1. Соғыстан кейiнгi жылдардағы Қазақстанның әлеуметтiк экономикалық дамуы (40-50 жж.)



бет39/39
Дата22.02.2022
өлшемі72 Kb.
#132801
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
5 тақырып
5 тема пр каз, БЕЙБІТШІЛІК, . Мәліметтерді қорғау әдісі, 4 сабақ реферат, Қан түзілуі, Дәріс 5, Дәріс 3
Қоғамдық ұйымдардың партиялық - мемлекеттiк басқару аппаратымен қиыстырып бiтiстiруi олардың бюрократтануына әкелiп соқтырды. Кеңестiк, шаруашылық, құқық қорғау, дипломатиялық органдар және кәсiподақтар, тiптi ғылыми мекемелер мен әдебиет, өнер саласындағы әр түрлi қоғамдық ұйымдардың басына партия қызметкерлерiн немесе партия мүшелерiн отырғызу тәжiрибеде етек алды.
Коммунистiк партияның елде ұлтаралық қатынастарды жетiлдiруге бағытталған жұмысының негiзi Кеңес Одағындағы барлық халықтардың еркiн дамуына, олардың арасындағы достықтың, түсiнiстiк пен ынтымақтастықтың нығаюына жағдай жасау деп табылды. Алайда, әсiресе Қазақстанда, орыс халқы өкiлдерiнiң басымдығы орыстандыру саясатына жол ашты. Қазақ ұлтының тiлiне, мәдениетiне, әдет - ғұрпы мен салт - санасына орны толмас нұқсан келтiрiлдi.
Дүние жүзiнде Америка Құрама Штаттары мен Кеңес Одағы сияқты бiр - бiрiне қарсы мемлекеттiк екi жүйенiң арасында мәнсiз жарыс басталып, ол бәсекелеске ұласты. Капитализмнiң қамалын бұзып, мүмкiндiгiнше мемлекеттердi социалистiк бағытқа тарту мақсатын көздеген Кеңес үкiметi ысырапсыз қаржыны осы бағытқа жұмсады. Мемлекеттер арасында қырғи қабақ саясаттар орын алды, бұл, өз кезегiнде, Кеңес Одағының «капиталистiк дүниенiң тарапынан төнiп отырған қауiпке» қарсы тұрарлық Қарулы Күштердi нығайту мәселесiне «қырағылығын» арттырды.
Ендеше Кеңес Одағында мол қаржы елдiң қорғаныс қабiлетiн нығайтуға, космосты игеруге, одан қала бере, ауыр өнеркәсiптi (әсiресе Ресейде мәшине жасау, станок жасау, прибор жасау т.б. өрледi) дамытуға салынды. Мұндай жағдайда мемлекеттiк бюджетте қалған қаржы ғана мәдениетке, ғылымға жұмсалды, сол себептен де рухани өмiрдiң барлық саласында келеңсiз құбылыстар өрiстедi.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет