«балғын балалар – біздің болашағымыз»



бет1/5
Дата11.08.2022
өлшемі23,95 Kb.
#148032
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1 маусым балалар күні мерекесі
төж №5, №185 қаулы (1), Адам үшін ең жақсы комплимент, 24

«БАЛҒЫН БАЛАЛАР – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ»


Кейіпкерлер:
2-жүргізуші
Тәттібек:
Стефанни:
Сайқымазақ:
Маша:
Аю:
Сырлы Қалам:


1-Жүргізуші: 
Құрметті қонақтар, ата-аналар, қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер!

  1. маусым 1950 жылдан бастап, Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді.

1-маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Біздің Қазақстан Республикасында балалар құқығы заңмен бекітілген. Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.
Баршамызды бала тілімен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата-ананың арманы мен тілегін
Бала емес пе?, бал бұлақтан жалғайтын –дей келе «Балғын балалар –біздің болашағымыз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.


2-Жүргізуші: 
Қайырлы күн қымбатты достар! Ия, бүгін балалық шақтың ең тамаша мейрамы. Бүгін жадыраған жаздың ең алғашқы ғажайып қақпасы ашылар керемет шақ.
«Балдаурен» кемесімен саяхатқа шығайық,
Таңғажайып әлемнің қызығына қанайық
Кіршіксіз таза, аппақ мөлдір дәуренге
Әсем әнмен әсем бимен барайық!
Ендеше «Балдаурен» кемесімен саяхатқа аттанайық!

Ортаға балабақшамызды әншісі ---------- «Мен елімнің гүлімін» әнімен шақырымыз! Қабыл алыңыздар!


Ән: «Мен елімнің гүлімін»




1-Жүргізуші:
Тамаша! Қандай көңілді ән десеңші! Сәбидің көкейінде бәрін білсем деген сұрақ әсте таусылған ба?!
Ғажайып шақ өмірдің бал даурені
Естен кетпес осы кездің ән дәурені
Ертегілер еліндей таңғажайып,
Жоғалмасын балалықтың сән дәурені.
Мінекей достар,әсем әннің әуенімен «Балдаурен» кемесімен «Ақ тілектер» аралынада келіп жеттік. «Ақ тілектер» аралы шын жүректен ақтарылар тілектер мекені.


Тақпақтар:
Көк жиектен күлімдеп,
Маусымның таңы атты
Тұра қойшы күнім – деп,
Анаң сені оятты –
Даналардың тілегі,
Балалардың тілегі.
Ауырмасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.

Бейбітшілік әніміз,
Өнерліміз бәріміз.
Қазақстан даласында,
Жарасады сәніміз.
Балабақша аясында,
Жадырайды жанымыз.

Бізбен бірге бар әлем,
Қуанады балаша.
Қуанышқа бөленген,
Өмір қандай тамаша.

Гүлмен келсін келер күн,
Бала - бағы бар елдің.
Балалардың күлкісі,
Көркі, сәні әлемнің.
Басты қоссақ бәріміз,
Біздер елдің сәніміз.
Шаттық, бақыт, қуаныш,
Елімізге сыйлаймыз.

Біз бақытты баламыз,
Ақылдымыз данамыз.
Ертеңгі күн еліміздің,
Батырлары боламыз.

Біз тілейміз бар бөбекке,


Бақытты өмір сүргенін.
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын күлгенін.


2-Жүргізуші:
Балалардың ақ тілектерін тыңдадық олай болса келесі таңғажайып аралға аттанайық!
Келесі аялдамамыз «Достық» аялдамасына жеткенше ән айтып барайық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет