1 ОҚытудың жаңа технологияларына шолу



бет1/18
Дата04.01.2022
өлшемі0,55 Mb.
#109387
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Жәнібек Н.Н
Күнделік1

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА ШОЛУ

Модульдік оқытудың жетістіктері..........................................................................8

1.2 Инновациялық әдістердің ыңғайлылығы.......................................................19

1.3 Ұжымдық оқытудың тиімділігі......................................................................22


2 ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯ КУРСЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ

2.1 Геометрияны оқытудағы ақпараттық технологиялардың ролі...................33

2.2 Геометрия сабағында PowerPoint бағдарламасын қолдану тиімділігі....39

2.3 Оқушыларға геометрия сабағында ақпараттық технологияның құндылықтарын меңгерту......................................................................................42

2.4 Геометриялық білім берудің эмпирикалық технологиясы...........................55

2.5. Жаңа ақпараттық технологияны математика сабағында қолдану арқылы білім сапасын көтеру..............................................................................................61


3.1 Жоғары сынып оқушыларына стереометрия бөлімін оқытуда білім берудің компьютерлік ресурстарын қолдану.....................................................................66

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................70

ҚОСЫМША ............................................................................................................71


КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев инновациялық болашаққа жол – жалпы ұлттық басымдық ретінде жария етіп, бұл мақсатқа жету жолында Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыру қажеттігін атап өткен еді. Осы инновациялық болашақтың негізгі тіректерінің бірі математика ғылымы мен білімінің дамуында жатыр.

Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, егемендік алған тұста осы елдің келешегін жалғастырар, экономикасын, мәдениетін көтерер ұрпақ тәрбиелеу - бүгінгі күннің талабы. Бүгінгі қоғамның дамуы оның мүшелерінің білімімен өлшенетін кезі келді. Өйткені, қазіргі өркениетке жеткізетін құрал - тек қана білім. Білімді ұрпақ қана қоғамның болашақ иесі бола алады.

«Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында» былай делінген: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда, жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Барлық деңгейдегі технологиялық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт»-деп «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты президент жолдауында атап көрсетілгендей бүгінгі күн мектептегі білім беру бағытында жаңаша көзқарасты талап етіп отыр.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесін жаңа сапамен және терең мазмұнмен толықтыру қажет екені айтылған.

Барлық дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педогогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуметін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Елбасымыз білім саласына қойылған талаптары ерекше. Біз тәрбиелеп отырған ұрпақ дүниенің кез-келген жерінде білім алуға, қызмет атқаруға қабілетті, ғылым мен техниканың кез-келген саласын меңгере отырып, тіл меңгеру қабілеті жоғары, бәсекелестікке қабілетті болуы тиіс.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетніңің ғылыми-педогогикалық негіздерін меңгеруі- маңызды мәселелердің бірі.

Қазіргі дамыған қоғам деңгейінде еліміздің ертеңі үшін мектеп қабырғасынан шығармашылық қабілеті дамыған, әлеуметтік белсенділігі жоғары тұлғаларды тәрбиелеп шығару қажеттілік деп санасақ, оның негізі осы математика пәнін оқытуда жатыр.

Математика - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілетінің көзін ашу және оның үздіксіз дамуы мен жетілуін қамтамасыз ететін пәннің бірі.

Математиканы оқушыларға қалай түсіндіру керектігін, оның әдіс-тәсілдерін, жаңа технологияларды дұрыс меңгеруін қадағалайтын осы- математиканы оқыту әдістемесі пәні.

Математиканы оқыту әдістемесі соңғы жылдары қарқынды дамып, мазмұны жағынан да, кемелденіп, әр алуан методикалық әдебиеттер совет-шетел методистерінің, әсіресе Ф.В.Шаталовтың, П.М.Эрдниевтің және т.б. озат тәжірибелерімен қорлана түсті.

Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаттары мен мазмұның, әдіс-тәсілдерін, методикалық зерттеулерді, есеп шығарудың және оларды оқушыларға түсіндірудің жолдарын, оқытудың техникалық және көрнекі құралдарын оқу процесінде пайдалану методикасын, оқушыларды оқу ісіне жұмылдыру тәсілдерін, педогогика ғылымы мен озат тәжірибе жетістіктерін мектеп практикасына батыл енгізу тәсілдерін жоғары мектеп қабырғасында жүргенде-ақ игеруі тиіс.

Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінін терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық мәдениет- бұл әңгімелесе білу, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу жәнеөзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу.

Қазақстанда математика жақсыдамығанғылымдарсанатында. БастауынәйгіліӘл-ФарабиданалатынҚазақстанматематикасыныңдамуынажәнеоныңөркендеуінеатақтығалымдарымыз, академиктерО.Жәутіков, Ө.Сұлтанғазин, Қ.Қасымов, Т.Кәлменовүлкенүлесқосты.ЕліміздіңтәуелсіздігіжылдарыерекшежетістіккежеткенғалымдарМ.Өтелбаев, Ш.Смағұлов, Б.Жұмағұлов, Н.Данаев, У.ӨмірбаевтарМемлекеттіксыйлықтыңлауреаттарыатақтарыналды. Осындайғылымижетістіктердіжастарғажеткізіп, олардығылымныңжаңашыңдарынажетелеуғалымдар мен математика мұғалімдерініңнегізгімәселесі. Солөзектімәселелерқұрылтайназарындаболарыанық.

Отандық математика мұғалімдерініңбіріншісъезінөткізудегімақсатҚазақстанРеспубликасыныңэкономикасыныңсұраныстарынасәйкесматематикалықбілімдіжаңғыртуболыптабылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет