1. Мәтін идеясы неде?



бет2/2
Дата10.12.2021
өлшемі18,84 Kb.
#78737
1   2
Байланысты:
ZB7EjlX9VDYhomOxKE7v4dekXt6wDWPUfWSwksXK


Айнабұлақ! Мыңбұлақ! Өмірге тұңғыш келгенімде дүниеде теңдесі жоқ нәрлі суымен мені шомылдырған, мені жуындарған бұлақ.Мен алғаш суын ішкен, мені әлдилеп сүйген, туған жерім Мыңбұлақ... Біз де сүйек, еттен жаралған жанбыз. Біздің жанымызды тебіренте соққан жүрек болаттан құралған емес, бірақ біздің жүрек-отты жүрек. Оның оты болатты ерітіп, жаңқадай жандыратын от. Біздің жүрегімізде қауіп-қатерді көтеріп, өлімді жеңетін бір жарық,-ана сүтін ақтап, туған елді, Отанымызды сүю сезімі. Бізде ер атасы- махаббат, өмір тасы – халық, ел намысы-ер қолында. Біз намысты елдің ұлымыз. Жеңілмес күшіміз сонда.
Бауыржан Момышұлы
5.Мәтінде «жаңқадай жандыратын от» дегені не?
А)Намыс
В)Жүрек
С)Айнабұлақ
Д)Махаббат
Е)Мыңбұлақ
6.Берілген мақалдардың қайсысы мәтіннің түйінін ашып тұр?
А)Талапты ерге нұр жауар
В)Ерлік тәрбиеден туады
С)Ерлік пен еңбек – егіз
Д)Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі
Е)Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас
Түһ, түн неткен қараңғы еді! Жұлдыздар да шілде ортасындағыдайшүпірлей қапты. Анау – темірқазық, анау – жетіқарақшы. Анау – ақбоз, көкбоз... Анау... Апырау, ат құлағының арасынан қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр үркер ғой! Жарықтық, бұдансолғын жұлдыз жоқ шығар. Бірақ, соған қарамастан, қаншама самала шырақтар самғаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр-ау! Оның сиқыры неден екен? Әлде жұп ажыратпай бірге туып, бірге бататынынан ба? Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз, неғұрлым жарығы солғын болған сайын жиі тұмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайтөк еді! Жаздың жаңбырлы, құрғақ, қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды. Бәрін алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындар. Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар! Бәлкім, олар мынау ұйтқымасы көп аласапыран дүниеде тек Үркердей тығыз тұрып, дауыл мен боранды Үркердей алдын ала біліп алдын ала ыңғайға аунап отыра алса ғана, аман қала алатын шығар...
Жолға шыққанда Үркердің маңдайынан туғанын жақсылыққа жорымаушы ма еді! «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деуші еді гой.Желтоқсанда да Үркердің ат құлағынан асып көтерілмегені алдағы қыстың жайлылығы шығар.Алдыңда жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе!
Үркердің қарсы алдыңнан туған маңдайынан ашылайын дегені ме екен?!
Не де болса үміт бар ғой.Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой. Бұрын қайда аттап басса да, үрей анталап тұмаушы ма еді.Жоңғар қайтер екен, қалмақ қайтер екен, башқұрт қайтер екен деп қаралай қылпылдап бітуші ек ғой. Енді, не де болса, бір үміт бар емес пе.
Ендеше, мынау Үркер де жақсылығымен туған шығар. Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!(285 сөз)
Ә.Кекілбайұлы «Үркер», «Жазушы» баспасы.

7.Мәтіннің бірінші азатжолы қандай үлгіде жазылған?


А)Баяндау
В)Пайымдау
С)Әңгімелеу
Д)Сипаттау
Е)Суреттеу
8. «Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой» деп кейіпкердің қандай қасиетін көрсетіп тұр?
А)Мақсатшылдығын
В)Тәуекелшілдігін
С)Жігерлілігін
Д)Сабырлылығын
Е)Ұстамдылығын
9. «Халық не себептен «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деген?
А)Түн жарық болатындықтан
В)Түн жылы болатындықтан
С)Жақсылыққа жорығандықтан
Д)Дәстүрді құрметтеген
Е)Бағыт сілтеуші болғандықтан
10. Автордың «...Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!» деп аяқтауының мақсаты қандай?
А)Халқына жанашыр болу
В)Халқының жолын ашу
С)Халқына қамқор болу
Д)Халқына сенім арту
Е)Халқының қамын ойлау
11. Мәтін мазмұнына сәйкес «Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар!» деу арқылы автор қандай нәрсеге назар аудартады?
А)Сенімділік
В)Болжампаз
С)Сабырлылық
Д)Турашылдық
Е)Шынайылық
12.Мәтіннің тақырыбы қандай?
А)Дала аспаны
В)Жұлдыз сыры
С)Жақсылық нышаны
Д)Ырымшыл халық
Е)Үміт шырағы

1.Мидия, Лидия, Вавилония және Египетті басып алған парсы патшасы Кир ендігі кезекте өзіне көмектескен сақ жерінекөзін алартады. Кең далада емін-еркін жүріп өскен сақтардың күш-қуатын білетін Кир массагеттер жерін айламен өз қарамағына өткізуді қарастырады.


2.Бұл кезде сақ патшасы қайтыс болып, елді оның жесірі Томирис басқарып тұрған еді. Осы сәтті жақсы пайдаланғысы келген Кир елшісі арқылы Томириске құда түсіп, әйел қылып алғысы келетінін білдіреді. Бірақ Томирис Кир өзіне емес, массагеттер патшалығына құда түсіп отырғанын түсініп, оның ұсынысынан бас тартады.
3.Тарихи аңыздарға қарағанда, Кир Томиристің жауабына қанағаттанбай, әскерлеріне жарлық беріп, соғысқа дайындала бастайды. Жауынгерлеріне қажетті азық-түлік, қару-жарақ өткізу үшін Аракс (қазіргі Арыс немесеСыр өзені болуы мүмкін. - А.Ә.) өзеніне көпір салуға құрылысшыларына әмір береді. Өзенге көпір салынып, жеріне қауіп төнгенін сезген сақ патшасы:
- Мидия патшасы! Сен өз патшалығыңды билеп алсаң да жетеді. Біздің жерге көзіңді тікпе. Соғыспай-ақ қояйық. Ал бұл айтқанға көнбесең, көпір салып әуре болмай-ақ қой. Егер сақ жерінде соғысқың келсе, біз үш күндік жерге шегінейік. Сендер еш алаңсыз өзеннен өтіп алыңдар. Оған да көнгің келмесе, онда сендер үш күндік жерге шегініңдер, біз сендердің жерлеріңе өтіп, сонда соғысайық, - деп елші арқылы сәлем айтады.
4.Уәзірлерімен ақылдаса келе Кир сақ жерінде соғысуды қалайды.Томирис айтқан уәдесі бойынша үш күндік жерге шегініп, парсы әскерлеріне Аракс өзенінен өтуге мүмкіндік береді Бірнеше күндерден кейін парсылар мен сақтардың барлаушы топтары кездесіп, қиян-кескі арпалыс басталады. Қайшыласқан айқаста Томиристің ұлы Спаргапис бастаған сақ жауынгерлері жеңіске жетеді. Бірақ бұл уақытша жеңіс еді. Спаргапистің ержүрек сарбаздары парсы әскерлерінің аз ғана тобымен қақтығысқан болатын.
5.Алғашқы жеңісті тойлап отырған Спаргапис әскерінің үстіне Кирдың негізгі қолы келіп, көбін қырып жіберіп, біразын тұтқынға алады. Тұтқындардың арасында Спаргапис те бар еді.Мұны естіген Томирис шұғыл түрде Кирга елші жіберіп:
- Мидия патшасы! Сен мына болмашы жеңісіңе мақтанба!Сендер ашық айқастан қашқақтап, менің ұлымды айламен алдыңдар. Кир, енді сен менің ақылымды тыңда.Тұтқынға түскен ұлымды кайтар да, аман-есеніңде еліңе қайт.Бұған құлақ аспасаң, Тәңірімнің атынан ант етемін, қанша қомағай болсаң да мен сені қанға тұншықтырамын, -деп өз сәлемін жеткізеді.Кир Томиристің сөзіне мән бермейді. Парсы патшасының жарлығымен алдына алып келінген сақ ханзадасы қынабындағы қанжарын өзінің жүрегіне қадайды.Парсылардың мазағына тапталғысы келмеген Спаргапис ажалдан намысты жоғары қояды.
6.Баласының мерт болғанын естіген Томирис парсыларға қарсы жорығын бастайды.Екі жақтың да жауынгерлері шегінбестен ұзақ уақыт соғысады. Ақырында сақтар жеңіп, парсы әскерінің тас-талқанын шығарады.Жан алып, жан беріскен осы қақтығыста Кир патшаның өзі де бақилық болады.Парсы патшасының мәйітін тапқызып, басын алдырған Томирис: "Сен менің ұлымды зұлымдықпен мерт етіп, мені тірідей өлтірдің.Сондықтан да сені қанға тұншықтыруға ант берген едім Енді сол қанды тойғаныңша іш", - деп, кесілген басты қанға толы торсыққа салуды әмір етеді. Сақтардың әйел патшасы өз антын еш бұзбастан орындаған екен.
13.Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай?
А)Кирдің жеңісін мақтан ету
В)Мидия патшасының ақылдылығын дәріптеу
С)Сақ патшасының ержүректілігін өнеге тұту
Д)Спаргапистің соғыстағы жеңісін үлгі тұту
Е)Парсы патшасының батылдығын насихаттау

14.Спаргапистің жеңісі неліктен уақытша жеңіс саналады?


А)Соғыс күші жетіспегендіктен
В)Қиян-кескі ұрыс болғандықтан
С)Соғысқа азғана әскерін қатыстырғандықтан
Д)Батырлар жеңісін тойлағандықтан
Е)Жаудың шағын тобымен соғысқандықтан
15.Кир қандай патша?
А)Ақымақ
В)Ақылды
С)Батыл
Д)Ашкөз
Е)Ержүрек
16.Спаргапистің намысшылдығы қай азатжолдан көрінеді?
А)Үшінші
В)Екінші
С)Бесінші
Д)Төртінші
Е)Бірінші
17.Екінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай?
А)ойды салыстырады
В)Ойды дамытады
С)Ойды қорытындылайды
Д)Ойды пайымдайды
Е)Ойды тұжырымдайды
18.Кир неліктен Томириске құда түсті?
А)Сұлулығына көзі түсті
В)Сақ елін иеленгісі келді
С)Қамқор болғысы келді
Д)Әйелдікке алғысы келді
Е)Байлығына қызықты
19.Неліктен Томирис Кирдің ұсынысынан бас тартты?
А)Елінің тәуелсіздіген ойлағандықтан
В)Парсы жерінде тұрғысы келмегендіктен
С)Соғысқа дайын болғандықтан
Д)Өзі ешкімге тәуелді болғысы келмегендіктен
Е)Кирді ұнатпағандықтан
20. Томирис неліктен парсы патшасының мәйітін іздетті?
1.Патшаның өлгеніне көз жеткізу үшін
2.Сертін орындау үшін
3.Ұлының кегін алу үшін
А)Біріншісі дұрыс
В)Барлығы дұрыс
С) Барлығы дұрыс
Д)Екіншісі дұрыс
Е)Үшіншісі дұрыс

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет