1 Семантика ұғымы және түсініктемесі Лингвистикалық семантика, оның түрлері


Ағылшын тіліндегі лексикалық ерекшеліктер



бет2/7
Дата10.05.2020
өлшемі58,31 Kb.
#66869
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
содержание

Ағылшын тіліндегі лексикалық ерекшеліктер

Ағылшын тілі — Үнді-Еуропалық тілдер жанұясының батыс герман тобына жататын тіл.

Герман тобына ағылшын тілінен басқа неміс, норуег, швед, нидерланд т.б. тілдері жатады. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англо-Саксондардың тілі, бірақ жауланған келттердің тілдері əсерін тигізген.

Ағылшын тілі — халықаралық тіл. Əлемдегі ең көп тараған, əрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия жəне басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.

Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады.

Ағылшын тілінің лексикологиясы көптеген ғылымдармен байланысты, мысалы стилистикамен, əдетте белгілі бір ситуацияға қатысты

лексика қолдануымызға тура келеді. Өзара байланысты мына сөздер мысалында көре аламыз: grandmother-granny. Ағылшын тілі лексикологиясы тарапынан, бұлар - синоним-сөздер. Ал стилистика бойынша, бұл екі сөз түрлі стильдерде қолданылуы керек: grandmother-

ресми стильде, ал granny сөзі - ауызекі сөйлеу тілінде пайдаланғаны абзал. Ғылым ретінде лексикологияның өзінің бірнеше топшалары бар жəне бұл тек стилистикамен ғана емес, басқа да түрлі ғылымдармен тікелей байланысты. Сөздің мағынасын зерттеумен семасиология (лексикологияның топшасы) айналысса, сөз құрамымен лексикологиямен бірге морфология шұғылданса, фразеология зерттеу объектісі ретінде тұрақты сөз тіркестерін қарастырса, этимология – сөздің шығу тарихын зерттейді. Əрбір сөздің өзіне тəн тұлғасы бар. Сол

тұлға арқасында əрбір сөз бір бүтін единица ретінде қызмет етеді. Сөздің құрамының əр түрлі болуы оның бөлшектеріне байланысты. Сөздер кейде түбір қалпында жұмсалса, кейде оларға түрлі қосымшалар жалғану арқылы жұмсалады. Ағылшын тілінің лексикологиясы шынайы өмірге қатысты сөздердің лексикалық құрамдарын қарастырады. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің (неологизм) пайда болуы жаңа реалийлердің (құбылыстар мен заттар) өмірге келуімен тікелей байланысты. Бірақ кез-келген жаңа сөздің неологизмге айналып кетуі шарт емес. Жаңа сөз неологизмге айналуы үшін, ол бірнеше «дайындық кезеңдерінен» өтеді, содан кейін барып, ол не мүлдем жойылып кетеді немесе тілдік ортада калыптасып, халық арасына сіңісіп кетеді. Сонымен қатар, сөздің жойылып кету үрдісі де бар.

Тілдің лексикалық құрамының өзгеруі тек неологизм немесе архаизмге (қолданыстан шығып қалған сөздер) ғана байланысты емес.

Сөздің белгілі бір ықпалға түсуі де үлкен роль атқарады. Бұл үрдістің бір себебі ретінде – сөз тіркестердің қысқартуларын айта аламыз: a musical (show), a weekly (paper). Сөз тіркестің қалған компоненттері – жойылған бөліктің де мағыналарын қамтиды.

Қазіргі таңдағы бар құбылыстың өзгеруі де – сөздің мағынасын өзгертулер еңгізбей қоймайды. Бу двигательдері, қондырғылары пайда болмас бұрын to sail етістігі – желкен астында жүруді білдіретін, қазіргі таңдағы ғылыми-техникалық үрдістің қарқынды дамуынан кейін, етістік түпкі мағынасынан ауытқып, қазір бұл сөз кез-келген жүзу қозғалысын, іс-əрекетін білдіреді.

Ағылшын тілі лексикасы, оның сөздік қоры күн санап толығып, көбейіп келеді. Ағылшын тілі лексикологиясы ғылымы тек ғана сөз, сөздік

құрамды зерттеп қана қоймай, сөздің мұқият, ұқыпты, орнымен қолдануын қадағалайтын бірден бір тіл саласы. Өйткені білуіміздей, сөз – үлкен қару, ол – жанына медеу болып, күш-қуат сыйлайды. «Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді» демекші, əр сөз өз ыңғайымен қол-

данғаны абзал. Ағылшын тілі сөздік құрамының оқытылуы – бірнеше бағыттар бойынша қарастырылуы мүмкін. Ағылшын тілінің барлық лексикалық сөз қорын мына категориялар бойынша бөліп көрсетуге болады:

1. Сөздің жүйелік құрамы тарапынан

2. Стилистика жағынан

3. Мағыналарының ұқсастығы тарапынан

4. Сөз формасының ұқсастығы жағынан

Сөздің құрамдық классификациясы тарапынан сөздер екі топқа бөлінеді: жай сөздер (black – черный, lamp – лампа),, олар өз кезегінде жаңа сөздер қалыптасуының негізі болып табылады жəне құрамында аффикстер мен күрделі сөздер бар туынды сөздер (useless – қажетсіз). Күрделі сөздер дегеніміз құрамында екі немесе одан да көп негіздері бар сөздер (home-made – үйде жасалған), бұл олардың сөз тіркестерінен басты айырмашылықтарын айқындайды.

Қазіргі ағылшын тілінде сөздер мынадай топтарға бөлінеді:

- жай жəне күрделі ;

- туынды емес (түбір) жəне туынды;

- толықнегізді жəне аббревиатуралар .

1) Жай сөздер. Қарапайым, сөз тудырмайтын (жай, түбір сөздер) сөздер – жай сөздердің бір түрі болып табылады – red, leg, ask; Қарапайым туынды сөздер - helpless,disorder,outwit; қарапайым толықнегізді сөздер– back, room, take; қарапайым аббревиатуралар – doc, prof, ref.

Жай туынды емес сөздер сөздік ұясының орталығы (яғни, туыс сөздер тобы) болып есептеледі жəне жаңа сөздердің қалыптасуына негіз болады. Нөлдік флекцияға ие болған бұл сөздердің формасы – негіз бен түбірге сай келеді. Құрамды жəне күрделі сөздерге қарағанда, бұл сөздердің лексикалық мағыналары əлдеқайда көп, сондықтан да олар конверсияға оңай ұшырайды. Туынды сөздер жай жəне күрделі болып топтасады. Құрамында сөзтудырушы аффикстер бар. Мысалы: aimless,

spoonful, disbelief (жай туынды сөздер); broad shouldered, footballer, old - ladyish (күрделі,туынды сөздер). Туыстық паронимдер дегеніміз – тек суффикстерімен өзгешеленетін, категориалық бірдей туысқан сөздер: economic – экономикамен байланысты, экономикалық (economic crisis);

economical – ақшаға мұқият, үнемді адам (economical woman). 2) Күрделі сөздер. Бұл топ құрамына мыналар жатады: күрделі туынды емес сөздер (күрделі түбір сөздер) - to blacklist (қара тізімге енгізу),air sick,home - made; Күрделі, туынды сөздер – dark-haired, weekender, horse-driven; құрмалас аббревиатуралар (күрделі, қысқартылған сөздер) – The USA,V - Day,UNESCO. Күрделі сөз дегеніміз – екі немесе одан да көп негізден құралған сөздер (foreign – made, red- haired, to daydream ). Күрделі сөздерді сөз тіркестерімен шатастырмаған абзал, сөз тіркестерінің компоненті – сөз, ал күрделі сөздердің компоненттері – негіздер (морфемалар).

Егер де орыс тілінде күрделі сөз бен тұрақты сөз тіркесінің арасына шекара қою мүмкіндігі бар болса, ағылшын тілінде ондай мүмкіндік жоқ, өйткені ағылшын тіліндегі күрделі сөздер сыртқы пішіні жағынан тұрақты сөз тіркестерінен ерекшеленбейді, бұған себеп – сөз бен негіздердің омономиясы (foreign – жəне foreign).

Бұдан туындайтын нəрсе – мұндай күрделі, құрмалас құрамдарды дифференциялау үшін арнайы лингвистикалық анализ керек. Ағылшын тіліндегі күрделі сөздер 1) компрессия жəне

2) түбірге жалғану арқылы жүзеге асады.

Құрмалас сөздер сөйлем мен сөз тіркестерінің компрессиясы арқылы жасалады: Do it your self – on the do-it-your-self principle; Stay slim – a stay-slim diet; A performance given out of town – an out-of-town performance. Компрессивтер – қазіргі ағылшын тілінің өзіндік ерекшелігі.

Бұлардың қызмет аясы да шектеулі. Бұлардың көбісі жаңалық жəне көркем образды нақышына келтіру үшін жасалған жеке авторлық сөздер болып табылады. Түбірге жалғану – түбірге қосылу арқылы жүзеге асқан күрделі сөздердің құралуы. Түбірге жалғану толық жəне қысқартылған негізді болып бөлінеді. Толық негізді сөз – күрделі құрамалас сөздер, ал қысқартылған негізді сөз дегеніміз – күрделі аббревиатурлар (күрделі, қысқартылған сөздер). Қазіргі ағылшын тіліндегі толықнегізді сөздердің қалыптасуы – ең бастысы сын есімдер көмегі арқылы іске асырылады: World-famous (week-long); Dark-brown (lightgreen); Radio-transmitted (flood-affected, nuclearpowered, Oxford-educated). Сөздер, сөз тіркестері морфемалардан басқа ағылшын тілінде тағы бір өзіндік, нейтральды туындылар бар. Нейтральды туындылар – сөз немесе сөз тіркестері ретінде қабылданатын, сөз немесе түбірге тəн қасиеттері жоқ компоненттер, жүйелік бірліктер. Нейтральды туындыларға мыналар жатады: 1) екі субстантивті компоненттердің үйлесімі (space vehicle, pain killer) жəне 2) сочетания с компонентом на – ing компонетті бар тіркестер – sleeping pills, sewing machine,sound recording .

Ағылшын тіліндегі кейбір маңызды терминдер: сөз мағынасы – аталмыш тілдік коллективке берілген, белгілі дыбыстық формаға тіркелген, арнайы бір тілге тиесілі мағыналы құрам.



Мағына ауқымы немесе өлшемі – бір типтік заттардың өзара байланысы. Мағына мазмұны – белгілі бір зат пен оның эмоциональды- бағалау қарым-қатынасының сипаттамасы жəне аталмыш объектінің басқа типті заттармен байланысы жайлы білім. Сөздік мағына – белгілі бір типтің түрлі объектілерін атау реализациясы. Контекстты (комбинаторлы) мағына – бір сөздік мағыналы сөздің түрліше қолдану реализациясы. Ұя – бір түбірлік негізден дамыған сөздер семьясы. Лексиканың семантикалық дифференциясы – мағыналарының ұқсастығы жағынан лексика классификациясы. Бұл кезде объекті жəне дефинирациялаушы мағына еске алынады. Сөздік – белгілі бір принцип бойынша жинақталған, сөздердің мағыналары, олардың қолданылуы, шығу тарихы, оның басқа тілдегі мағынасынан мағлұмат беретін, сөз жинағын (морфема, сөз тіркесі, идиомалар жəне тағы басқалары) қамтитын кітап. Синонимдер – айтылуы, жазылуы бөлек, бірақ мағыналары жағынан ұқсас сөздер. Мысалы : to end – to finish; gulf – bay; car – automobile; politemannerly, well-mannered, courteous, gracious, nice; loyal, allegiant, doglike, hard-core, hardcore, leal, liege, true-blue; attractive, bewitching, captivating, enchanting, enthralling, entrancing, fascinating, charismatic, magnetic, cunning, cute, dinky, engaging, piquant, fetching, taking, winning, glossy, showy, hypnotic, mesmeric, mesmerizing, spellbinding, irresistible, personable, photogenic, prepossessing, winsome; tall, in height(predicate), leggy, long-legged, long-shanked, tall-growing, long, long-stalked, tall-stalked, stately, statuesque, tallish. Антонимдер дегеніміз – мағыналары жағынан мүлдем қарама-қарсы мағыналарды білдіретін сөздер. Мысалы: clean - dirty, soil, begrime, grime, colly, bemire; slow – accelerated, alacritous, blistering, hot, red-hot,double-quick, express, fast-breaking, fast-paced, fleet, swift, highspeed, high-velocity, hurrying, scurrying, immediate, prompt, quick, straightaway, instantaneous, instant(prenominal), meteoric, quick, speedy, rapid, rapid, speedy, smart, winged, windy; busy - bone-idle, bone-lazy, faineant, indolent, lazy, otiose, slothful, work-shy, lackadaisical, leisured, unengaged; kind- unkind, cutting, edged, stinging, harsh, rough, hurtful, unkindly, unsympathetic; ugly – beautiful, beauteous, bonny, bonnie, comely, fair, slightly, dishy, exquisite fine-looking, good-looking, better-looking, handsome, well-favored, well-favoured, glorious, resplendent, splendid, splendiferous, gorgeous, lovely picturesque, pretty, pretty-pretty, pulchritudinous, ravishing, scenic stunning. Омонимдер дегеніміз – айтылуы, дыбысталуы бірдей, бірақ түрліше мағына беретін сөздер. Мысалы: well – үстеу, жақсы деген мағынаны білдірсе, енді бірде тура осы сөз – құдық деген нəрсені түсіндіреді; spring - көктем, бұлақ жəне секіру; button – түйме жəне тетік; present – жəне сыйлық; nail – тырнақ жəне шеге; apple – алма жəне көз қарашығы тағы басқалары. Сыртқы пішіні жағынан омонимдер екі топқа бөлінеді: омографы (графика, яғни жазылуы жағынан бірдей), омофоны (фонетика, яғни дыбысталуы жағынан бірдей) сөздер.

Омофондар : flour, flower; air, heir (наследник);

peace, piece; sale, sail; sell, cell; Омографтар: tear

(жұлу, кесу), tear (көз жасы); bow (лук, бант), bow ( еңкею ). Омографы – омофоны: bear (1. аю, 2. шыдау,

3. көтеру); fair (1. шыншыл, 2. əдемі, 3. жəрмеңке); row (1. қатар, 2. ескекпен жүзу).

Ағылшын тілі – 21 ғасырдың жаhанды тілдерінің бірі, ағылшын тілі – сонау Шекспир, Джек Лондон, Марк Твендер қолданған əдебиет тілі, мəдениет тілі, қарым-қатынас единицасы.

Ағылшын – əлемдік тіл, өзіндік сөздік қоры бар, бай, көркем тіл. Мұндай қасиетті де бекзат тілді аялап, оның лексикасындағы əрбір сөзге жауапкершілікпен қарап, сөздерді тек тиесілі орындарында қолданғанымыз абзал.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет