1. ҚР Әкімшлілік құқық бұзушылық кодексі


ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 510,511,,512 баптары



бет3/5
Дата04.01.2022
өлшемі19,59 Kb.
#108977
түріКодекс
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бактыгалиев Жасулан 1
Српс русский язык, It is customary to call the perimeter the length of all sides of the polygon, rubrika, 3. Педагогикалы жымда ы а ты ысты т рі мен формалары Са ат с, 3. Педагогикалы жымда ы а ты ысты т рі мен формалары Са ат с, Қарттарым-асыл қазынам тәрбие сағаты, Д Тарих (1), 1369111056361 (1), Без имени 1
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 510,511,,512 баптары

510-бап. Шекара аймағында шекара режимiн және жекелеген жерлерде болу тәртiбiн бұзу

      1. Мыналардың:

      1) жеке басын куәландыратын құжатсыз Қазақстан Республикасы азаматының;

      2) жеке басын куәландыратын құжатсыз не ішкі істер органдары беретін рұқсатсыз шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның;

      3) Қазақстан Республикасына жеке басын куәландыратын құжатсыз оңайлатылған өткізу пункттері арқылы кірген не белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасынан кетуден жалтарған шетелдіктің (іргелес мемлекеттердің шекаралас аудандары тұрғынының), сол сияқты шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан шығу мақсатында өткізу пунктіне халықаралық теміржол және автомобиль қатынастары жолдары бойынша шекара аймағы арқылы жүруі кезіндегі маршрутын өзгертуі –

      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Шекара аймағында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін хабардар етпей, шаруашылық, кәсiпшiлiк және өзге де қызметтер жүргiзу, қоғамдық-саяси, мәдени және өзге де iс-шаралар өткiзу –

      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуі үшін Қазақстан Республикасының уақытша жабық аумағына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және ішкі істер органдарының рұқсатынсыз шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның кіруі (өтуі), онда уақытша болуы немесе жүріп-тұруы -

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Осы баптың екінші, үшінші бөлiктерiнде көзделген, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған іс-әрекеттер –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.

      5. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, Қазақстан Республикасының азаматы әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған іс-әрекеттер –

      жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 510-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

511-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ пен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан аумағында белгіленген тыйым салуларды бұзу

      Ескерту. 511-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 29.05.2020 № 337-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтың аумағында болуы –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ аумағында диверсияға қарсы және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстарды қоспағанда, құрылыс салу және қандай да бір жұмыстар жүргізу –

      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдарын, базалары мен қоймаларын тікелей пайдаланумен байланысты емес ғимараттар мен құрылысжайларды салу, шаруашылық және өзге де қызмет, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан аумағында атыс қаруынан оқ ату, пиротехникалық заттар мен бұйымдарды пайдалану, атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтер орнату, ұшу аппараттарын (оның ішінде пилотсыз) пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, байқауға, аудио- және бейнежазбаға, фототүсірілімге, ақпарат беруге арналған құралдарды, жүйелерді, құрылғылар мен аппаратураларды қолдану –

      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. 511-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.05.2020 № 337-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет