1 –ші оқу сұрағы. Әскери тәрбиенің міндеттері және оның әсерлілігін жоғарылату жағдайлары



бет1/3
Дата19.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#186629
  1   2   3
Байланысты:
Т және ИЖӘ, 6-2-готово
?аза?стан Республикасы Білім ж?не ?ылым министрлігі, 10-saba -jelektr-tizbegi-degenimiz-ne, тжа, Тактика 800100-3-такырып, Саптық д-қ №1-2, Т және ИЖӘ, 6-1-готово, Т және ИЖӘ, 5-2-готово, Т және ИЖӘ, 8-1

1 –ші оқу сұрағы.
Әскери тәрбиенің міндеттері және оның әсерлілігін жоғарылату жағдайлары.
Тәрбие жұмысы жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудің бірден-бір тиімді нысандарының бірі болып табылады. Онда тәрбие мақсаттары мен міндеттері арнайы дайындаған ақпараттық материалдар негізінде, жеке құрамда көзқарастық құндылықтар жүйесін және әскери-патриоттық сананы қалыптастыратын оқыту мен тәрбиелеудің ақпараттық нысандарымен және әдістерімен органикалық түрде үйлеседі, ол әскери қызметшілердің психикасына және мінез-құлқына жүйелі педагогикалық тұрғыдан ықпал етеді.
Тәрбие жұмысы әскери-саяси бейімдеуге, жеке құрамның санасында және мінез-құлқында қоғамдық маңызды идеалдарды, патриотизм идеяларын, Отанға қызмет ету негіздерін, мемлекеттік мүдделерді және жоғары рухани қажеттіліктерді қалыптастыру негізінде жоғары моральдық-психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі тәрбие жұмысының негізгі міндеттері:
1) жеке құрамда жоғары рухани мәдениетті және адамгершілікті, мемлекеттік көзқарасты және әлеуметтік белсенділікті дарыту;
2) мемлекеттік саясат негіздерін және ел қолбасшылығы қазақстандық қоғамды дамыту мен қайта құру саласында қабылдайтын шараларды түсіндіру арқылы құқықтық сауаттылық пен біліктілік дәрежесін арттыру;
3) әскери қызметшілерде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тағайындалуын, олардың құрылысының, жұмыс істеуінің ерекшеліктерін және олардың алдында тұрған жоғары жауынгерлік әзірлікті ұстау жөніндегі міндеттерді орындаудағы өз орнын терең түсінуді тәрбиелеу;
4) әскери қызметшілерде Қазақстан Республикасын қорғауға моральдық және психологиялық әзірлікті, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне тиесілігі үшін мақтанышты және жауапкершілікті қалыптастыру және қолдау;
5) әскери істі, өзінің әскери мамандығын меңгеруге, қару-жарақ пен әскери техниканы, оларды пайдалану тәсілдерін меңгеруге тұрақты ұмтылысты дамыту болып табылады.
Әскери тәрбиенің әсерлілігін жоғарылату
Жауынгерлерді тәрбиелеу - командирлердің, олардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының мазмұны бойынша да, формасы, орны, уақыты бойынша да үйлестірілген ісі. Тәрбие процесінің бұл үлгісі тәрбиедегі бірлік, үйлесімділік және сабақтастық қағидаттарында көрінеді.
Бағыныстылармен жұмыста келісімділікке қол жеткізу - оларға бірыңғай талаптар қою, оларды офицерлердің, сержанттар мен старшиналардың, ортақ күшімен тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысындағы келісушілікке оны мұқият жоспарлау, бөлімшелердегі істер жағдайын ұжымдық бағалау, әскери ант пен әскери жарғыларды мүлтіксіз орындау арқылы қол жеткізіледі. Өзіне сеніп тапсырылған бөлімшені мемлекеттік тәсілмен басқара отырып, тәрбие жұмысында келісімділіктің негізін қалайтын дара басшы – командир.
Тәрбие жұмыстағы сабақтастықты қамтиды. Оның мәні, ең алдымен, алға ұмтылу, бұрын қол жеткізген барлық нәрсеге сүйене отырып, оны шығармашылықпен байыту.
Белгілі бір жауынгерді тәрбиелеуде қол жеткізілген жетістіктер ұжымның өмірінде берік орнығады, және болашақта қолданылады, дамытылады. Әсіресе, жинақталған тәжірибеге жаңадан тағайындалған және тәрбиелік ықпал ету объектілерін, бұрынғы адамдар қол жеткізген оң нәтижелерді әлі жақсы білмейтін командирлерге мұқият қарау керек.
Әсіресе, жинақталған тәжірибеге жаңадан тағайындалған және тәрбиелік ықпал ету объектілерін, бұрынғы адамдар қол жеткізген оң нәтижелерді әлі жақсы білмейтін командирлерге мұқият қарау керек.
Қарастырылған қағидаттарда жеке құрамды тәрбиелеудің мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістемесіне қойылатын талаптар көрсетілген. Барлық осы талаптарды қатаң сақтау сәтті тәрбие жұмысының міндетті шарты болып табылады. Олардан ауытқу, әрине, тәрбие процесінің логикасын бұзады, оның тиімділігін төмендетеді.
Әскери жұмыстың тәрбиелік әсері жақсы ұйымдастырылған мәдени демалыспен бірге артады, бұл күштердің толық және тез қалпына келуіне ғана емес, сонымен бірге жеке тұлға мен ұжымның жан-жақты дамуына қолайлы алғышарттар жасайды, демек әскери қызметтің әсерлілігін жоғарылатады.
Тәрбиешінің іс-әрекетінің екі аспектісі бар.
Бір жағынан, бөлімдегі кешенді жоспарлау негізінде бөлімшелердегі тәрбиелік іс - шараларды перспективалық және ағымдағы жоспарлауды басқару, екінші жағынан, әскери жұмыстың әртүрлі түрлерінде командирлер мен олардың тәрбие жөніндегі орынбасарларының тәрбиелік әсерін ұйымдастыру.
Тәрбие жұмысының жоспарларын әзірлеу бөлімшелердің, бөлімдердің жеке құрамына күнделікті тәрбие әсеріне басшылық етуде командирлер мен олардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қызметінің маңызды әдістемелік буыны болып табылады.
Жоспарлау әдістемесінде жеке құрамды тәрбиелеудің жалпы перспективаларын анықтау маңызды болып табылады.
Жоспарлау әдістемесінің келесі элементі-тәрбиенің мақсаттары мен міндеттеріне, тұлға мен ұжымды қалыптастыруға сәйкес тәрбиелеу әсерінің жолдарын, құралдарын, әдістерін, нысандарын таңдау.
2 – ші оқу сұрағы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет