1 Модуль. Жалпы қаржы теориясына кіріспе тақырып қаржының негіздері негізгі ұғымдар



бет8/9
Дата02.10.2023
өлшемі50,71 Kb.
#183369
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1. ҚАРЖЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
зан, БӨЖ тест кдн, обөж педиатрия
Басқарудың қаржы аппараты – қаржыны басқарудың мемлекеттік және қоғамдық аппараттарының жүйесі – басқарушы субъект болып келеді, ал қаржылық қатынастардың нысандары мен ақшалай қорлары басқарылатын материалдық объектісін құрайды. Қаржылық қызметті ұйымдастыру мен жоспарлау үдерісіндегі экономикалық және бақылау жұмысымен, қаржылық қатынастар буындарының байланысын жетілдірумен айналысатын қаржылық аппарат қаржы жүйесінің басқа бөліктерімен тығыз ұштасып жатады.
1.2-кесте. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесі



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ

ЖАЛПЫ МЕМЕЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ

ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ (ШЖС)

ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАРЖЫСЫ



Мемлекеттік бюджет

Мемлекеттік кредит

Бюджеттен тыс қорлар

Материалдық өндіріс сферасының қаржысы

Қызмет көрсету сферасының қаржысы

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджеттер: облыстардың бюджеттері, қалалық, аудандық бюджеттер

Мемлекеттік борыш (ішкі, сыртқы)

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры, Ұлттық әл-ауқат қоры, Ұлттық инновациялық қор, ҚР Ұлттық қоры




Тұрғын үй-комуналдық шаруашылықтың, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетудің, көлік, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, ғылым мен ғылыми қызмет көрсету және т.б.

Орталықтандырылған қаржылар

Орталықтандырылмаған қаржылар



Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес. Бастапқы элемент жүйесінің басқа элементтерінің арасында алдыңғы орынды алады, өйткені жүйе элементтері мен буындарының өзара байланысындағы оның рөлі айқындаушы болып табылады.
Қаржылық қатынастардың сфералары мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің біртұтас қаржы жүйесінің құрамын айтады.
Бүгінде Қазақстан Республикасының макро және микроэкономиканың қаржы жүйесінің құрамы қаржы қаты-настарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:
- мемлекеттің бюджет жүйесі;
- арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
- мемлекеттік кредит;
- жергілікті қаржы;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
- халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы.
Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі: жалпымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.
Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидалары қойылған:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет