1. Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз



бет13/25
Дата26.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#114815
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Байланысты:
1414557800387
14-нұсқа

1. Көнерген сөзді табыңыз.

А) Оқырман.
В)* Барымта.
С) Бастапқы.
D) Қоңырау.

Е) Геометрия.


2. Ашық дауыстылар қатарын толықтырыңыз: А,ә,о,ө,е,...

А) Ы.
В) И.


С)* Э.
D) Ұ.

Е) Ү.
3. Жұп дауыссыз дыбыстар қатысқан сөздер қатарын анықтаңыз.

А)* Дақ,табыс.
В) Өлшем,қанағат.
С) Өмір,жолдас.

D) Ескілік,нұр.

Е) ес,ақыл.
4. Деректі зат есім қатысқан тіркесті көрсетіңіз.

А) Көтеріңкі көңіл.


В)* Ағаш қасық.
С) Ерекше қуаныш.
D) Нәзік сезім.

Е) Ізгі ниет.


5. Сын есімдердің ішіндегі күшейтпелі шырайды табыңыз.

А) Үлкенірек.


В)* Үп-үлкен.
С) Қысқа.
D) Қысқалау.

Е) Ұзындау.


6. Қай сөзде дефис қойылу керек,белгілеңіз.

А)* 9 сынып.


В) 1998 жыл.
С) 80 метр.
D) 200 пайыз.

Е) XXI ғасыр.


7. Көмектес септікте тұрған өздік есімдігін табыңыз.

А) Өзгеде.


В)* Өзіммен.
С) Өздеріңізді.
D) Өзіміздің.

Е) Өзіне.

8. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын табыңыз.

А)* Айтқан сайын түсіну.


В) Әр түрлі.
С) Астанаға бару.
D) Гүлдердің иісі.

Е) Әтір себу.


9. Хабарлы сөйлемді табыңыз.

А) Бұл кісілер қай жердікі.


В) Бізбен бірге жүресің бе.
С) Уһ,шаршап қалыппын ғой.
D)* Бір топ елік жайылып жүрді.

Е) Тіліңді тарт.


10.Тура мағыналы сөзді табыңыз.

А)* Өз қолымен берді.


В) Көкеңе айтарсың,қолы ұзын адам емес пе?
С) Әділ,Шалабайлар-байдың қол шоқпары.
D) Қолдың қысқалығынан бұл жолы да ештеңе бере алмады.

Е) Бұл іс менің қолым екен.


11. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Қасқыр,бөрі,түлкі.


В) Қателесу,адасу,қайаттану.
С) Қойшы,сиыршы.
D)* Қасақана,әдейі, жорта.

Е) Әрине,мүмкін,алайда.


12. Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды белгілеңіз.

А) Қызықты оқиға.


В) Зарланасың,ақ ешкі,лағыңа.
С) Қазақ жері-Сарыарқа.
D)* Бүркіт-тау қыраны.

Е) Кең жайлау, мөлдір бұлақ.


13. «Жи»сөзіне тұйық етістік жұрнағының дұрыс жалғану түрін көрсетіңіз.

А) Жиу.
В) Жиыу.


С)* Жию.
D) Жыйыу.

Е) Жыйу.
14. Себеп-салдар үстеуі қатысқан тіркесті табыңыз.

А)* Амалсыздан көнді.
В) Ертең жалғастырар.
С) Тез орындады.
D) Әдейі тексерді.

Е) Бірталай жазды.


15. Күшейтпелі мағыналы демеулік табыңыз.

А)* –Ақ,-ай.
В) Бірақ,алайда.
С) Не, немесе.
D) Ба? бе?
Е) Сайын,үшін.
16. Бастауыш қызметін атқарып тұрған есімшені көрсетіңіз.

А) Бұл-Еркебұлан сөзі.


В) Кешікпей Абайлар да аттанды.
С)* Келгендер-осы ауылдың адамдары.
D) Орамалың бар ма?

Е) «Тұр орныңнан,»-деп әмір етті.


17.Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз.

А)* Көп сағындырдың ғой, қуатым!


В) Көп,сағындырдың ғой- қуатым!
С) Көп сағындырдың ғой: қуатым!
D) Көп, сағындырдың ғой қуатым!
Е) Көп сағындырдың ғой-қуатым!
18. Көп құрамды төл сөзді табыңыз.

А) «Биік мансап-биік жартас,»-дейді Абай.


В) Әлияның батыр болғаны туралы айтылды.
С) Ыбырай Алтынсарин: «Кел,балалар,оқылық!»-деген.
D)* –Дұрыстап көшіріп жаз!- деді Ушаков.-Сосын мына жерге іліп қой!-деді зілмен.

Е) –Ол үш күннен бері жаңбыр жауғанын айтты.


19. Қаратпа сөзге байланысты дұрыс қойылып тұрған үтірді көрсетіңіз.

А) Уа туған жер аша бер, құшағыңды.

В)* Уа, туған жер,аша бер құшағыңды.
С) Уа туған жер,аша бер құшағыңды.
D) Уа туған жер аша бер құшағыңды.

Е) Уа,туған жер аша бер құшағыңды.


20. Күрделі сөз қай сөз табынан жасалғанын анықтаңыз.

Селт етті.

А) Зат есім,зат есім.

В) Еліктеу,зат есім.

С)* Еліктеу,көмекші етістік.


D) Зат есім,етістік.
Е) Есімдік,зат есім.
21. Қайталама қос сөзді табыңыз.

А) Жып-жылы,әке-шеше.


В) Мәдени-ағарту,ат-мат.
С) Үгіт-насихат,жап-жаңа.
D)* Өз-өзінен,жүзбе-жүз.

Е) Бақытты-бақытсыз,некен-саяқ.


22. Бейнелеуші сөзді көрсетіңіз.

А) Саңқ етті.


В) Дүр етті.
С)* Жалт қарады.
D) Сұп-Сұр болды.

Е) Боз ала таң.


23. Бастауышы жасырын тұрған жақты сөйлемді анықтаңыз.

А) Кісідегінің кілт аспанда.


В)* Ертеңіне Байқоңырға жол тарттық.
С) Рахметтің қуанышында шек жоқ.
D) Оның шек-сілесі қатты.

Е) Тайға таңба басқандай.


24. Себеп-салдар салалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Айдағаны бес ешкі-ысқырығының жер жарады.


В)* Енді жасыру мүмкін емес,үйлену тойы ертең,кеште.
С) Таныдым:үй-Қарабеттің отауы.
D) Жақсыда кек жоқ,жаманда тек жоқ.

Е) Ауыл шымыр-шымыр қайнады:өрістен мал қайтты,ойнаған бала.


25. Шешендік сөздің әсерлілігін арттыратын тілдік сапаны белгілеңіз.

А)* Айшықты сөздерді мол қолдану.


В) Қарабайыр сөздерді қолдану.
С) Дауыс мәнерін сақтамау.
D) Тез сөйлеу.

Е) Сөз мағынасын жетік білмеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет