1-ші сыныптар бейімділігін зерделеу туралы қортынды анықтама. 2015-2016 оқу жылы



Дата09.08.2017
өлшемі50,51 Kb.
#23182
1-ші сыныптар бейімділігін зерделеу туралы қортынды анықтама. 2015-2016 оқу жылы.

Мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 01.09-30.10.15 ж.1-ші сынып оқушыларының бейімделу кезеңінің зерделеу жұмысы өтілді.



Мақсаты: бейімделу кезеңінде төменгі сынып оқушыларының жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып 1-ші сыныптағы оқу үрдісін ұйымдастыру.

Алматы облысы білім басқармасының 2015 жылғы 08 тамыз №300-ө, қалалық білім бөлімінің 2015 жылғы 12 тамыздағы №324 бұйрықтары негізінде №14 орта мектеп-гимназиясында 15-тамыздан 15-қыркүйек аралығында жалпыға бірдей білім беру айлығы барысында мектепке тиесілі мөлтек аудан бойынша 6 және 7 жастағы балалар тізімі анықталып 1-ші сыныпқа қабылданды.

2015-2016 оқу жылында №14 орта мектеп гимназиясында 1-ші сыныптардан 6 сынып ашылды. Мемлекеттік тілде -5, орыс тілінде-1.

Мектепке оқушылар ата-аналар өтініші бойынша және ҚР білім министрінің 2007ж 27 желтоқсанында шыққан №651 бұйрығы бойынша қабылданды.

Барлық балалар саны-171

Қазақ сыныптарында-141

Орыс сыныбында-30

Мектепалды даярлық топтарынан-93 бала

Бала бақшадан-73 бала

Үйден-5


Бұл мониторингтен байқағанымыз 1-ші сыныпқа келген оқушылардың 97 % мектепке дайындықпен келген балалар 3% дайындықсыз келгенін көруімізге болады.

1-ші сынып оқушыларының әлеументтік жағдайы.

Көп балалы жанұя балалары-15

Аз қамтылған жанұя балалары-7

Жартылай жетім балалар саны-1.

Жалпыға бірдей білім беру қорынан 14 оқушы, мектеп асханасын жалға алушылар тарапынан-6 оқушы, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.Қалған оқушылар күнделікті ақшасын төлеп тамақтанады.1-ші сыныптар бойынша ыстық тамақпен қамтылу 100%.

1-ші сынып оқушылары денсаулығы туралы мәлімет.

Мектеп медбикесінің берген мәліметі бойынша 156оқушының денсаулығы жақсы екені,15 оқушының әртүрлі диагнозбен келгенін көруімізге болады.

Мектеп логопедіне сөйлеу тілінде дыбысталудың бұзылуы бар балалар анықталып тізімі дайындалып сабақ кестесі құрылып жұмыс жүргізілуде. Барлық 1-ші сыныптар бойынша анықталған балалар саны-11 оқушы.Оқушыларды оқулықпен ата-аналар көмегімен және мектеп кітапханасы қорынан оқулық берілді.

Тағайындалған сынып жетекшілер және сыныптар:



1а сыныпСынып жетекшісі С.Батырша.

1ә сынып Сынып жетекшісі А.Иманкулова.

1б сынып Сынып жетекшісі Б.Алтынбекова.

1в сынып Сынып жетекшісі А. Апариқажықызы.

1г сынып Сынып жетекшісі.А. Жотабаева.

1д сыныпСынып жетекшісі Г.Жиенкулова

Дайындаған К.Алмашева.

1-ші сыныптың бейімділігін тексеру бойынша сарапшылар тобы қортындылары.

1а сынып Сынып жетекші Батырша С.Н. Жалпы сынып оқушыларының мұғалімнің талаптарын орындау қабілеттері орташа. Сабақ үстінде психологиялық кеңістік сақталады. Оқушылар сауат ашу пәні барысында берілген тақырыптарды мән беріп тыңдап, сұрақ-жауаптарды, тапсырмаларды орындап, жауап беруге төселген. Дегенімен де оқушылардың тыныштық сақтап, бірін-бірі тыңдау үшін сабақта қызықты материалдарды кең қолданса.

Математика пәні бойынша оқушылар сабаққа бейімделген кей бала қол көтеріп жауап береді, бірақ орнынан жауап беретін бала басым. Балалар математикалық тілде сөйлей алады.



1ә сынып Сынып жетекшісі Иманкулова.А.С.Жалпы сынып оқушыларының мектепке, сыныпқа, мұғалімге, бір-біріне бейімделуі жақсы. Мұғалім талабын орындауға тырысады. Сауат ашудан оқушылар дыбыстарды меңгерген, сөздерді буындап та тұтастай да оқи алады.Математика сабағында балалар математикалық тілде сөйлейді. Сыныпта оқушылар өте көп. Сондықтанда сабақта тынымсыздық орын алған. Сабаққа бейімделген оқушылар орнынан тұрып кетпейді,сабақтан шығуға да сұрана бермейді.

Дүниетану пәні бойынша оқушылардың өзін-өзі ұстауы, пәнге деген қызығушылығының артқаны байқалады.



1б сынып сынып жетекшісі Алтынбекова.Б.Қ Сынып оқушылары сыныпқа, мұғалімге, бір-біріне бейімделген. Дегенімен де сыныпта шу көп. Тәртіпке көндікпеген, қимыл-қозғалыс көп. Мұғалім тарапынан сабақ үстінде сұрануға қол көтеруге үйрету. Мұғалім сыныпқа бірыңғай талап қоя білу.

1в сынып Апариқажықызы Алия. Сабақ барысында анықталғаны оқушылар мектеп ережесін меңгерген. Алайда кейбір оқушылардың орнынан тұрып кететіндігі байқалады. Мұғалім оқушылардың зейінін тұрақтандыру бағытында жұмыстар жүргізілуі тиіс.

1г сынып Сынып жетекшісі Жотабаева.А Сабақта оқушылардың белсенділігі өте жақсы. Оқушылар мектеп ережесіне бейімделген. Математика сабағында оқушылар өздерінің санай алатындарын көрсетті.Оқушылар қолдарын көтеріп, толық жауап беріп отырды.

Ұсыныс


1 Мектеп психологі және сынып жетекшісі 1-ші сынып оқушыларының бейімделуін зерделеуінің екінші кезеңі жоспарын құрып бірге жұмысты жалғастыру.

2. Оқуға қызығушылығы төмен оқушылармен қосымша сабақтар кестесін құрып ұйымдастыру.

3 .Сауат ашу пәні бойынша жазу коллиграфиясы төмен оқушылардың жазу жұмысына көңіл бөлу.

4 .Математика сабағында толық математикалық тілде сөйлеуге үйрету.



5. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында, сабақта қосымша материалдар пайдалану.

Дайындаған К.Алмашева.
Каталог: uploads -> doc -> 0601
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0601 -> Сабақтың барысы: Бұл сабақ алдыңғы сыныптар тақырыптарының жүйелі жалғасы болып табылады
0601 -> Сабақтың тақырыбы Аңқау арыстан (ертегі) Сабақтың мақсаты
0601 -> Ахмет Байтұрсынов


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет