1. Проблемалық сұраұтар



Дата18.11.2022
өлшемі17,31 Kb.
#158881
Байланысты:
12.docxРизабекова Жансая
«Геометрия» п нінен то санды жиынты ба алауды спецификациясы , 4 5785256909749619464, 10 лекция, 1

1.Проблемалық сұраұтар:
1. Қазақ тіл білімінде когнитивтік теорияның дамуы қашан етек алды?
Тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымының өзіндік қалыптасу тарихы, ғылыми мақсаты мен белгілі бір зерттеу нысаны бар, тоғыспалы ғылымдар нәтижесінде дүниеге келген жас ғылым саласы. Когнитивтік лингвистика «когнитология» мен «лингвистиканың» өзара тоғысуының нәтижесінде туындаған пән.Когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдары: ойлау, білім, когниция, дүниені тілдік көру, концепт.Қазақ лингвистикасындағы когнитивтік парадигманың даму тарихы ХІХ ғасырдың І жартысынан басталады.Ал оғанға дейінгі жалпы теориялық мәселелері қазақ тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов секілді ғалымдардың еңбектерінде арнай сөз болмағанымен, тілдің танымдық қасиеті мен адамға қатысы туралы ой ұшұындарының орын алғандығын көруге болады.Жоғарыда аталған қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалымдардың еңбектерін кезең – кезеңге бөліп, тілтанымдық тұрғыда арнайы зерттеген Э.Оразалиева былайша талдап көрсетеді: «А.Байтұрсынұлының сөз өнері туралы айтқан пікірлерінің тоғысында тілтану мәселелері когнитивтік лингвистикалық негізде қарастырылады.Ғалымның «Әдебиет танытқыш» еңбегінде тіл, сөз ұғымдарына логткалық – танымдық тұрғыдан келгені байқалады.
Қолданылған әдебиеттер: https://massaget.kz/qaarc/qa/23517/
2. Тіл біліміндегі парадигма-теория-тұжырымы арақатынасы қандай?
Білім және ақпарат: когнитивтік үдерістер. Когнитивизмнің зерттеу нысаны адам ақыл-ойы, санасы және солармен байланысты менталды үдерістер. Қазір “когнтивизм” термині аясында келесі мәселелер қарастырылады: а) адамның “ойлау механизмін” зерттеу бағдарламалары; ә) әр түрлі каналдар арқылы адам миына түсетін ақпараттарды өңдеу үдерістерін зерттеу; б) әлемнің менталды моделінің құрылымы; в) әр текті когнитивтік актілерді қамтамасыз ететін жұйелердің құрылысын; г) табиғи тілде баяндалған ойларды адамның және компьютерлік бағдарламалардың қалыптастыруы мен түсінуі; мәтінді түсінуге және тудыруға қабілетті компьютерлік моделдердің жасалуы; д) ойлау актілеріне қызмет ететін психикалық үдерістердің түрлері.
3. “Тілтану” парадигмасының қалыптасуына не себеп болды?
ХХ ғасырдың алғашқы жартысын қамтыған тілдік зерттеулер «...қазақ лингвистикасының тармақталып, молырақ көлемде көріне бастаған» [9, 40-б.] ізденістерін құрай отырып, маңызды тілтанымдық тұжырымдардың да қалыптасуына ықпал етті. «Жиырмасыншы жылдар кеңес дәуіріндегі қазақ тіл білімі дамуының әрі дайындық кезеңін, әрі аса маңызды қалыптасу кезеңін қамтыды» [14; 19-б.],- деп белгілі ғалым І.Кеңесбаев атап өткендей, «тіл тану» ұғымының қолданысқа ене бастауымен ерекшеленетін бұл кезең қазақ тіл біліміндегі танымдық бағыттың қалыптасуын өзектеумен қатар, тілдік мәселелердің кең көлемде әдеби, пәлсапалық, логикалық ұстанымдарды айқындауға қатыса алатындығын дәлелдеді. Алғашқы бастамасын А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы сынды тілшілердің еңбектері құраған қазақ тілінің зерттелу бағыты кейін Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Х.Басымов, Г.Бегалиев, С.Жиенбаев және т.б. ғалымдардың жұмыстарында жалғасын тапты. Филологиялық мәселелерді әдіснамалық негізде және пәнаралық байланыстарға сүйене отырып шешуге тырысқан тілші-ғалымдар тілдік фактілерді адам болмысын, оның физиологиялық, психологиялық табиғатын пайымдап түсіндіруге мүмкіндік беретін амалдар тізбегі деп қарастырды. Адамзат атаулына тән әрі тіл мен ойлау арақатынасынан бастау алатын зейін қою, жадыда сақтау, елестету, қиялдау, шығармашылық деңгейді таныту, образды түрде қабылдау әрекеттерінің барлығын тіл табиғаты мен қызметін анықтайтын мәселелер қатарына жатқызған зерттеушілер лингвистикалық ізденістердің өзгеше мақсат-міндетін сұрыптады. Оның себебін екі жақты факторлардың әсерімен уәждеген дұрыс. Біріншіден, субъективті негізде; екіншіден, объективті жағдайларға сүйене отырып. «Біздің денеміз бейнелерді, дыбыстарды, иістерді қабылдайтын және оны физикалық байланысқа түсіретін құрылғыларға толы
4. Қазақ лингвистикасында тілтанымдық “этюдтер” парадигмасына зерттеушілірдің беретін сипаттамасы қандай?
Қазақ тіл білімінің қазіргі даму сипатын жан-жақты айқындау
Лингвистикалық тұжырымдамалардың аса құнды желісін ғалымның тарихи
«Әрбір халық өзін-өзі дана санайды. Бұл – заңды
Ә.Қайдар қазақ тіл біліміндегі танымдық бағыттың маңыздылығына мән
Р.Сыздық зерттеулерінің де маңызды бөлігін «қор» ұғымы мен
«Қазақ табиғатын» қисса-шежірелермен, ақын-жыраулар шығармаларымен сабақтастыра айқындаған ғалымдардың
«Тілдің, оның даму заңдарын халық тарихымен тығыз байланыста»
«Сөздік қор – аса күрделі тілдік нысан, бірақ
«Адам факторының тілдегі көрінісін, тіл мен сол тілді
Тілдік қордың толығу жолдарын құрайтын мәселелер қатарында ғалымдар
Тілдік қордың қалыптасу мен дамуын айғақтар құрылымдар қатарында
5. Тілтаным теориясының концептологиялық негізі не?
Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистика мәселелері ХІХ ғасырдың
соңы мен ХХ ғасырдың басында нақты лингвокогнитивтік нысаналары
белгіленіп арнайы зерттеле бастады. Ал оғанға дейінгі жалпы теориялық
мәселелері қазақ тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов,
С.Аманжолов секілді ғалымдардың еңбектерінде арнайы сөз болмағанымен
тілдің танымдық қасиеті мен адамға қатысы туралы ой ұшқындарының орын
алғандығын көруге болады. Жоғарыда аталған қазақ тіл білімінің негізін
салушы ғалымдардың еңбектерін кезең-кезеңге бөліп, тілтанымдық тұрғыда
арнайы зерттеген Э.Оразалиева былайша талдап көрсетеді:
«А.Байтұрсынұлының сөз өнері туралы айтқан пікірлерінің тоғысында тілтану
мәселелері когнитивтік лингвистикалық негізде қарастырылады. Ғалымның
«Әдебиет танытқыш» еңбегінде тіл, сөз ұғымдарына логикалық-танымдық
тұрғыдан келгені байқалады. Ақыл ісі, қиял ісі, көңіл ісі деген философиялық,
психологиялық категорияларды басшылыққа ала отырып, тілді адаммен бірге,
антропологиялық парадигмада алып қарайды. Тілдің шын мәніндегі «құрал»
болу қасиетін «ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп қисынын,
қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығаруда» деп көрсетуін таза
лингвистикалық тұрғыдан берілген анықтама деп түсінуге болмайды. «Көркем
сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі» дей келіп, тілді анықтауда таным
теориясының теориялық және эмпирикалық таным деңгейлеріне ерекше мән
береді. Тілді зерттеуде ғалым тіл мен сөйлеу ұғымдарының дихотомиясын,
олардың ойлаумен қатысын басшылыққа алған. «...Айырыңқы, яки талдама
оңтай – нәрсені бұтарлап, мүшелеп, ұсақтай түсіндіргенде қолданылатын
оңтай», «жиылыңқы, яки терме оңтай –нәрсенің мүшесін жинастыра,
құрастыра, іріктей түсіндіргенде қолданылатын оңтай» деп, логикалық
ойлаудың әдістерінің сөйлеуге әсерін, сөйлеудің логикалық мазмұнын басты
назарға алған. Сонымен қатар, «сөз айтудың» ерекшелігін пайымдауда да зейін,
пайым, пікір, ақыл, қиял мен қиыс т.б. психологиялық ұғымдарды басшылыққа
ала отырып, сөйлеудің психолингвистикалық мәніне көңіл бөледі.
А.Байтұрсынұлының тіл туралы пайымдаулары қазақ тіл білімінің когнитивтік
лингвистика, этнолингвистика,
психолингвистика, лингвомәдениеттаным, қазақ көркем сөз мәдениеті мен
поэтикасы т.б. арналарын құрайды деп айта аламыз. Сайып келгенде, ғалымның
тұжырымдары антропологиялық лингвистиканың негізіне алынады [7]. Қазақ
тіл білімінің теориялық тұрғыдан өрістеп дамуы Қ.Жұбановтың зерттеулерімен
тығыз байланысты. Жалпы ғалымның зерттеулеріннен тілдің адамға қатысы
туралы мәселелерді мынадай пікірлерінен кездестіруге болады. Ол: «сөз деген –
зат біткеннің бәрінің аты емес, әр елдің өзінің білген затының, білген
құбылысының аты ғана. Ел-елдің білгені де, білмегені де толып жатыр.
Мәселен, шөптер мен жәндіктердің көбісінің аты тілімізде жоқ. Өйткені олар
бізге аса көп кездеспеген, кездестірсек те елемегенбіз... Айталық, шөптердің
ішінде мал жейтіндерін, отын болатынын, бояу болатынын, ем болатынын, не у
болатындарын біледі де, соларға ғана ат қояды. Танымаған кісінің атын
білмегеніміз сияқты, білмеген нәрсенің аты да тілімізде болмайды» деп сөздің
атауыштық, танымдық және қатысымдық қасиеттеріне құндылық бағдары
тұрғысынан нақты лингвогносеологиялық анықтама береді [8].
Э.Оразалиеваның зерттеулерінде жалпы қазақ когнитивтік лингвистикасының
қалыптасуы мен дамуын тұтастықта ала отырып, оның диахрондық және
синхрондық сипатына талдау жасап, хронологиялық тұрғыдан арнайы
көрсеткіші ғылыми тұрғыда беріледі. 

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет