1-лекция. Этика мен эстетиканың пәні


-лекция. Романтизм эстетикасының ерекшеліктері



бет3/13
Дата12.04.2022
өлшемі327,5 Kb.
#138944
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
этика
алғашқы көмек көрсету, Жер кадастрын жүргізу тәртібі
3-лекция. Романтизм эстетикасының ерекшеліктері.
Романтизм – бұл тұлғаның абсолютті, шексіз еркіндігі принципіне негізделген шығармашылық әдісті қолданған көркем өнер бағыты.
Романтикалық дүниетанымның мәнін қарадүрсін, күйбеңі мол шындық пен жоғары идеал арасындағы ешқашанда шешілмейтін драмалық қайшылық бар екенін мойындау құрайды.
Өнерді жоғары реалдылық ретінде қабылдап, романтизм көркем ойлаудың ассоциативті табиғатына дем береді.
Романтикалық дәуір – бұл музыканың (Ф.Шопен, Г.Берлиоз, Ф.Шуберт, Ф.Лист), кескіндеменің (Э.Делакруа, Т.Энрико, Д.Конспгебл, О.Кипренский) және әдебиеттің (В.Скотт, А.Дюма, Э.Гофман, М.лермонтов) гүлдену дәуірі. Романтикалық дәуірде адамдар уақыт қозғалысын, қоғамдық өзгерістерді сезінді. Көптеген европа елдерінде ұлттың өзін-өзі сезінуі, дамуы басталды.
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде О.Конт, Г.Спенсер, И.Тэннің позитивистік философиясының ықпалымен өнерде натурализм бағыты қалыптасты.
Позитивизм методологиясына сәйкес өнер табиғаты жаратылыстану ұғымдарымен түсіндірілді. Суретші – натуралист болмыс негіздеріне өте жақын болып, өзі суреттеп отырған нәрселердің өте кішкене элементтеріне дейін түпнұсқаны қайталауы тиіс болды. Әлеуметтік фактордың ықпалына назар аударылмады.
Жазушылар арасында натурализмнің көрнекті өкілдері Э.Золя, Г.де Мопассан (Франция), А.Хольц және Г.Гауптман (Германия), Дж.Мур (Англия) болды.
ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарында Францияда бейнелеу өнерінде, көркем әдебиетте, музыка мен мүсіндеуде импрессионизм бағыты пайда болды.
Импрессионистік стильдің белгілері сәттік, кездейсоқ оқиғаларды, күтпеген ракурстар мен көзқарасты бейнелеу, сондықтан олар фрагментальді, тікелей, тың.
Импрессионизм – кескіндемеде айқын көрінді. Суретші – импрессионистер О.Ренуар, Э.Мане, Э.Дега, К.Моне, К.Писарро тың көркемдік жолдардың көмегімен табиғаттың сәттік, тез өтіп кететін күйлерінің әдемілігін, адам өмірінің өзгермелілігі мен қозғалысын суреттеуге тырысты.
Түрлердің жалғыз шығармашылық бастауы – күн. Ол өзінің жарығымен барлық заттарды орайды, күні бойы оған әртүрлі рең береді. Суретші – импрессионист осы реңдерді, яғни түр өзгерістерін өз пейзаждарында беруге тырысты.
Импрессионистер табиғаттың тамаша мың құбылмалы лүпіл сәттеріне, өмірдің әсем құбылыстарына сырттай елітушілікке беріліп, болмыс пен кеңістік тынысын, дүниенің тіршіліктің тепсініп буырқанған жойқын ағынын, құдіретін танытуды толайын ұмыт қалдырды. Уақыт рухын: бір сәттік сезімді, көріністі, жалт етіп қылаң берер мөлдір әсерді бейнелеу басты мүддеге айналды.
Ақырында, импрессионизм кезінде – сонау он төртінші ғасырда Джотто тұсауын кескен, кейіннен Леонардо, Рафаэльдер байытып қанықтырған, бергі замандарда Тициан, Рембрандт секілді ұлылар зерлей түскен – суреттегі кеңістік концепциясының заңдылықтары да із-түссіз ғайып бола бастаған.
Ван Гог «Мен суретті адамдарды жолықтыру үшін емес, оларды пейілдендіру, олардың назарын көп жұртқа әлі де белгісіз жақтарға тереңірек аудару үшін саламын» деп жазды. «Тек көргенімді ғана емес, сонымен бірге білгенімді, сезгенімді бейнелеймін» деген ұстаным импрессионизм бағытының мәнін түсіндіреді. Табиғаттың, болмыстың үздіксіз қозғалысқа түсіп, ылғи да өзгеріп, құбылып отыратын қалпы импрессионизмде жан-жақты сипатта, ағыл-тегіл көрініс береді.
Импрессионизм бағытын мүсіншілер О.Роден, П.Трубецкий, композиторлар М.Равель мен К.Дебюси, жазушылар К.Гансун мен И.Акпенский өз шығармашылықтарында одан әрі дамытты.
ХІХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың бас кезінде философияны, дінді, өнерді бір арнаға тоғыстырып, оларды мәдени-эстетикалық іс-әрекет түрінде қарастырған жиынтық бағыт символизм қалыптасты.
Символизмнің негізгі ұстанымдары француз ақындары Ш.Бодлер, П.Верлен, А.Рембо, С.Маларла шығармашылығында қалыптасты.
Символизмнің негізгі ерекшелігі шындық туралы көркемдік ойды тікелей емес, ишара, емеурін, қосымша қимыл тұспалдап жеткізу.
Символистер өнер шындықтың көшірмесі емес, ол әлемді елестету, аңдатпа арқылы таниды деген пікірді алға тартты.
Неміс философы А.Шопенгауэр (1788-1860) «Әлем жігер және елестету ретінде», «Табиғаттағы жігер туралы» еңбектерінде тану, түйсіну кезеңдегі елестетуге айрықша мән берілді. А.Шопенгауэрдің пікірінше, таным процесі кезінде біздің қарастырып жүргеніміз, шын мәніндегі денелер емес, тек субъектімен байланыстағы объект немесе елестету ғана. Елестетуден басқа одан да гөрі ауқымдырақ тағы қандай құбылыстар бар екенін зерттей келе, таным субъектісі, яғни жеке адам өз денесінің тәжірибесі негізінде, жігерді өзінің ішкі мәні деп таниды. Символистер А.Шопенгауэрдің осы идеясына сүйенді.
Суретші символистер Г.Моро, О.Роден, П.Гоген, М.Дени өзіне тән жеке бояу мен сызық сөздіктерін жасап, символ мағынасын ашуды таза қиял әлеміне айналдыруға тырысты. Драматургияда символизм М.Метерлинк, Г.Гауптман, ал музыкада Р.Вагнер шығармашылығында көрініс тапты.
ХХ ғасыр эстетикасы өнер түрлерінің көптігімен ерекшеленеді. ХХ ғасырдағы эстетикалық теориялар дәстүрге сүйенбейді. Олар тез ауысады, тез өзгереді, тіпті кейбір қарама-қарсы теориялар бір-бірімен қатар өмір сүре береді.
ХХ ғасырдағы өнер теориясының бастапқы белгісі – гносеологиялық мәселелерді зерттеуден онтологияға бет бұруы. Мұндай эволюция түптеп келгенде адамтану эстетикасы болып табылатын интуитивизм мен экзистенциализм эстетикасының антпропологиялық бағдарымен түсіндіріледі.
Ғасырдың барлық эстетикалық концепцияларын жинақтап, қорытындылап, жіктесек, онда екі түрлі жағалауды бөліп көрсетуге болады: олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігін бір сөзбен айтып жеткізуге болмайды.
Эстетикадағы бір жағалау эстетикалық және философиялық көркем талдаудың қиылысуында дамиды, өнер мен көркем шығармашылықты адам санасы тұрғысынан түсінуге тырысады. Ал екінші жағалау кез-келген метафизика мен субъекиивтіліктен арылып, өнердегі зерттеу алаңын анықтап, оны нақты методтармен зерттеп, ондағы тұрақты бірліктерді қарастырады.
Бірінші жағалаудың көрнекті ізденістеріне интуитивизм мен экзистенциализм эстетикасы жатады.
Интуитивизм эстетикасы көркем шығармашылық көкірек көзімен, яғни интуициямен пайда болады деп есептейді.
А.Бергсон көркем шығармашылықты ********
Екінші жағалауды структурализм эстетикасы құрайды.
Структурализмнің зерттеу алаңын кең мағынада алынатын текст, яғни мәтін құрайды. Мәтіндер ретінде көркем шығарма, адамның мәдени іс-әрекетінің барлық түрі алынады. Структурализмнің негізгі ұғымдары – структура, белгі, мағына, бөлшек, функция, тіл. Структурализмнің методологиясы бойынша адамның мәні не болмаса өнердің табиғатын емес, өнердің қызметі туралы мәселені не болмаса мәтін маңайындағы мәдениеттегі адамды зерттеу қажеттілігі ескеріледі.
Мұндай дүниетанымдық ұстанымның бастауы Роман Якобсон (1896-1982), Ян Мукаржовский (1891-1975) сияқты ғалымдардың әдебиеттанудағы ізденістерімен тығыз байланысты. Осыған жақын идеяларды өнертануда Алонс Ригль (1858-1905), тарихи антропологияда Клод Леви-Стросс дамытқан. Мәтіннің тұрақты құрылымының өмір сүру заңдылықарын зерттеуге мифтің табиғатын талдау негіз болған. Халық шығармашылығында, әсіресе, ұжымдық қиялдауда білімнің объективті ойлы түрі анық айшықталған. «Мифтік жер дөңгелек, зерттеуді кез-келген нүктеден бастауға болады» де п жазды Леви-Стросс.
Структурализм көркем түрді ерекше типтегі реттелу деп қарастырады. Кескіндеме табиғатын талдау үшін структурализм кубтық және геометриялық шығарма кешенін, ұжымдық құрылымдарды, бейнелеген кескіндердің өзара қарым-қатынасын жалпы сурет фонымен салыстырады, сөйтіп барлық көркемдік-көрнекілік бірліктердің байланысын ерекше ұйымдастырылған жүйе деп қарастырады.
Кескіндемелік немесе сәулеттік ойлаудың жалпы стильдік принциптері адамның мәдени іс-әрекеттерінде одан тыс жалпы рух үстемдік ететінін көрсетеді.
К.Леви-Стросс көптеген белгілік жүйелерде: мифтерде, рәсімдерде, салт-дәстүрлерде адам белсенділігін анықтайтын санадан тысқары әлдебір құрылым бар деп біледі.
Структурализм «данышпан», «көрнекілік», «шынайылық», «эмоциялық», «экспрессия» секілді эстетикалық негіздеуді сынға алды.
Инвариант ұғымы, яғни әртүрлі шығармаларды біріктіретін элементтер байланысының тұрақтылығы – структурализмдегі негізгі ұғымдардың бірі.
Талантты әдебиетші Ә.Бөпежанова эмпиристік-субъективті көзқарастан біржола арылар болсақ, өнердің қай туындысы да, ең алдымен, көркем текст. Жалпы алғанда текст ХХ ғасыр гуманитарлық мәдениетіндегі шешуші ұғымдардың бірі деп орынды атап көрсетті.
Структурализмнің көрнекті өкілі Жак Деррида оны герменевтикамен, психикалық талдаумен біріктіруге ұмтылды. Оның пікірінше, мәдениет сөздігі жеке бір дәуір не болмаса тарихи кезеңді қамтуы мүмкін, бірақ ол әр уақыттағы әдеби құбылыстарды түсіндіре алмайды. Деррида уақыттан тыс мән мен құндылықтарды қабылдамайды.
Оның методының мақсаты – көркем тексте автордан, оқушыдан да сусып кететін, оған ұстатпайтын тылсым табиғатты мағыналарды табу. Осы тұста белгілі мәдениеттанушы Ә.Қодардың мына пікірі есімізге түседі.
«Постструктурализмнің атасы» аталған Жак Дерриданың айтуынша, текст автордан биік, оның болмысынан автордың ойына кірмеген мән-мағына табуға еріктіміз. Демек, текстің иесі автор емес, автордың иесі – текст.
Қазіргі постструктурализмнің пікірі бойынша, көркемдік бұл өнердің ғана емес, жалпы адам ойлауының да маңызды қасиеті. Өйткені ойлау тек логикадан ғана жаралмайды. Мұндай қорытынды ғылыми білім өлшемдерін мүлдем өзгертеді. Әлемнің барлық құбылыстарының көркемдік қырлары бар, яғни оны игерудің өзіндік жолдары бар. Осындай пікір Ж.Ф.Лиотар мен Ф.Джеймсон теориясының қалыптасуына негіз болды. Сөйтіп, постструктурализмде өзінің ұстанымдарын көркемдік-әдеби ойлау жолдарымен салыстырып отыратын постмодернистік сезімталдық қалыптасты.
ХХ ғасыр мәдениетінде өнер ерекше сипатта және тағдырда дамыды. Өнердің мағыналық қабатының дағдарысқа ұшырағандығы туралы О.Шпенглер, И.А.Бердяев, Т.Адорно жазды.
ХХ ғасырдың өнері туралы О.Ортега-и-Гассет мүлдем басқа пікір қорытты. К.Дебюсси, А.Шенберг, П.Пикассо, В.Кандинский, К.Малевич сияқты өнер иелерінің шығармашылығын талдай отырып, оны жас мәдениеттің жастығымен түсіндірді. Әртүрлі қайшылықтары мен парадокстарына қарамастан, испан ойшылы бұл дәуірді эксперименттер уақыты, мәдениеттің жаңа тынысының туындауы деп бағалады.
ХХ ғасыр өнері туралы мұндай қарама-қарсы пікірлердің туындауы адамның мәдени іс-әрекетінің тарихында күрделі бетбұрыс болғандығын дәлелдейді.
ХХ ғасыр өнері көпжақты, көпқырлы, көпсалалы. Оның ландшафтын құрастыру оңай шаруа емес, өйткені бұл ғасырда өнер ізденістерінің бір арнасына құйылмайтын жеке, тың жолдардың көптігі соншалық, бір доминанттық сипаттағы бағытты анықтау өте қиын.
ХІХ ғасырда реализм, натурализм, импрессионизм, символизм деп оның даму бағыттарын жинақтауға, қорытындылауға мүмкіндік болды. Ал ХХ ғасырда бір уақытта бір-бірімен тең түсетін өнер түрлері қатар дамуда болды.
ХХ ғасыр өнерінің ерекшелігі П.Филонов, В.Кандинский, П.Пикассо, М.Пруст, А.Шенберг, Д.Джонс сияқты шығармашыл тұлғалардың ізденістерімен ғана емес, осы уақытқа тән объективті жағдайлармен де түсіндіріледі.
Мәдениеттің барлық саласында дәстүрлі әлем үлгісінің, тігісі сөгілді: ядро бөлшектенді, салыстырмалы теория пайда болды, психикалық талдау дамыды, адамның бейсаналық қасиеттеріне назар аударылды. Осының бәрі дәуір қиялының жаңа деңгейі мен масштабын анықтады. Бұл жалпы әлемнің рационалды құрылымына сенімсіздік танытуымен тығыз байланысты.
ХХ ғасырдағы эстетиканың даму бағытының біреуі және бірегейі модернизм деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет