1 латын тілініњ шыѓу тегі



бет14/22
Дата06.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#37448
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
13 Римнің сәулет өнері

Римдік сәулет өнерінің дамуы рим тарихының барысымен, қоғамдық қатынастардың қиындатылуымен, қаланың өсуімен тығыз байланысты болды; ол грек және этрустік ықпалы нәтижесінде пайда болды. Ертеде қала жоспарсыз, тәртіпсіз салынды. Оның тарихы және қисық көшелері, ағаштан және кірпіштен жасалынған қарапайым үйлер болды. Ірі қоғамдық ғимараты тек храмдар болды (Мысалға, Юпитердің Капитолийлік жарда орналасқан храмы және, Вестаның форумдағы кішігірім храмы б.э.д. VI ғасырда салынды). Қала ішінде бос жерлер және түк салынбаған жерлер сақталды. Ақсүйектердің үйлерін саябақтар қоршады. Су жиналатын шұңқырлар алғашында ашық болды, ал кейіннен оларды ағаш жапқышпен, одан кейін ұсақ тастармен жауып тастады.


Римды галдар жаулап алғаннан кейін, қаланың ғимараттарын көбін қиратып, өртеді. Өрттен кейін римдіктер негізгі көшелерін және алаңдарын бұрынғы үлгі бойынша қайтадан салады. Кеңейген қала жаңа сервиевтік деп аталатын қабырғалармен қоршалды.
Рим халқының көбейуі ашық жерлердің салынуына әкелді. Кейбір көше жолдары үлкен таспен қаланды. Ескі клоак (су құбыры) жүйесі қайта салынды. Өсіп жатқан халық таза суды талап етті, оны жүргізу үшін жердің астында қазылған бірнеше шақырымдық 2 су құбыры салынды.
Құрылыс салудың жаңа кезеңі б.з.д. II ғасырдан басталды, бос жерлер ғана салынбай, сонымен қатар қоқыстар да алынып тасталды, қалалық жерлердің бағасы көтерілді. Б.з.д. I ғасырда қарапайым кірпіштен және ағаштан жасалған үйлердің орнына көпқабатты үйлер, виллалар пайда болды. Олар күйдірілген кірпіштен және бетоннан, тіпті мәрмәр тастан салынды. Бірнеше жаңа су құбырлары көптеген шақрымдарға ауыз суын жеткізді. Қаланың орталығы қайта салынады. Римдік форум кеңейді, оның маңында жаңа қоғамдық ғимараттардың жаңа түрлері пайда бола бастады. Қала аумағының тым тығыз құрылысы, арнайы жасыл аймақтарда - бақтардың салынуын талап етті. Осылайша, Саллюстий мен Лукулланың жасыл бақтары пайда болды. Қала кварталдарға бөлінді, ал кварталдар аудандарға топталынды. Римдіктердің жорықтарының нәтижесінде әртүрлі байлықтар Римге және итальяндық қалаларға жеткізілді. Бұл Рим сәулетінің өрлеуіне әкелді. Римдіктер өздерінің ғимараттарында және архитектуралық ғимараттарында адамның күшін, терең ойларын көрсетуге тырысты. Осыдан Рим сәулетшілерінің монументальді және көлемді ғимараттарға деген сүйіспеншілігі туды. Рим сәулет өнерінің басқа ерекшелігі - бұл ғимараттарды әшекейлеу, олардың ішінде бай декоротивті заттардың, көптеген әшекей заттардың болуы; сәулет өнерінің утилитарлы жақтарына деген қызығушылық. Олар тәжірибелік қажеттілікке керек ғимараттарды (көпірлер, акведуктер, театрлар, амфитеатрлар және т.б.) салуды жақсы көреді. Римдік сәулетшілер жаңа конструктивті принциптер жасады, олар кеңінен аркаларды, күмбездерді, колонналармен қатар пелястрларды және тіреуіштерді қолданады.
Грек сәулетшілері ғимараттардың жоспарларын симметриясыз жасаса, римдіктер симметрияны ұстанды. Олар кеңінен грек ордерлерін - дорикалық, ионикалық және коринфтік (ең сүйіктісі - коринфтік ордері болды) қолданды. Грек классикалық сәулет өнерінде ордерлер өзімен декоротивті зат пен ғимараттың конструкциясы ретінде пайдаланса, римдіктер оны тек декоротивті элемент ретінде пайдаланатын. Бірақ римдіктер ордерлік жүйені дамытты және өздерінің ордерлерін жасады, олар гректіктерден басқа болды. Бұндай композитті ордер болды, яғни барлық грек ордерлерінің бір ордерде қосындысы, ордер және ордерлік аркада яғни ол аркалардың жиынтығы болып келеді.
Римдік сәулет өнері біздің заманымызға дейінгі IV-I ғғ. өз дамуының екі кезеңінен өтеді. Бірінші кезең - б.з.д. IV-IІІ ғғ. Бұнда Рим кедей және кішігірім қала болды. Бұл уақытта сәулет өнері этрусстік сәулет өнерінің үлкен ықпалымен дамыды, мысалы, ерте Рим храмының формасы және оның декоротивті заттарын, аркаларды қолдану этрускілерден алынды. Ғимараттардың басты типі - әскери - инженерлік (қорғаныш қабырғалар, мысалы, Сервий қабырғасы б.з.д. IV ғасырда салынған, қабырғалардың кейбір бөліктері б.з.д. VI ғасырда салынған) және азаматтық (бірінші су құбырлары және жолдар - б.з.д. IV ғасырдың аяғы). Екінші кезең - б.з.д. ІІ-І ғасырлар, бұл кезең бетон мен жинақтық сымдардың кең пайдалануымен ерекшеленеді. Жаңа типті ғимараттар пайда болады, мысалы базиликтер (бұнда сауда келісімдері және сот төрелігі жүргізілді; бірінші базилик б.з.д. ІІ ғасырда салынды), гладиаторлармен және жануарлармен өтетін спорттың түрі амфитеатрлар, цирктер, термдер - күрделі монша бөлмелерінің жиынтығы, кітапханалар ойнауға арналған жерлер, саябақтар пайда болды. Монументальді ғимараттардың жаңа түрі - триумфтік арка пайда болады. Сауданың дамуы қажетті қоймалардың (мысалға, б.з.д. ІІ ғ. Эмилий порты), арнайы нарық мекемелерінің салынуына әкелді.
Басқару қажеттіліктеріне керек мекемелер: канцеляриялар, мұрағаттар (орталық сенаттық Табуляр мұрағаты б.з.д. І ғ 80 ж. салынды), соттық мекемелер пайда болды. Италия мен Жерорта теңізін жаулап алу тұрақты әскери лагерлердің, көп қабатты жолдың салынуына әкелді. Қала халқының қажеттіліктері клоакалардың жетілдіруіне және жаңа су құбырлардың, аквадуктардың, салынуына әкелді. Осы су құбырлары суды Римге бірнеше ондаған шақырымға дейін жеткізеді. Б.з.д.І ғ. Рим миллиондаған халқы бар, көп қабатты үйлі, қоғамдық маңызы зор көптеген тығыз салынған мекемелері бар үлкен қалаға айналады.
Римнен басқа б.з.д. І ғ. кішігірім Помпей қаласы да әртүрлі ғимараттарымен, алаңдарымен, үлкен тасты көшелерімен, театрыларымен, амфитеатрларымен, цирктерімен және көптеген дүкендерімен және таверналары бар мәдени орталыққа айналады.
Ғимараттың сәулет өнері стилистика жағынан нейтральді ретінде қабылданды, көкейтесті эстетикалық бағдарлама және ғимаратта салынған семантика өзінің көрінісін үлкен Нерон сарайында тапты, ол Неронмен Римнің орталығында 64-68 жж. аса байлықпен салынған ғимарат "Алтын үй" деп аталды; ғимараттың өзінің символикалық мәнін "Алтын" (aureus) білдіретін атау Нерон билеушінің тиындар туралы аңыздарда, өлеңдік шумақтарда және шешендердің сөздерінде билікті білдіретін ресьми сипатты алады. Мейрам және жарқырау туралы көрініс сарай сәулет өнерінде көрсетілген жоқ, бірақ ол толығымен сәулетке салынған безендіруді шарттады. Вилланың құрылысы алтын түске, перламутрға, қымбат аппликациялларға толы болды; басты ғимараттың триклинияларында төбе піл сүйегінен жасалған тақтайшалардан тұрды; оң қанаттағы залдағы қабырғалар мәрмәрдан салынды. Ішкі, басты емес бөлмелер олардан айырмашылығы болған жоқ; олардың сыртқы әшекейі алтын мен мәрмәрдің орнына стукпен айырбасталуымен ерекшеленді. Бұл "Алтын үйдегі" сәулет өнері мен жасанды безендірудің қатынасы оның жекеменшік ерекшелігін құраған жоқ, ол сол дәуірдің сәулеттік ойлаудың жалпы принципін білдірді.
Консерваторлық құрылыс формаларының безендірумен бірігуі римнің ішкі ұлттық принципі болды. Рим ақыны египеттік сәулет жайлы баяндағысы келгенде және өз отандастарының осы сәулеттің римдіктен қандай айырмашылығы бар екенін көрсеткенде, ол былай жазды: "Үй жарқырағанмен, кескіленген мәрмәрмен жалтыратылмаған; оның негізі жұқа агат болған жоқ; ал оның орнына үлкен тас қолданды; барлық сарайлық палаталарда аяқ астында оникс болды және қара Мареотия ағашымен босағаға жапсырылды, ол жәй еменнің орнына безендіру ретінде емес, негіз ретінде қызмет атқарды".
Басқа мемлекеттердегі ғимараттар монолитті ағаштан және тастан, ал Римде олар пластиналарға кесілетін және сыртқы безендірілу түрінде пайдалынылатыны туралы түсінік көп ғасырлық тәжрибеге негізделді. Бірінші Капитолий храмының төбесі мен колонналары (дәстүр бойынша б.з.д. 509 жылы белгіленеді) терфактік пластиналармен қапталған ағаштан болды, ал целла мен цоколь – сыртқы безендіруі тастан болды. Қайсыбір республикалық кезеңнің маңызды ғимараттары туф пен тавертинмен безендірілген болды. Ал сирек кірпіштен және стукпен сыртынан қапталатын болды. Жиһаздар сияқты, уақыттың өтуі ең алдымен безендірудің ауысуынан көрінді. Август императорының істері белгілі. Ол Римді кірпішті етіп қабылдап, ал мәрмәрлі етіп қалдырды; құрылыс материалы емес, сыртқы безендіру жөнінде мәселелер көтеріліп, айтылады. Римдіктердің бірінші болып ізбесті (әкті) пайдаланғаны тарихта белгілі болып отыр. Ерекше "путеоландық" құм және қосымша қосынды ерітінді ретінде емес, кірпіштен немесе дербес қосылатын тесовтік тастан жасалған қабырғалар арасына бос орынға толтырылып, тез арада сынбайтын монолит ретінде қолданылды. Осылайша құрылыста сыртқы әшекейлеу үшін қолданылған әдістің заты болды. Себебі, қабырғалар (ішкі және сыртқы жақтың) ерітіндімен қосылып, сырт жағында мекемеге немесе көшеге қаратылды және кейбір эстетикалық безендіруді талап етті. Б.з.д. ІІ ғасырдың аяғы және б.з.д. І ғасырда бұл рәсімделудің арнайы схемасы жасалады. Ол жоғарғы технологялық жетілдірудің деңгейімен және көркемдік әсемділігімен ерекшеленеді. Бірақ ғимарат негізінің бір бөлігі бола тұрған осылай безендендірілген аяқталған қабырға сияқты, ал оның сыртқы түрі эстетикалық немесе идеологиялық маңызды болып қабылданған жоқ. Қазір мысалға, Помпейдегі форумдік базиликаның ішкі солтүстік қабырғасы түрлі сәулеттік рельефтермен қапталған, үтіктелген, оның толық өңделгені болатыны елесетету қиын. Веспиано храмының ішкі қабырғалары жетілдіріліп жасалуы оларды ешкім көрмейтіндей жасанды безендірудің астына жасырылды. Рим империясындағы бүкіл құрылыстың көлемін еске түсіру керек, барлық сансыз қалаларды бүкіл Рим империясын Пальмирден Меридке дейін және Рейннен Сахараға дейін қаптады. Олардың құрлысы негізгінен бетонды және кейіннен облицовканы қолданды. Бұл әдістің бүкіл көлемін және тарихи мәнін елестету керек: "рим сәулет өнеріндегі декоротивті және конструктивті шешім өз дамуында бір-бірінен дербес дерлік болды және құлдырауда олар әртүрлі, ал кейбір кезде қарама-қарсы заңдарға бағынды".
Б.з.д. 1-ші мыңжылдықтың І ғасырларында Апеннин түбегінің территориясын бінеше этникалық және тілдік топтардан тұратын италяндық үнді - европалық тайпалар қоныстанды. Ерте римдік мәдениеттің қалыптасуына үлкен ықпалды латын мен этрускілер тайпалары тигізді, олардан ол өрістік жоспарлауды, бірқатар ғимараттардың типтерін (қауіпсіздендіру, гидротехникалық, тұрғылықты және дінилік), ал сонымен қатар жоғарғы құрылыс техникасын (полигональді және дұрыс квадрлік тастық салу, жалған сводтар және куполдар, ағаш каркас және терракоттың облицовкасы кірпіштен салынған құрылыстардың). Римнің ежелгі дәуірдегі ғимараттарының бізге дейін жеткендерінен Юпитер Капитолийдің храмы қызықты (б.з.д. 509 жылы ашылды, кейінен бірнеше рет жаңартылды). Оның этрусктік сипаттағы (үш жекелік цэлла, подий, негізгі фасадтағы баспалдақ) кейінен римдік құрбандық сәулетінің ерекшеліктері болды. Үйдік архитектураның дамуы жөнінде саздық қоқым салатын ыдыстар бойынша айтуға болады. Олармен басында ежелгі жеркепелер б.з.д. IV ғасырда бейнеленді.
Қарапайым тікбұрышты үйлер атриумдік деп аталды. Олар Нацияда дамыды және ежелгі римдік үйдің кейінгі эволюциясында маңызды роль атқарды. Жаулап алынған жерлер Рим империясының кеңейуіне кең қалалық құрылыс шараларына әкелді. Құрылыс қатты өңделген жүйе болды, ол Рим провинцияларында жаңа өмір сүру салтын емес, сонымен қатар қоғамның таптық және саяси концепцияларының ұйымдасуын білдірді. Әлі латын, этрустік және саминиттік жерлерді отарлау үрдісінде қаланың басты жоспары қолданылды, оның негізінде әлем жақтарына бейімделген екі магистральдер - " кардо" және " дэкумануса" және оларға сәйкес екі қалалық қақпалар салынды. Қорғау қабырғаларының тік бұрышына салынған бұл схема римдік әскери лагердің бөлінісін қайталады. Рим қалаларына тән элеметтер ол тұрғылықты кварталдардың тең тікбұрыштар болуы. Олар қала тұрғындары арасында олардың қоғамдағы орнына сай бөлінді. Форум ( орталық алаң) және оған қосылған "курия" ( муниципалды сенат залы) базилика және Капитолий (басты қалалық храм). Орталықта сияқты, шеттерде де, ал кейбір кезде тұсында жергілікті дәстүрмен байланысты храмдар және діни жерлер орналысты. Регулярды жаңа құрылыстарға қарамастан және олардың жоспарлық мәні құрылыс үрдісінде жергілікті шарттармен: рельеф, акваториялар және ерте тұрғылықты жерлердің болуымен байланысты өзгерістер жасалатын. Осылайша, форум, порттық қалаларда, басқалардың қиылысында орналасқан. Ол гаваньға қарай ауысты.
Форумның композициясы алғашында нарықтың түрлі функцияларын, қоғамдық жиналыстардың және көрермендер үшін көріністер қоятын жерде орналасты. Бұл қызметі Помпейде оларды римдіктер жаулап алғанға дейін қалыптасты. Римнің өзінде форум Эмилия мен Юлия базиликтері салынғаннан кейін аяқталған түрге ие болды.
Рим құрылыстық ойлаудың қалыптасуын (пуникалық соғыстар кезеңінде) Римдегі Ларго Арджентина және көкөністік нарықтағы ( форум Олиториум) тасты храмдар топтары арқылы бақылауға болады. Бұнда этрускілердің ықпалының қалдықтары (подий, негізгі фасадтың баспалдақтарын ерекшелеу) және бірінші көрсетілген айырмашылықтар (пилястрлер, жартылай коллоналар целланың шеткі жақтарында, храм бөлігін құдыретті жердің артқы шектеріне шығару). Кейінгі республикалық кезеңнің тұрмыстық архитектурасы комфорт талаптарының өсуіне сәйкес итальян типтік атриумді үйді дамытады. Оның композициясы Витрувийдің " атрий" немесе "каведий" деп аталатын орталық мекеме шеңберінде дамыды. Әдетте төрт скатты атрий төбесінің ортасында ошақтан түтін кетіру және ағарту үшін тесік - "комплювий", ал комплювийге едендегі кішкене су қоймасы сәйкес келді - "имплювий". Ескі, дәстүрлі орныққан атриумдық үйдің композициясының мысалы ретінде Помпейдегі б.з.д. ІІІ- IV ғғ. " Хирург үйін" көрсетуге болады. Негізгі кіру мен вестибюльге қарама қарсы атрийдегі ашық негізгі ғимарат ("таблиннум") немесе екі қанат- коридор ("ала") орналасты.
Қаланың дамуымен және оның кварталдық құрылыстардың тығыздалуыменен үйдің композициясы тереңге өстік симетрияны сақтап дамыды. Үйдің артында портик пайда болды, ол бақшаға немесе аулаға қарай қарады, ол б.з.д. ІІ ғ. колонадамен қоршалған перстильге айналды. Архитектура мен табиғатты синтездеуге талпыныс дәстүрлі "террастік" үйлер жоспардың өзгеруіне әкелді; олардың ерекшелігі перстильдің террасамен қала мен табиғатқа шығумен аяқталуы болды. Қаладан виллалар үшін ( бұнда б.з.д. ІІ ғ. әлі иенің тұрғылықты комплексі қарапайым құрылыстардан бөлінді) ландшафтан ішкі кеңістікке және қайтадан табиғатқа өту тән болды.
Басты кіру ең алдымен перстильге әкелді, оның маңында тұрғылықты мекемелер орналасты. Кейіннен бір қатар ғимараттар табиғатқа қарапайым террасаға апарды, осымен қатар террасалардың өзінде су қоймалары, саябақтар және т.б. ("Мистери" виллалары, б.з.д. ІІ ғ. – І ғ. және "Диомеда" б.з.д. І ғ. бірінші жартысында Помпейдің қасында орналасты).
Керемет аристократиялық үйлер қарапайым құрылыстарда контрасқа түседі: негізінен бұл 3 - 5 қабатты кірпіш үйлер - инсулалар. Осындай үйлер б.з. д. ІІІ ғасырдан кейін пайда болды, олар Остия руиндары бойынша белгілі болды.
"Б.з.д. ІІ ғ. - І ғ. 1 жартысы аралығында рим архитектурасында маңызды бетбұрыс жасалады". Осы уақытта б.з.д. V ғ. немесе IV ғ. құрылыс тәжрибесіне римдіктермен енгізілген клиндік арка өзінің көркемдік ой қорытуын алады. Бетонның ойлап табылуының нәтижесінде қабырғаларды қоюдың жаңа техникасы пайда болады (облицовкалар арасында қыстыру), бетондық аркалар мен сводтық жапқыштар кеңінен таралады. Арықтық көпір, су құбырлар, үлкен қоймалар сиқты сенімді инженерлік ғимараттар пайда болады және жетілдіріледі. Ізбестен басқа құрамына "пуццолана" кіретін (шығу тегінен вулкандық құм) мықты римдік бетон, үлкен конструкциялардың салынуын жеңілдетті, бірақ сонымен қатар олардың формаларын икемді қылды, ал сонымен қатар үлкен жабық қоймасы бар құрылыстарды салуға мүмкіндік берді.
ІІ ғ. – І ғ. 1 жартысында римдік құрылыстардың маңызды типтері қалыптасты. Базилика форумға жақын орналасты және ресьми кездесулерге, сауда келісімдерін өткізу үшін, соттық отырыстарды өткізуге арналды. Базилика тікбұрышты зал болды, оның орталық бөлігі колонналар мен столбалармен қоршалды (Помпейдегі "Базилика"). Басты қабырғалардың бірінде кіретін жері болды, қарама - қарсы жағында "трибунал" орналасты.
Термдер - жекеменшік, ал содан кейін қоғамдық құрылыстар, олар өзінде моншалар мен грек палестрлердің функцияларын біріктірді. Олар сонымен қатар кездесулер, диспуттар және сұқбаттарға арналды. Термдердің ғимараттары бірнеше мекемелерден тұрды. Оларға: "аподитерий" (шешінетін жер), "фригидарий" (суық монша), "тепидарий" (жылы монша) және "кальдарий" (ыстық монша). Термдер ауамен жылынды.
Бетонның ойлап табылуы театрлік архитектураға өз әсерін тигізді. Оның еркшеліктеріне: "кавеаның " субструкцияларда орналасуы; кавеаның жартылай шеңбер формасы және "орхестрлер" - енді ағаш помост - сценада (б.з.д. І ғ. - б.з. І ғ. Ораждегі театрлар) ойнайтын актерлер үшін емес болды, олар беделді қонақтарға арналған орындар. Көшеге қараған фасадта және кавеаның периметрінің бойымен тент үшін ағаш мачталар орнатылды, олар театрдың үстіне орнатылды. Музыканттар ойнауына арналған кішігірім ғимараттар салынды; олар жиі жабық болды (Помпейдегі Одеон).
Бұл уақытта цирктің архитектуралық типі қалыптасты (б.з.д. 221 ж Фламиний циркі және Римдегі Максимус циркі), олар аттық жарыстарға арналды; цирктер гректік стадиондардан үлкен көлеммен және күшті әшекейлермен ерекшеленді. Римдік типті көрермендік құрылыстардың сопақ формасы - гладиаторлардың күресуіне, және т.б. ойындарға арналған амфитеатрларға тән болды. Ежелгі Помпейдегі римдік амфитеатр жерге қазылған аренасы мен орындары бар.
Республикандық кезең патрициандық жанұялар мен диктаторлар арасындағы билік үшін күреспен аяқталды. Олардың әрбіреуі халық арасында үгітке ие болғысы келді, сонымен қатар әртүрлі ғимараттарды салу арқылы өз беделін көтеруге тырысты. Республиканың соңғы ғасырында құрылыс империяның зодчестволық гүлденуіне әкелді.
Римдік архитектурасына тән - симметрия; монументальді күшті архитектуралық массаларының икемділігі; арканың доминанттық рөлі, әлі ежелгі шығыста белгілі болды .

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет