1 практикалық сабақ: Басқару ғылымының пәні мен әдісі. Менеджменттің мәні мен қағидалары


Қоғам жүйесіндегі басқару қарым-қатынастарынң түрлері



бет2/2
Дата08.11.2022
өлшемі17,71 Kb.
#157165
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Менеджмент 1 жауап
080df9bb-0612-4d77-b17c-944a11fd7721, doc455721178 552660855
Қоғам жүйесіндегі басқару қарым-қатынастарынң түрлері. Басқарудың қажеттілігі.Нарықтық экономика жағдайында басқару ісі одан әрі күрделене түсіп, бәсекелестік, меншік формаларының сан алуандығы, шаруашылық дербестік орын алғанда басқарудың қажеттілігі мен басқаруға қойылатын талаптар арта түседі. Басқарудың мақсаты – кәсіпорын мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып алға қойылған нәтижеге қол жеткізу. Қазіргі кездегі басқаруға қойылатын талаптардың негізгі бағыттары және олардың даму тенденциялары туралы төмендегідей түсініктеме беруге болады: 1.Басқарудың кәсіптілігін дамыту, яғни теориялық білім мен іскерлікті және тәжірибені ұштастыра білу. 2.Басқаруды демократияландыру – қызметтің орындау барысы мен маңызды мәселелерді шешуге әріптестерді кеңінен тарта білу жєне басқарушы қызметкерлерді тиімді таңдау мүмкіндігі. 3.Еңбек бөлінісі негізінде басқаруды мамандандыру сол арқылы басқару еңбегінің арнайы қызмет түріне бөліне отырып басқару персоналының жіктелінуі. 4. Басқаруды шоғырландыру мақсатты орындауға қолданылатын басқару әдістерімен формаларын өзара сәйкестендіру мен үйлестіру. 5. Басқаруды орталықтандыру – қазіргі кездегі өндірістік жүйенің күрделілігінен туындайтын өзіндік басқару мен өкілеттілік басмшылықтың бір органға жинақталуы жөнінде тиімді аралық қарым – қатынастың орнықтырылуы. 6. Басқару шешімдерінің көп нұсқалылығы – проблемаларды шешудің ең қолайлы жолын таңдау арқылы қосымша күттірмеген шығындарға басшылықтың жол бермеуі. 7. Басқару еңбегінің мәдениетін көтеру, яғни басқару әрекетін орындауға моральдық, этикалық, құқықтық нормаларды кеңінен қолдану.
3. Нарықтық экономикадағы басқару объектілері. Басқару объектісібұл бақарылатындардың барлығы, яғни сала, кәсіпорын, бөлімшелер және т.б. Менеджментте басқару объектісі ретінде әр уақытта белгілі бір мақсатқа жету үшін өздерінің іс-қызметтерін үйлестіретін және бағытталатын адамдар тобы қарастырылады. Басқару субъектісібұл басқарушылардың барлығы, яғни саланың, кәсіпорынның, бөлімшелердің басқару аппараты. Басқарудың объектісі мен субъектісінің арасында тура және кері байланыс болады. Тура байланыс – бұл басқару объектісіне субъектіден түсетін әмір (команда). Кері байланыс – бұл басқару субъектісіне объектіден әмірдің орындалғаны және оның жағдайы туралы түсетін ақпарат. Басқару объектісі мен субъектісінің жиынтығы тура және кері байланыстармен бірге басқару жүйесін құрайды. Басқару жүйесінде басқару объектісін басқарылылатын жүйелілік, ал субъектісін – басқаратын жүйелілік деп жиі айтылады. Басқару субъектісі объектіге берілген мақсатқа сәйкес ықпалын жүргізеді. Бұл үшін басқарылатын жүйе бөлігі басқару объектісіне көрсетілген ықпалынан кейін оның жағдайы қандай екенін анық білуі керек. Мақсатқа анық бет бұру үшін басқару субъектісіне объектіге ықпал көрсетілгенше және көрсетілгеннен кейінгі жағдайлары бойвынша ақпарат түсіп отыруы қажет, басқаша айтқанда басқару жүйесінде тура және кері байланыс айқын түрде ұйымдастырылуы керек. Сонымен ақырында, басқарудың қайсы бір экономикалық жүйесі болса да, онда белгілі материалдық, еңбек, қаржы және басқа ресурстар болуы керек.
4.Тарихи алғышарттар мен менеджмент эволюциясының даму. Басқарудағы әртүрлі мектептерді бөлу позициясының тәсілі: ғылыми мектебі, әкімшілік мектебі, адамдар арасындағы қарым-қатынастар мектебі, тәртіптілік мектебі, басқару ғылымы мектебі немесе сандық әдістер мектебі. Басқару ұғымы бір ғасырдан аса осы уақытқа дейін дамып келе жатқан ұғым. Экономикалық мақсатқа сүйеніп құрылған кәсіпорындардың қаржылық, технологиялық жұмыс күшінен тұратын көздерінің ең ыңғайлы түрде басқаруын түсіндіреді. Мұндай анықтама ХVІІІ ғасырдан басталған өнеркәсіптік кезеңде өндіріске негізделген ірі кәсіпорындардың жоқ болғандығына сүйенеді. Сонымен қатар, бұл дәуірлерде басқарушы және басқарылушы адам немесе қоғамның бар екендігіне назар аударсақ, басқару ұғымының көне дәуірлерді, тіпті алғашқы қауымдық құрылыс кезінде де бар екендігіне шек келтіре алмаймыз. Әлеуметтік ғылымдармен техникалық ғылымдардың пайда болу және дамуы жағынан маңызды өзгешеліктері бар техникалық ғылымдар ойлап табуға сүйенеді және жаңалықтар табумен басталады. Бұл жаңалықтар дамытылып ауқымды түрде қолданылатын дәрежеге жеткізіледі. Ал әлеуметтік ғылымдар, қоғамдық іс-шаралардың маңызды әрі ортақ жақтарының белгілі бір теория түрінде қалыптасуын қадағалайды; басқаша айтқанда қоғамдық оқиғаларды анықтауды және түсіндіруді мақсат етеді. Бұл тұрғыдан алып қарағанымызда басқару, әлеуметтік білім саласы болып табылады. Тарих бойынша қоғамдардың жүйелі түрде әрекет етулері жайында маңызды әрі толымды қорытындылар жасалынған. Әлеуметтік ғылымдар саласы, бұл жүйе мен түр түсінігін кейбір мақсаттармен байланыстыра отырып түрлендіру негізіне сүйенеді. Басқару теориясының дамуы. Басқару теориясының дамуы зерттелгенде өте ескі еместігі айқындалады. Негізінде кәсіпорындардың ерте пайда болу себебінен олардың басқару жүйесі де ескі болады. Тек қазіргі заман тлабына сай кәсіпорынның бақару жүйесі ғана жаңа. Әсіресе ХVІІІ ғасырда кәсіпорындардың үлкею нәтижесінде жаңа қарым-қатынастар көріне бастады. Мұнда басқарудың дамуын жалпы көзқараста емес уақытпен санаса отырып зерттеу қолайлы болады. Басқарудың сатылары төмендегідей: Жаңа басқарудан бұрынғы кезең (1880 жылға дейін) Бұл кезең “адамдардың іскерлік қызметтері” арқылы басталған және 1880 жылы ғылыми түрде зерттелгенге дейін жалғасып келген. Жаңа басқарудан бұрынғы кезеңде жұмысшылар дерлік өз бақылаушыларына бағынышты және автократиялық қарым-қатынаста болған еді. Ескі Мысыр пирамидалары сол дәуірде салынған. Жаңа басқару дәуірі. Жаңа басқару дәуірі 1880 жылдардан басталып бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда. Бұл дәуір төмендегідей топтарға бөлініп зерттеледі. Классикалық басқару көзқарасы. Классикалық басқару теориясы туралы үш көзқарас бар. Олардың біріншісі Фридрих Тейлордың жетекшілігінде болған ғылыми басқару (); екіншісі Генри Файелдің Басқару процесі көзқарасы және үшіншісі Макс Вебердің Бюрократиялық көзқарасы. Классикалық басқару теориясының іс-шаралары 2 нүктеде түйінделеді. Біріншісі, … жұмыстарын жүргізгенде құрылғыларға қосымша ретінде адамдардың тиімді және өнімді жұмыс істеуі, ал екіншісі типтік ұйым құрылымының қалыптасуы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет