1 –ші оқу сұрағы. Әскери тәрбиенің міндеттері және оның әсерлілігін жоғарылату жағдайлары



бет3/3
Дата19.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#186629
1   2   3
Байланысты:
Т және ИЖӘ, 6-2-готово
?аза?стан Республикасы Білім ж?не ?ылым министрлігі, 10-saba -jelektr-tizbegi-degenimiz-ne, тжа, Тактика 800100-3-такырып, Саптық д-қ №1-2, Т және ИЖӘ, 6-1-готово, Т және ИЖӘ, 5-2-готово, Т және ИЖӘ, 8-1
Парк-шаруашылық күндерін өткізу кезінде тәрбиелік әсері көбінесе бұл іс-шараларға командирлердің өздері қалай қарайтынына байланысты.
Әскери қызметтің басқа түрлері арасында әскери қызметшілердің жауынгерлік техникаға, қару-жараққа қызмет көрсету, әскери қалашықты абаттандыру, онда тазалық пен тәртіпті сақтау және т.б. жөніндегі жұмысына елеулі орын беріледі, осы міндеттерді шешуге бөлімшенің барлық әскери қызметшілері тартылады, бұл олардың әрқайсысына үлгілік жұмыс көлемін айқындауды талап етеді.
Жұмысты бастамас бұрын міндеттерді қою формасына және жұмыстың маңыздылығын түсіндіруге, жұмыс көлемін орындауға ерекше назар аудару қажет.
Шаруашылық жұмыстарды орындау процесінде (үй-жайларды, аумақты жинау және т.б.) қорытындыларды шығару, жеңімпаздарды көтермелеу кезінде жеке құрамға қызметтің осы түрінің қажеттілігі көрсетіледі, осындай жұмыстарға жауынгерлерді тартудың жүйелілігі және әрбір жауынгердің тапсырманы орындау сапасы тексеріледі.
3. Жеке құрамға сипатына (оқу, қызметтік, қоғамдық, шаруашылық, тұрмыстық және т.б.) қарамастан қызметтің барлық түрлерінде тәрбиелік мақсаттар мен міндеттерді қою арқылы жүзеге асырылады. Бағынысты лауазымды адамдарды әскери қызметшілерді әскери еңбектің нақты түрлерінде тәрбиелеуге басшылық ету тәсілдері мен әдістеріне оқыту арқылы жүзеге асырылады.
Педагогикалық тәжірибені взвод командирлеріне, басқа тәрбиешілерге беру процесі мына ережені ұстанады - әр бастық өз бағыныстыларын оқыту мен тәрбиелеумен тікелей айналысады. Мұндай жағдайда офицерлерді әскери қызметтің әр түрлерінде тәрбиені басқару біліктері мен дағдыларына үйрету мүмкіндігі бар.
4. Әскери қызмет түрлерінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін педагогикалық жағдайларды ескере отырып, ықпал ету әдістері мен құралдарының барлық арсеналын тәрбиелеу мақсатында оңтайлы пайдалану.
5. Жауынгерлерді әскери жұмыстың нақты түрлеріне қатысу процесінде қажетті қасиеттерді дербес дамытуға бағыттау. Әскери қызметшілерге әскери қызметтің тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалануда, өзін-өзі тәрбиелеу әдістемесін таңдауда көмек көрсету.
6. Бөлімшеде әскери қызметтің барлық түрлерін педагогикалық тұрғыдан орынды ұйымдастыруды құру. Жоғары моральдық принциптер негізінде бастықтар мен бағыныстылар арасында қарым-қатынас құру.
Осылайша, командирлер мен олардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының әскери қызметтің негізгі түрлеріндегі тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруды жетілдірудегі резервтері, бір жағынан, бөлімшелердегі тәрбие іс-шараларын перспективалық және ағымдағы жоспарлауды басқаруда; екінші жағынан, әр түрлі әскери еңбек түрлерінде лауазымды тұлғалардың бөлімшелерге тәрбиелік әсерін ұйымдастыруда.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет