1. Молекулалық биология ғылымы. Анықтамасы. Міндеттері. Даму тарихы. Молекулалық-генетикалық зерттеулердің модельді нысаналары



бет1/11
Дата05.12.2023
өлшемі4,63 Mb.
#195081
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
МБМГ СЕССИЯ ОТВЕТТЕР (1)
Данные активистов, 9 Е Таңдау, 395, Решение №16

1.Молекулалық биология ғылымы. Анықтамасы. Міндеттері. Даму тарихы. Молекулалық-генетикалық зерттеулердің модельді нысаналары.
Жасушаның молекулалық биологиясы цитология, биохимия және биофизиканың тоғысуында пайда болып, қарқынды дамып жатқан білім аймағы болып табылады. Оның тез дамуы биологияға физика мен химияның, әсіресе, электронды және жарықтық микроскопияның, жасуша құрылымы мен макромолекулаларды бөлу және тазалау әдістерінің енуіне, нәруыздардың, полисахаридтер мен полимерлі макромолекулалы нуклеин қышқылдары мономерлерінің реттілігін, липидтердің нәзік құрылымын анықтауға айтарлықтай байланысты.
Молекулалык биология - тіршілікті молекулалык деңгейде зерттейтін кешенді биология ғылымының маңызды саласының бірі. Молекулалық биология ғылымының негізгі зерттеу объекттері — жасушаның ақпараттық макромолекулалары-акуыз және нуклеин қышқылдары болып саналады. Ол ақпараттық макромолекулалардың құрылысын, қызметтерін, таралуын зерттейді. Қазіргі таңда молекулалық биология жедел дамып келе жатқан ғылым ретінде теориялық және колданбалы биология, генетика, медицина, ауылшаруашылығы т.б. ғылымдардың дамуында маңызды рөл атқарады. XXI ғасырды молекулалык биология ғасыры деп атауда.
Молекулалық биологияның ортақ мәселелеріне - тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздері, гендер табиғаты және ұрпақтан-ұрпаққа тұқым қуалаушылық белгілері мен олардың берілу механизмдерін анықтау жатады. Ал молекулалық биологияның негізгі міндеттері - қатерлі ісіктердің молекулалық негіздерін анықтау мәселесі, тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу, гормондардың, ұлы және дәрілік заттардың молекулалық өсерін анықтау, естің механизмдерін, жүйке процестерінің табиғатын тану.Организмнің иммундық реакцияларының заңдылықтарын, дамудың молекулалық биологиясы мен вирустардың жасушамен өзара әрекеттесудің молекулалық механизмдерін зерттейді , Жануарлардың генетикалық аппаратын бағытталған түрде өзгертуге мүмкіндік беретін гендік инженерияның дамуының маңызы зор. Молекулалық биология биохимия, биофизика, биоорганикалық химиямен бірігіп әдетте-физико-химиялық биология бағытын құрайды.
Молекулалык биология ғылымы бірнеше бөлімдерге бөлінеді:
• геномика — тұкым қуалаушылықтың материалдық негіздері - ДНҚ, РНҚ молекулаларының кұрылыстарын, қызметтерін зерттейді;
• протеомика — жасуша ақуыздарының құрылысын, қызметтерін зерттейтін бөлім.
Молекулалық - генетикалық заңдылықты білу сау және науқас адамның организмінде өтіп жатқан көптеген үдерістерді терең түсінуге, тұқым қуалайтын ауруларды зерттеуге, медицинада маңызды болып табылатын микробиология, вирусология, эндокринология, иммунология, фармакология сияқты ғылымдардың әрі қарай дамуына негіз болды. Молекулалық генетиканы зерттеу негізінде жоғары әсер көрсететін жаңа дәрілік заттар құруға мүмкіндіктер туды.
Молекулалық биология нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметін, тұқым қуалайтын ақпараттың таралу механизмі мен қағидаларын, сондай-ақ, жасушаның функциясы мен құрылымының молекулалық негізін, өсу, даму, бөліну, ісіктік трансформация және жасушаның өлуін зерттейді.
Молекулалық биологияның міндеттеріне:
1. Жасушаның генетикалық аппаратының құрылымдықфункционалдық ұйымдасуы;
2. Тұқым қуалайтын ақпараттың таралу механизмі (молекулалық генетика);
3. Вирустардың жасушамен өзара әрекеттесулерінің молекулалық механизмдері (молекулалық вирусология);
4. Организмнің иммундық реакцияларының заңдылықтары (молекулалық иммунология);
5. Организмдердің жеке дамуы кезінде мамандануы әртүрлі жасушалардың пайда болуы (дамудың молекулалық биологиясы).
Даму тарихы
Молекулалық биология ғылымының дербес ғылым ретінде қалыптасуы 1953 жылдан кейін басталды, себебі осы жылы Ф.Крик және Дж. Уотсон дезоксирибонуклеотид қышкылының (ДНҚ) қос ширатпалы құрылысын анықтап, оның моделін құрастырған.
Соңғы 50-55 жыл ішінде молекулалық биология ғылымы тіршіліктің сырларын зерттеуде көптеген маңызды жетістіктерге кол жеткізді.
XX ғасырдың 40-50 жылдары ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде тұқым куалаушылықтың материалдық негізі нуклеин қышкылдары екендігі белгілі болды.
Молекулалық биологияның дамуына көптеген орыс және қазақ ғалымдары ат салысты, олардың арасынан А.А.Баев, А.Н.Белозерский, А.С.Спирин, В.А.Энгельгард, А.П.Георгиев, Т.Дарханбаев, М.А.Айтхожин, Х.Жуматов т.б. есімдерін атауға болады.
Молекулалық-генетикалық зерттеулердің модельді нысаналары
Молекулалық-генетикалық зерттеулердің модельді нысаналары - моделдік организмдер –тірі табиғаттың қандай да болмасын қасиеттерін, үдерістерін немесе құбылыстарын зерттеу үшін үлгі ретінде қолданылатын организмдер. Моделдік организмдер қарқынды зерттелуде, мұның себептерінің бірі оларды зерттеу кезінде ашылған заңдылықтардың азды-көпті ұқсас организмдерге, соның ішінде, адамға да тән болу мүмкіндігі. Жиі моделдік организмдер техникалық немесе этикалық себептерге байланысты адамға сәйкес зерттеу жүргізу мүмкін болмаған жағдайларда қолданылады. Моделдік организмдерді қолдану барлық тірі органимздердің шығу тегінің бір екендігіне және метаболизмде, тұқым қуалау ақпаратын сақтау және тарату механизмдерінде көп ұқсастық болуына негізделген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет