1 СӨЖ. Тұлғаны дамыту, қалыптастыру факторларын ашып көрсететін жағдаяттарды таңдау және талдау


Педагогикалық процестің принциптері мен басты міндеттері



бет6/9
Дата08.02.2022
өлшемі70,88 Kb.
#119598
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ПЕдАгогика СӨЖ

Педагогикалық процестің принциптері мен басты міндеттері
Педагогикалық процесс белгілі бір заңдылықтар мен принциптер негізінде сипатталады. Педагогикалық процестің заңдылықтары – педагогикалық процесс құбылыстары мен аспектілері арасында объективті өмір сүретін, қайталанып тұратын, тұрақты, мәнді байланыстар. Заңдылықтар: ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Педагогикалық процестің жалпы заңдылықтары:
1. Тәрбие мен әлеуметтік жүйе байланысы;
2. Оқыту мен тәрбие байланысы;
3. Тәрбие мен іс-әрекет байланысы;
4. Тәрбие мен тұлға белсенділігі байланысы;
5. Тәрбие мен қарым-қатынас байланысы.
Байланыстар негізінде принциптер анықталады. Педагогикалық принциптер – қойылған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі идеялар, ережелер. Принциптердің атқаратын қызметтері:
1. Олардың көмегімен мақсат анық, дәл тұжырымдалады;
2. Педагогикалық процестің мазмұнын, әдісін, құралдарын, формаларын анықтау үшін қолданылады;
3. Тәрбиелік қатынастардың тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді;
4. Педагогикалық процесті дамыту заңдылықтары ретінде қолданылады.
Педагогикалық процесс принциптері:
1. Табиғатпен үйлестіру;
2. Ізгілік әрекет ұйымдастыру;
3. Тұтастықты жүзеге асыру;
4. Демократиялық негізде ұйымдастыру;
5. Мәдениетпен үйлестіру;
6. Кәсіптік мақсаттылықты жүзеге асыру;
7. Политехнизм принципі.
Педагогикалық процестің технологиялық жүйесі:
1. педагог нақты мақсатты шешу қажеттілігі мен маңыздылығына тәрбиеленушінің көзін жеткізуге тырысады; мақсатқа сәйкес білімдерді алу жолдарын меңгертеді;
2. қойылған мақсатқа сәйкес білімдерді алу жолдарын меңгертеді;
3. бұл білім алу жолдарын іс-жүзіне асыруды ұйымдастырады;
4. барлық кезеңдерде тұрақты ынталандыру жұмысын жүзеге асырады;
5. жұмыс нәтижесін бақылап, бағалайды.
Педагогикалық процестің басты міндеттері:
1. Оқу процесіндегі белсенді іс-әрекет негізінде оқушыларды танымдық әдістермен қаруландыру;
2. Тұлға ретінде өзін және оқу процесі заңдылықтарын түсіне отырып, танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруға үйрету;
3. Педагогикалық өзара әсерлесу негізінде мақсатты іс-әрекет жасай білудің жолдарын меңгерту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет