1. Мемлекеттік инновация саясаты» ұғымының мҽнін ашу «Инновациялық іс-ҽрекет» деген не? «Инновациялық білім» ұғымы дегеніміз не ?



бет1/2
Дата03.11.2023
өлшемі21,33 Kb.
#189186
  1   2
Байланысты:
Документ Microsoft Word
1505456063266

Тапсырма 1
1.Мемлекеттік инновация саясаты» ұғымының мҽнін ашу
2. «Инновациялық іс-ҽрекет» деген не?
3. «Инновациялық білім» ұғымы дегеніміз не ?
1) Мемлекеттiк инновациялық саясат - әлеуметтiк-экономикалық саясаттың инновациялық қызметтi дамыту мен ынталандыруға бағытталған құрамдас бөлiгi. Инновациялық қызмет - нәтижелерi экономикалық өсу мен бәсекелестiк қабiлеттiлiгi үшiн пайдаланылатын, өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдердi, технологиялар мен өнiм түрлерiн енгiзуге бағытталған қызмет.
2) Инновациялық қызмет– жаңаға идеяларды түрлендіруге байланысты қызмет түрі немесе нарыққа енгізілген жетілдірілген өнім; практикалық қызметте пайдаланылған жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс; әлеуметтік қызметтерге жаңа тәсіл. Жиынтығында инновацияға әкелетін ғылыми-техникалық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық іс-шаралар кешенін болжайды.
3) Педагогикалық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі керек: Алынып отырған технология сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы. Тиімділігі, жүйелілігі және басқа жақтары.
Тапсырма 2
ҚР Білім беру жүйесіндегі инновациялар атаңыз
Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, нақтыланған мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі, жаңа нәтижені қамтамасыз ететін жаңа теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы. Білім беру жүйесінің негізгі міндеті – белгілі бір көлемдегі білім берумен шектелмей, алынған білімді адам өз қажетіне, өмірдің нақты жағдайларында қолдана біліп, қоғамға пайдасын келтіру.
Білім – әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы ғана емес, бүкіл болашаққа апаратын даңғыл жол. Осы даңғылды жасайтын да, бағыттайтын да мектеп және оның ұстаздар ұжымы.
Алдымен «технология» ұғымына тоқталайық. Бұл жерде ол «инновациялық педагогикалық технология» мәніне ие болып тұр. Оның мағынасын түсінуіміз үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымына көз жүгірткеніміз жөн. Ол «техника» сөзінен шыққан, оның екі мағынасы бар.

  1. Өндірістік құралдарының жиынтығы

  2. Бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы.

Технология — грек сөзі, түсіндірмелі сөздікте бұл – қандай да болсын жаңа істегі шеберлік, өнерпаздық, іскерлік деген ұғымды білдіреді.
Инновациялық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі керек:
— алынып отырған технология оқытудың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы;
-тиімділігі, жүйелілігі және басқа жақтары.
Инновациялық технологияны пайдалану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асырылады.
1-кезең – оқып үйрену
2-кезең – меңгеру
3-кезең – өмірге енгізу, тәжірибеде қолдану
4-кезең – дамыту, нәтижесін тексеру
Баланы қызықтыра тәрбиелеп басқару, оқушының білімге ғылымға деген құлшынысын күшейтеді, өркендеуіне өте қажет шығармашыл қасиеттерін ашады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты.
Жаңа технологияны енгізу барысында оқытушылардың зияткерлігі мен парасаттылығы, белсенділігі, шығармашылық ізденісі, шәкірттерінің білімін бағалауы шешуші роль атқарады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады.
Қазіргі таңда білім беру үдерісінде кеңінен қолданылып жүрген бірнеше инновациялық технологияларды атап көрсетуге болады:
-дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л. Занков);
-оза отырып оқыту (С.Лысенкова);
-іс-әрекетті бағалау (Ш. Амонашвили);
-тірек — схема және тірек конспектілері арқылы оқыту (В. Шаталов);
-саралап оқыту;
-деңгейлік оқыту (Ж.А. Қараев);
-модульдік оқыту (М. Жанпейісованың);
-Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
-балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
-оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
-баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
-баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
-баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;
-әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;
-оқу үрдісін оқушының сезінуі.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасы қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір- түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның негізі Ж. Пиаже Л.С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың:
Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу.
Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.
Проблеманы шеше білу.
Пікір таласты жүргізе білуге қабілеті қалыптасады.
Жалпы «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының» 90 түрлі стратегиясы бар, солардың ішіндегі- Даралық пен ұқсастық, Венн диаграммасы, INSERT кестесі, ББҮ стратегияларын сабақтарымда қолданамын.
Бұл оқыту ойындары арқылы оқушылардың білімге, үйренуге деген құштарлықтары оянып, оқу қызметінен жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады.
Мәселен, «Даралық пен ұқсастық» үйрету ойынында оқушылар тақырыпты өздері оқып талдайды, теориялық білімдерін бекітіп, жинақтайды, топпен жұмыс істеуге дағдыланады. Өзара сыйластыққа, бір-бірін тыңдай білуге үйренеді.
Инсерт (түртіп алу) жүйесі. Бұл тәсіл бойынша оқу материалы дайын күйінде беріледі, мәтінді оқып отырып оның бір жақ шетіне немесе кесте түрінде жазылады: «V» — білемін «+» мен үшін жаңа «-» басқаша ойлаймын «?» — түсінбедім, тереңірек білгім келеді., Венн диаграммасы – екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру. «Синквейн» тәсілі. Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады.
Деңгейлеп оқыту
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтың деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты – жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Жетістіктерге жету үшін ең алдымен оқушылардың білім дәрежесін, ынтасын, ақыл-ой, еңбек дағдысын, өз жұмысына деген жауапкершілігін ескеру қажет. Деңгейлік тапсырмаларды қандай дәрежеде орындай алса баға біліміне қарай қойылады.
Сабақ барысында топтағы барлық оқушылардың білім деңгейі анықталады. Бұл әдістің тағы бір тиімді жағы–оқушы өзінің білім деңгейін, нені оқу керектігін анықтап, өзінің ізденуіне болады. Өйткені ол білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Білім сапасы білім, біліктілік, дағды және тұлғаның қасиеттері мен қабілеттерімен бағаланады.
«Деңгейлеп оқыту технологиясының» бірнеше стратегиясы бар, солардың ішінде:
“ Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық. “Автор орындығы” оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады. Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді. «Он сұрақ!» әдісі. Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі. «Деңгейлеп оқыту технологиясының» ең тиімді әдістерінің бірі «Кері байланыс» стратегиясы. Кері байланыс мұғалім оқушының сабақта алған білімін және оны орындалуын тексеру арқылы, оқушылардың деңгейін анықтайды және сол оқушылармен жұмыс істейді. Бұл оқыту тәсілі арқылы оқушылардың білімге, үйренуге деген құштарлықтары оянып, оқу қызметінен жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады.
Мәселен,«Алма ағашы» әдісі. Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. «Бір сөзбен» әдісі — Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады. • Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану. «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының 1 — баспалдағы Мен………….. БІЛЕМІН 2 — баспалдағы Мен……………… ТҮСІНЕМІН, 3 — баспалдағы Мен…………. ЖАСАЙ АЛАМЫН
Оқушыларым қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық, нақты және сыни тұрғыдан ойлай біледі. Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілді. Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын. Баяндамамды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет