1 ші дәріс Тақырып: 1917 ж. Қазан төңкерісі, оның алғышарттары. Азамат соғысы (1918-1920 жж.) халық трагедиясы. Негізгі мақсаты



бет3/3
Дата02.05.2020
өлшемі32,36 Kb.
#65484
1   2   3
Байланысты:
kazakstan tarih nan zhazat n taps rmalar

Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

  1. Екінші бесжылдықтың жылдарын ата.

  2. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясатының мәні неде.

  3. Ауыл шаруашылығының күштеп ұжымдастырудың зардаптары.


3 ші дәріс

Тақырып. Қазақстан 1941- 1945 ж.ж.Ұлы Отан соғысы дәуірінде

Негізгі мақсаты: Қазақ халқының Ұлы Отан соғысына көптеп қатынасу, қазақтардың батырларын танып біліп,ұғыну.

Негізгі түсініктер: Ұлы Отан соғысы, эвакуация, мобилизация, депортация.

1. Ұлы Отан соғысының басталуы оның сипаты.

2. Қазақстан Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының барысындағы түбірлі өзгеріс

кезеңінде (1942ж. қараша 1943 ж.).

3. Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде (1944-1945 жж)

Бүкіл Батыс Еуропаны жаулап алған фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда елең-алаңда екі ел арасындағы шабуыл жасаспау туралы шартты бұзып, Кеңестер Одағының батыс шекарасын бұзып әскери шабуылын бастады. Соғыс қимылдары Баренц теңізінен Қара теңізге дейінгі жерлерде өрістеді. Сол күні Кеңес үкіметі басқыншыларға қарсы күреске көтеріліп, социалистік Отанды қорғауға Үндеу тастап ол:" Біздің ісіміз әділ. Жау талқандалады. Біз жеңіп шығамыз",- деген сөздермен аяқталды.

Негізгі тарихи құжаттарда басқыншылардың билеуші топтарының мақсаты Атлантикадан Сібірге дейін славян және түрік-моңғол тұқымдас "жабайылардан" тазартылған герман аймақтық-этностық тұтастығын құрудың шешуші кезеңі және әлемді жаулап алудың алғы шарты деп санады. Ағылшын елі мен АҚШ-ты тізе бүктіргенше дейін және "тұтастыққа" немістерді қоныстандырғанға дейін өзін-өзі басқаратын Остланд, Украина, Мәскеу, Кавказ рейхскомиссариаттарын құру белгіленді. 1941 ж. аяғында - 1942 ж. басында "қауырт" соғыстың мүмкін еместігіне көзі жеткен герман билеушілері енді Кеңес республикларының бірлігін әлсіретудің жолын іздестірді. Міне осы кезде Еділ-Жайық және Гросс-Түркістан буржуазиялық-ұлт мемлекеттерін сондай-ақ Қарағанды, Новосібір және Кузнецк "индустриялық облыстарын" құру жоспарын іске асыруға күш сала бастады.

Қазақстан Ұлы Отан соғысына біртұтас елдің құрамдас бөлігі ретінде қатысып оның барлық ауыртпалығын, қайғысы мен қуанышын бүкіл Кеңес елінің халықтарымен бірге көтерді. Соғыс қарсаңында Қазақстанның стратегиялық маңызы мол табиғи қорларымен сапқа тұратындай адамдары бар болды. Бүкіл елдей Қазақстан да азаттық соғысқа бір кісідей жұмыла көтерілді. Майданға өз еріктерімен баратындықтары туралы әскери комиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жастар, аға буын өкілдері қолдарына қару алып, майданға аттанып жатты.

6,2 млн. қазақстандықтардың (1939 ж. санақ бойынша) соғыс жылдары 1,2 млн. соғысушы әскерлер сапына тұрды. Майданға және қорғаныс өнеркәсібіне әр бір төртінші қазақстандықтар мен қатар соғыс кезінде біздің елімізге зорлап көшірілген адамдар жіберілді. Мобилизациялаудың мұндай жоғарғы деңгейі негізінен экономиканың аграрлық сипаты, халықтың арасында шаруалардың үлес салмағының басымдылығы және ауыр өндірістің қорғаныс саласына жұмысшы күшін, ауыл шаруашылығында механизаторларды брондау ісініде кеш енгізілуі себеп болды. Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстан жігіттерінен 316 атқыштар дивизиясы құрылып, оның қолбасшылығына азамат соғысынан мол тәжірибе алған генерал М.В.Панфилов тағайындалды. Соғыстың бастапқы үш айының ішінде 238, 310, 314, 387, 391 дивизиясы құрылды.

Қазақстандықтар 12 атқыштар және төрт атты әскер дивизияларын,

жеті атқыштар бригадасын, әскер түрлерінің 50-дей жеке полктері мен батальондарын жасақтады. Соғыс жылдары Қазақстандағы 27 әскери оқу орындарында 16 мық офицер кадрлары және армия мен флот үшін мыңдаған резерв даярланды. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандықгар жіберілді.

Республиканың экономикасы әскери жұмыс кестесіне көшіріліді: бейбіт мақсаттарға бөлінетін қаржы мейілінше қысқартылды, көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады, жұмысшы күші, шикізат, техникалық құрал мен жабдықтары майданға қажетті қару-жарақ т.б. өнімдерді шығаруға бейімделді.

Қазақстанға майдан шебінен тұрғындар, өндіріс кәсіпорындары және мәдени байлықтар қоры көшіріліп, оларды жергілікті жерде орналастыруда елеулі қиындықтар болды. Батыс аудандардың 530 мыңнан астам түрғыны, 970 мындай жер аударылған немістер, поляктар Қазақстанның түпкір-түпкіріне орналастырылды.

Осы кезде нанның, ұнның, макаронның және жарманың бағасы 10-12 процентке арзандатылды. Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларына комерциялық баға жойылып, неғұрлым төмен бірыңғай мемлекеттік баға енгізілді. Әсіресе -1950 жылы бағаның төмендетілуі едәуір болды: астық өнімдері мен ұнның бағасы 21-30 процентке дейін, етке және ет өнімдеріне

20-25 процентке дейін төмендетілді. Еңбекшілердің жалақысы өсіп олардың тұрмыс жағдайлары біршама жақсарды. Мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдардың тұрғын үй салуға күрделі қаржы жұмсауы 1946-1950 жылдарда 4,1 есе өсті. Қабылданған түрлі шараларға қарамастан түрғын үй мәселесі және басқа халықтың күнделікті өмірімен тығыз байланысты проблемалар Кеңес мемлекетінің бүкіл тарихында шешілмей қала берді.

Бесжылдықта республикада стационарлық аурухана, емхана және санаторий-профилакторий мекемелерінің жүйесі едәуір кеңейіп, оларда

жылына 1,4 млн. адам емделіп-сауығынуына мүмкіндік алды. Дәрігерлер саны 1950 жылы 6,4 мыңға жетті. 1940 жылы әрбір он мың адамға 4,3 дәрігерден келсе, 1950 жылы 9,5 дәрігерден келді. Балалар мекемелері, бала бақшалары мен яслилер жоспарлы түрде салына бастады.

Сонымен, Кеңес халқымен бірге қазақстандықтардың қаһармандық еңбегі негізінде халықтың материалдық жағдайы төртінші бесжылдықтың аяғына қарай соғысқа дейінгі жылдарға қарағанда әлдеқайда биікке көтерілді.



Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

  1. Қазақстандықтардың Мәскеу шайқасына қатысуы.

  2. Қазақстан еңбек майдан кезінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет