Органикалық затты бөлу (идентификациялау) студенттен органикалық қосылыстардың негізгі кластарының физикалық және химиялық қасиеттерін білуді талап етеді



бет1/3
Дата03.10.2023
өлшемі119 Kb.
#183422
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
1 лекц каз гр


3 Лекция
Тақырып: Алифатты органикалық қосылыстардың сапалық анализі
1. Органикалық заттарды бөлу (идентификациялау).
2.Алифатты органикалық қосылыстар, функциональдық топтар

Органикалық затты бөлу (идентификациялау) студенттен органикалық қосылыстардың негізгі кластарының физикалық және химиялық қасиеттерін білуді талап етеді.


Органикалық затты бөлуді (идентификациялау) екі сатыда жүргізеді: белгілі заттың мысалында және содан кейін белгісіз затты.


Белгілі затты идентификациялау.
І. Алдын ала сынау

  1. Физикалық қасиеттері:

агрегаттық күйі (жеңіл қозғалғыш сұйық, ауыр сұйық, қатты зат)
түсі (түссіз, боялған)
иісі (иіссіз, жағымды, өткір)

  1. Тұрақтысы (константасы)

балқу температурасы
сыну көрсеткіші

  1. Суда ерігіштігі (жақсы, шектеулі, ерімейді)

  2. Индикаторға реакциясы (қышқылды, сілтілі, бейтарап)

  3. Галогендерге сынау



1.Алкандар.
Алкандар қалыпты жағдайда белсенді емес. Олар қаныққан күкірт қышқылымен, азот қышқылымен, сілтілермен және сілті балқымасымен де әрекеттеспейді. Алкандар KMnO4 мен HBr (бром суын) түссіздендірмейді. Алкандардың осы қасиеті арқылы басқа қосылыстардан ажырата аламыз.


2. Алкендер.
Алкендер қалыпты жағдайда KMnO4 бейтарап ерітіндісіне тотығады. Осы тотығу кезінде марганец анионының MnO-4 күлгінді-көк бояуы жайылып, марганец қос тотығына MnO2 тән қоңыр түс реңі пайда болады:


CH2=CH2 + [O] +H2O CH2 ОН– CH2ОН
Этиленгликоль


3CH2=CH2 +2KMnO4 +4H2O 3CH2ОН – CH2ОН + 2MnO2 2KOH

  1. Бромды қосу реакциясы. Судағы және төртхлорлы көміртектегі бром ерітіндісі арқылы жібергенде, бром қос байланыспен әрекеттесіп, ерітінді түссізденеді.



CH3 – CH = CH2 + Br2 CH3 – CH – CH2
׀ ׀
Br Br
1,2 дибром пропан
3. Алкиндер

1) Ацетилендерді галогендеу, олефиндермен салыстырғанда баяу жүреді де, транс – галогеналкендер түзіледі.


H Br
H C CH C = C CHBr2 - CHBr2
Br H
транс 1,2- дибромэтан 1,1 -2,2 – тетрабромэтан

2)Сілтілік ортада калий перманганатымен тотықтырса, алкин молекуласы үштік байланыс бойынша ыдырай бөлінеді де, карбон қышқылдары түзіледі.




CH3 – CH2 – С С - CH3 CH3 – CH2 –СOOH + CH3 – СOOH
Пентин -2 пропан сірке
қышқылы қышқылы

Бейтарапты ортада калий перманганатымен әсер еткенде, алкин рутений тетраоксиді және селен диоксидімен дикетондарға дейін тотығады:


R –C C – R/ R – CО – CО – R/
- дикетон




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет