1-сабақ СӨзжасам. ТҮбір мен қосымша 1-жаттығу



бет46/56
Дата06.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#37132
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56

Жаяу Мұсаның жұрағаты


Астанада Гүлбаршын Дүрманова
деген апамыз тұрады. Осы кісінің ата-анасы
Павлодардағы: “Міне, қазақ от­басы!” – деп
мақтан тұтатындай, өнегелі-өнерлі бетке
ұстар бір орта еді. Отағасы Орханның әкесі,
яғни бұлардың атасы қасиетті Баян­ауыл­дың
атақты билерінің бірі Дүрмән би болса, ал анасы атағы алысқа кеткен әнші композитор, ақын Жаяу Мұсаның қызы Анна (қазақша аты Бибіқамар, бірақ ол есімді ешкім білмейді) болған. Ол жерде: “Ол апа неге Анна атанған?” – деген сұрақ тууы мүмкін. Ай­тайық, Жаяу Мұса ор­ысша өте сауатты болған, Ресейді көп аралаған жан ғой. Ке­зінде орыс әде­биетін, әсіресе, Лев То­лс­тойды көп оқыған. Соның әсері шығар, жазушы шығармаларының кейіп­кер­лерін өз балаларының атына қойып отырған. Анна деп отырғанымыздың мәнісі енді түсінікті болар. Анна Ка­ренина емес пе. Биқамар болғанымен әкес­і оны «Анна» деп кеткен. Ал Софья Андрееваңыз Сәпия дегендей… Осылай жалғаса береді.
Әулетті де әлеуетті, арқалы адам­дардың отбасында дүниеге кел­ген Орхан Дүрмәнұлы да атала­ры­ның жолын қуып Баянауылдың сол кездегі сауатты, оқыған көзі ашық қазақ­та­ры­ның бірі болыпты. Былайша айт­қанда қаратаяқ, еуропаша тәрбие ал­ған кісі екен. Кейіннен барып қана заман өзгерісіне сай партия, кеңес қызметін атқарыпты. Ол кісіні білетіндер қазір: “Ойпырмай, өзіне тән бет қаратпайтын мінезі бар еді. Қазақ болыңдар, тілді сақтаңдар”, – деп отыратын деп еске алады.
Майда атты бойжеткен, міне, сол кездің салт-дәстүріне сай осы үйге болып-толған жас келін боп түседі. Ол кісі кейін жасы келіп салиқалы бәйбіше болғанға дейін ылғи да үлкен қызы Гүлбаршынға мұңын шағып, оқып-тоқып білім алмағанына қатты өкініп жүреді екен. “Шіркін, оқысам ғой!..” деген сөзді көп айтатын бол­ған. Майда әженің шешесі Күнипәнің ба­уыры Құл­ма­ған­беттің көпке дейін ба­ласы болмайды. Сондықтан ата-анасы Майда апамызды қазақшылық жолмен ырымдап Керекудегі сол кісілерге берген екен. Жас қыз осы жердегі мектепке барады. Бір күні ескіше молдадан сауат ашқан, мұ­сыл­ман жолын берік ұстанған әжесі мектепке келсе, қала тәртібі бойынша бір сыныпта ұл-қыздар аралас хат та­нып білім алатынын көреді. Ертесіне оқуға жібермейді. Сөйтіп Майда әжеміз бар болғаны он-ақ күн мектеп бетін көріпті. Он күн бүкіл өміріне жара сал­ғандай қатты өкінеді екен. “Бала бол­дық па, жас кезімізде ана­мыздың бұл өкінішін түсіне бер­меппіз ғой. Ол кісіде білімге, ән са­луға деген ғаламат бір құштарлық бар еді”, – деп еске алады Гүлбаршын апай.

Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет