1. Педагогикалық психологияның пәні мен құрылымы


Мұғалімнің іс-әрекетіндегі сабақты психологиялық талдау



бет25/25
Дата26.12.2022
өлшемі66,42 Kb.
#164491
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Педпсих сессия (копия)
соөж1, 1 травм, Қала құрылысының мониторингі, История моей специальности
51. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі сабақты психологиялық талдау
Педагогикалық іс — әрекетте сабақ ерекше маңызды орынға ие. Сабақ мұғалім мен оқушының арасында арнайы ұйымдастырылумен жүретін біріккен іс — әрекет.
Сабақтың анализі оқу іс-әрекетін жүзеге асыруда маңызды тәсілдердің бірі.
Сабақты талдауға Т.Ю.Андрющенко, Н.Ф. Добрынин, С.В. Иванов, Е.С. Ильинская, И.В. Карпов, Ю.Л. Львова, Л.Т. Охитина, Е.И. Пассов т.б. көп еңбек сіңірді.
Мұғалім тарапынан сабақты психологиялық талдау не береді деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Кез-келген сабақты талдау — психологиялық, педагогикалық, әдістемелік аспектілерін қамтып, бір-бірімен тығыз байланыста кешенді қарастыру мәселесі.
Сабақты талдау — сабақ беруші мұғалімнің өзін тануға, дамытуға, білім беру қабілеттіліктерін арттыруға көмектеседі. Мұндай процестің нәтижесінде мұғалім өз сабағына басқа қырынан қарап, талдап, бағалауға мүмкіндік береді.
Өзінің педагогикалық іс-әрекетін талдап, өзінің әлсіз және күшті жақтарын анықтап қабілеттіліктерін дамытады.
Сабақтың психологиялық анализі көпқырлы: бұл мұғалімнің психологиялық ерекшеліктері (оның тұлғасы, іс-әрекеті), оқу процесінің заңдылықтары, сыныптың, оқушының психологиялық ерекшеліктері мен тұлғалық заңдылықтар (белгілі білімді меңгеру, дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастыру).
Сабақтың психологиялық анализі мұғалімде аналитикалық қабілеттіліктерді қалыптастырып, танымдық қызығушылықтарын дамытады, оқыту мен тәрбиенің психологиялық мәселелерін өз бетімен зерттеуге мүмкіндік береді.
Күрделі педагогикалық мәселеге психологиялық бақылау жүргізу, оны талдап, психологиялық дұрыс шешім жасау мұғалімді кәсіби — педагогикалық шеберлігін жетілдіруде маңызды ролге ие.
Анализ С.Л. Рубинштейн бойынша, “бұл пәнді, құбылысты, ситуацияны талдау және оның элементтерін, бөлімдерін анықтау”.
Мұғалім сабақ барысында көптеген байланыстар жасайды, жеке оқушымен, сыныппен, пәндік материалдармен қарым-қатынас жасайды.


52. Оқу- педагогикалық ынтымақтастық
Оқу ынтымақтастық жалпы сипаттамасы
Ынтымақтастыұ қазіргі күннің беталысы ретінде жоғарғы білім беру де қазіргі күні идеялардың ықпалында болып отыр, бұл идеялар жалпы және педагогикалық психология теоретиктері (Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, Ш.А. Амонашвили және т.б.) мен бүгінгі күнгі мектептердің алдыңғы қатарлы практиктерінің жұмыстарында тұжырымдалған (А.С. Макаренко, А.В. Сухомлинский және т.б.). Бұл идеялар, жекелеп алғанда, ынтымақтастықтың қазіргі күнгі білім берудің анықтаушы негіздерінің бірі ретінде мақұлдануынан көрініс тауып отыр.
Ынтымақтастық – бұл балалар мен үлкендердің бірбірінің рухани өміріне өзара түсіністікпен, ұғынушылықпен, осы әрекеттің барысы мен нәтижесін ұжымдық талдаумен бекітілген, бірлескен дамытушы іс-әрекетінің гуманистік идеясы.... Еңбектестік стратегиясының негізінде педагогтың оқушыларының танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мен бағыттау идеясы жатыр
Ынтымақтастық біріккен іс-әрекет ретінде, өзара әрекеттесуші субъекттердің белсенділігін ұйымдастырушы жүйе ретінде сипатталады
: 1) кеңістік және уақыттық қатар болумен
, 2) мақсаттардың бірлігімен
3) іс-әрекетті ұйымдастыру және басқарумен,
4) функцияларды, әрекеттерді, операцияларды бөлісумен
5) позитивті тұлға аралық қатынастардың болуымен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет