1-мамыр тарихы

Дата26.05.2022
өлшемі1,64 Mb.
#145158
Байланысты:
1-мамыр бірлік күні 8-сынып сынып сағаты

Үш мыҢ ЖЫЛ БҰРЫН ЕЖЕЛГІ Италия тұрғындары жердің қамқоршысы әйел құдай Маяйға табынған. Соның құрметіне көктемнің соңғы айын “май” деп атап, осы айдың бірінші күнінде серуендер өткізіп, тойлар жасады. 1 мамыр мерекесінің тарихы Еңбекшілердің ынтамақтыстығы күні ретінде 1889 жылдың шілдесінен атап өтіле бастады.

1-мамыр тарихы

Тәуелсіз Қазақстанда мейрам 1996 жылдан бастап тойланады. 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау туралы бұйрыққа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылдың 18 қазанында қол қойып, Еңбекшілер күнін тойлаудан бас тартты.

1995 жылдың наурызында дүниежүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарынбіріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.

Ассамблеяның басты мақсаты: Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жанғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болды.

Қазақ жеріне көптеген этностар саяси қысым арқылы мәжбүрлеу, депортациялау саясатының нәтижесінде қоныстанған; мемлекеттік тіл – қазақ тілі; қоғамның басым бөлігі орыс тілінде сөйледі. Іс жүзінде орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі қызметін атқарады; Қазақстандағы барлық этностардың өзінің ұлттық тілін дамытуға деген ұмтылысына шек қойылмайды; халық көп конфессиялы қоғамда өмір сүреді (40-тан астам конфессия бар); қоғамда ұлтаралық және конфессияаралық толеранттылықтың дәстүрі қалыптасқан, оның тамыры терең. Мұндай қасиет ең алдымен, қазақ халқының менталитетіне тән және толеранттылық дәстүрді Қазақстанның барлық этностары ортақ құндылық ретінде қабылдайды; қоғам дамуының басты құндылықтары: азаматтық қоғам, демократия, нарықтық қатынастар, идеологиялық плюрализм; Қазақстан – бейбітсүйгіш ел.

Достарыңызбен бөлісу:

©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет