№1 Ситуациалық есеп



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата07.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#167701
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
-Сит.есеп 22-23.docx

№ 7 Ситуациалық есеп
Науқасқа Ф, 55 жаста, 10 күн ішінде тетрациклин тағайындалды.
Антибиотикті қабылдау курсының соңында оның бас ауруы, шаршау, əлсіздік
жəне ұйқышылдық пайда болды. Клиникалық қан анализі эритроциттер


санының жəне гемоглобин мөлшерінің төмендегенін көрсетті. Таза қанға
тетрациклинді қосу эритроциттердің гемолизіне əкелді.
Сұрақтар:
1. Науқаста қандай иммундық реакция нəтижесінде анемия пайда болды?
Оның механизмін сипаттаңыз.
2. Антиденелердің қандай түрі жауап береді?
3. Гемолизді дамытуда комплемент жүйесі қандай рөл атқарады?
4. Гемолиз жасуша өлімінің қандай түріне жатады? Апоптозға немесе
некрозға?
5. Дамыған патологияның клиникалық белгілерінің дамуының патогенезін
түсіндіріңіз.
Жауап:
1. Иммундық реакцияның цитотоксикалық түрі;
Реакцияның
цитотоксикалық
түрі
лейкоцитопения,
тромбоцитопения,
гемолитикалық анемия жəне т. б. түріндегі дəрілік аллергияның көріністерінің бірі
болуы мүмкін.
Олардың патогенезiнде IgG (1,3) жəне IgМ қатысады. Бұл антиденелер жасуша
бетiндегi антиген детерминантарына жабысып, иммундық кешен түзедi. Əрi қарай,
комплемент жүйесiнiң классикалық жолмен белсенуi жүредi. Нəтижесiнде түзiлген
лизистiк кешен С5-С9, антидене жабысқан жасуша мембранасын бұзады, ал аралық
өнiмдер С2а, С3а, С5а, С5,6,7 жедел экссудациялық қабынуды тудырады.
Осылайша, деструкциялыққабыну үрдісі дамиды. Пайда болған зақымданулардың
орналасуы тек сəйкес антиген детерминантасы бар жасушалар жəне тiндермен ғана
шектеледi.
2. IgM жəне IgG типті иммуноглобулиндер;
3. Комплемент жүйесінің белсендірілуінің арқасында мембраналық шабуыл кешені
түзіліп, жасушаның өліміне əкеледі;
4. Гемолиз кезінде жасуша некрозы пайда болады, өйткені апоптоз кезінде ДНҚ
бөлшектеніп, митохондриялар ыдырайды, содан кейін мембрана зақымдалады;
5. Бұл патологияның патогенезінде жетекші рөл 2 типті аллергияға жатады
(цитотоксикалық).
II-түрi бойынша дамитын аллергиялық серпiлiс мысалдарына дəрiлiк цитопения
жатуы мүмкiн, мысалы: анальгин қабылдағаннан кейiнгi гранулоцитопения.
Көптеген дəрiлiк заттарды қабылдағанда тромбоцитопения, лимфопения, анемия
дамуы мүмкiн. Олардың даму патогенезiнiң негiзiнде осы дəрiлердiң немесе
олардың өнiмдерiнiң қан жасушаларының нəруыздарымен кешендi антиген құруы


жатады. Дəрiлiк гаптендерге қарсы түзiлген антиденелер қан жасушалары бетiнде
жабысып, комплементтi əсерлеу арқылы осы жасушаларды ерiтiп жiбередi.
Антиген кез келген жасушаға байланысып, комплемент жүйесімен бұзады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет