1 ші сынып оқушыларын диагносттауға арналған әдістеме Мақсаты



Дата14.10.2019
өлшемі19,06 Kb.
#49888
Байланысты:
1 сынып бланк

1 ші сынып оқушыларын диагносттауға арналған әдістеме
Мақсаты: оқушылардың мектептік көзқарастарын бақылау, олардың білімге ынталарын, қоршаған ортаға бейімделулерін анықтау.

Оқушы аты-жөні: _____________________________

Сыныбы: ______________
Сұрақтары:
1. Қай жануар үлкен - ат немесе ит

Жауабы: - Ат

  • Ит

2.Таңертең таңғы тамақ ішеміз, ал күндіз ...



Жауабы: - Түскі тамаққа ет жеп сорпа ішеміз

  • кешкі тамақ ішеміз,

  • ұйықтаймыз, т.б

3. Күндіз жарық, ал түнде ....



Жауабы: - қараңғы

  • жарық...

4. Аспан көгілдір, ал шөп ...



Жауабы: - Жасыл

- Қызыл
5. Алмұрт, өрік, алма, шие- бұл ...



Жауабы: - Жемістер

  • көкеністер

6. Поезд өтерде неге шлагбаумды жауып қояды?



Жауабы: - Поезд машиналармен соқтығысып қалмас үшін

  • біреу поездің астына түсіп қалмас үшін

7. Астана, Алматы, Өскемен – бұл нелер?



Жауабы: - Қалалар

  • станциялар

8. Қазір сағат неше ( сағаттан көрсету)



Жауабы: - сағатын дұрыс көрсетті

  • Білмейді

  • сағаттың жартысын көрсетті

9. Сиырдың төлі ...



Жауабы: – бұзау

  • құлын

иттің баласы – бұл ...

қойдың төлі- бұл ...

10. Ит тауыққа ұқсай ма, әлде мысыққа ұқсай ма, нелерімен ұқсайды, нелері бірдей?



Жауабы: - Мысыққа, өйткені, оларды 4 аяғы, жүні, құйыршығы бар;

  • тұяқтары бірдей тауыққа ұқсайды;

11. Неге барлық автомобилдерде тормоз (бөгелту) бар?



Жауабы: - себебі (өрден түскенде тежеу, бұрылыстан өту үшін, соқтығып қалмас үшін тоқтатады, жүріп келген соң тоқтайды);

  • себебі жүру үшін;

12. Балға мен балта несімен ұқсас?



Жауабы: - темірден, ағаштан жасалған, сабы бар, құрал, шеге шегелеуге болады;

  • ұқсамайды мүлдем;

13.Тиін мен мысық бір-біріне несімен ұқсас?



Жауабы: - Олар жануарлар;

  • 4 аяғы, құйрығы, жүні, бар, екеуі де ағашқа өрмелеп шыға алады;

  • бір ғана ұқсастық құйрықтары

14. Шегенің шруптан айырмашылығы қандай, көз алдыңда жатса қалай ажырататын едің?



Жауабы: - Екеуінің әр түрлі белгілері бар: шрупта бұранда бар, бұранда сызығы бар, кертігі бар;

- шруп бұралады, шеге қағылады, шегеленеді;

- ешқандай;
15. Футбол, биіктіктен секіру, теннис, жүзу- бұл ...

Жауабы: - Спорт, дене шынықтыру;


  • ойын, гимнастика, жарыс;

  • ойын, би;

16. Қандай транспорт құралдарын білесің?



Жауабы: - жердегі 3 транспортты: ұшақ немесе кеме, машина;

- түйе, жылқы;


17. Қарт адам мен жас адамның қандай айырмашылығы бар?

Жауабы: - ақ шаш, шашының жоқтығы, әжім, енді бұрынғыдай жұмыс істей алмайды, нашар көреді, нашар естиді, жиі ауырады, жасқа қарағанда тез өледі;

- онда таяғы бар, ол темекі тартады;

- ешқандай айырмашылық жоқ;
18. Адамдар неге спортпен шұғылданады?

Жауабы: - 2 себебі: дені сау болуы, шынықтан, күшті болу үшін;


  • рекорд жасау үшін, толып кетпес үшін;

  • арық болу үшін;

19. Қарағаш, терек, ақ қайың бұлар нелер?



Жауабы: - ағаштар;

  • жапырақтар;

  • Тал;

20. Неліктен конверттің сыртына марка жапсыру қажет?

Жауабы: - Сөйтіп посылка, не хатқа ақы төлейді

- хатты алушы айып тұл төлемес үшін



- хат тез бару үшін;

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет