1. Оқу пәнінің паспорты Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы



бет17/29
Дата05.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#180259
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
Байланысты:
Каз экон геог кыскаша лекция
ЖОО --МӨЖ, 4-лекция, 13 билет ресурс кз, Кымбат Метеорология (каз), Оқу бағдарлама Дүние жүз саяси экон.әлеу. геогр - копия, ландшафттану Байсеркеева Л
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
14 тақырып. Батыс Қазақстан экономикалық географиялық ауданы
Жоспар
1 Өнеркәсібі
2 Ауыл шаруашылығы
3 Экологиялық проблемалары
4 Қалалары
Батыс Қазақстан - республикамыздағы жетекші салалары мұнай өндіретін және өңдейтін, мұнай химиясы мен балық өнеркәсібі, ферроқорытпа (24% жуық) және минералды тыңайтқыш (35%) өндіретін жалғыз экономикалық аудан. Ауданының жалпы аймақтық өнім шығарудағы үлесі 27%.
Мұнай және газ өндіру ауданның барлық облысында жүргізіледі. Олардың арасында мұнайды көп өндіретіні Атырау облысы (республикалық өнімнің 30%), ал газды Атырау (49%) және Батыс Қазақстан (25%) облыстары. Атырауда республикамыздағы ірі мұнай өндеу зауыты жұмыс істейді (республика бойынша өнеркәсіп өнімінің үлес салмағы (26%). Ауданның батысында Қарашығанақ мұнай газ конденсаты кен орны бар. Бүл жерде мұнайды өндірумен бірге жаңадан салынған зауытта мұнайды өңдеу жұмыстары қатар жүргізіліп, өндірісті одан ары дамытуда Жаңаөзен қаласында этан шығаратын газ өңдеу зауыты жұмыс істейді. Бұл газ Ақтау қаласындағы пластмасса зауытының шикізаты. Атырауда полиэтилен, полипропилен және пластмассадан жоғары температураға шыдамды заттар шығаратын зауыт бар. Ақтөбе облысындағы хром кені базасында қара және түсті металлургия салалары дамыған. Кен орнында Хром қосылыстары және ферроқорытпа зауыттары жұмыс істейді. Хром кенінің және хром қосылыстарының негізгі бөлігі жақын және алыс шетелдерге экспортқа шығарылады. Облыс аумағында никель де өндіріледі.
Химия өнеркәсібі негізінен Ақтөбе облысында шоғырланған. Ақтөбе лак-бояу зауыты және күкірт-бор қышқылы мен минералды тыңайтқыш шығаратын Алға химкомбинаты бар. Машина жасау өнеркәсібі көбінесе қосымша сала ретінде дамыған. Атырау, Орал және Ақтөбе қалаларындағы зауыттарда жетекші өнеркәсіп салаларына арналған машина және құрал-жабдықтар шығарады. Атырау зауыты мұнай-газ өнеркәсібіне арналған құрал-жабдықтар шығарады. Балықшы кентінде кеме жөндеу зауыты, Ақтөбеде рентген құрал-жабдықтарын шығаратын зауыт жұмыс істейді.
Агроклиматтық жағдайының күрделілігіне қарамастан ауыл шаруашылығының бірнеше салаларын дамыту қолға алынған, жетекші саласы — мал шаруашылығы. Ауданның солтүстігінде жаздық бидай егіледі және ірі қара өсіріледі. Оңтүстік аймақтарында судың жетіспеуінен егіншілікпен айналысу шектеулі түрде ғана, сондықтан да түйе және қой шаруашылығын дамыту тиімді. Егіншіліктің жалпы ауданы бар-жоғы 3%, оған дәнді дақылдардан жаздық бидай, тары, қара бидай, техникалық дақылдардан - күнбағыс, жүгері және қыша егіледі.
Тамақ өнеркәсібінде балық аулау және балық өңдеу салалары (Атырау қаласындағы балық өңдеу комбинаты, Балықшы балық консерві зауыты) ерекше орын алады. Тамақ өнеркәсібінің (ұн тарту,нан пісіру және т.б.) жақсы дамыған облыстарына Батыс Қазақстан және Ақтөбені жатқызуға болады. Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жеңіл өнеркәсіп біршама жақсы дамыған. Негізгі кәсіпорындарына тігін және былғары аяқ киім өнеркәсібі (Оралда киіз байпақ және тері фабрикасы) жатады.
Басқа экономикалық аудандарға қарағанда Батыс Қазақстан республикамыздағы көліктің барлық түрін (темір жол, құбыр, автомобиль, өзен, теңіз, әуе жолдары) пайдаланатын аймақ. Көлік жүйесінің барлық түрінің дамуы кершілес жаткан Ресей және Орта Азия республикаларымен қарым-қатынас жасауға мүмкіншілік береді.
Аймақтың аумағы арқылы жоғары деңгейде механикаландырылған және автоматтандырылған магистральды құбыр жолдары салынған. Олардың бірнешеуі мемлекетаралық маңызға ие: Ақтау- Атырау-Самара (Ресей), Орта Азия-Орталық, Бұқара-Орал (Ресей), Атырау-Ор (Ресей), Қарашығанақ-Орынбор (Ресей) және Жаңаөзен-Атырау-Самара (Ресей). Құрлық көліктері арасындағы маңыздысы - темір жол.
Каспий теңізінің Шығыс жағалауында республикамыздағы жалғыз Ақтау порты орналасқан. Порт әр түрлі құрғақ жүктерді, шикі мұнайды, мұнай өнімдерін шет елдерге тасымалдауға арналған. Порттың айналасындағы су қатпайтын болғандықтан жыл бойы жүк тасымалдауға мүмкіншілік бар. Бір мезгілде сыйымдылығы 12 000 тонна болатын, төрт танкерге қызмет жасай алады.
Аймақ шаруашылығының карқынды дамуы нәтижесінде төрт ірі өнеркәсіп орталықтары қалыптасты.
Атырау-Ембі өнеркәсіп торабы өнеркәсіптің мұнай және балық өңдеу салаларына маманданған. АӨК құрамына енетін өндірістер: Атырау қаласындағы мұнай өңдеу зауыты, республикамыздағы ең ірі балық өңдеу комбинаты мен машина жасау зауыты (мұнай- газ өнеркәсібіне арналған құрал-жабдықтар шығарады) және Балықшы кентіндегі кеме жөндеу зауыты мен балық консерві комбинаты.
Маңғыстау өнеркәсіп торабының (құрамында Ақтау, Жаңаөзен, Форт-Шевченко қалалары мен бірнеше кенттер бар) негізгі маманданған саласы - мұнай-газ өнеркәсібі. АӨК құрамында: газ өңдеу зауыты (Жаңаөзен қаласы), пластмасса зауыты (Ақтау қаласы), балық консерві комбинаты (Баутина кенті), балық зауыты мен токыма фабрикасы (Ералиев кенті) бар. Кешеннің дамуына Маңғыстау түбегіндегі мұнай, газ, құрылыс материалы сияқты ресурстардың тигізер үлесі зор. ТМД көлеміндегі мұнай өндіретін аудандар арасында Маңғыстау 6-шы орынды иемденеді, кешеннің аумағы 128 мың км², қала халқы 87%.
Ақтөбе өнеркәсіп торабы никель, хром өндірісіне маманданған, хромды өндіретін және байытатын кәсіпорны Хромтау қаласында орналаскан.
Сонымен бірге маманданған салаларына ферроқорытпа, минералды тыңайтқыштар, суперфосфат, мұнай құрал-жабдықтары мен рентген жабдықтары өндірісі жатады (Ақтөбе).
Орал өнеркәсіп торабы ауыл шаруашылық, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өңдеуге маманданған. Өнеркәсіп торабының құрамы: механикалық, жөндеу, аспап жасау зауыттары, құрылыс-монтаж құралдарын дайындайтын зауыт, кеме жөндеу кәсіпорны, металл бұйымдары зауыты, былғары зауыты, байпақ-киіз фабрикасы, ет консерві және ұн тарту - жарма комбинаты, мия зауыты және т.б. Соңғы кездерде Батыс Қазақстанның экономикасының көтерілуі aуданның көптеген экономикалық-әлеуметтік проблемаларын шешуге мүмкіншілік береді. Былтырғымен салыстырғанда жаңа жұмыс орындары 30%-ға көбейді. Жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында кәсіби деңгейін көтеру орталықтары ашылды. Нәтижесінде жұмыссыздар саны 2%-ға төмендеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет