1. Көшбасшы сөзін қалай түсінесіздер?



Дата12.06.2020
өлшемі16,79 Kb.

1. Көшбасшы сөзін қалай түсінесіздер?

2. Көшбасшы туа біткен қабілет па,алде қалыптаса ма?

3. Көшбасшы қандай қасиеттерімен ерекшеленеді?

4. Кез-келген адам көшбасшы бола ала ма?

5. Көшбасшыны қалай тануға болады? 
1. Көшбасшы сөзін қалай түсінесіздер?

Көшбасшы – жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете алатын, өзіне жүктелген міндетті сезіне білетін, ауыртпалыққа төзе білетін тұлға.


2. Көшбасшы туа біткен қабілет па,алде қалыптаса ма?

Менің ойымша көшбасшылық әр адамның бойында бола бермейді.Кейбір адамдарда шынымен де туа пайда болады,оны біз күнделікті өмірде де байқап,көре аламыз.Ал кейбіреулерінде өздерінің жүрген ортасына байланысты пайда болуы мүмкін деп ойлаймын.
3. Көшбасшы қандай қасиеттерімен ерекшеленеді?

Көшбасшы өзінің жаңа идеясымен, алға қойған мақсат мүддесімен ерекшеленеді. Көшбасшылық адам бойында кездесетін ерекше қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адам бойында біркелкі қалыптаспайды, себебі әр тұлғаның өзіне тән даму ерекшеліктері бар.

Біздің Ғасырымыз жаңа технологиялардың дәуірі болуымен қатар, өзін-өзі тану мен бойындағы қасиеттерді дамыту Ғасыры болып табылады. Заманымыз секунд сайын өзгеріп отырғандықтан, жемісті әрі бақытты өмір сүру үшін адам баласы өмір бойы түрлі дағдыларды үйреніп, заман талабына сай көшбасшы болуға ұмтылуы қажет. Көшбасшылық – бұл талант. Оны дамытпасаң ол өшеді.

Көшбасшы оқытушыны қызмет орнына ресми түрде ешкім ұсынбайды. Ол басшылық позицияны топтың ашық немесе жабық келісімімен атқарады.


4. Кез-келген адам көшбасшы бола ала ма?

Көшбасшылық - барлық адамдарға тән қасиет, өмірге және әлеуметтік процестерге байланысты адамның кейбір қасиеттері жақсы дамып, қалғандары орташа немесе төмен деңгейде дамиды. Коммуникативтілігі жоғары, адамсүйгіштігі мол, қайсар да жігерлі адамдар көшбасшы болады. Көшбасшылық адамның мінезі негізінде құралады. Көшбасшы болу үшін адам өзің дамыту қажет. Бұл - талант. Егер оны дамытпаса, ол өшеді. Ал ол қасиетті дамыту көп уақыт пен күш салуды қажет етеді.
5. Көшбасшыны қалай тануға болады? 

Көшбасшыға тән қасиеттер арқылы көшбасшыны тануға болады:

1. Жарамсақтануға жол бермейді

2. Барлығын бағындырады

3. Адамдардың көңіліне сенім ұялатады

4. Жеңіске жетуге мүмкіндік береді

5.Адамдарды басқаруға мүмкіндік туғызады


Қорытынды конспект бойынша:

Қорытындылай келе, жаңа формация мұғалімі рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. 


Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстары:
·         Іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;
·         Өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға;
·         Бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;
·         Кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет