1 Семантика ұғымы және түсініктемесі Лингвистикалық семантика, оның түрлері



бет5/7
Дата10.05.2020
өлшемі58,31 Kb.
#66869
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
содержание

Жаргон сөздердің құрылымы

Тілдің пассив лексикасының бір тобы саналатын арго мен жаргондар белгілі бір шағын əлеуметтік топтың қарым-қатынасын реттейтін қатынас құралы қызметін атқарады. Шағын топтың коммуникативтік қызметін жүзеге асыратын арго, жаргондардың жасырын мəнді беруде де жұмсалатынын зерттеу барысында байқадық. Мəселен, Ғ.Қалиев пен Ш.Сарыбаев еңбектерінде «шағын ғана əлеуметтік топтарға қызмет ететін, сол топтардың ұнатуына сай келетін арнаулы сөздер мен сөйлемшелер»[1] деген ортақ анықтама беріліп, «жаргон көбінесе дворяндық аристократия мен буржуазияның жоғарғы топтары арасында қолданылады. Ал «арго тілі төменгі тап өкілдеріне тəн. Арго жасырын əрекетті, құпия сырды бүркемелеу мақсатынан туған»[2] деп көрсетілсе, А.Махмұтов: «Жаргон үстем топтың жоғарғы топтарының тіл ерекшелігі болса, арго - əлеуметтік төменгі топтарға тəн ерекшелік. Арго жасырын əрекетті, құпия сырды сөйлескенде оны басқаларға білдірмеу мақсатынан келіп туған. Арго халыққа түсінікті сөздер негізгі мағынадан ауытқып, аз ғана топтың шартты белгісіне айналады. Арго элементтері қазақ тілінде де кездесіп отырады. Мысалы, апсар-жапсар (нəрсе жапсарда тұр), ылдым-жылдым (нəрсені тез ал) т.б. [3], - деп жазады. Ал І.Кеңесбаев, Т.Жанұзақов еңбектерінде «Арго» өзінің сөйлеу нормасы арқылы ерекшеленген белгілі бір əлеуметтік топтың шартты тілі, жаргон сөзі, ал жаргон - шағын ғана əлеуметтік топқа қызмет ететін, өзіне тəн грамматикалық құрылысы мен сөздік қоры жоқ, жалпы халыққа түсініксіз жасанды тіл. Бұл арго деп те аталады» [4] деген сипаттама беріледі. Орыс тіл білімі ғалымдары Д.Э.Розенталь жəне М.А.Теленковалар бұлар туралы: «Арго - французша argot - жаргон. Язык отдельных социальных групп, сообществ, искусственно создаваемый с целью языкового обособления (иногда «потайной» язык), отличающийся главным образом наличием слов, непонятных людям непосвященным.

Школьное арго. Студенческое арго. Спортивное арго. Арго картежников. Воровское арго» [5] деп, ал «жаргон (франц, jargon) то же, что арго,но с оттенком уничижения) [5], - дейді. Мысалы: - Мыналар үйіме пугай жіберіпті, - деп қолымен жоғары қабатты нұсқады. «Пугайына» сəл түсінбегендік сыңай білдіріп едім, - Əне, қызыл кепкілер жүр ғой, əне, - деп баспалдақ жақты көрсетті. Осындағы «пугай» жаргон сөз. Ресейдің Б.А.Ларин, Е.Д.Поливанов, Д.С.Лихачев, В.М.Жирмунский, Л.П.Якубинский секілді ғалымдар арго мəселесін зерттеуге ерекше көңіл бөлді. Сөйтіп, 50-інші жылдардан бастап түрлі оқулықтарда жаргон, арго мəселесі кеңірек сөз етіліп, зерттеле бастады. Мысалы, А.И.Поповтың 1957 жылы шыққан «Из истории лексики языков, восточный Европы» еңбегінде: «Шартты-профессионалдық арго жайлы сөз етіп, мұндай сөздердің тілімізде көп еместігін, олардың басты қасиеті - құпиялылығы мен тұйықтығы екендігі [5] айтылады. Бұл пікірден арго сөздердің белгілі бір нəрсені құпиялау мақсатында қолданғандықтан, таралу шегі тұйық сөздер екендігі ап-айқын аңғарылып тұр. „Арго белгілі бір мамандық иелеріне ғана түсінікті болып, сөздің астарын құпияландырады [5], - деген пікірді В.И.Кодухов еңбегінен кездестіреміз. Осы сияқты тұжырымды Ф.П.Сорокалетовтің «Словарь русских народных говоров» кітабынан да кездестіруге болады. Мұнда: «арго құпия жасырын хабарларды жеткізу амалы болғандықтан, күнделікті ауызекі сөйлесу тіліне кең түрде ене алмайды» [6]- деп көрсетеді. Ауызекі сөйлеу тіліне кең түрде ене алмау себебі, бұл сөздердің көпшілік жағдайда аргоны ойлап тапқан топтар арасында ғана белгілі болып, сол топтардың құпия коды ретінде қызмет атқаруына байланысты екені сөзсіз. Ал А.С.Бархударов: «Жаргон мен арго – шағын əлеуметтік топтың жалпыхалықтық тіл лексикасынан өзгеше жəне жеке грамматикалық жүйесі жоқ шартты тілдер» [7], - деп біршама толық анықтама береді. Мысалы, аквариум қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: қолда балық өсіру үшін əдейі жасалған, су құйылған шыны ыдыс болып түсіндірілсе, аквариумның ішкіштер арасында арақ ішетін ыдыс мағынасында жұмсалып, шағын топтың ойлап тапқан жаргондық нұсқасы болып тұр.

Ядринцевтің «Лингвистический энциклопедический словарь» кітабында: «арго - бір немесе бірнеше табиғи тіл элементтерінің мағынасын өзгертіп, жеке қарым-қатынас құралына айналдыру. Қоғамның басқа мүшелері түсінбейтіндей қолданылатыны айтылған. Өйткені бұлар, біздің түсінуімізше, жалпыхалықтық қарым-қатынас мұқтаждықтарына емес, қандай да бір ахуалға байланысты не сөз ойнатым ыңғайында пайда болғандар сияқты. Демек, бұлар əр кезеңде, əр халықта болған жаңалық.

Сондықтан да олар ерекшелену мақсатында қолданған таптанған ортаның, яғни, қылмыстылар əлемінің тілі. Арго басқа тілден енген сөздер негізінде жасалады. Жаргон адамдардың қоғамдағы жағдайына, қызығушылығына, жасына, мамандығына қарай жинақтайтын, ауызекі

сөйлеу кезінде əлеуметтік топ тілінің əрқилылығын көрсететін шартты тіл» [13], - деген анықтама береді. Мəселен, шуба аргосы қауіп-қатердің таянғаны жөніндегі хабарды білдірсе, степуха, пенсия деп степендияны атау жастарға тəн. Бұл мысалдардың біріншісінің бойында құпиялылық мəн бар, демек, ұрылар арасында қауіп-қатердің таянғаны шуба сөзі арқылы жеткізіледі екен. Бұдан аргоға айналған сөз жалпыхалықтық қолданыстағы мағынасынан толығымен айрылып, екінші бір мағынада

қолданылатынын көреміз. Ал екінші мысалдағы степендия сөзінде жоғарыдағыдай атауды көпшілік жастарға тəн деп қарауға болады. Ұрылар тілін зерттеген, саралаған, белгілі ғалым Д.С.Лихачев ұрылар жаргоны немесе қылмыскерлер тілі кездейсоқтықтан туған емес;

«Бұл қылмыскерлерге берген табиғаттың сыйы» [7], - деп тұжырым жасады. Шынында да, осы арго сияқты жасырын, шартты тілдердің көмегімен алдарына қойған мақсаттарын іске асырып отырған.

Шартты аргоның синхрондық құпиялылығы тым өзгермелі болып келеді. Мəселен, қылмыспен күресушілер бұл тілді жақсы меңгерген, ал қылмыскердің қылмыс құрбаны алдында арго тілінде қарым-қатынас жасау тым қарапайым құбылыс болып келеді. Ол үшін нақты қылмыстық қауымдастықтарда арнайы код-сөздер жасалады. Мұндай сөздерді кинофильмдерді қарап отырсақ, ашық түрде хат алмасуда жау агенттері мен совет тыңшылары пайдаланады. Ал бұл жағдайда қарапайым сөздерге ерекше құпиялық мəн үстетіліп, күдік тумас үшін, сикалық мағыналары алыстатылмайды. Қылмыскерлер тілінің құпиялылығы көп жағдайда алданбалы, əдейі көтеріңкі болып келеді де, бұл жағдайда, көбіне «өзіміз жəне өзгелер» деген қарама - қайшы топқа бөлінуі көзделеді. Мысалы: жүгіру - ұрлық жасау. Жүгіру жалпы-халықтық лексикада бар сөз. Егер жүр жүгірейік десе, бұл таза ауада жүгіріп қайту емес, ол осы сөз арқылы өздерінің ұрлық жасауға аттанатындықтарын білдіреді.

Д. С. Лихачев аргоның пайда болуы мен өмір сүруінің тағы бір маңызды себебін көрсетеді. Ол былай дейді: «Ұрылар ойлауының ерекшелігі олардың қоғамға деген көзқарастарында магиялық элементтердің ұшырасуында алғашқы қауымдық - магиялық қабылдау тілде де көрініс тауып отырады. Мəселен, уақытында сəтсіз аяқталған сөз сəтсіздікке ұшыратып, барлық істі тоқтатып тастауы мүмкін. Мысалы: «хаза» - алғашында ұрылардың жасырынатын жерлерін білдірсе, кейін бұл сөздің мағынасы ашылып жастар милиция қызметкерлерінің арасында көрініс табады. Осыған орай, қылмыстық əлемде қарапайым сөздер арго сөзі мен алмастырылады жəне олардың өмір сүру кезеңі өте қысқа болады. Д. С. Лихачев: „плодвитость воровской речи – напоминает плодовитость рыб-чем больше они несут икры, тем больше погибает„ [8] - деп жазды. Яғни арго сөздер мағынасы жағынан өте тұрақсыз болып келеді. Мысалы: ұрылар тілі (батя) түрмедегі аспазшы мағынасын білдіреді. Базардаулы əңгіме т.б. сияқты сөз қолданыстары кездеседі. Бұл айтылғандардан аргоны қылмыстылардың құпия тілі деп, жаргонды жекелеген топтың тілдерінде бар сөздер сөзойнатым ыңғайында əдейі өзгеріске түсіріп қолданған сөздердің жиынтығы деп түсіну жөн сияқты.

Аталған анықтамаларға мазмұны жағынан ұқсас тұжырымдар Э.Д.Сүлейменова, Ю.С.Маслов, Н.В.Васильева, В.И.Беликов еңбектерінде де берілген.

Ал қазақ тілі білімінде жастар жаргоны жайлы Ə. Хасеновтың «Тіл білімі» кітабында қысқа түрде сөз етілді, ал газет – журнал беттерінде бұл мəселе жайлы сөз етілген жоқ. Себебі, қазақ тіл білімінің лексикалық қабатында мұндай сөз қолданыстары кездескенімен, олардың ара-жігі ажыратылған емес. Тіпті кейбір тілші-ғалымдар бұларды əдеби тілдің нормасына кері əсер ететін, тіл мəдениетіне зиянын тигізетін сөздер ретінде қарап, олардың қолданысын мүлде құптамайды. Дегенмен, белгілі бір мамандық иелерінің, жас мөлшері шамалас адамдар мен мүддесі бірлердің қарым-қатынас кезінде қолданылатыны белгілі.

Алайда, көптеген студент, оқушы жастар ауызекі сөйлеу тілінде жаргон сөздерді қолданатындықтары байқалады.

Жастар жаргонын дөрекі, ерекше бір көтеріңкі леппен айтылатын сөздер деп екі топқа бөліп қарауға да болады. Бұл туралы Шарль Баллидің: «Люди обычно придают арго некое символическое значение; арго непроизвольно вызывает в нашем сознании представление об определенной среде, которой своиственна вульгарность, низкая культура [9] – дегенінен шартты сөздердің астарында дөрекілік мəннің бар екенін байқаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет