1. Рөлдік ойындар. Іскерлік ойындар. А іскерлік оқу ойындары: саяхат ойындары;блиц ойындары. Ә Өндірістік ойындар


Рөлдік ойындар. 2. Іскерлік ойындар. А) Іскерлік оқу ойындары: саяхат ойындары;блиц ойындары. Ә)Өндірістік ойындар



бет2/4
Дата21.01.2022
өлшемі25,23 Kb.
#112568
1   2   3   4
Байланысты:
Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады
1kurs1602fizika (3), 1kurs1602fizika (3), Қазақ тарихында болған шайқастар, 1-задания Құттыбай Айдана, 1-модуль коә
1. Рөлдік ойындар.
2. Іскерлік ойындар.
А) Іскерлік оқу ойындары: саяхат ойындары;блиц ойындары.
Ә)Өндірістік ойындар.
Рөлдік ойындар - интербелсенді әдістердің тиімді бір түрі.Рөлдік ойындар екіге бөлінеді:
1. Әрбір оқушы рөлде ойнайды.
2. Оқушылардың шағын топтары рөлде ойнайды.
Іскерлік оқу ойындарға келсек, мысалы, сабақ тақырыбы бойынша жазылған сценарийлерге қысқа жағдаяттар ойнау.Ал саяхат ойындарында оқушылар күнделік жүргізеді немесе достары мен туыстарына хат жазады.Блиц оқу ойындары туралы айта кетсек, олар шағын ойындар, оқушылардың нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталады.мынадай түрлері болады:фотосуреттерді баяндау(отбасы мүшелерін, достарын, өз үйіңді, бөлмеңді), сұхбат алу (мерекелер тақырыбы бойынша), шындық детекторы (дұрыс, қате), т.б.Өндірісті ойындарда әлеуметтік және экономикалық маңызы бар күрделі мәселелерді шешуге болады. Мысалы, «Қоршаған орта немесе қоқысты қайта жіберуге болады.»деген тақырыптарда.
Мектептегі шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша ойындарды екі түрге бөлуге болады.Олар:дайындық ойындары және шығармашылық ойындары.Дайындық ойындарына грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және орфографикалық ойындар жатады.Грамматикалық құрылымдарды есте сақтау қиындау және оқушыны жалықтырып жібереді.Сол себептен ойын бұл тапсырманы жеңілдетеді.Мысалы, затты тығып қойып, ағылшын тілінде «Менің көзілдірігім қайда?»немесе «Мынау не?»деп сұрақ қою.Сөз орын да есте сақтау оңай емес болғандықтан, ойын ойнатқан жөн деп есептеймін. Мысалы, «Домино», «Бинго»ойындары, қызықты геометриялық фигураларды сызып, оның әр бұрышына сандарды немесе әріптерді эстетикаға сай, ретсіз жазып қойып, атап беру.Фонетикалық ойындар сөзді дұрыс айтуға арналған.Ал орфографикалық ойындардың мақсаты сөзді қатесіз жазу.
Әдеттегідей ойынға оқушылар2-3 топқа бөлінеді.Бұл ойындарға дайындықтың қажеті жоқ, тек қана оқушыларды ойынның шарттарымен таныстырамын.Бұл ойындарды шығармашылық ойындардың қатарына қосуға болады.Сонымен қатар әртүрі викториналар, жағдаяттар, берейін ринг, рөл ойындарын, мысалы, «Жұлдызды сәт», «Таңғажайып алаңында», «XXI ғасыр көшбасшысы»ойындарын өткіземін.ойындардың бәрі дамыту ойындарына жатады.
Мектептерде ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі - сөздік жұмысын жүргізу.Ол оқушылардың сөздік қорын байытуда ерекше орын алады.Оқушының сөздік қорын тексеру әдістері бар.Олар мыналар.
1.Әңгімелесу, әңгіме құрату - өзін қоршаған орта туралы:үй іші, мектебі, сыныбы, ата-анасы, оқу-құралдары, т.б.
2.Оқушының күнделікті жиі пайдаланатын заттарын көрсету арқылы оны атату(киім-кешек, ыдыс-аяқ, үй жиһаздары т.б.).
3.Сөзді түсініп айту дәрежесін тексеру (таныс емес заттарды көрсету, т.б.).
Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы - оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптастыруды жүзеге асырамын.
Сөздік жұмысын ұйымдастырудың қағидаларын біліп алу қажет.Олар игерілуге, білуге қажетті сөздер, жиілік, ахуалдың - тақырыптық негізінде сөз ірітіледі. Ағылшын тіліндегі сөздер тек лексикалық түрінде ғана оқушыға меңгеріп қоймай, ол лексика-грамматикалық бірлікте іске асырылу қажет.Мысалы, «оқушы, оқы, кітап»деген сөздерді жеке бермей, оны сөз тіркесімен берген жөн.Бұл сөздік жүргізудің бір қағидасы болып саналады.
Ұстаз жан-жақты ізденісті қажет етеді». Орта мектепте шетел тілін оқытудың басты мақсаты коммуникативтік мақсат болуға тиіс, яғни орта мектепті бітіруші бағдарламада белгіленген көлемде оқыған шетел тілін қатынас құралы ретінде меңгеруге тиіс. Демек сөз әрекетінің негізгі түрлерін: монолог және диалог түрінде сөйлеу ауызша айтылған сөзі тыңдап, түсіну, жазбаша мәтіндерді оқып, ондағы ақпаратты қабылдай білу іскерліктерін меңгеруге тиіс. 
Шетел тілін оқытуда қолданылатын әдістердің ішінде ойын элементтері маңызды роль атқарады. Оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда, жаңа сөздерді меңгеруде, тілге деген қызығушылығын арттыруда, білім деңгейін тексеруде ойын элементтерін пайдаланған жөн. Мұғалім ойындардың сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы, өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алынған ойындар оқушылардың жас ерекшелігіне, сөз байлығына, білім деңгейіне сай болуы керек. Сабақ барысында ойын элементтерін пайдалану үшін мұғалім алдын-ала жоспар құрып алуы керек. Жоспар әдістемелік тұрғыдан қарағанда мынандай шарттарға жауап беруі тиіс: 
-ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сәйкес болуы; 
-ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі; 
-ойынның ойналу түрінің нақтылануы (топпен ойын немесе жекелей ойын); 
-ойынға қажетті материалдардың дайындалуы; 
-қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, тақпақтардың таңдалынып алынуы; 
-пысықталатын грамматикалық, лексикалық, фонетикалық материалдардың анықталуы; 
-ойынның өту барысының жоспары жасалуы. 
   Сабақта қолданылатын ойындар алуан түрлі. Олар оқу ойындары және коммуникативтік ойындар болып екіге бөлінеді. Бұл ойындардың шетел тілі сабақтарында әрқайсысының пайдалану орны, мақсаты, атқаратын қызметі жағынан айырмашылықтары бар. Шетел тілін оқытудың бастапқы сатысында оқу ойындарын немесе коммуникативтік ойындарды қолдану оқушылардың білім, білік дағдыларына байланысты шешіледі. Тілді жаңадан үйреніп жүрген оқушылар еркін қарым-қатынас жасап, сөйлесе алмайды, сондықтан мұғалім тек коммуникативтік ойындарды қолдана алады. Ойынды бастар алдында түсініктеме ана тілінде жүргізіледі. Ойын жарыс түрінде өткізілсе барлық оқушылар басынан аяғына дейін ықыласпен қатысады. Ойын элементтері оқушыларды жалықтырмайды, керісінше қызықтырады. Ойын соңынан оқушылардың пікірі, көзқарасы талданады, баға беріледі. Ойын арқылы оқушылар белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыланады. Бастапқы және кейінгі этаптарда шетел тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек.  
Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді:  
1)стол үсті ойындары 
2)дидактикалық ойындар 
3)қозғалыс ойындары 
4)іскерлік ойындар 
5)интеллектуалдық ойындар  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет