1. Нутрициология, анықтамасы, міндеттері, негізгі ұғымдар


Асқорыту жолындағы көмірсу,майлар,ақуыздардың ыдырауы және сіңуі



бет2/99
Дата09.02.2022
өлшемі267,97 Kb.
#131291
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99
Байланысты:
НУТРИЦИОЛОГИЯ
І тоқсан 9- сынып Әдебиет БЖБ 2 оқушыға (2)
2. Асқорыту жолындағы көмірсу,майлар,ақуыздардың ыдырауы және сіңуі.
Жалпы сіңірілу бұл ас қорыту үдерісінің соңғы мақсаты болып табылады. Бұл асқазан-ішек жолдарының барлық бөліктерін қамтиды.
Ақуыздардың ыдырауы және сіңуі. Асқазан ішек жолдарындағы пептидгидролазалар немесе пептидазалар екі негізгі түрге бөлінеді: эндопептидазалар мен экзопептидазалар. Эндопептидазалар нәруыз молекуласындағы ішкі байланыстарды бұзу арқылы нәруыздарды түрлі пептидтерге ыдыратады. Эндопептидазаларға пепсиндер, гастриксиндер, ренин, трипсин, химотрипсин, эластаза жатады. Экзопептидазалар эндопептидаза гидролизінің көмегімен жүретін полипептидтік тізбектің соңғы пептидтік байланысын ыдыратады.Сілекейдің құрамында эндопептидаза типінің пептидазасы бар, ол нәруыздардың ішкі байланыстарын бұза алады және бөлек полипептидтік тізбектерді құра алады. Барлық аминқышқылдары, сонымен қатар, эндо-экзоцитоз жолымен сіңірілген кейбір нәруыздық молекулалар көктамыр арқылы порталдық көктамырмен бауырға жеткізіледі, онда олар көптеген мақсаттар үшін қолданылады мысалы: нәруыздар түзілуіне глюконеогенез үдерістеріне және т.б.
Майдың гидролизі қуыстық ас қорытудың көмегімен, липаза мен фосфолипазаның қатысуымен жүзеге асады. Липаза майды май қышқылдары мен моноглицеридке дейін гидролиздейді.Липаза жалпы тіл түбірінде, асқазан бездерінде түзіледі. Тағамдағы майды ыдыратуда панкреатикалық липаза мен ішектік липаза атқарады. Майлар май депосында жиналып, энергетикалық және пластикалық үдерістер үшін қолданылады.
Көмірсулардың гидролизі альфа-амилаза, мальтаза, инвертаза, изомальтаза, лактаза, трегалаза ферменттерінің қатысуымен жүреді. Альфа-амилаза сілекей бездерінен, панкреатикалық бездерден, ішектік бездерден, сонымен қатар, қабырғалық ас қорытуға қатысатын энтероциттерден бөлінеді. Альфа-амилаза крахмалдың амилозасына әсер етеді, бірінші декстриндерге дейін, кейін мальтозаға дейін, одан әрі ұзағырақ болса глюкозаға дейін ыдыратады. Әсер ету процессі ауыз қуысынан басталады, содан тағам асқазанға түседі, асқазанда қышқылға айналғанға дейін амилаза әсер ете береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет