1 ОҚытудың жаңа технологияларына шолу


Ұжымдық оқытудың тиімділігі



бет8/18
Дата04.01.2022
өлшемі0,55 Mb.
#109387
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
Жәнібек Н.Н
Күнделік1
1.3 Ұжымдық оқытудың тиімділігі
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту жана технологияны енгізуді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі және одан туындайтын мәселелер жетістігі, кемшілігі бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген. Педагогикалық ұжымдардың мемлекеттік білім стандарты деңгейіндегі білімі 100%-ға игерту міндеті белгіленген. Бірақ қазіргі мектептердегі үлгерім көрсеткіші, берілген білім сапасы формализм мен субъективизмнен арыла алмай отырғаны жасырын емес. Мысалы, 2011 жылғы ҰБТ қорытындысында мектеп бітірушілердің 76,1%-ы (179223) ҰБТ-ға қатысып, оның 24.3%-ы (43509 түлек) 40 балдан төмен көрсеткішке ие болды. Сонда жалпы мектеп бітірушілердің 48,2%-ы ҰБТ-ға қатысуға жүрексінді, құлады, яғни мемлекеттік білім стандарты деңгейіндегі білімді ала алмағандығын байқатты деп есептеуге болады.

2007 жылы ҰБТ қорытындысының бұдан үш жыл бұрынғы көрсеткіштен айырмашылығы байқалмайды. ҰБТ-ға қатысқан мектеп бітірушілердің (142721 түлек) 30,6% құлады, енді оған қатыспағандарын қоссақ сол 2011 жылғы көрсеткішті шамалайды.

Осы проблеманы шешу мақсатында үкіметтік деңгейде "ҚР білім беруді дамытудың 2005-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы", "2008-2009 жылынан мектептерді 12 жылдыққа көшіру". "ҰБТ-ны жетілдіру шаралары", 'ҚР білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу ережесі", "Білім туралы" ҚР заңы, "ҚР білім беру ұйымдарында 2006—2012 жылдарға арналған кешенді тәрбие бағдарламасының іс-шарасы", "ҚР жаңа формация мұғалімінің үздіксіз педагогикалық білім алу концепциясы", т.б құжаттар қабылданып білім технологиясы жүйесін жетілдіруді басты назарда ұстап, оған ерекше көңіл бөлінуде.

Дәл бүгінгі күнге дейін инновациялық қызмет жайында тұжырымдама, теория жасалды деп айту да қиын. Елімізде атаулы мектептердің жаңашыл мұғалімдері мен жетекші ғалымдардың еңбектерінде жекеленген инновациялық ізденістер бар болғанымен ғылыми негізде жүйелендірілмеген, ғылым мен тәжірибені кіріктірудің жайы да мектептерде қанағаттанғысыз деңгейде.

Инновация дегеніміз - белгілі бір жүйедегі жаңашылдық, ішкі өзгеріс. Педагогикалық қызметтің атын өзгертумен, оның берілу мазмұны мен формасына ғана аздап өзгеріс енгізумен шектеп, оның негізгі ішкі мәнінің ашылуына бармай жаңашылдықты игердік деп есептеуге болмайды.

Білім берудің мақсаты, жаңа формацияға сай ұйымдастырушылық құрылым, жаңа технологияның енгізілуі, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Оқыту технологиясы бүгінге дейін білім мазмұны білім беру формасы -> оқыту әдісі —> оқыту көрнекілігі (ТСО) тізбесінде қарастырылып келсе, енді жаңа оқыту технологиясының енгізілуі оқып,үйрену -> меңгеру -> өмірге енгізу -> дамыту тізбегінде қарастыруды қажет етіп отыр.

Дидактиканың "нені оқыту керек?" деген сұрағына мемлекеттік білім стандарты жауап берсе, ал "қалай оқыту керек? деген сұрағына жауапты мұғалімнің кәсіби біліктілік деңгейі, оқытудан жаңа технологияны игеріп пайдалана білуі, оқыту мақсатының сабақ үстінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеген жөн.

Мұғалім үшін мазмұндағы жекелеген деректерді жинақтап оның әдістемелік-логикалық тұжырымдамасын біртұтас қалыптастырудың мәні ерекше. Мұғалімнің әдістемелік іскерлікті меңгере білуі, оқу материалының мазмұнын логикалық-дидактикалық тұрғыдан таңдай білуі - қазіргі талап.

Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін қажетті алғы шарттарды мұғалім жетік меңгеруі тиіс:

1. Оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;

2.Оқушылардың сабақ бастылығын болдырмау шараларын кешенді қарастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, басшылық ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;

3.Жаңа буын оқулықтардың мазмұнымен жете таныса отырып, қосымша оқулықтар мен балама оқулықтарды ұтымды пайдалану (электрондық оқулық, интернет, электрондық кітапхана, кашықтықтан оқытудың спутниктік жүйесі, т.б), білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру, т.б арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу.

4.Оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыру ұстанымын үнемі басшылыққа алу.

Дүниежүзінде және біздің еліміздегі білім беру жүйесінің маңызды мәселесі — бірыңғай білім кеңістігін құру. Телекоммуникациялық техника мен технологияның жылдам дамуы және білім саласына қазіргі жаңа технологияның жаппай енгізуі ашық ақпараттың кеңістік ұстанымына негізделген жалпыға бірдей қол жетерліктей білімдік кешен құруға мүмкіндік жасауда. Қоғам дамудың индустриялық фазасынан ақпараттық фазасына өтубаспалдағында тұр. Дамыған елдерде (АҚШ, Жапония, т.б) халықтың 60-70%-ы ақпаратты жинау, өңдеу, тарату саласында еңбек етуде. Кез келген елдің экономикалық қуаты, халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарлығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы ол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ[8].

Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияның енгізілу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің қандай жолға қойылғандығы мен осы сананың ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикасы күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім беру жүйесін ақпараттандыру сол елдегі экономика, ғылым мен мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Қазіргі заманның ақпараттық және телекоммуникациялық технологиясын игеру әрбір адамның оқу мен жазу білігін меңгеруімен пара-пар деп қарау орынды болар еді. ҚР білім саласын ақпараттандыру ісі мемлекеттік бағдарламаға сай мектептерден басталады.

1.Мектеп оқушыларын ақпараттық қоғам жағдайында оқып, білім алуға, өмір сүруге бейімдеу.

2.Жаңа акпараттық және телекоммуникациялық технологияға бейімделген білім берудің ғылыми-әдістемелік базасын (мектептерді интернет пен қашықтықтан оқыту желісіне қосу, мультимедиалық сыныптармен, лингафон кабинеттерімен жасақтау, электрондық және балама оқулықтармен қамтамасыз ету, интерактивтік әдіс пен әдістемені тиімді қолдану, т.б.) жасау, білім саласын басқарудың жаңа формалары мен әдістерін батыл енгізе отырып орта білім беру жүйесін жаңарту.

3.Дүниежүзілік ақпараттық және білім кеңістіктері мен отандық білім беру жүйесін кіріктіру.

Жалпы қазіргі бағыт - білім берудің қалыпты (сыныптық-сабақ) жүйесіне дамыта оқыту жүйесінің элементтерін кіріктіре отырып дамыта оқытуға басымдық беру, ал алдағы уақытта оқыту үрдісінде оқушы шығармашылығына негізделген қоғам дамуының ақпараттық базасының сұранысын қанағаттандыратын жаңа типті білім жүйелеріне көшу.Олар мыналар:

- ұжымдық оқыту әдісі;

- модульдік-инновациялық оқыту әдісі;

- интерактивтік-матрицалық оқыту әдісі;

- шоғырландырып қарқынды оқыту әдісі;

- синергетикалық-биоинформатикалық оқыту әдісі, т.б.

Ұжымдық оқыту әдісі.

Жалпы білім беретін мектептердегі қазіргі белен алып отырған мәселелер білім сапасының төмендігі, білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен нәтижесінің күткен деңгейде болмауы, директивалық құжаттар көптеп шығарылғанмен ұстанымында оң өзгерістердің мардымсыздығы, сыныптағы үлгірмеушілікті жасыру не азайтып көрсетушілік, оқушылар тәртібінің төмендігі, жалпы жұрттың өздігінен білім алу-дағдысының жетілмеуі, орта және жоғары білімді адамдардың мәдениетсіздігінің жылдан-жылға артуы, оқушылардың сабақбастылығы, мұғалімдердің жұмыс бастылығына қарамастан жұмысындағы нәтиженің мардымсыздығы, білім беру жүйесіндегі басқару органдарының дәрменсіздігі мен жаппай төрешілдікке бой ұруы, педагогикалық басылымдарға бейімдеушілікке лайық материалдардың көптеп берілгенімен оларды болдырмауға психо-педагогикалық ғылымның қауқарсыздығы, т.б. қатты сезілуде.

Бұл мәселелердің тууының негізгі себебін кейбір ғалымдар (В.Дъячепко) қазіргі қолданыстағы оқу-тәрбие үрдісін іске асыру механизмінің моральдік тұрғыдан ескіруі, яғни педагогикалық үрдістің ұйымдастыру формалары мен тәрбиелеудің топтық әдісінде жатыр деп есептейді. Бұл әдіс қоғам дамуының белгілі кезеңдерінде (XVII—XIX ғасырда) қажет болды, оның қоғамдық сұранысын толық қанағаттандырды. XX ғасырда бұл жүйенің дағдарыстық белгілері біліне бастады, сұранысқа сай білім беру ісін жүйелендіру мақсатында бағдарламалық материалды кеңейту есебінен жоғарыдағы мәселелерді шешу бағыты байқалды, бірақ ол оқушы сабақ бастылығын күшейтті. Білім саласындағы дағдарыстық жағдай XX ғасырдың 60—70 жылдары тіпті күшейе түсті.

Ф.Кумбс бастаған белгілі ғалымдар XX ғасырдың 60—70 жылдары бұл тоқыраудың күшею себептеріне мыналарды жатқызды:

- қалың жұртшылықтың білім алуға деген ұмтылысының тез өсуі;

- білім саласындағы қаржының тапшылығы;

- білім саласындағы консервативтік көзқарастың өзгермеуі, бұрынғыша жұмыс істеудің тоқталмауы;

- қоғамның прогрессивті өзгерістерге бейімделмеуі, оны қолдамауы, т.б. Ал біраз ғалымдар тоқырау себептеріне елдің кедейлігі мен артта қалушылығы емес, керісінше XX ғасырда өңдіріс, транспорт, техника, мәдениет салаларының өте тез дамуы мен білім беру жүйесінің оған ілесе алмауын жатқызады. Білім саласындағы тоқыраудан шығу үшін тиімділігі жоғары жаңа оқыту әдісіне - оқыту мен тәрбиелеудің ұжымдық әдісіне көшу керек дейді - В.Дьяченко бастаған ғалымдар.

Ұжымдық оқыту әдісі мақсаты жан-жақты ойластырылған жүйеде іске асқаны жөн және оны кезеңдермен іске асыру механизмдері В.Дьяченко бастаған ғалымдардың бағдарламалық құжаттарында айқын көрсетілген. Жалпы ұжымдық оқытуға көшу елімізде халықтың жалпы жоғары білім алуына мүмкіндік жасайды деп есептелінеді.

Қазіргі ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны игеруді жылдам әрі тиімді іске асыру білім саласында интерактивті әдіс пен әдістемені жетік меңгеруді талап етеді.

Ұжымдық оқыту формалары.

Ұжымдфқ оқыту әдісіндегі негізгі мақсат — оқушының өзіндік оқу еңбегін ұйымдастыра отырып оқушы еңбегінің тиімділігін арттыру, оқуда ең жоғары нәтижеге жетуді мұғалім еңбегін жеңілдетумен бір мезгілде шешу.

Тәжірибелік жұмыста қолданылатын білімді оқушының тез және саналы меңгеретінін ескеріп, "бір нәрсені білдің бе? Қашан өзің жаңа білімді игеріп, білгенінді жетілдіргенше оны тездетіп екінші біреуге айт, түсіндір. Бұл қағиданы оқу еңбегінің өн бойында іске асыр" ұстанымы басшылыққа алынуы керек.

Оқу ісінде оқушының оқушымен, оқушының мұғаліммен бірігіп жұмыс істеуінің немесе оқу ісін ұйымдастырудың төрт формасы белгілі: жеке, жұптық, топтық, ұжымдық. Бұлардың құрылымы төмендегідей:

Жеке: оқушы — оқу материалы.

Жұптық: а) мұғалім — оқушы;

ә) оқушы — оқушы.

Топтық: бір адам — бір топ адам.

а) Жалпы сыныптық: мұғалім - сынып оқушылары.

ә) Бригадалық: мұғалім — оқушылар тобы.

Ұжымдық: оқу еңбегі оқушылардың тұрақты жұптық және жұп құрамының үнемі өзгеріп отыруына негізделген.

Әр оқушы сыныптағы жеке оқушылармен жұп құрап жұмыс істейді, жаңа ұғымды өзі игереді және оны біреуге үйретеді. Үнемі алмасып өзгеріп отыратын жұптық оқуды - оқыту әдісі тіпті білім берудің жеке жүйесі деп қарауға да болады деген пікірлер бар. Бұл ауысымды жұптық оқу мұғалім басшылығымен іске асады. Оқушы бірде мұғалім, бірде оқушы бола алады.

Ұжымдық оқыту әдісінде оқушылардың әрқайсысы біреуді, біреуі әрқайсысын оқыта отырып ұжымдық оқу сипатына ие болады.

Сонымен ұжымдық оқыту мен оқу жұмысын ұйымдастырудың ұжымдық формасы деген ұғым екеуі екі басқа.

Жеке оқыту — ешқашанда ұжымдық оқыту бола алмайды.

Жұптық оқыту — мұғалім мен оқушы не екі оқушының бірігіп оқуында пар тұрақты, тұйықталған, ендеше екі адам ұжым емес.

Топтық оқыту — мұны ұжымдық оқытумен шатастыра береді. Екеуінде де оқушы саны екеуден көп, бірақ топтық оқытуда мұғалім жетекші рөл атқарып басқарады, оқытады, үйретеді.

Ұжымдық оқыту — мұнда біреуі басқалардан жоғары тұрмайды, барлық оқушы жұптык оқуға тартылып, жұп құрамы үнемі өзгеріп, ауысып жұмыс істейді, ал мұны топтық деп атай алмайсың. Жалпы ұжымдық оқыту әдісіне көшу — дәстүрлі (жеке, жұптық, топтық) оқыту формаларын жоққа шығару емес, оларды жетілдіре отырып жаңа технологияны пайдалану. Ұжымдық оқыту әдісін мектепте екінші сыныптан бастап қолдануға болады.

Жаңа мәтінмен, мақаламен жұмысты неден бастау керектігін білмеу, анықтамалық материалдарды пайдалану білігінің төмендігі, оқулық пен қосымша оқулықты пайдаланудағы икемсіздік, ғылыми мақаланың мазмұнын талдауға өресінің жетіспеушілігі, алған білімін өмірде қолдана білмеуі жоғары сынып оқушыларында күнделікті кездесіп жүрген құбылыс.

Оқушының өзіндік жұмысқа төселуі жоғарыдағы мәселелерді шешуге ықпал жасар еді. Ұжымдық оқыту — оқушының шын мәніндегі өзіндік жұмысын ұйымдастыратын оқыту формасы. Оқу пәнінің тақырыбына сай мұғалім түсіндірме жұмыспен айналыспайды, оқушы кез келген жаңа тақырыпты өзі оқып үйренеді, олай болмаса ол үздіксіз білім алу мен өзіндік оқу еңбегіне дайын бола алмайды.

Ұжымдық оқытуда оқушылардың ауыспалы жұптық оқу жұмысын кезеңмен іске асыру қолайлы.

1-кезең. Мәтінмен жан-жақты жұмыс. Мәтінге талдау жасайды, жоспар құрады, оның мазмұнын ашатын сұрақтар дайындайды.

2-кезең. Тұрақты жұптық жұмыс. оқушылар екі-екіден жұп құрап бірлесіп жұмыс істейді, бірі - мұғалім, екіншісі — оқушы ретінде.

3-кезең. Топтық жұмыс. Бір тапсырманы бірнеше оқушы орындайды. Топтық жұмыстың сапалық деңгейі топтар әр оқушы жұмысының орындалу нәтижесіне байланысты.

4-кезең.Ауыспалы жұптық жұмыс немесе ұжымдық оқу.

Ұжымдық оқыту әдісін тәжірибеде қолдану.

Ұжымдық оқыту әдісін эксперименттік есептер шығару, жаттығулар орындату арқылы оқушы білігі мен дағдысын қалыптастыру немесе білім, білік, дағдыны бақылау мен бағалауда пайдалануға болады. Әртүрлі жастағы оқушылар топтары мен жалпы білімдік білік пен дағдысы жеткілікті дамыған оқушылар ұжымында да ұжымдық оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігі жоғары.

Бұл технологиямен жұмыс істеу уақыты оқу материалының көлеміне, алдын-ала белгіленген дидактикалық мақсатқа, оқушының осы технологиямен жұмыс істеу тәжірибесіне сай белгіленеді. Әдетте 1-2 академиялық сағаттан аспайды. Бұл технологияны топтық оқытуда да қолдануға болады.

Бағдарламалық жана материалдың игерілуінің құрылымын ұжымдық оқытуда төмендегі дидактикалық кезеңдерге (блоктарға) алдын-ала бөліп көрсетуге болады.

1. Жаңа материалды меңгеру.

2. Тақырып бойынша білік пен дағдыны қалыптастыру.

3. Білімді жүйелендіру, терең игеру, қорытындылау.

4. Білім, білік, дағдыны бақылау және бағалау.

Жалпы ұжымдық оқыту технологиясын осы кезеңдердің (блоктардың) қай-қайсысында болса да пайдалану тиімді деп есептелінеді.

Мұғалім бір не бірнеше тақырып бойынша оқушылардың алған білік, дағдысының деңгейін анықтау немесе тақырып бойынша білім, білік, дағдыны бақылау мақсатында сабаққа алдын-ала жоспар жасайды, яғни ұжымдық оқыту технологиясына лайық дидактикалық материал дайындайды. Мысалы, ұжымдық оқыту технологиясы бойынша жасаған дидактикалық материал бірнеше бөліктерді қамтиды.

Оқушының жұмыс алгоритмі:

1. Карточка мен оның түсіне сәйкес түс белгісін ал.

2. Дәптеріңе карточка нөмірі мен тапсырма нөмірін және карточка түсін жазып қой.

3. Карточкідегі екі тапсырманы да әуелі өзің орында. Тапсырманды орындап болған соң түс белгінді көтеріп, жаңа түс белгі көтерген оқушымен жұп құра.

4. Жаңа жұп серігімен бір партаға отырып ал.

5. Дәптеріңдегі түсіндіретін тапсырмаңның нөмірінің тұсына жұп серігіңнің фамилиясын және түс белгісін жазып қой.

6. Дәптеріңді жауып, таза дәптер парағын ал.

7.Карточкіңді жұп серігіңнің алдына қойып, бірінші тапсырмаңның берілген шартын дауыстап оқы, парағыңа тапсырма желісін тірек-сызба түрінде жазып түсіндір, тапсырманың шешімін көрсет.

8. Тапсырманың ақтық нәтижесімен таныстыр.

9.Жұп серігіңнің сұрақтарына жауап бер, онымен тапсырманың орындалу жолын талқыла, оның саған берген бағасын тыңда.

10. Жұп серігіңе дәптеріңді беріп, оның бағасы мен қолын қойдырып ал.

11.Жұп серігіңнің карточкісіндегі тапсырмасымен алгоритмнің 6—11 пункті бойынша онымен жұмыс істе.

12. Бір-біріңе рахмет айтып жұп серігіңмен ажырас.

13.Басқа түс белгісі бар жұп серік тауып, алгоритмнің 5-10 пункті бойынша екінші тапсырмаңды түсіңдір.

14.Карточка мен түс белгіңді мұғалімге өткізіп, жаңа карточкі мен түс белгі ал. Жоғарыдағы жұмыс алгоритмі мен блоктағы барлык түс белгілеріне сәйкес карточкі тапсырмаларымен жұмыс істе.

15. Сабақ соңында үлгерім экранын толтыр.

Бір не жұп оқушының оқу еңбегін ұйымдастыру.

Әрбір оқушы берілген уакыт ішінде (1-2 академиялық сағат) блоктағы барлық карточкімен жоғарыдағы алгоритммен жұмыс істеп үлгеруі керек. Барлық оқушылар карточкі мен түс белгілерін алып, жоғарыдағы алгоритммен жеке-жеке жұмыс істейді де, дәптеріне екі тапсырманы да орындайды. Содан соң басқа түс белгісі бар серік іздейді. Жаңа жұп бір партаға отырып бір-біріне карточкілеріндегі бір-бір тапсырмаларын өзара келісім ретімен түсіндіреді. Мысалы, көк түс белгісі бар Марат сары түс белгісі бар Ошатпен жұп серік құрады делік. Жұптық жұмыста Марат бірінші тапсырмасын Саматқа түсіндіреді, таза параққа тапсырманың орындалу ретін жазады, берілгенін дауыстап оқиды, түсіндіреді. Самат мұқият тыңдап, сұрақтар береді, тапсырмаға талдау жасап, өз пікірін тіпті шешімінің екінші вариантын ұсынуы да мүмкін. Самат Мараттың жұмысын бағалап, дәптердің ақ сызығына бағасы мен қолын қояды. Екеуі орындарын алмастырады (Самат Маратқа өзінің бірінші тапсырмасын түсіндіретін болады). Бір-бірінің рахметін айтып, екінші тапсырмаларымен жұмыс істеу үшін жаңа жұп серік іздеп, түс белгілерін керсетеді[9,47 б.].

Жұмыстарын аяқтаған соң бұл оқушылар карточкілері мен түс белгілерін (көк, сары) мұғалімге өткізіп, басқа түс белгідегі кез келген карточкіні ала алады. Осылай етіп ауысымды жұптық жұмыс барлық түс белгідегі (бес түс) тапсырмалар аяқталғанша жалғаса береді.

Әрбір оқушы осы технологиямен жұмыс істей отырып, қарастырылып отырған тақырып бойынша он тапсырманы орындайды. Оны он рет таза параққа жазып түсіреді және он рет сыныптасының түсіндірмесін тыңдайды. Ойын ауызша және жазбаша білдіру машығы қалыптасады. Кейінен сөйлеп серіктесін жалықтырмауға, біреуді тыңдай білу және пікірін сыйлауға төселеді.

Өзіндік жұмысқа шығармашылықпен қатысады. Есеп шығарады, жаттығу орындайды, тапсырма шешімінің дұрыстығын дәлелдейді, осы шешімнің оңтайлы шешім болатынына көзін жеткізіп сұрақтарға жауап береді.

Жұп серігімен, жалпы екінші біреумен бірлесіп, ынтымақтастықпен жұмыс істеуге үйренеді. Сын-ескертпені қабылдап, пікір қайшылығына түсіністікпен қарауға төселеді.

Оқу қызметінің бірнеше түріне бір мезгілде қатыса отырып, тақырыптытез игеруде жаңа тәсілдерді пайдалану, оқу материалы бөліктернің байланысын таба білу, т.б. біліктері қалыптасады.

Оқушының білім, білік дағдысын қалыптастыру, оқу материалын бекіту, оқушының алған білік-дағдысына тақырыптық есеп жүргізу жеңіл іске асады.

Бұл технологияның келешегі зор.

Оқушылар тобының оқу еңбегін ұйымдастыру.

Жаңа сабақтың өту жоспарын сабақ басталмастан бұрын оқушылар таныса алатындай пән кабинетіне іліп қойған дұрыс. Жоспар оқу мерзімі аяқталғанша ілулі тұрғаны абзал. Сабақ ұжымдық оқыту технологиясымен өту үшін төмендегідей дайындық қажет:

1. Карточкілер блогі.

2. Жұмыс алгоритмі.

3. Үлгерім — есеп экраны.

4. Таза дәптер парағы, тапсырма мәтіні, оқытудың құрал-жабдықтары.

5.Мультимедиалық сыныпты не лингафон кабинетін сабақ өтуге дайындап қою.

6.Компьютерлік оқыту мен компьютерлік бақылау бағдарламаларын дайындау.

7.Электрондық кітапхана, электрондық пошта, қашықтықтан оқыту, интернет, т.б. интерактивтік оқыту жүйелерін оқу қызметіне пайдалануға әзірлеу.

Оқу материалының көлемі мен сабақ мақсаты, оқушылардың ұжымдық оқу дағдысын меңгеруін есепке ала отырып топтық оқытудың уақыты белгіленеді және ол 90 минуттан кем болмауы керек.

Сыныптағы топтық жұмыста қолданылатын интерактивтік әдістеме талаптары қатаң сақталуы тиіс.

Оқушылардың топтық жұмысы сырт көзге жеңіл ұйымдастырылатын болып көрінуі мүмкін. Топтық жұмыстың тиімділігі жоғары болуы үшін мұғалімнің ұйымдастыру білігі мен басқару дағдысы қалыптаскан болуы керек. Топ жұмысы жіті бақыланбаса, нәтижесі ойдағыдай болмауы мүмкін.

Бақылауды жүзеге асыруда төмендегідей талаптарға ерекше назар аударған дұрыс:

1. Топтық құрамын түрлі әдіспен тұрақты өзгертіп отыру.

2. Топ мүшелерінің өз міндетін жақсы білетіндігіне көз жеткізу.

3. Өзге оқушының пікірін тыңдап, оның өз пікіріне үйлеспегеніне қарамастан оны сыйлау.

4.Топ құрамының біртіндеп өсу жағдайында оқушылардың жұмыс істеуін қалыптастыру.

5.Топтағы тапсырманы ерте орындаған оқушылар үшін қосымша тапсырманы дайындап қою.

6.Кейбір оқушы үшін топпен жұмыс қиын да күрделі болуы мүмкін. Ондай оқушыны анықтау және оның әуелде жеке жұмыс істеуі, жеке тапсырмасы болуын қадағалау.

7.Топтағы жұмыстың қызу талас-талқы, айтыс түрінде болуы да мүмкін, сондықтан жұмыстық шуды ажырата, бағалай білген де жөн.

8.Мұғалім оқушылардың бірінен соң біріне жақындап қатаң бақылап, сұрақтар беріп, жәрдем беруге даяр болуы қажет. Мұғалімнің үнемі белсенді іс-әрекетте болуы топтық жұмыстың нәтижелі болуының кепілі болмақ.

9.Топтағы жұмысты оқушының ойын деп қарауына ешқашан жол бермей, оның тапсырманы шешуге тырысуына жағдай жасау қажет.

10.Топтық жұмыста жеке оқушының қатты дауыстап сөйлеуі не өзгені қайталауы кажет емес.

Білім, білік, дағдыны есепке алу.

1. Жеке оқушы жұмысын бағалау.

Оқушылардың жұмыс дәптерінде жұптық серігінің аты-жөні, оның берген бағасы, қойған қолы бар. Жеке оқушы жұмысын бағалау осы арқылы жүргізіледі. Сонымен бірге оқушының өзін-өзі бағалауы, мұғалім бағасы да есепке алынып, үш қойылуы да мүмкін. Дайындалып қойылған үлгерім экранын толтырып, жария етуге де болады.

2. Оқушылар тобының жұмысын бағалау.

Топ жұмысын бағалау үшін үлгерім — есеп экраны пайдаланылады. Сабақ сонында үлгерім — есеп экраны толтырылған соң қорытынды бағалау бағанына 5 балдық жүйемен бағаланған карточкі сұрақтарының бағасына қарап әр оқушы тұсына жалпы белгімен ( «+» не «-») деп бағалаймыз. Бұл белгі топтық жұмыс бағасы болып есептеледі.

Оқушылардың білім, білік дағдысын бақылау.

Ұжымдық оқыту технологиясымен ағымдағы бақылаудың төмендегі түрлерін пайдалануға болады.



  • өзін-өзі бақылау (міндетті түрде тұрақты);

  • өзара бақылау (жұптык, серігінен);

  • карточкілер арқылы мұғалімнің бақылауы;

  • мұғалімнің тұрақты бақылауы.

Оқушы білімін бағалау мақсатындағы бақылау төмендегілерден тұрады:

  • толық (карточкінің бір тапсырмасы бойынша);

  • қорытынды;

  • автоматты;

  • тестік.

Оқушыға әр тапсырма бойынша бір не үш баға қоюға да болады, не тек "+", "-" белгісімен тапсырғандығын көрсетуге де болады.

Үйге тапсырма.

Ұжымдық оқыту технологиясымен оқытудан соң дидактикалық блоктағы материал бойынша оқушының білім, білік, дағдысын ұйымдастыру және бақылау мақсатында міндетті үй жұмысын бермесе де болады. Тақырыпты оқыпүйренуге оқушыны дайындау оның уақытын тиімді пайдалану машығын қалыптастыру мақсатында өзіндік жұмыс түрінде кейде үйге тапсырма беруге болады.

Ұжымдық оқыту технологиясының ұтымдылығы.

Оқушылардың барлығы да оқу қызметінің көптеген түріне бір мезгілде қатыса отырып, әрқайсысы өз мүмкіндігі деңгейінде жұмыс істейді.

Деңгейлеп дамыта оқыту, жеке оқушымен жұмыс өз мағынасында іске асады.

Оқушылар шын мәніндегі өзіндік жұмысқа тартылады.

Оқушы өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік алады.

Оқушы біліміне тақырыптық есеп жүргізу дидактикалық тұрғыдан іске асады.

Оқулықпен жұмыс, түпнұсқа әдебиетпен және анықтамалық материалдармен жұмыс өз деңгейінде жүргізіледі.

Интерактивтік әдіс пен әдістемені қолдануға жан-жақты мүмкіндік жасалады.

Ұжымдық оқыту технологиясының мектепте қолданылуының жетілдірілген әдістемесі жасалған жағдайда ең тиімді оқыту әдістерінің бірі болатындығына сенім мол[10].






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет