1. Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз



бет14/25
Дата26.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#114815
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Байланысты:
1414557800387
15-нұсқа

1.Жіңішке дауыстыларды табыңыз.

А) А,о,ы.

В) Ы,і,э


С) Ұ,ү,ы.

D) *Ө, ү, е.

Е) Р,л,м.
2. Жұп дауыссыздарды анықтаңыз.

А) З-П, К-Т.

В) *К-Г, С-З.

С) З-Ж, К-Б.

D) Ш-С, Қ-Г.

Е) С-Б, Г-П.


3. Күрделі зат есімді көрсетіңіз.

А) Ауыл.


В) Көрме.

С) *Көкшетау.

D) Қақтығыс.

Е) Бейбітшілікті


4. Шығыс септігінде тұрған сілтеу есімдігін табыңыз.

А) Бұлар.

В) *Бұдан.

С) Бұнысы.

D) Бұны.

Е) Бұнымен.


5. Дыбыстарға еліктеуден пайда болған сөзді көрсетіңіз.

А) Қоңыз.

В) Қырықбуын.

С) Төбе-төбе.

D) *Сылқ-сылқ.

Е) Ирелең-ирелең.


6. «Жүрісін-ай» шылаулы тіркесінің тұлғасын анықтаңыз.

А) Шығыс септікті сөз.

В) Есімше.

С) Үстеу.

D) *Табыс септікті есім сөз.

Е) Көмектес септікті сөз


7. Жалғау арқылы байланысты табыңыз.

А) Алтын жүзік.

В) Асау жүрек.

С) *Жастардың міндеті.

D) Сен тәрізді екен.

Е) Бұл-ауыл.


8. Біршама тиянақты ойды білдіретін синтаксистік бірліктің не екенін анықтаңыз.

А) Сөз тіркесі.

В) *Сөйлем.

С) Тұрақты тіркес.

D) Сөздердің байланысу түрі.

Е) Сөз.
9. Бастауыштан кейін дұрыс қойылған сызықшаны табыңыз.

А) Көрмес түйені де көрмес.

В) *Көрмес – түйені де көрмес.

С) Көрмес түйені - де көрмес.

D) Көрмес – түйені де - көрмес.

Е) Көрмес түйені де - көрмес.
10. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.

А) Жоңышқа сепсе, жер тыңаяды.

В) *Денем сергіп, тыңайып қалыппын.

С) Тың және тыңайған жерді игеру басталды.

D) Биыл тыңайған жерден біраз өнім алынды

Е) Егін тыңайған жерге себілді.


11. Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз.

А) Қалыңдық.

В) Қасы.

С) Шабу.


D) *Қарт.

Е) Тарту.


12. Біріккен сөздегі кейінді ықпалды белгілеңіз.

А) *Қараойда жалғыз үй отыр.

В) Белдеуден атын босатпады.

С) Ақын секем ала бастады.

D) Салт аттылар осылай беттеді.

Е) Махамбет елден жырақ кетті.


13. Сын есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Төбең де қап-қара, аяқ астың да қап-қара.

А) Бастауыш.

В) Пысықтауыш.

С) *Баяндауыш.

D) Толықтауыш.

Е) Анықтауыш.


14. Болжалдық сан есім жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіз.

А) *-лаған, -деген, -лап, -дай;

В) –ыншы, -інші, -ншы;

С) –нан, -тен, -дан;

D) –дан, -сі, -і;

Е) –ның, -ы, -тан;


15.Туынды етістікті табыңыз.

А) *Басқар, ұшта.

В) Қыста, кеше.

С) Ертең, бүгін.

D) Отыр, жүр.

Е) Жүрді, алып келді.


16. Мөлшер үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

А) Ілгері кетті.

В) Сәл аялдады.

С) Күй шертті.

D) *Әжептәуір өскен.

Е) Таң алдында келді.


17. Бастауыш- тұйық етістік, баяндауыш – есім сөзден болғанда қойылатын тыныс белгісін анықтаңыз.

А) Үтір.


В) Дефис.

С) *Сызықша.

D) Нүктелі үтір.

Е) Нүкте.


18. Қаратпа сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Шынын айту керек, өте оңай жеңдіңіз.

В) Апырау, Сүгірәлі ғой мынау!

С) Меніңше, Щербаков кемшіліктерді тауып айтты.

D) *Сапарың құтты болсын, қарағым!

Е) Мүмкін, Баймақан бабын тапқан болар.


19. Ата заңымыз қай стильге жатады, белгілеңіз.

А) *Ресми.

В) Ауызекі.

С) Ғылыми.

D) Публицистика.

Е) Көркем әдебиет.


20.Көнерген сөзді табыңыз.

А) Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында.

В) Отаның мен халқыңа қызмет ет.

С) Ол жанын шүберекке түйді.

D)* Бақа – көлінде патша,

Балық суында патша.

Е) Өзі оңбаған ант ұрған.
21. Түбірдің анықтамасын табыңыз.

А) Бір түбірден жасалған әр түрлі сөздер.

В) *Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі.

С) Жалпыға ортақ тіл.

D) Дыбыстардан құралған бөлшек.

Е) Заттың атауы.


22. Бірге жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз.

А) *Қара қыпшақ, қалам ақы.

В) Қол таңба, оқу орны.

С) Сыр дария, Жиренше шешен.

D) Тыйым салу, кәсіп одақ.

Е) Бес жылдық, жылдан жылға.


23.Жай сөйлемнің қай түрі екенін белгілеңіз.

Жайдарлы жаз.

А) Жалаң.

В) *Атаулы.

С) Жақсыз.

D) Толымды.

Е) Жақты.


24. Түсіндірмелі салалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Мына ағайдың жүзінде әжімнен сау жер жоқ, әйтсе де беті ойнақы еді.

В) Бүгін ай туыпты.

С) *Сиырлар есебінен жаңылмайсың: тарғыл аласы он жеті, қызыл шұбары – он үш.

D) Сыныпқа мұғалім мен директор кірді.

Е) Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын жауып алыпты.


25. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді табыңыз.

А) – Үйлеріңде басқа ересек адам бар ма? деп сұрады ол.

В) – Үйлеріңде басқа ересек адам бар ма? деп - сұрады ол.

С) – Үйлеріңде басқа ересек адам бар ма? деп, сұрады ол.

D) *– Үйлеріңде басқа ересек адам бар ма? - деп сұрады ол.

Е) – Үйлеріңде басқа ересек адам бар ма?, деп сұрады ол.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет