1. Мемлекет ұғымы, оның белгілері, түрлері, құрылымы және теориялық негіздері



бет8/10
Дата04.01.2022
өлшемі57,42 Kb.
#109290
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
токшаринова курсовой




2.3. Федерациялардың құрылысы

Федеративтік мемлекетте билік біртұтас мемлекетті құрайтын орталық үкімет пен аймақ басшыларының арасында бөлінеді. Мұнда жекелеген аумақтар конституция мен заңдарда бекітілген ережелерге сай айтарлықтай кең өкілеттіліктерді иеленеді. Осы орайда, федерацияда іс жүзінде екі заң шығару, сот, саяси, кейде кедендік жүйе қатар әрекет етеді. Жекелеген аймақтар (Ресейдегі республикалар, Германиядағы жерлер және т.б.) өз конституцияларын қабылдап, өз азаматтықтарын енгізе алады. Біртұтас мемлекетте, өзіміз білетіндей, суверениеттілікке тек орталық билік иелік етеді. Ал федерацияда біртұтас мемлекетке қарағанда суверенитет орталық және жергілікті органдар арасында бөлініске түседі. Аймақтар, өз кезегінде, суверенитеттілік пен дербес мемлекеттің бірқатар белгілері ие болады.

Федерациялардың конституциялық құрылысы билік өкілеттіліктерінің бөлінісін талап етеді: олардың бір бөлігі орталықтың құзыретінде қалады, келесі бір бөлігі аймақтарға беріледі, ал тағы бір бөлігін олар бірлесіп жүргізеді.

Мәселен, Канада парламентінің ел конституциясына енгізетін өзгерістері провинциялардың парламенттерімен мақұлдануы тиіс. Осы ретте, елдің жекелеген бөліктері біртұтас мемлекет құрамынан дербес шыға алмайды. Әрине, тарихта федерациялардың тарап кетуінің бірнеше мысалдары бар екенін де айта кету-керек. Мәселен, 1965 жылы Малайзия федеративті мемлекеті құрамынан жеке штат — Сингапур бөлініп шықты. Бұл шешімді ел үкіметі қолдады, өйткені Сингапурде саны көп қытай қауымының малайлар еліндегі орны мен рөлі күн санап үстем бола бастаған еді.



Конфедерация ортақ саяси, әскери немесе басқа да мақсаттарға қол жеткізу үшін құрылған бірнеше мемлекеттердің уақытша одағы болып табылады. Осындай одақ құрамына енетін мемлекеттер ұлттық басқару органдарын өз қолында ұстап қалады. Жалпы басшылықты конфедерацияның әрбір бөлігінің ішкі саясатына тікелей ықпал ете алмайтын бірлескен құрылымдар іске асырады. Мұндай одақтарда біртұтас экономикалық, қаржы, салық жүйелері құрылмайды. Конфедерацияның бірлескен органдарының басты міндеті — басқару емес, керісінше одақтағы мемлекеттердің қызметтерін үйлестіру. Әдетте, конфедерациялар уақыттың белгілі бір тарихи кезеңінде өмір сүреді және ол аяқталғаннан кейін федерацияларға айналады. Бүған бастапқыда конфедерация ретінде қүрылған Швейцария, Германия мен АҚІП елдерінің тарихи жолдары мысал бола алады. Кейбір жағдайларда одақтас мемлекеттер жеке бөліктерге ыдырап кетеді. Мәселен, 1982-1989 жылдары аралығында Сенегал мен Гамбия одағы болып табылған Сенегімбия бірнеше жыл өмір сүрді. Сондықтан, конфедерацияны өтпелі ныбан деп санауға болады, оның үстіне мұндай одақтар тым сирек пайда болады.

Федеративтік құрылыстың ерекшеліктері. Әлемде федеративтік негізде құрылған мемлекеттер аз емес. Олардың қатарында Ресей, Германия, АҚШ, Үндістан, Нигерия, Канада, Бразилия, Швейцария, Австрия, Бельгия, Мексика, Австралия және тағы басқа да мемлекеттерді айта кетуге болады. Олардың ішінде кейбіреулері ұлттық белгілері бойынша құрылған, яғни оларды жеке аумақтар ретінде бөлуде этникалық фактор басшылыққа алынған. Бұған мысал ретінде Ресей мен Бельгияны айтуға болады. Үндістан да көпұлтты мемлекет болғанымен, оның федеративтік құрылысы елдің этникалық құрамымен байланысты емес. Әрине, Үндістан үкіметі әртүрлі тілдерде сөйлейтін этникалық топтардың барлығы біртұтас үнді ұлтын құрайтындығы туралы идеяны ресми басшылыққа алатынын айта кету керек.

Басқа федерацияларда жекелеген провинциялардың құрылуы тарихи және аумақтық себептерден туындады. Германия, АҚШ, Швейцария, Австрия, Бразилия осындай негізде қалыптасты. Жалпы, аталған фактор мемлекеттің өміршеңдігіне едәуір ықпал ете алады.

Федерализм қағидаты бойынша құрылған, алайда этникалық ерекшеліктерді ескермейтін мемлекет айтарлықтай күрделі мәселелермен ұшырасуы мүмкін. Мәселен, демократияның дамуы және халықтардың сана-сезімдерінің өсуі КСРО, Чехословакия және Югославия тәрізді мемлекеттердің ыдырып кетуіне алып келді. Аталған федерациялар құрамындағы республикалардың өз егемендігін талап етуі және орталық биліктің көптүрлі мүдделерді еңсеруге қабілетсіздігі сол мемлекеттердің ыдырау себебіне айналды.

КСРО ұзақ жылдар бойы қуатты және ықпалы күшті держава болғанымен, бұл мемлекеттің айбынын тоталитарлық режим мен әскери күш біріктіріп келді. Кеңестер Одағында нысаны тұрғысынан біртұтас, алайда қарама-қайшылықты сипаттағы мемлекеттік құрылыс қалыптасты. Бұл мемлекетте одақтас республикалар, автономиялық республикалар, автономиялық облыстар мен автономиялық округтер, сонымен қатар әдеттегі облыстар мен аймақтар қатар өмір сүрді. Мәселен, одақтас және автономиялық республикалар мәртебесінде.гі айырмашылықтарды түсіндіру қиын болды… Осыған қарамастан бұл мемлекеттегі билік жүйесі қатаң орталықтандырылған сипатқа ие болды. Елдегі барлық маңызды шешімдер орталықпен қабылданатын. Дегенмен, уақыт өте келе басшылық жасаудың тоталитарлық әдістерінен бас тартудың және қоғам өмірінің демократиялануының тереңдеуі нәтижесінде нысаны тұрғысынан федеративтік, ал мәні тұрғысынан біртұтас кеңестік мемлекеттің өмір сүре алмайтындығы белгілі болды.

КСРО-ның ыдырауымен Ресей белгілі бір түрде федерализмнің кеңестік қағидатының мұрагері болып қалды. Сондықтан, Ресей басшылығының алдынан жекелеген республикалардың егемендігі мен мемлекеттің ортақ мүдделерін үйлестіру мәселесі үнемі өзекті мәселе ретінде қалып отыр.

Орталық билік өткен ғасырдың 90 жылдарының басында автономиялармен келісімшарттар бекіту жолымен бүл мәселенің өткірлігін күн тәртібінен алып тастауға қол жеткізгенімен, бұл мәселе әлі күнге дейін түпкілікті түрде шешімін таба алмай отыр. Бұған осы елде әлсін-әлсін туындап отыратын және қарулы қақтығыстарға дейін ұласатын оқиғалар дәлел бола алады (Шешенстан, Дағыстан т.б.) Осы қайшылықтарды әскери жолмен шешуге талпыну 90 жылдардың ішінде Шешен Республикасында ашық соғысқа ұласқаны мәлім және ол қазіргі күнге дейін шиеленісті жағдайда қалып отыр. Ресей Федерациясында мемлекеттің бұдан кейінгі дамуы туралы пікірталастар жиі туындап отырады. Осы жерде әртүрлі саяси күштер тарапынан айтылатын екі негізгі ұстанымда бөліп көрсетуге болады. Азаматтардың бір бөлігі ұлттық-мемлекеттік құрылысты әкімшілік-мемлекеттік құрылысқа айналдыруды қолдайды, және бұл жағдайда барлық автономиялық республикалар облыстардың (губерниялардың) мәртебесімен теңдей мәртебені иеленеді. Керісінше, азаматтардың екінші бір бөлігі елді «республикаландыруды», яғни барлық облыстарды республикаларға айналдыру қажет деп есептейді.

Мәселен, 2000 жылдары Ресейде бірқатар аймақтар ірілендірілді. Осының нәтижесінде Коми-Пермь, Таймыр, Эвенкі, Коряк, Бурят Усть-Орда және Бурят Агин автономиялық округтері ел картасынан жойылып, олардың барлығын көрші аймақтарға қосып жіберді.

Аумақтық қағидат бойынша құрылған федерация құрылымы анағүрлым берік болады. Мұндай мемлекеттердің жекелеген бөліктері бір-бірімен арасында айтарлықтай қайшылықтар болмайды, олар тіл, мәдениет, салт-дәстүрлердің ортақтығымен біріккен.

Бірқатар зерттеушілер қазіргі күндегі федерацияларды симметриялық және асимметриялық деп бөліп қарастырады. Симметриялық құрылыста федерацияның барлық субъектілері бірдей көлемдегі құқықтарды иеленсе, асимметриялық құрылыста әр аймақтар әртүрлі көлемдегі құзыретті иеленеді. Бұл жағдайда федерация бөліктерінің әртүрлі мәртебелерін заңнамалар немесе дәстүрлер дәйектейді. Мәселен, Ресейде Татарстан Республикасы Рязань облысымен салыстырғанда айтарлықтай үлкен өкілеттіліктерді иеленеді, және бұл осы республиканың конституциясында және орталықпен бекітілген келісімшартта көрініс тапқан. Керісінше, симметриялық федерация орталықтың мықты басымдығына сүйенеді. Осы ретте, симметриялық федерацияның дәстүрлі мысалына Германияны жатқызуға болады. Неміс жерлері (федерация субъектілері) өз құзыреттеріне жататын салалар бойынша бірдей (унификацияланған) заңнамалар қабылдайды. Бұл Германияда федерация құрылымдары берік орын алғанын және қоғамда келісімнің бар екеніне дәлел бола алады. Аталған құрылым жерлердің саяси дербестігін төмендетуге алып келеді, және бір мезгілде аймақтардың орталық саясатына ұжымдық ықпал етуін күшейтеді.

Федеративтік құрылыстың пайда болуы тарихпен байланыста көрініс табады. Мәселен, өткен ғасырға дейін немістер шекаралармен және кедендермен бөлінген ондаған князьдықтар мен корольдіктерде өмір сүріп келді. Мәдени, өндірістік-шаруашылық және байланыстардың дамуы, өз кезегінде, біртүтас мемлекетті құруды талап етті. Ең бастысы, ел тұрғындарының ұлттық бірлік сезімі мықты болатын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет