар, сценарийлер жазу үшін материалдарды жинастыру барысында қажет.

Материалды тақырыптық іріктеу қағаз салатын папкаға, альбомға, үлкен конвертке және т.б. рәсімделеді.

    1. Көрнекелік-дидактикалық материал және оқытудың көрнекі құралдарын пайдаланатын педагогке қойылатын талаптар

Көрнекі оқу құралдарының түрлері

  1. Табиғи немесе жасанды емес (қазбалар, гербарийлер, тау жыныстарының үлгілері, тірі нысаңдар, машиналар және олардың бөліктері, археологиялық қазбалар және т.б.).

  2. Көлемді (қолданыстағы машина механизмдер, аппараттар, құрылыстар және т.б. моделі; өсімдіктердің және олардың жемістерінің, техникалық құрылым және олардың жабдықтарының, ағзалардың және жекеленген органдардың және т.б. макеті және муляжі).

  3. Сызбалық немесе таңбалық (кестелер, сызбалар, суреттер, плакаттар, диаграммалар, географиялық карталар және т.б.).

  4. Суретті және суретті-үдемелі (суреттер, иллюстрациялар, диафильмдер, слайдтар, диапозитивтер, транспорттар және т.б.).

  5. Дыбыстық (аудиожазба, радиохабарлар.).

  6. Аралас (телехабарлар, бейнежазбалар, оқу кинофильмдері және т.б.).

  7. Дидактикалық құралдар (карточкалар, жұмыс дәптерлері, үлестірме материалдары және т.б.).

  8. Оқулықтар және оқу құралдары (пән тарихы, баланың жалпы дүниетанымын дамыту туралы тақырыптық іріктелген материалдар және т.б.).

Көрнекі құралдар өздерінің дидактикалық рөлін толық орындауы үшін олар мына талаптарға сай болуы қажет:

  • ғылыми тұрғыда лайықты, нақты бағдарламаға және оқу материалына сәйкес болуы тиіс;

  • шынайы істі айқындауы және оқыту үдерісінің мәнін ұғынуға көмектесуі қажет;

  • балалардың жас ерекшелігіне сай болуы қажет.

Оқыту құралдарының тиесілі педагогикалық әсер етуі үшін ол бірқатар дидактикалық талаптарды қанағаттандыру қажет:

  • оқытудың көрнекті құралдар көмегімен берілетін ақпараттың заманауи ғылыми көзқараспен сәкестігі және білім алушылар үшін қолжетімділігі;

  • оқыту құралдарының шешу үшін қолданылған педагогикалық міндеттерге сәйкестігі;

  • көрнекті құралды қолдану оқу материалын баяндау логикасымен және әдістемесімен анықталуы тиіс.

Өз кезегінде, оқытудың көрнекті құралдарын қолдану педагогке мынадай айқын талаптар қояды:

  • оқу материалымен танысу үдерісінде әсерлі образдардың қажеттілігін түсінуі тиіс;

  • сабақ барысында әсерлі образдарды баланың өз бетінше әрекет етуін дамыту, абстрактылы ойлауын дамыту құралы ретінде қолдауды ойластыруы тиіс;

  • сабақ барысында оқытудың қандай көрнекі құралдарының көмегімен әсерлі образдардың қалыптасатынын және еліктіретінін шешуі тиіс;

  • балалардың шынайы өмірді ұғынатын танымдық әрекетінің тенденциясын құруы қажет;

  • оқу материалының қандай пәндердің және құбылыстардың жиынтығын сипаттайтының, сонымен қатар білім алушылардың осы пәндермен құбылыстарды жалпылама түрде ұғына алуы үшін жағдай тудыруы және жақсы түсінуі қажет.



    1. Әдістемелік нұсқаулар және оларды әзірлеуге қойылатын талаптар

Әдістемелік материалдың ең көп тараған және кеңірек пайдаланатын түрлерінің бірі әдістемелік нұсқаулар мен әдістемелік ұсынымдар.

Әдістемелік нұсқаулар – оқыту және тәрбиелеудің едәуір тиімдірек әдістері мен түрлерін практикаға еңдіруге ықпал ететін, ұсыныстар мен нұсқаулардың қысқа әрі нақты кешенін құрайтын әдістемелік басылым.

Әдістемелік нұсқаулар педагогикалық кадрларға нәтижелі педагогикалық тәжірибе мен ғылым жетістіктеріне негізделген шешімдерді жүзеге асыруға көмектесуге арналған, мұнда аталған педагогикалық ұжымның, педагогтың іс-әрекетінің ерекшелігі және жағдайы ескеріледі.

Әдістемелік нұсқаулар педагогтердің тәжірибесімен танысу, жинақтау немесе жүргізілген зерттеу қорытындысы негізінде тұжырымдалған бір немесе бірнеше жеке әдістеменің мәнін ашады. Олардың міндеті – белгілі бір топқа немесе іс-шараға (тәрбие ісі) едәуір тиімді, өнімдік нұсқауларды, әрекет үлгілерін ұсыну.

Әдістемелік нұсқауларда міндетті түрде әдісті іс-жүзінде айқындайтын бір немесе бірнеше нақты іс шараны дайындау және өткізу жөнінде нұсқау беріледі. Әдістемелік нұсқаулар қандай да болмасын тақырыпты, сабақ жүргізуді, іс шараны өткізудің ретін, логикасын және ерекшелігін анықтайтын ерекше үлгімен құрылған ақпаратты көрсетді.

Әдістемелік нұсқаулардың кімге ұсынылатыны нақты көрсетілуі тиіс (педагогтерге, ата-аналарға, педагог ұйымдастырушыларға, сынып жетекшілеріне және т.б.) Осыған сәйкес қолданылатын әдістемелік нұсқаулардың терминологиясы, стилі, көлемі шектеледі.

Әдістемелік нұсқауларды дайындау жұмысында педагог бүкіл мазмұнын нақты мақсатына бағындыра алуы тиіс; ұсыныстың кімге арналғанын міндетті түрде көрсетуі тиіс; білім алушылар бірлестіктерінің нақты бір бөлігінің жұмысын жасарту үшін қандай алдыңғы педагогикалық технологияны қолдану жайлы ұсыныстар беріледі. Егер мәселе озат тәжірибені жинақтау болса, онда білім алушылар бірлестігіндегі немесе тұтастай мекемедегі оқу үдерісінде жетістіктерге жетудің қандай әдістемелік тәсілі мен құрамын қолдану қажеттігін көрсету қажет.

Әдістемелік нұсқауларды жазуға дайындық келесі кезеңдерді қамтиды:



  • өзекті тақырыпты таңдап алу;

  • таңдап алған тақырып боынша әдебиет көздерін оқып-үйрену;

  • жоспар құру;

  • нақты материалдарды жинақтау;

  • дайындалатын ережелер мен нұсқауларды негіздеу үшін неғұрлым тиімді, тиесілі фактілерді іріктеу;

  • жұмыс мазмұнын бөлімдер бойынша бөлу.

Әдістемелік нұсқаулардың құрылымы төмендегідей:

  • мұқаба;

  • аннотация;

  • автор туралы мәлімет;

  • алғы сөз;

  • мазмұны;

  • аталған тақырып бойынша ұсынылатын әдебиеттер тізімі;

  • қосымша (қажеттілігіне орай).

Әдістемелік нұсқаулардың жекелеген құрылым элементтеріне түсініктеме

  1. Мұқабада төмеңдегілер белгіленуі тиіс:

  • білім ұйымының атауы (төменгі бағыныстылығы ретімен);

  • автордың тегі, аты, әкесінің аты;

  • тақырыбы (әдістемелік өнім түрі көрсетілген – әдістемелік нұсқаулар);

  • қала атауы;

  • әзірленген мерзімі.

  1. Мұқабаның екінші бетінде жоғарыда аннотация беріледі, онда мынадай мәліметтер болады:

  • қарастырылатын мәселелердің мәні туралы;

  • әдістемелік нұсқаулардың кімге арналғаны туралы (осы жұмыс қандай көмек береді және кімге арналған – мектеп мұғалімдері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қосымша білім педагогтары және т.б.);

  • нұсқаудың негізіне алынған практикалық тәжірибе көзі (берілген әдістемелік нұсқаудың қандай тәжірибе базасында орындалғаны көрсетіледі).

  • ұсынылған әдістемелік материалдың қолданылуы мүмкін салалар туралы (осы нұсқаулар гуманитарлық білімнің қай саласында қолданылуы мүмкін).

  1. Мұқабаның төменгі жағында автор (авторлар ) туралы мәліметтер беріледі:

  • Тегі, аты, әкесінің аты;

  • Лауазымы;

  • Қызмет орны;

  • Біліктілік санаты немесе ғылыми дәрежесі;

  • Байланыс телефоны.

  1. Алғы сөзде келесі ақпарат берілуі тиіс:

  • берілген әдістемелік нұсқауларды дайындау өзектілігін негіздеу (зерттелетін мәселе бойынша істің мән-жайы жөнінде қысқаша талдау жасау; ұсынылып отырған материалдың қазіргі уақытта білім берудің қай саласында қолданылатынын, оның жетістіктері мен кемшіліктерін көрсету; ұсынылып отырған жұмыстың тиісті мемлекеттік немесе аймақтық бағдарламаларды жүзеге асырудағы мәнін сипаттау; осы әдістемелік нұсқаулардың қандай көмек көрсететінін және кімге арналғанын түсіндіру);

  • әдістемелік нұсқауларды әзірлеу мақсатын анықтау (мысалы, практик-педагогтерге, блалар мен тәрбие жұмысын ұйымдастыруға және т.б. әдістемелік көмек көрсету;

  • балаларға қосымша білім беру жүйесінде осы әдістемелік нұсқауларды қолданудан күтілетін нәтижені қысқаша баяндау;

  • осы білім беру саласында қолданыстағы осындай бпсқа да нұсқаулармен салыстырғанда, ұсынылып отырған жұмыстың ерекшелігі мен жаңалықтарын негіздеу.

  1. Әдістемелік нұсқаулардың мазмұны әрқилы мәселелермен байланыста болуы мүмкін: нақты педагогикалық проблеманы шешумен; бұқаралық шараларды өткізумен, жазғы науқанды ұйымдастырумен, оқу-зерртеу жұмысын жүргізумен, оқу бағдарламаларының жекелеген тақырыптарын зерттеумен, т.б.

Аталған бөлімнің мазмұны басшылардың, қосымша білім педагогтерінің қойылған мақсатқа жету үшін қолданатын озат технологияларды талдаудан және сипаттаудан тұрады. Сонымен бірге қалыптасқан жағдайды түзету және жасарту үшін қолданылатыны көрсетіледі, нұсқауларды қолдану нәтижесінің болашағы баяндалады.

Әдістемелік нұсқаулар мазмұны шектеулі емес, құрылымы еркін түрде жеткілікті баяндаулы мүмкін№ Мысалы, оны мынадай түрде құруға болады:



  • сипаттау (іс әрекеттің тұрақталған тәжірибесі негізінде ) зерттелген мәселе бойынша не істеу керектігі ұсынылады (кезең-кезеңмен) және қалай (қандай түрдің және әдістің көмегімен – мысалы, тестілеу, бақылау);

  • ұйымдастыру мәселелерін шешу, материалдық-техникалық, қаржылық мәселелері (қаржыландыру көздерін және белгіленген сомасы) бойынша кеңес беру (жұмыс жоспарын жасау; қатысушыларды ақпараттандыру кезеңдері және мерзімін анықтау, тапсырмаларды бөлу, жарнаманы қамтамасыз ету және т.б.); кадрлық қаматамасыз ету (эксперттерге талап);

  • баяндалып отырған әрекет түрін ұйымдастырудағы және өткізудегі едәір қиын тұстарды анықтау;

  • әдеттегі қателерден сақтандыру.

Қорытынды бөлікте әдістемелік нұсқауларды мазмұнынан туындайтын қысқа да нұсқа қорытынды беріледі.

  1. Аталған тақырып бойынша қолданылған және ұсынылған әдебиеттер тізімі алфавит ретімен әдебиет көздерін рәсімдеудің қазіргі қолданыстағы ережелеріне сәйкес құрылады (басылым, баспа мекен-жайы, басылу мерзімі).

  2. Қосымшада «Мазмұны» бөліміне кірмей қалған, осы әдістемелік нұсқауларды пайдалануға байланысты ұсынылып отырған іс-шара түрін ұйымдастыру үшін қажетті материалдар беріледі. Қосымша құрамында мыналар болуы мүмкін:

  • сабақ, нақты істі, іс-шараларды өткізудің жоспар-конспектісі;

  • ескертпелер;

  • тест тапсырмалары;

  • білім алушыларға арналған практикалық тапсырмаларды жасаудың әдісі;

  • сызбалар, диаграммалар, кестелер, суреттер, фотосуреттер, карталар;

  • ашық іс-шараларды, саяхаттардың және т.б. үлгі тақырыптары.

    1. Каталог: images
      images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
      images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
      images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
      images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
      images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
      images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
      images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
      images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
      images -> Үлгілік оқу жоспары
      images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


      Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет