1 маусым-Балаларды қорғау күні!


Шұғыла: Басты қоссақ бәріміз Біздер елдің сәніміз Шаттық, бақыт, қуаныш Елімізге сыйлаймыз. Сезім



бет3/3
Дата09.06.2023
өлшемі31,14 Kb.
#178526
1   2   3
Байланысты:
Сценарий на 1-июня 1 маусым Балаларды қорғау күні детский сад
1516986867, !9-БЖБ Математика 6-сын қаз, !9-БЖБ Математика 6-сын қаз, физ. 3 тапсырма, doc1572525447
Шұғыла: Басты қоссақ бәріміз
Біздер елдің сәніміз
Шаттық, бақыт, қуаныш
Елімізге сыйлаймыз.
Сезім
: Біз бақытты баламыз,
Ақылдымыз, данамыз
Ертеңгі күн еліміздің
Батырлары боламыз.
(Бір топ бишілер: «ча-ча-ча»биімен ортаға шығады)
Ханша:Ой,қандай керемет балалар,қандай өнерлі балалар,қандай әдемі балалар.
Періште:Көрдің бе сүйікті ханша менің сізге жаңа ғана айтқаным шындыққа айналғандай.Мен сізге уәде беріп едім ғой,егер сіз тек әділдік пен адалдық жолында жүрсеңіз мен сіздің тілегіңіздің бәрін орындаймын деп.
Міне мен өз уәдемде тұрдым.

(Осы кезде Шайтан келеді)
Шайтан: О-О мен сендерді іздеп бар әлемді шарладым ғой. Неге маған айтпай кетіп қалдыңдар а? Неге айтшы Ханша, мен де сенің досың едім ғой.
Періште: Сен Ханшаны азғырма.Ол тек әділдік пен адалдықты сүйеді.Сенімен дос болғысы келмейді,сен тек жаманшылыққа бастайсың.
Шайтан: Иә,саған мен де Ханшаның досымын.
Өткенде өзеннен алтын балық ұстап алғанда Ханша оны аяп қайтадан өзенге жібере салғысы келді. Ал,мен болсам Ханшаны үгіттеп 3 тілегіңді орындат дедім.

1-ші тілегің «Мен әлемдегі ең әдемі ханша болсам»деп айт дедім.Ол тілегі орындалды.
2-тілегің «Мен әлемдегі ең бай Ханша болсам»деп айт дедім. Ол тілегі де орындалды.
3-ші тілекті айтқалы жатқанда сен келіп киліктің Періште білесің бе, есіңе түсті ме?
Періште:Иә, мен кешігіп қалдым.Әйтпесе 3 тілегін де әділдікпен адалдық тек ғана жақсылыққа арнатар едім.Тек соңғы тілекте ғана «Мен әлемдегі өте адал,мейрімді,өнерлі,білімпазбалалардың өмірін көріп өзім де солардан өнеге алғым келеді»деген тілек еді.Міне,сол тілек орындалып біз Ханша екеуміз «Балауса» балдырғандар еліне келіп тұрмыз.

Ханша: Сендерге не болған,қойыңдар енді.Маған сөз беретін түрлерің жоқ ғой.Маған Періштенің ақылы ұнады.Өйткені мен осы жасқа келгенше мынадай ғажайып елде болған емеспін.Сондықтан Шайтан сен бұл ғажайыпты бізбен бірге тамашала! Ойыңды сосын айтарсың.
Шайтан: Құп!Мәртебелі Ханшам Құзырыңа құлдық.
Жүргізуші: Бүгін бізде мереке,қуанышта балалар, хош келдіңдер,хош келдіңдер ата-ана,қонақтар!
Құрметті «Балауса» балабақшамыздың көркі де,сәні болған бүлдіршіндеріміз! Бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын! Болашақтарыңыз жарқын,аспандарың ашық,елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңдар демекпін.

Бүгінгі 1-маусым Балалар күніне арналған «Балалардың күлкісі-көркі, сәні әлемнің» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру үшінжәне мерекелік лебізін білдіру үшін сөзді балабақша меңгерушісі Ұ.Аширбекова мен балабақша ата-ана комитетінің төрайымы Ф.Дәрменоваға береміз.
Жүргізуші:Бүгінгі ертеңгілігімізге «Ертегі әлемінің қонақтары да келіпті,хош келдіңіздер!Төрден орын алыңыздар.Құрметті Ханша 
менімен бірге бүлдіршіндер өнерін жүргізуге басшылық жасауға қалайсыз? Келісесіз бе?
Ханша:Жарайды,келісемін мен де соны қалап тұр едім
Жүргізуші: Өте,тамаша келіңіз менің қасыма.Біздің балаларға қандай тартуыңыз бар .Мүмкін ән айтып не би билеп берерсіз.
Ханша:Әрине менде құр қол келген жоқпын.Періштем менің әуенімді қосшы.
(«Бала тілегі» әнін орындайды)
Жүргізуші: Өте тамаша ,рахмет өнеріңе.Кезекті біздің балаларға берейік.
Өнер десе өрілген
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырсақ
«Қара жорға» биімен
«Мектеп алды даярлық» тобы бишілер»қара жорға»биі.

Жүргізуші:
Айдында жүзген аққудай
Айжан қыздың биін-ай
әуеніне қол соғып,
биіне қол соғың-ай.
Зейнелбай Айжанның орындауында «Аққу» биі

Ханша: Келесі кезекте Жұмабек Бақытжамалдың орындауында «Айгөйлек»әні
Жүргізуші: «Орыс биімен» бишілер тобын шақырамыз
Ханша: «Достық» әнімен Бітімбай Қарақатты шақырамыз
Жүргізуші: Енді ортаға «Катюша» биімен бишілерді шақырамыз.
Ханша: Біздің елге қайтатын уақытымыз болды. Бізге рұқсат бересіңдер ме балалар? Менің достарым қайда?
(Періште мен Шайтан келеді)

Жүргізуші:жарайды, келіп бізбен бірге мерекені тойлағандарың үшін рахмет! Жолдарыңыз болсын!
Ханша: Сіздің балаларыңыздан көп өнеге алдық.Мен енді тек бойыма жақсы қасиеттерді жинауға уәде беремін,осындай ғажайып әлеммен таныстырған Періште досыма көп рахмет.
Періште:Достар хош болыңдар кездескенше күн арайлы болсын!
Шайтан: Мнеде енді жақсы дос болуға уәде етемін,кешіріңдер мені
(Қоштасып үшеуі шығып кетеді)
Жүргізуші:Қане балалар жақсы әнімізбен достарымызды шығарып салайық-«Әрқашан күн сөнбесін» әні
_____________________________________________________________________________
Балаларды қорғау күніне арналған 
«Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты БЖШО-ның балалар 
шығармашылығы ұжымының концерттік 
Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы 
ЗЕЙІН СИГНАЛЫ
1-жүргізуші:  Құрметті Ақтөбеліктер, қала қонақтары! Қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер! 1 маусым-Балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашан сыңғырлаған күлкі тілейміз тілейміз! Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының өнерлі балаларының мерекеге орай дайындаған «Балғын балалар-біздің болашағымыз» атты мерекелік концерттік бағдарламасына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:  Здравствуйте, дорогие друзья! Мы поздравляем вас с Международным Днем защиты детей. Впервые день защиты детей проведен в 1950 году в пятидесяти одной стране мира. В этот светлый и радостный день вам дарят свои песни и танцы обучающиеся Центра детского и юношеского творчества .
1-жүргізуші:
Ақтөбе қаласында дүбірлі той,
Балаларды қорғау күні, біліп қой.
Алақай-ау, алақай.
Той тойлайық балақай.
Қызарғанша алақан,
Қол соғайық, балақай!
2-жүргізуші: Кто смеется лучше всех?
Чей звенит повсюду смех?
Кто задорней всех на свете?
Ну конечно, это дети!
Детство – свой особый мир!
Дети – Бог в нем и кумир!
Там мечты прекрасней света,
Там печалей просто нету!
В этот день найдите средства
Защитить от горя детство,
И на много, много лет
Пусть сияет детства свет! В исполнении Даулета Нажмадинова примите песню «Мереке».
Мереке» әні
1-жүргізуші: «Сегодня все дети мира отмечают праздник день защиты детей. Так давайте совершим путешествие по городам Казахстана и увидим, как же они отмечают этот праздник. А быстрее всего мы попадем туда, если полетим на самом быстром виде транспорта.
1-жүргізуші: На чем? 
2-жүргізуші: На ракете.
2. «Ракета» ойыны
Айару: Біз бақытты баламыз,
Ақылдымыз, данамыз
Ертеңгі күн еліміздің
Батырлары боламыз.
Сахнада Талғат Юлдашбаев. Талғаттың орындауында «Бала махаббаты» әнін қабыл алыңыздар, қымбатты достар!
3. «Бала махаббаты» әні
2- жүргізуші: Первый день июня – это
Наступило снова лето.
Пусть от края и до края
Расцветет земля родная. На сцене детский образцовый хореографический коллектив «Айгөлек» Центра детского и юношеского творчества. Танец «Узбекский». Встречайте!
4. «Өзбек» биі
1-жүргізуші: Қымбатты балдырғандар, барлығыңызды көңілді ойын ойнауға шақырамыз. Ойын жылдамдыққа арналған. Сахна төріне ойын ойнауға құлшынып тұрған 10 бала шақырылады.
2-жүргізуші: Балалар, ойнымыздың аты «Батпақ» деп аталады. Ойынның шартымен таныстырайын. Екі топқа бөлініп тұрамыз. Мына алаңды батпақ басып жатыр деп есептейік. Сендер берілген жерге дейін баптақтан мына қағаздарды басып қана өте аласыздар. Түсінікті ме, балалар. Қағазды қолыңа аласың, аяғыңның астына қоясың. Солай берілген жерге дейін жетіп, қағаздарды қолыңа алып, жүгіріп келіп өз тобыңның келесі ойыншысына беруің керек. Ойын осылай жалғаса береді. Қай топ бірінші келсе, сол топ жеңіске жетеді. Ал, ойынды бастайық.
5. «Көрермендермен ойын
2-жүргізуші: Здравствуй, лето ! Здравствуй, лето!
Ярким солнцем все согрето!
На полянку поспешим,
В ярком танце закружим!
Дорогие зрители! Для вас танцует детский образцовый хореографический коллектив «Айгөлек» Танец «Хочу летать». Встречайте!
6. «Хочу летать» биі
1-жүргізуші: Қазақстан, сенсің менің сайран бағым
Кетпестей кіндігімнен байланғанмын
Табысың, тамашаң да толып жатыр,
Баяндап тауысайын қайдан бәрін. Али Тастанов, Жұлдыз Асқарбекқызы, Гаухар Орынбаеваның орындауында Сыдық Мұхамеджановтың «Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.
7. «Қазақстан» әні
2-жүргізуші:Дружба народов – не просто слова,
Дружба народов – на веки жива
Дружба народов – счастливые дети,
Дружба народов- я, ты, он, она!
На такой замечательный праздник специально приехал гость из Англии. «Клапа ю хэнд» так называется песня, которую подарит нам обучающийся вокального кружка Галивец Вадим. Встречайте!
8. «Клапа ю хэнд» әні
Шұғыла: Басты қоссақ бәріміз
Біздер елдің сәніміз
Шаттық, бақыт, қуаныш
Елімізге сыйлаймыз.
Бүгінгі мерекеге арнап Орталықтың домбыра студиясының оқушысы Динара Утеева Қазанғаптың «Балбырауын» күйін тарту етеді, қабыл алыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет