1. Молекулалық биология ғылымы. Анықтамасы. Міндеттері. Даму тарихы. Молекулалық-генетикалық зерттеулердің модельді нысаналары


Жасушада РНҚ түрлері. РНҚ қызметі. а-РНҚ кеңістікте ұйымдасу ерекшеліктері құрылысы



бет6/11
Дата05.12.2023
өлшемі4,63 Mb.
#195081
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
МБМГ СЕССИЯ ОТВЕТТЕР (1)
Данные активистов, 9 Е Таңдау, 395, Решение №16
18. Жасушада РНҚ түрлері. РНҚ қызметі. а-РНҚ кеңістікте ұйымдасу ерекшеліктері құрылысы.
Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) — ДНҚ сияқты полимер-сызықты полинуклеотид, ал мономерлері болып рибонуклеотидтер саналады. Нуклеотидтер 5’-3’ ұшы арқылы – фосфодиэфирлік байланыс арқылы байланысқан. РНҚ-ның көмірсу бөлігінде рибоза қанты, ал азотты негіздері ретінде аденин, гуанин, цитозин және урацил болады.
Рибонуклеин қышқылы тізбегі бірнеше ондаған нуклеотидтерден бірнеше мыңдаған нуклеотидтерге дейін созылатын біржіпшелі полинуклеотидтерден тұрады. Организмде РНҚ ақуыздармен кешенді байланысқан рибонуклеотидтер түрінде болады. РНҚ генетикалық ақпараттың жүзеге асуы мен ақуыз синтезіне қатысып, барлық тірі организмдерде аса маңызды биологиялық рөл атқарады. Рибонуклеин қышқылдары рибосомалық (рРНҚ), ақпараттық (аРНҚ) және тасымалдаушы (тРНҚ) болып бөлінеді.
1.Ақпараттық РНҚ(аРНҚ, мРНҚ) – РНҚ-ның бұл түрі ақуыздың бірінші реттік құрылымы туралы ақпаратты ДНҚ-дан көшіріп, ақуыз синтезі жүретін орынға жеткізетін РНҚ-ның бір түрі болып табылады. а-РНҚ-лардың бәрі жасушадаңы РНК молекулаларының жиынтығынын небәрі 5%-пайызын ғана құрайды. а-РНҚ-лар құрылысы бір-біріне ұқсас, яғни а-РНК-ның сызыктык тізбегі әртүрлі қызмет аткаратын бірнеше учаскелерлен тұрады.
1. Бірінші нуклеотид үнемі 7-метилгуанилат, ол келесі нуклеотидпен пиррофосфаттық байланыс арқылы байланысқан. Келесі нуклеотидтер рибозаның 3’орны бойынша метилденген болып келеді. а-РНҚ-ның мұндай құрылымы оның 5' ұшын экзонуклеаза әсерлерінен қорғайды.
2. «Қалпақшадан» (кэп) кейін 5’ – трансляцияланбайтын учаске орналасқан –ол бірнеше ондаған нуклеотидтер бірізділігінен тұрады. Ол р-РНҚ кіші бөлшегіндегі бір бөлімге комплиментарлы болады және а-РНҚ –ның рибосомамен алғашқы байланысуын қамтамасыз етеді, бірақ өзі трансляцияланбайды.
3. Инициаторлық кодон- ол барлық а-РНҚ-ларда бірдей –АУГ және метионин аминқышқылын анықтайды (код -инициатор).
4. инициаторлық кодоннан кейін а-РНҚ –ның негізгі бөлімі -мағыналы-кодтаушы (трансляцияланатын) учаске, яғни полипептид тізбегі туралы ақпарат жазылған учаске, орналасқан.
5. а-РНҚ-ның-кодтаушы бөлімінен кейін кодон терминатор-3 мағынасыз кодонның -УАА, УАГ не УГА біреуі орналасқан.
6. кодон терминатордан кейін 3' - трансляцняланбайтим учаске орналаскан, онын ұзындыгы 5‘-трансляцияланбайтын учаскеден әлде кайда ұзын.
7. барлық пісіп жетілген эукариоттар а-РНК-сының (гистондык а-РНҚ-лардан баскалары) 3' ұшында 150-200 нуклеотидтерден түратин поли-(А) — фрагмент орналасқан. 3’–трансляцияланбайтын және поли-(А) фрагмент а-РНҚ молекулаларының тіршілік ұзақтығын реттеу қызметін атқарады, себебі а-РНҚ молекуласының бұзылуы 3’ ұшынан бір-бірлеп нуклеотидтердің үзіліп түсіп қалуы арқылы жүреді.
а-РНҚ нуклеотидтерінің жалпы саны бірнеше мыңға жуық, оның ішінде кодтаушы учаскесіне тек 60-70% нуклеотидтер ғана тиісілі болады. Жасушада а-РНҚ-лар барлық уақытта ақуыздармен байланысып информосомалар деп аталатын кешен пайда етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет