1. Күрделі кемістіктері бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері, міндеттері


Күрделі кемістігі бар балаларга психологиялық-педагогикалық колдау көрсету



бет5/5
Дата09.04.2020
өлшемі109,47 Kb.
#62031
1   2   3   4   5
Байланысты:
Курдели кемиситик
Курдели кемиситик, 1000, 1000

Күрделі кемістігі бар балаларга психологиялық-педагогикалық колдау көрсету. Қазіргі уақытта күрделі кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесі арнайы білім беру саласында өз өзектілігін білдіреді. Өйткені соңғы жылдарға дейін бүл топтағы бапалар оқытылмайтын, яғни "оқи алмайтын" деп есептелген.

Көру мен есту кабілетшең айырылған балаларды психолого-педагогикалық түрғыдан тәрбиелеу жүйесінде көптеген нәтижелі зерттеулер жүргізілген.

Мамандар алдындагы ең бірінші міндет - осы ауыткуларды ерте жастан анықтау, диагностикалау. Бала бойындағы кемістікті, оның қүрамын кеш диагностикалау - аталмыш топтағы балаларды арнайы оқытуда жиі кездесетін жағдай. Ауытқуы өте ауыр балштардың ата-аналары алгашкы жылдары тек дәрігерлерден көмек сұрайды, ал арнайы педагогтарға бармайды, бул маманды ескермейді. Кептеген күрделі кемістігі бар балалар ұзақ уақыт бойы ауруханапарда ем кабылдайды, олар анасынаң депривацияға үшырайды. Бүл жағдай аталмыш балалардың әмоциялық дамуына және ойлау қабілетіне жағысыз әсер етеді. Бірақта кейде арнайы-педагогтарға баруда нәтиже бермейді. Көптеген дефектологтар ата-аналарға күрделі кемістігі бар баланы қандай кемек көрсету бағытында дүрыс ақыл кеңес бере алмайды, ол үшін арнайы мамандарды дайындау қажег. Осы бағыттагы проблемалады шешумен Ресейлік білім Академиясыдағы Коррекциялық педагогика институтының қызметкерлері айналысады және арнайы тәжірибелі мектептердегі педагогтар. Бірак осындай жагдайда да ата-аналар толығымен анык психолого-педагогикалық кеңес ала алмайды.

Соқыр-керен балаларды оқыту үшін толык ғылыми негізделген және тәжірибелік технологиялары әзірленгеніне карамастан, күрделі кемістігі бар балалардың кептүрлігі болашақта көптеген окыту мен тәрбиелеу бағдарламаларың әзірлеуді талап етеді. Қазіргі кезде осындай балалар арнайы мектептер қүрамындағы арнайы сыныптарда оқиды.

Ерте диагностикалауда нейрофизиологиялық әдістердің жалпылама зерттеулерінің маңызы кушейеді. Қазіргі ғылым мен техниканың дамуына байланысты мүлдай ауытқуларды ерте жастан диагностикалауға және кандай дәрежеде екенін, баланың өмірінің алғашқы жылдарыда анықтауға болады. Екі-үш жастағы нашар көретің баланын сөйлей алмауы, баланың психикалык дамуы тежелуі туралы ой тудырады. Бірақ сол баланың бойында қ^лақ мұкістігі әлектро-физиологиялық әдіспен тексеріліп, баланың сөйлей алмауының басқа себептері және кемістіктің орның толықтыру бар екеңдігін көрсетеді.

Баланың ақыл ой дамуындағы кемістікті диагностикалауға көптеген қиындықтар пайда болады, нақты себептерін ажырату (әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар немесе биологиялық).

Бүл жерде медициналық-генетикалық зерттеулердің маңьвы өте зор, өйткені көптеген күрделі кемістіктер түдым куалаушылык себептерге тәуелді болады. Синдром жағдайларын уақытмен анықтау қажет, болшақта баскдда функциялардың пайда болуына болжау жасауға мумкіндік ашады. Мысалы, Ушер синдромы бар керең баланы алдын ала, оның кейін соқыр болуын ескеріп, мамандар арнайы дайындық жүмыс атқару керек Брайль жүйесі бойынша нүктелі оқуға, басқа да жағдайларға психологиялык дайындап, үйрету кажет.

Ресейде қалыптасқан тәжірибе соқыр-керең балаларды балалар үйлеріне арнайы медико-педагогикалық комиссияның корытындысы немесе Ресей Білім Академиясының коррекциялық педагогика институтың күрделі кемістігі бар балаларды оқыту зертханасыың кешенді психолого-педагогикалық зерттеулерден нәтижелер негізінде қабылдайды. Бүл бапаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін барлық қаражатты мемлекет телейді. Балалар үйінде Ресейдің барлық аймағындағы соқыр-керең балалар оқытылады.

Ұйымның арнайы міндеттері баланың ортаға бейімделуіне, сөйлеу қабілетінің түрлері (тактильді) үлкен шрифтпен жазу, Брайль жүйесі бойынша рельефт нүктесі, ауызша, жас өспірімдерді өз кабілетіне сәйкес мамандыкқа үйрету.

Қазіргі тифлосурдопедагогиканың өзекті мәселесінің бірі тифлосурдотехникалық құралдарды әзірлеу, көрмейтін-естімейтін түлғаларды  коммуникациялық  аспаптармен,   сонын   ішінде  оқу синтезаторламен, қамтамасыз ету болып табылады. Оку синтезаторы барлык ақпаратты дыбыстауға мүмкіндік береді, окуды, қарым-қатынасты мүлде жеңілдететің қүрал.

Оқыту мен тәрбиелеу белгілі оқу жоспары және бағдарламамен сыныпта және сыныптан тыс жүргізіледі. Арнайы дыбыс күшейткіш аппарат, оптикалык құралдар, соқыр-кереңдер қарым-қатынаста болуы үшін арнайы телетакторлар пайдаланады. Балалар үйінде мектепке дейінгі және мектеп бөлімі, еңбекке-оқыту топтар және кептеген кемістіктері бар балаларға арнайы бөлімдері бар. Мектептен кейін түлектер  арнайы соқыр-кереңдерге арналған мектептерде    немесе арнайы сыныптарда білімің жалғастыруға болады.

Арнайы білім беру жүйесінде естімейтіндерге, нашар еститіндерге, көрмейтіндерге, нашар көретіндерге, тірек қимыл-козғалысында ауьггқуы бар балалар үшін арнайы ұйымдарда қосымша сынып ашу тәжірибесі калыптасқан. Жетекші кемістігіне қарай арнайы мектептегі мүддай сыныптарға зиятында жеңіл, шамалы ауытқушылықгары бар балалар қабылданады. Бүл балалар үшін оку бағдарламалары әзірлеген (1-8 класқа дейін).

Жиі кездесетін жағдай, арнайы мекемеге қабылданған күрделі кемістігі бар балаларды жеке дара үйден оқытуға жібереді немесе сол мекеменің қалыпты сыныбында қала береді. Ал жәй сыныпта аталмыш балаларды оқыту үшін арнайы жеке оқыту бағдарламасын дайындау кажет.

Біздің елімізде күрделі кемістігі бар балалар мен ересек тұлғалардың өмір сүру, білім алу, қоғамға бейімдеу мәселесімен "Мейірім" атты бірлестік айналысады. Бірақ толығымен күрделі кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу, түзетушілік қолдау керсету жүйесі қалыптаспаған. Ең ауыр тиетіні ерте жастан, мектепке дейінгі жастан арнайы диагностикалау, қолға алу деңгейін әзірлеу және ата-аналарымен жу-мыс жүргізу. Соңымен қатар арнайы бала бақшаларда қосымша күрделі кемістігі бар балалар үшін топтарды ашу қажетгілігі туындап отыр. Әрине арнайы балабақшалардың өздері жеткіліксіз болған жағдайда бүл мәселе үлақ уақытқа дейің өзекті болады.

Шет елдерде (¥лыбритания, Дания, Швеция) арнайы орталықгар "жанұялық орталықгар" нұсқаеында кең тараған.

 

10. Церебральды сал ауруына шалдыққан ақыл-ойы кем балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері

 

1.Балалардың церебральді параличі



2.Церебральды паралич сырңаты бар балаларга көрсетілетін түзету көмектері.

3.БЦП-мен ауыратын  ақыл-ойы кем балалармен жүргізілетін түзету педагогикалық жүмыстың принциптері .

 

Балаларда туа біткен және жүре пайда болған кемістіктердің 5-7% тірек-қимыл аппаратының зақымдануы қүрайды. Бүл кемістіктер туа біткен және жүре келе пайда болуы мүмкін. Тірек-қимыл жүйесі ауруларының төмендегідей клиникалық түрлері анықталған:



А) нерв жүйесінің аурулары: балалардың церебральды параличі, полиомиелит, хорея.

Б) тірек - қимыл аппаратының туа біткен кемістіктері: туа біткен жамбас сүйектерінің шығып кетуі; мойын омыртқаларының қисаюы; маймақтық; буын сүйектерінің деформациялары, кеуде омыртқаларының даму кемістіктері (сколиоздар); әртүрлі сүйектердің даму кемістіктері; артрогриппоз, т.б.

В) қимыл - тірек аппаратының жүре келе пайда болған аурулары: жүлын, бас ми және аяқ - қолдардың жарақаттары; полиартрит; қаңқа - сүйек аурулары ( сүйектің қүрт ауруы; ісіктері, остеомиелит), қаңқа - сүйектің жүйелік аурулары (хондродистрофия, рахит ауруы).

Қимыл - тірек аппаратының жүйесі бүзылған балалардың негізгі кемістігі - қимыл-қозғалысының ауытқуы (қозғалу, қимыл әрекетінің жетілмеуі, зақымдануы немесе мүлдем жойылуы). Осы сияқты ауытқулары бар балалардың көпшілігін церебральдық сал ауруымен ауыратын балалар қүрайды (89%). Бүл балаларда қимыл - тірек аппаратының кемістіктері көбінесе психикалық бүзылулармен, тіл мүкістерімен тіркесе жүреді, сондықтан олардың көпшілігі тек қана медициналық - әлеуметтік жәрдемді ғана емес, сонымен қатар психологиялық - педагогикалық және логопедтік көмектерді де қажет етеді. Әдетте, тірек - қимыл аппараты бүзылған балалардың ішінде танымдық қабілеті сақталған, арнайы оқыту мен тәрбиені қажет етпейтін балалар да кездеседі. Дегенмен, аталмыш балалардың барлығында ерекше өмір сүру жағдайын, оқытуды және келешек еңбек әрекетінің дүрыс қалыптасуын қажетсінеді. Оларды әлеуметтік бейімдеуде екі бағыт белгіленеді. Біріншісі - қоршаған ортаны балаларға бейімдеу. Ол үшін арнайы техникалық жылжу қүралдар (арбалар,балдақшалар, таяқтар, велосипедтер), түрмыстық заттар (ыдыс - аяқ, әлектроаспаптардың арнайы сөндіргіштері), арнайы сатылар, жол жиектерінен арнайы түсу жолдары болады. Ал қимыл - тірек аппаратының кемістігі бар балаларды бейімдеудегі екінші бағыт - ол балалардың жеке бастарын әлеуметтік ортаның қалыпты жағдайларына бейімдеу.

Кейінгі жылдары балалардың церебральдық параличі (сал болуы) (БЦП) нерв жүйесінің көп таралған ауруларының бірі болып табылады. Орта есеппен 1000 жаңа туған нәрестенің 6-да аталмыш аурудың белгілері байқалады.  «Церебральдық паралич  деген  термин пренетальды, интрантальды және ерте постнатальды кезеңдерде мидың жетілмеу немесе зақымдану нәтижесінде пайда болған біршама синдромдардың тобын біріктіретін  дерт.   Негізгі  патологтялық  ошақ  -  көбінесе  мидың  «жас» бөлімдерін - ерікті қозғалыстарды, сөйлеуді   сонымен    қатар    басқа да әрекеттерді реттейтін мидың үлкен жарты шарлары зақымданады.

БЦП-ның нгеізгі    клиникалық    белгілері: түрлі қимыл - қозғалу кемістіктері, психикалық бүзылулар және тіл мүкістері.

БЦП-ның нгеізгі себептері: ананың жүктілігі кезінде немесе   босану кезінде, немесе бала өмірінің алғашқы жылдарында әртүрлі әсерлері.

Пренетальды кезеңде үрыққа зиянды әсер ететін келесі факторларды атап көрсетуге болады:

-          жүкті ананың инфекциялық аурулармен ауруы (вирусты жүқпалы аурулар, қызамық, токсоплазмоз);

-          ананың жүрек - қан тамыр және әндокринді жүйелерінің аурулары;

-үрықтың жарақаттанулары мен зақымданулары;

-ана және бала қанының резус-фактор бойынша сәйкес келмеуі;

-          физикалық факторлардың әсері (қызыну мен өте қатты тоңу, вибрацияның әсері, оның ішінде ультрафиолетті сәулелер);

-кейбір дәрі-дәрмектердің әсері;

-          әкологияның жағымсыз әсері (ауаның, судың ластануы, азық-түліктегі  нитраттардың,                     уландырғыш         заттардың, радионуклидтедің, әртүрлі жасанды қоспалардың көп мөлшерде болуы).

Соңғы жылдары БЦП-нің әтиологиясы болып балаға күрсақта және босану барысында әсер еткен бірнеше себептердің жиынтығы саналады. Көбінесе босану барысындағы жарақаттарға асфиксия қосыла жүреді.



Асфиксия деп - баланың тууы кезінде механикалық қысылу әсерінен оның қанында оттегінің жетіспеушілігі мен көміртегі мөлшерінің тым артық болуы, тыныс алу және жүрек қызметінің бүзылуымен сипатталатын патологиялық жағдай. Асфиксияны, әсіресе клиникалық өлімді бастан кешкен балаларда БЦП-нің пайда болу қаупі өте жоғары болатыны анықталған факт.

БЦП кейбір жағдайда туғаннан кейін нейроинфекциялармен (менингит, әнцефалит аурулары) ауырғанда, бас жарақаттарын алғанда болуы мүмкін. Анықталғандай, БЦП-нің 100-нен 30-ы туа біте, 60-ы туу барысында, 10-ы туғаннан кейін пайда болады.

БЦП-мен ауыратын балаларда барлық қимыл - тірек әректтерінің қалыптасуы тежеледі немесе бүзылады: басты үстау, отыру, түру, жүру әрекеттері мен дағдылары, сонымен қатар манипулятивтік әрекеті өте қиын және кеш қалыптасады. Негізгі клиникалық өзгерістер: бұлшық еттер тонусының бүзылуы (спастика, сіреспелік, гипотония, дистония түрлері).

БЦП аурунда өте жиі бүлшық еттері тонусының жоғарылауы байқалады - спастика немесе жиырылу. Мүндай жағдайда бүлшық еттер жиырылып қалғандықтан аяқтары тізе буындарында бүгіле бір біріне қосылып, сонымен қатар қолдары денесіне жабысып, шынтақ буындарында бүгіле қол саусақтары жиырылып қалады.



Сіреспелік кезінде бүлшық еттері тым артық күшпен жиырылып тетанус жағдайы байқалады. (Тетанус - бүлшық еттің барынша көп артуы). Аталмыш жағдайда қозғалыстардың саздығымен үйлесімі бүзылады.

Гипотония кезінде (бүлшық ет тонусының төмендеуі) аяқ - қол еттері босаңсып күштері кемиді. Бүл кезде пассивті қозғалыстардың көлемі әдеттегіден артық болады.

Дистония - бүлшық ет тонусының ауыспалы түрі. Бүл жағдайда аталмыш бүзылу түрақсыз, ауыспалы болып келеді. Тыныштық кезде бүлшық еттер босаңсып, ал қозғалуға талпынғанда тонусы кенет жоғарылағандықтан қозғалуға мүмкіншілік болмайды.

Ерікті қимылдардың шектеуімен мүмкінсіздігі (парездер мен параличтер)

Мидың зақымдану ауырлығына байланысты қимыл - қозғалыстардың жартылай немесе толығымен жоқтығы байқалады. Бас миының қозғалтқыш аймақтары мен қозғалтқыш жолдары зақымдануының салдарынан ерікті қозғалыстардың жоқтығын - орталық паралич,ал қимылдар шектелуін орталық парез деп атайды.

Зорлық қимылдардың болуы. БЦП-нің көп түрлеріне зорлықпен атқарылатын қозғалыстар тән, әсіресе жиі кездесетіндері: гиперкинездер және тремор (қол саусақтарының қалтырауы).



Гиперкинездер - ауыспалы бүлшықет тонусының салдарынан пайда болган еріксіз зорлықпен атқарылған қимылдар, жасанды түрыстар және аяқталмаған қозғалыстар. Гиперкинездер ерікті қозғалу актісін тежеп, кейбір жағдайда мүлде қимылдай алмай қалады. Зорлық қимылдар артикуляциялық аппарат, мойын, бас, әртүрлі аяқ - қол бөлімдерінде және дененің бүлшық еттерінде де байқалады.

Тремор - қол саусақтары мен тілдің дірілдеуі. Мүндай бүзылу мақсатты қимылдарда орын алады (мысалы, жазу кезінде). Мақсатты қимылдың соңында тремор өрши түседі. Мысалы, көз жүмып қол саусағын мүрынға тақаған кезде (треморды айқындауға арналған саусақ - мүрын әдісі) анықталады.

Қозғалыстар теңдігі мен координациясының бүзылулары (атаксия). Дененің атаксиясы отыру, түру, жүру түрақсыздығымен білінеді. Мүндай жағдайда балалар кемістіктерін өтеу мақсатымен талтайып, теңселіп, тәлтіректеп жүруге мәжбүр болады. Координация бүзылуы қимылдар дәлме-дәлдігінен көрінеді (біріншіден қол қимылдарының).

Қозғалыс түйсігінің бүзылуы (кинестезиялар). Қозғалтқыш қызметттерінің дамуы қозғалыс түйсікпен ет-буын сезіммен байқалады. БЦП-мен ауыратын балаларда тік түру сезімі нашарлайды, кейбіреулерінде жүру бағытын қабылдау да бүрмаланады (мысалы, қол саусақтарының тік көтерілуі шеңбер бойынша жүргізілетін болып сезіледі).

Статикалық-кинетикалық рефлекстердің кеміс дамуы. Қалыпты жағдайда статикалық - кинетикалық рефлекстер бала денесінің тік түруын   және   ерікті      моторикасын   қамтиды.   Аталмыш     рефлекстердің  жетілмеуінде балалның бас пен денесін керекті ыңғайлы күйде үстауы қиынға түседі. Сол себептен өз өзін дамытуда және еңбек пен оқу дағдыларын игеруде қиналады.

Синкинезиялар - белсенді қимылдарды сүйемелдеп жүретін ерікті ынтымақтастықты қозғалыстар (мысалы, белгілі бір затты бір қолмен алмақ болғанда екінші қол да қосымша бүгіле жүгіреді; бүгілген қол саусақтарын бірден жаза алмайды, ал қол сүйегін толық жазғанда қол саусақтары да жазыла бастайды).

БЦП ауруында қозғалыс кемістіктері түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Ауыр дәрежесінде бала жүру және манипуливтік дағдыларын игере алмайды. Өз бетімен өзін қамти алмайды. БЦП ауруының орта дәрежесінде балалар жүре алады, бірақ жүргенде сенімсіз және арнайы қүралдарды қажет етеді . Осымен қатар олар өз бетімен қала жолдарында да, көлікпен де жүре алмайды. Өзін - өзі күту дағдылары манипулятивтік әрекет сияқты толығымен қалыптаспайды. Жеңіл түрінде балалар өз бетімен үй ішіндегі, сыртқы кеңістікте және қалалық көлікте жүре алады. Бүл балаларда манипулятивтік әрекет толығымен дамып, олар өз өздерін күтеді. Алайда, оларда терім патологиялық түрыс пен жүрістің бүзылулары және тежелген қимылдар байқалады.

БЦП-ні түзету жүмыстарының негізгі мақсаты - балаларға дәрігерлік, психологиялық, педагогикалық, логопедтік және әлеуметтік көмектердің көрсетуі, олардың толық және мүмкіндігінше ертерек әлеуметтік бейімдеу шараларымен қатар жүргізілуі, жалпы және кәсіби оқытуды үйымдастыру болып табылады. Емдеу және педагогикалық шаралардың тиімділігі нақтылы уақытымен, өзара байланыстығымен, үздіксіздігімен және әр жүмыс бөлімдерінің әрі қарай дамуымен белгіленеді. Емдеу - педагогикалық шаралар комплексті болуы қажет. Комплексті ықпалдың ең маңызды шарты - әр профильді мамандардың келісушілігі, яғни бірлесе көмек беруі болып табылады: невропатолог, психоневролог, емші дәрігер, логопед, дефектолог, психолог және тәрбиеші сияқты мамандардың біліктілігі, нақтылы жоспармен жүмыс істеуі өте маңызды.

Компексті қалыптастыру - емдеу шараларына дәрі-дәрмектер қабылдау, массаждың әр түрлері, емдеу - дене шынқтыру (ЕДШ), ортопедиялық көмек, физиотерапевтік процедуралар кіреді.

БЦП-мен ауыратын балалармен жүргізілетін түзету педагогикалық жүмыстың бірнеше негізгі принциптері бар:

-        түзету - педагогикалық жүмыстың кешенді жоспарын сақталған қызметтерге сүйене отырып, онтогенетикалық жүйелі ықпалды ерте бастау;

-        ең негізгі қызметке үйене отырып, қажет жүмысты үйымдастыру;

-        психикалық даму барысында, тілі қалыптасу кезеңінде баланы қадағалап байқау;

-    баланың қоршған ортасымен, ата-аналарымен тығыз байланыста болуы өте қажет.

Ерте және мектепке дейінгі жастағы балалармен жүргізілетін түзету-педагогикалық жүмыстың негізгі бағыттары:

-          коршаған ортамен әмоционалдық, сөйлеу, зат-әрекеттік және ойын арқылы қарым-қатынастарын дамыту;

-          сенсорлық  қызметтерді   (көру,   есту,   кинестетикалық  қабылдау және стереогеноз) ынталандыру;

-          кеңістік және уақыттық елестерді қалыптастырумен қатар оның бүзылулары айқындап, оларды түзету;

-          интеллект қызметтерінің шарттарын дамыту (зейін, зерде, қиял, есте сақтау, ойлау т.б.);

-          математикалық әрекеттерді қалыптастыру;

-          көру-қимыл координациясын және қол, саусақтардың әрекеттік мүмкіндіктерін дамыту;

-          жазу әрекетін игеруге дайындау;

-          өз-өзіңді қамту дағдыларын игеруге тәрбиелеу.

 Қазіргі таңда көптеген жоғарғы оқу орындары педагог-дефектологтарды және арнаулы психологтарды кәсіби даярлаудың бағдарламаларын үсынуда. Осыған орай, АҚШ-та 230 бағдарламаны қамтитын арнаулы білім беруде қызмет жасайтын оқытушыларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату жөнінде үлттық жүйе жүмыс жасауда. Педагогикалық оқытудың батыс еуропалық жүйесінде арнаулы психологтар мен педагогтарды даярлаудың бағдарламаларымен қатар, университеттерде арнаулы педагогика бойынша жалпы білім беру мектебінің оқытушысын міндетті түрде даярлау желісі қызмет етуде, одан әрбір болашақ оқытушы өтуі тиіс.

Ресейдің арнаулы білім беру жүйесінде бір мезгілде 200 мыңнан аса педагогтар жүмыс істейді, олардың ішінде 10%-ы ғана педагог-дефектолог білім бар.

Қарапайым балалар секілді, ерекше білім алу қажеттілігіне ие балалар да білікті педагогикалық көмекке зәру, оны тек арнаулы даярлықтан өткен педагог-дефектолог қана бере алады.

 

11. Көру бұзылысы бар ақыл-ойы кем балалардың психикалық дамуының түзету-тәрбие  жұмыстарының ерекшеліктері

 

1.    Отандық арнайы  білім  беру  мен  педагогиканың гуманистикалық бағыты



2.    Түзету-тәрбие жұмыстарының  өзекті проблемалары, даму беталысы

 

Жас өспірім балалардың дамуы жағынан екі кемістік немесе одан көп, бірнеше психофизиологиялық ауытқушылықтар біріккен жағдайды күрделі кемістік деп атайды. Мысалы: нашар естумен қатар нашар көру, зият ауыткушылығы сокырлықтпен біріккен жағдай, тірек қимыл козғалысындағы кемісткпен бірге сөйлеуіндеге кемістіктер кездеседі т.б. Қазіргі арнайы әдебиеттерде күрделі кемістіктер ретінде тек алғашқы біріншелік кұрделі кемістіктер керсетіледі, мысалы: бір түлғаның бойында көрмеушілік және естімеушілік біріккен жағдай.



Күрделі кемістіктің синонимі ретіндек арнайы әдебиеттерде басқа да нүсқалары кездеседі, мысалы «қиын бұзылыстар», осыған сәйкес «қиын кемістік», «біріккен бұзылыстар», "күрделі ақау". Бірақ соңғы уақытта "кемістіктің күрделі қүрамы" атты түсінік күрделі кемістіктін мағынасын толық ашатын және қолайлы болып табылады.

Күрделі кемістіктері бар балаларды негізгі үш топқа бөлуге боледі, олар:

- бала бойында екі аса байқалатың психофизиологиялық кемістік біріккен, бірақ әр қайсысы ез бетінше бала дамуына жығымсыз әсер тигізетің жағдайдағы топ, мысалы: көру мен есту кабілетінең айырылған, зиятында ауытқушыдығы бар естімейтің, нашар естийтің психикалық дамуы тежелген балалар.

- негізгі бір кемістікпен қатар қосымша деңгей жеңіл кемістік қосылған


жағдайындағы топ, мысалы: зиятында ауыткушыдығы бар нашар естийтің
балалар.

-   көптеген  кемістігі  бар,  балаланың бойында     нақты  екіден  аса


кемістігі   кездесетің жағдайындағы топ, мысалы: зиятында ауытқушыдығы
бар нашар керетің естімейтің бала.

Осы кезге дейін біздің мемлекетте күрделі кемістігі бар балаларға педагогикалық көмек көрсету және тәрбиелеуде көп көңіл бермеген. Өйткені олар тәрбие, білім ала алмайтын деп саналатын. Бірақ күрделі кемістігі бар балаларды оқытуға, осы соңғы он жыл арасында көп көңіл бөлуде.

Баланың күрделі ақауы болуы, оның ерте дамуына кедергі жасайды. Ауытқушыықтын бір емес екі немесе одан да кеп болуы баланы коршаған ортадан бөледі, ол үлкен депривацияға түседі. Бүл кептеген кызметтердің дамуына және психикальщ дамудың тежелуіне әкеп соғады (заттарды тану, олардың бейнесін қапыптастыру, кеңістікті бағдарлау, моторикалык даму, әмоциялық-сезімдік қарым-қатынас, ересектермен сөйлесу). Бүл ауыр жағдайды қоршаған әлеуметгік ортаның баланың танымдық әрекетіне бейімделмеуі қиындатады.

Кейіннен бүлдай бала арнайы ортаға түскенде жанындағы балаларға қарағанда және салыстырғанда оның ауытқулары, ауыр екендігін білдіреді. Осындай біріккен бұзылыстар проблемасына жеке-жеке тоқталуды және арнайы психологиялық-педагогикалық әдістерді қолдануды талап етеді. (А.И.Мещеряков, Т.В.Розанованың зертгеулері) көру және естуі жоқ балалар қоршаған ортадан белек болады, шетте қалады. Бұл баланы жиі ақыл ойы кемтар ретінде қабылдайды, өйткені танымдық жетілмеуі, қарым-қатынасты және тәртіп, мінез-қүлқысын ортада қалыптасқан ережелерге сәйкес тәрбиелеуін мүлде қиындатады. Бірак ақыл ойы кемтар балага қарағанда дамуында күрделі кемістігі бар балада зиятыи дамытуға мүмкіндігі әлде жоғары.

Күрделі кемістіктің ерекше салдарының бірі - кемістіктің орнын толықтыру мүмкіндігінің шектеулігі. Мысалы, көрмейтіндерде қоршаған ортаны қабылдау сақтаулы есту мен сипап сезу арқылы мүмкін. Ал естімейтіндерде - көру және кинестетикалық тактильді, вибрациялық қабылдау мүмкіндік береді. Ал керең-соқыр балаларда көруі мен естуі жоқ болғандықтан сыйпап сезу және кинестетикалық қабылдауы соңымен қатар иіс білу кемістіктің орнын толықтыруға баланы дамытуға жол ашады. Мұндай балалардың тіл білуінің маңызы зор.

Л.С.Выготский баланың психикалық қызметін қалыптастыру, оның сақталған ақыл-ой дамуының деңгейіне байланысты деген. Ал күрделі кемістіктің құрамына зият кемістіктері қосылса бүл жағдайды ауырлатады, бірақ түзету шараларын қолданудан бас тартпайды. Дамуында күрделі кемістігі бар балаларды оңалту мүмкіндіктері қазіргі күнге дейін ғылыми толық зерттелмеген, бірақ кемістік ерте жаста пайда болса оның құрамы мен деңгейі ауыр болатыны анық.

А.Н.Мещерянковтың (1974 жылы) зерттеуі бойынша соқыр-керең балаларда езегеше іс-әрекет калыптастыру үшін кейбір „жағдайларды қамтамасыз ету кажет, олар:

-біріншіден ол - заттармен түрлі әрекет жасау, әйтпесе затгар туралы


накты бейнесін қалыптастыру мүмкін емес;

-  екіншіден қоршаған ортадағы затгармен әлеуметгік әрекет жасау;

-үшіншіден, әр    әрекет    нәтижесін     баланың     кажеттіліктерін
қанагаттандыруға бағьптау.

Басында бапа бойындағы емір сүру үшін қажеттіліктер (тамактануға, ұйқыға, суыктан қорғануға болады). Кейін бала заттарды таныған соң қосымша басқа да қажеттіліктер қосылады, осыған байланысты балада іс-әрекетте қалыптаспады, өзгереді.



Күрделі кемістігі бар балаларга психологиялық-педагогикалық колдау көрсету

Қазіргі уақытта күрделі кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесі арнайы білім беру саласында өз өзектілігін білдіреді. Өйткені соңғы жылдарға дейін бүл топтағы бапалар оқытылмайтын, яғни "оқи алмайтын" деп есептелген.

Көру мен есту кабілетшең айырылған балаларды психолого-педагогикалық түрғыдан тәрбиелеу жүйесінде көптеген нәтижелі зерттеулер жүргізілген.

Мамандар алдындагы ең бірінші міндет - осы ауыткуларды ерте жастан анықтау, диагностикалау. Бала бойындағы кемістікті, оның қүрамын кеш диагностикалау - аталмыш топтағы балаларды арнайы оқытуда жиі кездесетін жағдай. Ауытқуы өте ауыр балштардың ата-аналары алгашкы жылдары тек дәрігерлерден көмек сұрайды, ал арнайы педагогтарға бармайды, бул маманды ескермейді. Кептеген күрделі кемістігі бар балалар ұзақ уақыт бойы ауруханапарда ем кабылдайды, олар анасынаң депривацияға үшырайды. Бүл жағдай аталмыш балалардың әмоциялық дамуына және ойлау қабілетіне жағысыз әсер етеді. Бірақта кейде арнайы-педагогтарға баруда нәтиже бермейді. Көптеген дефектологтар ата-аналарға күрделі кемістігі бар баланы қандай кемек көрсету бағытында дүрыс ақыл кеңес бере алмайды, ол үшін арнайы мамандарды дайындау қажег. Осы бағыттагы проблемалады шешумен Ресейлік білім Академиясыдағы Коррекциялық педагогика институтының қызметкерлері айналысады және арнайы тәжірибелі мектептердегі педагогтар. Бірак осындай жагдайда да ата-аналар толығымен анык психолого-педагогикалық кеңес ала алмайды.



Соқыр-керен балаларды оқыту үшін толык ғылыми негізделген және тәжірибелік технологиялары әзірленгеніне карамастан, күрделі кемістігі бар балалардың кептүрлігі болашақта көптеген окыту мен тәрбиелеу бағдарламаларың әзірлеуді талап етеді. Қазіргі кезде осындай балалар арнайы мектептер қүрамындағы арнайы сыныптарда оқиды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет