1 латын тілініњ шыѓу тегі


Римдік құл иеленушілік республика



бет3/22
Дата06.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#37448
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
2 Римдік құл иеленушілік республика

Римдік құл иеленушілік республика Жерорта теңізіндегі ірі мемлекеттердің бірі болды. Римдіктердің Италиядан тыс жаулап алынған жерлерді өз «провинцияларына» айналдырып, олардан салық жинады. Жаулап алушылық соғыстар арқасында нобилитет пен салт аттылар баи түсті.


Нобилитет дегеніміз – римдік ақсүйектер, ірі жер иеленушілерге айналған сенаторлық аристократия. Басқарушылық рөлге патрициандық таптар ие болған, бірақ жеке плебейлік таптар да алға шықты. Б.з.д. ІІ ғ. ортасында сенат тірегі болған нобилитет бүкіл елде басшылық етті. Нобилитет ішінде республиканың әртүрлі ішкі және сыртқы саясатына негізделген сұрақтарға келісе алмаған топтар арасында күрес жүріп жатты. Ақсүйек емес, бірақ бай жоғарғы плебс билігін құраған салт аттылар, әртүрлі төлемдерді, әсіресе провинциялардың салық төлемдерін өз қолына шоғырландырып алды. Сыртқы сауда мен өсім жүргізу іс-әрекеттер салт аттылардың қолында болды. Нобилитет пен салт аттылар римдік құлиеленуші қоғамның билеуші табы болды, олар провинцияларды тонап, көп құл санын пайдаланғанына қарамастан, олардың арасында келіспеушіліктер болып тұрды, соның нәтижесінде салт аттылар жиі антисенаттық коалицияларға қатысып отырды.
Рим экономикасының негізі болып ауылшаруашылық қала берді, бірақ ірі жериеленушілердің байып кетуінің нәтижесінде шаруалардың ойсырауына әкелді, яғни ауылшаруашылықтағы шаруалардың еркін еңбегі құл еңбегіне алмасу үрдісі жүзеге асырылды.
Екінші Пун соғысынан кейін Италияның көптеген жерлері ойрандатылып қалды. Теңіздің ар жағындағы римдік жорықтар да шаруалардың кедейленуіне әсерін тигізді, олар тек құлиеленушілерді ғана байытты.
Пун соғыстары кезеңі Рим республикасындағы құлиеленушілердің өсу кезеңі еді. Құлдардың саны күрт көбейіп кетті. Римдік әскерге қарсылық көрсеткен қала тұрғындары құлдарға айналды. Осылайша Карфаген, Коринф және тағы басқа көптеген қалалармен болған еді (Карфагеннің 50 мың тұрғыны, Сардинияның 80 мың тұрғыны құлға айналды).
Құл еңбегі еркін адамның еңбегінен әлдеқайда арзан еді. Құл еңбегін ірі ауылшаруашылығында, римдік латифундияда пайдалану тиімді болды, құлдардың көбі сонда шоғырланды. Мысалы: Сицилияның құнарлы жерлерінде жүз мыңдаған құлдар еңбек етті. Ауылдық құлдармен қатар қалалық құлдар: қолөнер құлдары және үй құлдары болды. Құлдар басты қаналушы тап болды, олардың арқасында тек римдік құлиеленушілер ғана емес, сонымен қатар экспроприацияланған римдік шаруалардың тұқымдары римдік люмпен-пролетариат та өмір сүрді.
Маркс еркін итальяндық шаруалардың экспроприациясының ерекшелігі «римдік пролетарий жалдамалы жұмысшы емес, жалқаулар» -деп айтқан.
Құлдар мен құлиеленуші арасындағы таптық күрес римдік құлиеленушілік қоғамның басты қайшылықтарының бірі болды. Құлдар мен құлиеленушілер арасындағы қайшылықтар тереңдеп, күшее түсудің салдарынан ашық көтеріліс формасына айналып, үнемі өсіп отырды.
Экспроприацияланған шаруалар мен құлиеленуші қоғамның билеуші таптары арасында да қайшылықтар өркендей түсті. «Римдік республикалық дағдысы кезінде еркін шаруалардан олардың жерлері тартылып алынып, олар кейін оңтүстік құлиеленуші штаттардағыдай «ақ кедейлер» табын құрды. Құлдар мен «ақ құлдар» өздерін бірдей босатып ала алмағандығының нәтижесінде ежелгі дүние құлдырады». «Ақ кедейлер» деп еркін, бірақ мүліктері жоқ римдік азаматтарды атаған. Ол жұмыс істемей, римдік құлиеленуші мемлекетінің арқасында өмір сүрген антикалық люмпен-пролетариат болды. Құлдардың үлкен көтерілістері кезеңдерінде «ақ кедейлер» уақытша көтерілісшілермен бір бағыттас болған еді.
Б.з.д ІІ ғ. екінші ширегінде құлдардың күресі қатал күреске айнала бастады. «Италияның сарқымас астық қоры» болып саналатын Сицилия қаласы ең бірінші күрестің майданына айналды. Үлкен латифундияларда жұмыс істеген көптеген құлдар осында шоғырланды. Өмір сүру жағдайлары өте қиын болды. Құлиеленушілер құлдардан қорқып, оларды шынжырда ұстады, таңба қойып, аямай жазалады және нашар тамақтандырып, киіндірмеді.
Б.з.д. 138 ж. Сириялық Евн атты құлдың басшылығымен көтеріліс басталып, оның орталығы Энна қаласы болды. Аралдың оңтүстік батыс бөлігінде де көтеріліс бұрқ ете түсті, көтерісшілердің басшысы киликиялық Клеон болды. Евн мен Клеон күштері қосылып, жалпы басшылық Евнның қолында болды. Көтерілген құлдар бірнеше римдік отрядтарды талқандады. Тавромений қаласы Энна қаласынан кейін көтерілісшілердің екінші саяси және әскери орталығына айналды. Евн патша болып жариаланды. Оның өз кеңесі болды, оған «ақыл - ойлары мәнді адамдар» енді. Құлиеленушілік сақталды, тек көтеріліске қатысқан жерлер ғана босатылды. Көтерісшілер шағын виллаларды, ондағы мүлікті, жем қорларын өртеген жоқ, сонымен қатар егіншілікпен айналысқандарға да қиямет көрсеткен жоқ.
Көтерілген құлдар күшті әскер құрып, бірнеше қалаларды басып алды. Римдік сенат консулдық армияны Сицилияға жіберуге мәжбүр болды. Ұзақ қоршаудың нәтижесінде римдіктер Тавромения мен Энна қаласын алды. Клеон шайқаста қаза тапты, ал Евн тұтқынға түсіп, абақтыда көз жұмды.
Сицилиядағы құлдар көтерілісі Италия, Греция және Жерорта теңізіндегі аралдарда көтерілістердің бастауы болды. Құлдардың құлиеленушілерге қарсы күресі қаруланған түрге айналып, күшейіп, құлиеленуші құрылымының ыдырау үрдісіне әкелді.
Римдік құлиеленуші мемлекетіндегі басты дамыған қайшылықтармен бірге еркін тұрғындар арасында да қайшылықтар өркендей бастады. Кедейленген шаруаларды нобилитет саясаты мүлдем қанағаттандырмады. Негізінен нобилитет арасында шаруалардың мүддесін қорғаушы адамдар болды, олар шаруаларды Римнің негізгі тірегі деп қарастырып, ыдырап кеткен және құлдық еңбекпен алмастырылған римдік шаруашылықтың қайта құрылуын талап етті.
Б.з.д. 134 ж. танымал плебей табының басшысы Тиберий Гракх халық трибуны болып сайланды, ол халық жиналысына қоғамдық жер қорын қарастыратын заңды жобасын ұсынды. Гракх жер пайдалануға шек қою, яғни ата-бабалардың істеріне қайта оралу үшін ескі аграрлық заңды қайта құру ұранымен жаңа заң жүргізбекші болды. Ондай шара заңды жобаның беделін көтерген еді. Осы заңды қорғауға түскен Гракх былай деген: «Италияда өмір сүретін жабайы аңдардың өз індері, апандары бар, ал Италия үшін күресіп қаза тапқандардың ауа мен жарықтан басқа еш нәрсесі жоқ. Олар үйсіз, үнемі тұратын жерлері жоқ, әйелдерімен, бала -шағаларымен қаңғырып жүреді. Қолбасшылар сарбаздарды өткен ұрпақтардың көрі мен күнбездері үшін жауға қарсы күресуге шақырып, алдайды. Себебі көптеген римдіктердің мехрабы да, көрі де болмаған. Оларды әмірші деп атағанмен олардың бір үзім өз жерлері де болмаған». Тиберий ұсынған заң жоба еркін римдік шаруашылықтың қайта құрылуына бағытталған еді. Заңды жобаның екінші бөлімінде артық мемлекеттік жерлерді бөліп, кедей азаматтарына мұрагерлікке таратып берілуі жайлы айтылған.
Сенаттың көпшілігі ірі жериеленушілер еді, олар заңды жобаға қарсы болды. Соған қарамастан Тиберий заңды жобаны сенаттан өткізді. Гракх заңы жүзеге асырыла бастады, бірақ нобилитет оған көнбеді. Өз араса шиеленіс басталып, соның нәтижесінде Тиберий Гракх қаза табады. Тиберий Гракхтың ісін оның інісі Гай Гракх жалғастырды. Ол 123 ші жылы халық трибуны болып сайланды. Гай кең демократиялық бағдарламаны жоспарлады, оның басты мәселесі аграрлық заң шығару еді. Ол римдік әскерге қатысты бірнеше заңды жобаны енгізді: легионерлердің жасауы үшін олардың жалақысынан ұсталынып жүрген салыққа тиым салды; 17 жасқа толмаған жасөспірімдерді әскери қызметке алуға тиым салды және т.б. Осы уақытта Гай құқықсыз италиктерге («одақтастар» және т.б.) азаматтық құқықтың берулуі жайлы заңды жобасын ұсынды. Бірақ осы заңды жоба жүзеге асырылмай қалды. Реакцияшыл күштер күшейді, келесі сайлауда Гракх трибун болып сайланбады.
Гай Гракх көтеріліс көтерді, бірақ римдік шаруалар біраз уақыттан кейін қозғалыстан бас тартып, ал италиктердің оған тірек болатын күші болмады. Осының нәтижесінде Гай және оның үш мың ізбасарлары қаза тапты, жалпы бүкіл қозғалыс сәтсіздікке ұшырады. Ескі құлиеленушілік тәртіптердің ыдырау үрдісінің тереңдігі соншалық Гракхтың кезіндегі республика мен римдік шаруаларды қайта құру утопияға айналды. Шаруалардың пролетариаттануын ешқандай шаралармен тоқтату мүмкін емес еді. Бір айта кететін жай, осы кезеңде құлдар қозғалысы мен римдік-италийлік шаруалардың аграрлық қозғалысы римның негізгі саяси құрылысын дамытқан екі әртүрлі қозғалыстар болған.
Б.з.д. 104 ж. екінші сицилиялық құлдар қозғалысы басталды. Көтерісшілер 20 мың жаяу және 2 мың салт аттылардан тұратын әскер құрған. Римдіктер Сицилияда ірі күштерді шоғырландырып, құлдардың әскерін талқандады. Құлдар тағы жеңілді.
Б.з.д. І ғ. 90 ж. аяғында Италия территориясында одақтық соғыс басталды. Ол римдік азаматтықты алуға бағытталған италиктердің көтерілісі еді. Осыдан кейін шығыс провинцияларда да көтерілістер басталды. Римдегі ақсүйектермен демократтардың күресінің нәтижесінде консул Сулла (б.з.д. 82 ж.) диктатурасының орнауымен аяқталды. Римдік республикадағы қалған таптық күрес талантты қолбасшы және ұйымдастырушы Спартактың ең үлкен көтерілісіне де түрткі болды.



Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет