1. Өкпе тінінің ошақты тығыздалу синдромы бар науқастарды сұрау және жалпы тексеру



бет22/72
Дата27.01.2022
өлшемі92,54 Kb.
#115176
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72
Байланысты:
ИАП-сессия
!16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8кл, !16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8кл, !16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8кл, .., .., Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, рефрат 11 дене шын Ілесбек Сымбат ППМ-811, Латын -қазақ термин сөздік, ИАП-сессия, psihol-ped pr bagd
Клиникалық белгілері . Өкпе қабы қуысында сұйықтығы бар нау қастардың ең негізгі шағымдарына ентігу жатады , науқас кеуде клеткасының ауырған жағына ауыр салмақ түскендей сезім сезеді . Науқасты жалпы қарап көріп тексергенде , оның кеуде тұлғасының жоғарғы бөлігін көтеріп мәжбүр қалде отырғаны өзіне назар аударт Қызады . Ауру адам сұйықтың жиналған жағына қарай жатады . Егерде сұйықтық өкпе қабы қуысында үлкен көлемде жиналса , онда да мыған тыныс алу қызметінің жетіспеушілігінің нәтижесінде тері жабындыларының және көзге көрінетін шырыш қабықтарының көгеруі анықталады . Егер ол медиостеналдық бөлігінде орналасып қалталанса , ол ауруларда дисфагия ( тамақты жұту және өңеш арқылы өтудің бұзылуы ) , беттің , мойынның ісінуі , дауыстың қырылдауы сияқты белгілер анықталуы мүмкін . Бұл кезде мойынның көк тамырлары білеуленіп тұрады . Өкпе қабында сұйықтық жиналған жақта дем алуға байланысты қимыл көлемі шектеледі . Жүдеу , бұлшық еттері нашар дамыған науқастарда қабырға аралықтары тегістеліп , тігі түгел бұлти ыт шығып тұрады . Мұндай науқастың қабырға аралықтары кеңейген .

Пальпация арқылы тексергенде сұйықтық жиналған аймақта дауыс дірілі әлсірейді , кейін толық жойылады .

Салыстырмалы перкуссия кезінде жиналған сұйықтықтың үсті нен тұйықталған немесе абсолютті тұйық дыбыс шығады . Одан жоғарғы бөлігінен тұйықталған тимпаникалық дыбыс естіледі . Топо графиялық перкуссия жасағанда тұйықталудың жоғарғы шекарасының ерекшелігін байқаймыз , ол сұйықтықтың түрімен байланысты әр түрлі орналасады ( экссудат кезінде қиғаш , ал ісіну сұйықтығында көлденең ) .

Жүрек сау жаққа қарай ығысады . Бұл кезде жүректің тұйық дыбысы плевралды сұйықтықтың тұйықтығымен қосылады .

Аускультация арқылы тексергенде тұйықтық аймағы үстінен ве зикулярлы тыныстың әлсіреуі немесе мүлдем жойылуы анықталады .

Тұйықталған - тимпаникалық дыбыс аймағында бронхиалдық тыныс естіледі .

Рентген сәулесімен тексергенде диафрагма және кеуде клетка сының жанынан жоғарғы шекарасы айқын интенсивті , біркелкі қараю анықталады .

Өкпе қабы қуысында сұйықтықтың бар екенін дәлелдеу және оның түрін анықтау үшін диагностикалық инемен тесу әдісі қолданылады .

7.Бронх обструктивті синдромы бар науқастарды сұрау және жалпы тексеру.

Бронх обструктивті синдромы







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет