1. Мемлекет ұғымы, оның белгілері, түрлері, құрылымы және теориялық негіздері



бет6/10
Дата04.01.2022
өлшемі57,42 Kb.
#109290
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
токшаринова курсовой




Федерацияның негізгі белгілері:

  1. Мемлекет  территориясында ұлттық немесе территориялық автономияның болуы;

  2. мемлекеттегі саяси билік және басқа да өкімет органдары екі деңгейде қалыптасады;

  3. мемлекеттің конституциясы  екі деңгейлі болады.

Мысалы, Ресей , Қытай, Үндістан  және т.б. Ресейде жиырмаға жуық республика бар:Татарстан , Башқұртстан , Дағыстан , Солтүстік Осетия, Тува тағы сол сияқтылар. Саяси билік екі деңгейлі, яғни жалпы мемлекеттік президент, парламент  және әрбір республиканың өз алдына президенттері мен парламенттері бар. Конституциясы  екі жүйелі: бүкілресейлік және әрбір республиканың өз конституциясы бар.

Федерация тек ғана ұлттық ерекшеліктер негізінде қалыптаспайды. Дүние жүзіндегі федарацияның көп бөлігі жер арқылы орныққан. Мысалы, АҚШ, ГФР, Аустрия және т.б. АҚШ-да штаттар, Германияда «жерлер». Ал федерациялық құрылым негізі — ұлт немесе жер аймағы ғана емес; федерацияның негізгі белгісі – егемендік дәрежесі. Егер автономияның, федерация субъектісінің белгілі мөлшерде егемендігі болмаса, онда мемлекттің федерация аталуы да жалған болып шығады.


Федеративті мемлекет - заңдық тұрғыда белгілі дәрежеде саяси дербестігі бар жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған күрделі одақтық мемлекет.
Ұлттық-тілдік фактордың рөліне қарай федеративті мемлекет құрылымын былай анықтау қалыптасқан:

-территориялық негізде құрылған федеративті мемлекет: АҚШ, Австралия, Австрия , ГФР, Аргенина.

-ұлттық негізде құрылған федеративті мемлекет:Үндістан , Бельгия , Нигерия, Пәкістан );

-аралас ұлттық-территориялық негізде құрылған федеративті мемлекет:Ресей, Канада, Швейцария.

Федеративті мемлекетке тән, барлық федеративті мемлекеттер негізделген бес бастапқы принциптер:

1) федералды заңның жоғарылығы;

2) мемлекеттік құрылым негіздерінің бірыңғайлығы;

3) федерация аумағында адамдардың, тауар айналымының еркін қозғалысы;

4) федерация субъектісінің біржақты өз бетінше мәртебесін ауыстыруға тыйым салу;

5) мемлекеттік аумақтық тұтастыққа зиян тигізетін федерация субъектісінің бөлінуіне жол бермеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет