1 СӨЖ. Тұлғаны дамыту, қалыптастыру факторларын ашып көрсететін жағдаяттарды таңдау және талдау



бет3/9
Дата08.02.2022
өлшемі70,88 Kb.
#119598
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ПЕдАгогика СӨЖ

Тұлғааралық жағдаят – үйренушінің қатысымдық құзырлылықты меңгеруіне негіз қалайтын оқыту әдісі паттерні болып табылады. Паттерн бұл (ағылшынша – pattern) – модель, сырт пішін, бейне, шаблон дегенді білдіреді; бұл – кез келген құбылыстың уақыт аясындағы немесе кез келген заттың кеңістік ішіндегі басқа құбылыстар мен заттардан бөлектеуге болатын және солармен салыстыруға келетін тізбесі, жүйесі мен сәйкестігі. Мұнда, әсіресе, қатысушылардың даму деңгейін болжауға мүмкіндік беретін нақты жағдаяттарды талдау әдісі ерекше мәнге ие. Жағдаятты талдау әдісінің барлық түрлеріне тән ортақ кемшіліктің бірі – оларда жеке тұлғаның тек интеллектуалдық сапасына, деңгейіне айрықша назар аударылатыны. Талданған жағдаяттың қажеттігін сезінудің ең басты тиімділігі – білім алушының осыған ұқсас жағдаяттарға кездескенде курста меңгерілген білімін қолдана білетініне деген сенімділік ғана. Жалпы алғанда адам өзінің болмысына қарай кез келген жағдаятты жеке түсінігі (қатынас және өзіне өзінің қатынасы) тұрғысынан ғана қабылдай алатыны белгілі.
Сабақтарда нақты жағдаяттарды талдау әдісін қолдана отырып жүргізудің төмендегідей сатылары бар екенін ескеру керек.
Бірінші – талдауға ұсынып отырған мәселеге студенттерді «енгізе» алу. Жетекші мұнда тақырыптың өзектілігін, маңызын, оның зерттелу деңгейін, өмірмен, студенттердің кәсіби қызметімен байланысын негіздеп бере алуы қажет;
Екінші – нақты жағдаяттың міндетін зерттеп, дәл қоя білу, оны студенттердің өздерімен ақылдаса отырып бағалау, дайындық жасау, өз пікір туғызу, сонымен қатар бірлесіп шешіп, көпшілік алдында қорғау;
Үшінші – жағдаят бойынша топтық және жеке жұмыстар жүргізу. Педагогтың рөлі студенттердің әрекетіне бағыт беру, олардың сұрақтарына жауап беру.
Төртінші – топтық пікірталас: нақты жағдаяттарды талдау нәтижелерін баяндау, түрлі көзқарастарды талқылау, талдау нәтижелерін бағалау, ең таңдаулы, тиімді шешімді анықтау.
Бесінші – қорытынды әңгіме; берілген нақты жағдаяттағы қабылданған шешімдерді қорытындылау және практикалық кеңестер беру.
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда әлеуметтік-психологиялық тренинг (ӘПТ) өте тиімді болып саналады.
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда әлеуметтік-психологиялық тренингті қолданудың бірқатар ерекшеліктері бар:
Тренингтегі топтық жұмыс қатысушылардың белсенділігін, өзара ынтымақтастық қарым-қатынастарын қалыптастырып, студенттерге өздерінің мінез-құлықтарына өзге адамдардың көзімен (кері байланыс арқылы) қарауына мүмкіндік береді.
Топтық жұмыстың белсенді оқыту және интерактивті әдістері (яғни, тұлғааралық қатынасты жандандыратын): ойындар, топтық пікірталастар және т.с.с.қолданылады.
Қатысушылардың өзара тығыз байланыс жасауына ерекше назар аударылады.
Қатысушылардың белсенді қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылатын тренингінің өту орны да стандартқа сай бола бермейді.
Тренингінің тиімділігін арттырудың бір шарты – қарым-қатынас барысында барынша еркін әрі ашық, қолайлы жағдай тудыру. Әлеуметтік – психологиялық тренинг жағдайындағы қарым-қатынас әдеттегі тұлғааралық байланыстан әлдеқайда белсендірек, эмоциялық тұрғыда жағымды, ашық және шынайы болады.
Тұтас тренинг секілді жекелеген сабақтардың құрылымын анықтау кезінде де сол жұмыстың мақсатын дұрыс белгілеп, шешімді қажет ететін тапсырмалар жүйесін ойластырып, айқындау қажет.
Тренингке қатысушылар одан не үйренетінін анық білуі үшін алдымен оларға жұмыстың мақсаттын, міндеттерімен таныстырып алған абзал. Мақсаттына қарай тренингілерді нақты дағдыларды үйрену тренингі (мәселен, мақсаты – мінез-құлық дағдыларын меңгеру), жеке тұлғалық өсу тренингі (олардың неізінде қатысушының өзін-өзі дамытуына, рефлексивтік қабілеттерін жетілдіруге, жаңа тәжірибені үйренуге ұмтылысын арттыруға қажетті жағдайлар жасау жатады). Бірінші жағдайда жеке тұлғаның өзгеруіне ықпал ететін сыртқы әрекеттерге арқа сүйеледі. Екінші жағдайда басты назар ішкі дамуға аудырылады байқалады – алдымен тұлғаішілік өзгерістер (өзін-өзі бағалау, мотивация, құнды бағдарлар және т.с.), кейін соның нәтижесінде мінез-құлық та өзгеріске ұшырауы мүмкін. Соған сәйкес тренингтер нәтижелілігінің өлшемдері де бір-бірінен ерекшелінеді – бірінші жағдайда олар көбісінде объективті (жаттықтырылған іскерліктер дамуының деңгейі) болса, екіншісінде – дәл қатысушылардың өздері үшін тренингтің қандай әсер қалдырғандығы туралы олардан есеп алу арқылы тұжырымдалатын субъективті болады.
Әлеуметтік-психологиялық тренинг келесі тікелей мақсаттарды жүзеге асыруы тиіс:
топтың әрбір мүшесінің мінез-құлқын өзгелердің қалай қабылдайтындарына байланысты өзін-өзі тану қабілетін дамыту;
ең алдымен өзгелердің туындайтын коммуникативті стимулдардың неғұрлым толыққанды қатарын қабылдаумен байланысты өзгелердің мінез-құлқына, топтағы өзара қатынастардың сипатына деге сезімталдықты арттыру;
айналадағылармен өктемдік және иерархия тұрғысында емес, ынтымақтастық мәнерінде араласу қабілетін дамыту;
тұлғааралық қатынастар аумағында диагностикалық іскерліктерді, топтың ішіндегі және топаралық жағдайларға сәтті араласу, дау-дамайларды және т.б. шешу іскерліктерді дамыту.
Мақсаттар міндеттерде нақтыланады. Міндеттер абстрактілі ой-пікірлердің немесе ұрандар сипатында болмай, тренингтің барысында жүзеге асырылатын нақты нәтижелерді бейнелеуі тиіс. Міндеттерде жүзеге асырылатын нәтижелер мүмкіндігінше жағымды терминдерде болуы тиіс, яғни қол жеткізілуі тиіс дүниелерді бейнелеуі керек. Міндеттер шындыққа жанасуы тиіс, яғни сабақтарға ұсынылған уақыттың мөлшерін ескере отыра, тренинг жағдайында жүзеге асырылуы керек. Сонымен қатар міндеттердің тым қарапайым да болмағаны жөн. Жоспарланған нәтижелердің жүзеге асырылуы тренингтен туындаған объективті зерттеу деңгейінде, не болмаса тым болмағанда қатысушылардың өз-өзіне есеп беру деңгейінде принципті түрде тексерілуі тиіс.
Қатысушыларды тренингтің міндеттерімен, мақсаттарымен таныстырған абзал, өйткені олар тренингтің оларға не беретінін білуі тиіс. Мақсаттарына орай нақты іскерліктер тренингін (мысалы, мақсаты – мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру), сондай-ақ тұлғалық жетілу тренингтерін (олардың мақсаты – қатысушылардың өзіндік дамуына жағдай жасау, рефлексивті қабілеттерді дамыту және жаңа тәжірибені қабылдауға даярлықты дамыту) атап өтуге болады. Бірінші жағдайда болашақта тұлғаның өзгерісіне ұласуы мүмкін сыртқы, мінез-құлық әсеріне арқау етіледі. Екінші жағдайда негізгі әсер ішкі жоспарда анықталады – алғашында тұлғаішілік өзгерістер байқалып (өзін-өзі бағалау, мотивация, құнды бағдарлар және т.б.), пайда болады да, соның негізінде адамның мінез-құлығы өзгерере бастайды. Соған сай тренингтердің нәтижелілігінің өлшемдері де ажыратылады – бірінші жағдайда олардың объективтілігі (жаттығатын дағдылардың деңгейіне басымдылық беріледі) басым болады да, ал екінші жағдайда студенттерге бұл тренингтің не бергені туралы өзінен-өзі есеп алу түріндегі субъективтік сипатына көп көңіл бөлінеді.
Тренингіге қатысушылардың тұлғалық өзара қатынастарының қандай жүйеде құрылуына орай оның мынандай түрлері ажыратылады:
«Мен-Мен»: бірінші кезекте қатысушылардың ішкі жан дүниесін өзгертуге, өзіне-өзінің қатынасын жетілдіруге, рефлексивтік қабілеттерін дамытуға бағдарланған жеке тұлғаның өсу тренингі. Бұл жұмыста топ кері байланысты қолдау мен дамытудың құралы ретінде қызмет етеді.
«Мен-және басқа адамдар»: коммуникативті іскерліктер және әр түрлі әлеуметтік дағдыларды дамытушы тренингтері. Топта соған сәйкес іскерліктер мен дағдылар қалыптастырылады.
«Мен-әлеуметтік топ»: топты біріктіруші, нақты ұжымды әлеуметтік-психологиялық жағынан бейімдеуші тренингтер.
«Мен-мамандық»: кәсіби жағынан өзін-өзі анықтау тренингтері. Жұмыстың мәні – адамның өзінің кәсіби қызметіне, сондай ақ, кәсіби маманның қалыптасуына ықпал ететін коммуникативті дағдыларға қатынас жүйесі.
Тренингтерде көрнекі құралдары, өзгелерге психологиялық әсер етуші арт-терапиялар кең пайдаланылады.
Тренингті топпен өткізу кезінде әлеуметтік – психологиялық тренингтерді құрудың мынандай ұстанымдарына назар аудару керек:
жалпылама, абстрактілі талқылауларға жол бермеу;
«әдетте айтылатындай», «осындағы кейбіреулердің ойынша» деген секілді көмескі сөздерден бас тартып, олардың орнына «менің пікірімше», «мен солай деп санаймын» деп нақты сөйлеуге үйрену;
нақты баға беруден гөрі, өзінің жеке эмоциялық қалпын сипаттап сөйлеуге («сіз мені ренжіттіңіз» дегеннің орнына «Сіз…жағдайда, мен өзімді жазықты адамдай сезіндім») дегенді қолдана білуге дағдылану;
топтың барлық мүшесін тұлғааралық өзара қатынасқа тарту;
сенімді, достық қарым-қатынас ахуалын туғызу (шынайылық, эмоция мен ішкі сезімдерді бүкпей, өзара ашық қатынаста болу);
Ереже бойынша, жұмыс барысында тренингке қатысушылар дөңгелене тұрады, отырады. Жүргізушілердің осындай отырыс түрін таңдауының бірқатар себептері бар:
Дөңгелене отырғанда қатысушылар бірін – бірі еркін көріп отырады және кімге арнап сөйлесе де, оған бетпе бет қарауына мүмкіндік бар;
Дөңгелене отырғызу қатысушыларды жұмысқа толық әрі дер кезінде тартуға ыңғайлы, яғни ешкімге де басқа біреудің «артына тығылуға» мүмкіндік берілмейді;
Шеңбер – жоғары дәрежедегі «демократиялы» фигура. Онда «үстелдің басшысы» бола алмайды, себебі онда төр немесе босаға деген ұғым жоқ. Бұл топ мүшелерін өзара топтастыруға оң ықпал етеді;
Дөңгелене отыру қатысушылардың еркін жүріп тұруына да қолайлы болады.
Дегенмен, егер аудиторияда жүргізушінің сөзін тыңдау немесе бейне таспаны көру қажеттігі туындаса, жартылай шеңбер құрып, бұрыштап немесе «П» әрпіндей отырған абзал. Егер жеке-дара жұмыстар қарастырылған болса, қатысушыларға өзінің қалаған орнына еркін жайғасуына болады, әркім өзіне ыңғайлы орынды таңдайды.
Үстелдің арасындағы кеңістікті ешбір затпен толтырмай, қатысушылардың еркін орын алмастыруларына мүмкіндіктері болуы тиіс.
Тренингтерді өткізуге арналған бөлме кең, желдетуге қолайлы болып, қатысушылардың шеңбер құрып орналасуына мүмкіндік беру керек. Жиһаз көп болмауы шарт. Көп жағдайда сынып тақтасы, кең форматтағы қағаздың парақтары және маркерлердің жиынтығы қажет болуы мүмкін.
Тренингтің бағдарламасын үш бөлімге бөлуге болады: бірінші бөлімі – кіріспе (бағыт-бағдар беру), екінші бөлім – қалыптастырушы (дамытушы), үшіншісі – қорытынды (жобалаушы). Әдістемелік жағынан тренингтер студенттердің теориялық және эмпирикалық тәжірибелерінің жиынтығы (синтезі) түрінде құрылады.
Өзара конструктивті әрекетті модельдеу бойынша әлеуметтік – психологиялық тренингке тән дәстүрлі сабақтың үлгі құрылымы мынандай болады:
өзіндік босаңсу (реалаксация);
алдыңғы сабақ бойынша кері байланыстың орнатылуы;
студенттердің ынтасын оятуға бағытталған психотехникалық жаттығулар;
топтық пікірталас (көрсетілімдерді қолданып әңгіме жүргізу);
психотехникалық жаттығулар (рөлдік ойынға дайындық);
талқылауға негізделген рөлдік (іскерлік) ойындар;
психотехникалық жаттығулар;
эмоциялық жағынан өзін-өзі басқару;
үй тапсырмасы.
Семинар жетекшісіне тренингтің қайсы бір кезеңінде стратегияны, тактиканы, психотехникалық тәсілдерді өзгерту керектігі жөнінде ой салатын өзгеше қозғаушы күш топтық дамудың психологиялық сапалық сипатының жаңа сатыға көтерілуі болып табылады. Тренингтің қайсібір кезеңіне тән арнайы әдістер мен психотехникалық тәсілдер болады.
«Нұсқаушы» («мақсатты») кезеңде тренингтің мақсат, міндеттері, топтық жұмыстың ережелері таныстырылады, жұмыс тәртібі мен әдістемесі талқыланады, осы жұмысты орындауға деген мотивация туғызылады, тренингтің студенттердің тұлғалық дамуындағы мәні түсіндіріледі.
ӘПТ-тің осы сатысында қолданылатын негізгі әдіс үлгілерді көрсете отырып әңгімелесу болып табылады. Әңгіме мен сұрақтарға жауап беру аяқталған соң, педагогтің сабақты өткізу тәртібіне қатысты ережелерді қатысушылардың талқысына салуы тиімді. Мұндай талқылау нәтижесінде топтың өзі «тренингке қатысушыларға арналған ережелер кодексін» қабылдауы мүмкін.
Тренингіге қатысушылардың өзара сенімділігін анықтау мақсатында алдын ала «Танысу», «Сұхбат» секілді психотехникалық жаттығуларды жүргізген тиімді.
«Бағдарлау» кезеңінде тренингке қатысушылардың қарым-қатынас жағдайларындағы және біріккен іс-әрекеттің ұсынылған формасының мазмұнындағы белсенділігін болжайды. Бұл кезде топтық жұмыстың барынша жағымды ахуалда өтуін қадағалау ӘПТ жетекшісінің үлесіне тиеді. Сонымен қатар дәл осы сатыда ол тренингіге қатысушылардың психологиялық сенімділікті қалыптастыру әлеуметтік-психологиялық тренинг жетекшісінің басты ісі болып табылады. Оның тренингтің аталмыш кезеңіндегі іс-әрекеті қатысушылардың бір-бірімен етене танысып, бірін-бірі тануына қажетті әрекеттерді ұйымдастыруы тиіс.
Мұнда педагог қатысушыларға қарастырылып отырған мәселені шешуге бағдар беретін әдістер мен тәсілдерді ұсынуына болады. Осы мақсатта «бағдарлау» кезеңінің өзегі саналатын топтық пікірталастарды ұтымды ұйымдастыру қажет.
«Қарсы тұру» кезеңінде пікірталаспен қатар шиеленісті жағдайларда студенттің өздігінен жол таба білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған рөлдік (іскерлік) ойындарды жүргізуге болады. Әлеуметтік-психологиялық тренингтің жетекшісі қажетті психотехникалық жаттығуларды қолдана отырып, топтық жұмысты ұйымдастыруда өзара сенімділік ахуалын жақсарта түсуге барынша күш салғаны жөн. Бұл кезеңде қатысушылардың көпшілігінің «бет-пердесі» сыпырылып қалатын да жайлары кездесіп жатады». Яғни бір-біріне деген студенттер қарым-қатынаста үстінде мәні терең мәселелер жөнінде өздерінің ішінде бүгіп жатқан шынайы сырларын жайып салады немесе пікірлерін ашық білдіріп қалады. Бұл кезең қатысушыларды сенімділіктің жоғары шыңына көтереді, сол арқылы олардың арасындағы жағымды қатынас орныға түседі. Мұнда негізінен топтың құрылымын алдын-ала ойластыру шешуші мәнге ие болады.
Тренингтің «бірігу және ықпалдасу» кезеңінде топ өзіне тән құрылымы, ішкі қатынасы (ұнату және ұнатпау іспеттес өзара қатынастарымен, эмоцияналдық және интеллектуалдық байланыстары) қалыптасқан қауымдастық ретінде танылады. Өз мүшелерінің қай-қайсысы да мойындайтын, құптайтын сол топқа тән ортақ сипаттар пайда болады. Ол сипаттарға сабақ барысында қалыптасқан жеке қатынас нормалары, топтық құндылықтар жатады. Мысалы, топ мүшелері бірлесе қол жеткізген қатысу мен өзара әрекетте басшылыққа алынатын ұстанымдартоптың өз еркімен «тудырған» еңбек нәтижесі деп саналады. Қатысушылардың басым бөлігі мақұлдаған «біз-сезім» нәтижелері арқылы қалыптасқан топқа тән сипаттардың жиынтығы өз кезегінде әлеуметтік-психологиялық тренингке қатысушылардың одан сайын ықпалдастырушы және топтастырушы тұрғысында тұтастық табуына ерекше әсер етеді.
Топтың осындай сапалық жоғары деңгейге көтерілуі педагогтің оқу-танымдық әрекеттің мазмұндық қырына едәуір көбірек назар аударуына мүмкіндік береді. Сондықтан да бұл кезеңде топтық топтық пікірталастар екінші орынға ысырылады да, рөлдік ойындар жетекші мәнге ие болады. Мұндай ойындардың сценарийін құру үшін педагогтың алдын ала даярлаған «Өмірлік және кәсіби жағдаяттар банкісіндегі» материалдар пайдаланылады.
Топ мүшелерінің тұлғааралық тұтастылығының артуында «Эмоцияңды ауыстыр», «Көтеріңкі көңіл-күйіңмен бөліс» секілді психотехникалық жаттығулардың орны ерекше.
Сабақ соңында топтың сапалық жағынан тағы да бір жаңа белеске көтерілуіне кол жеткізуге болады, ол – өзара бағалаусыз – ақ қабылдау деңгейіне өтеді. Бұл топтағы «жылы» қатынастың орнығуына өз күштеріне деген сенімділікке, оқытылып отырған процестер мен құбылыстардың мәнін түсіну дәрежесінің тереңдей түсуіне байланысты жүзеге асатыны сөзсіз.
Әлеуметтік-психологиялық тренингтердің қорытынды бөлімінде – «Референтті қатынастар» кезеңінің мәні зор. Референтті қатынастардың жоғарғы көрсеткіштері ұжым мүшелірінің арасындағы келіспеушіліктердің, ондағы қақтығыстар деңгейінің төмендегенініңдәлелі болып табылады. Әлеуметтік-психологиялық тренингтердің негізінде референттік топтардың әлеуметтік жүйелері мен құндылық бағдарларын өзгертуге қол жеткізілсе, онда бұл оның мүшелерінің де сапалық жаңа сатыға көтерілуінің бір шарты болатыны сөзсіз. Тренингтің қортынды кезеңінде студенттердің қатынас стилі мен мінез-құлықтарында жаңа сапалар көріне бастайды: өз сөзіне, әрекетіне мұқият қарауға, өзгелерді зейін сала тыңдауға төселе түседі. Өзара түсінісуге мүдделілік танытып, келісім мен ынтымақтастыққа тіл табысуға ұмтыла түседі. Жаңа сапалық өзгерістер қатарында тренингке қатысушылардың өзара сын айту мен оны қабылдау деңгейінің өскендігін атауға болады. Соның нәтижесінде топтардың қарым-қатынас құзырлылығы жоғарылауымен қатар, жеке тұлғалар арасындағы қақтығыстарды шиеленістірмей, оң шеше алу қабілеттері арта түседі.
Қорытынды бөлімде педагог тұлғааралық өзара қатынастардағы өзгерістер мен заңдылықтарға ғылыми түсінік береді, соның нәтижесінде ұғымдар мен пайымдамалар нақтылана түседі. Қатысушылар шынайы өмірлік жағдаяттарға барабар жағдайларда кездесетін шиеленістерді шешуге дағдыланады.
Бұдан тренингтерді өткізу технологиясының бірқатар әрекеттер шоғырын қамти отырып төмендегідей міндеттерді шешуге бағытталғанын көреміз:
топтағы қарым-қатынас және тұлағаралық өзара әрекеттерді күшейту;
топты жақындастыру, оны танымдық әрекеттің ұжымдық субъектісіне айналдыру;
топтың танымдық іс-әрекетін басқару, өзара әрекеттестік дағдыларын дамыту, білімін тереңдету;
топ мүшелерінің арасындағы жайсыз әлеуметтік ахуалды түзету, олардың құндылық бағдарларын тұлғааралық қақтығыстарды болдырмаудың ұтымды тәсілдерін меңгертуге қарай бейімдеу;
топта игерген білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын күнделікті өмірде дұрыс қолдана білуіне бағыт беру.
Осылайша, тренингтің арнайы практикалық тапсырмалар жүйесі ретінде студенттердің жеке басының, топтың мүддесіне қол сұқпай – ақ, олардың өзін-өзі тануына мүмкіндік берудің әдістері мен тәсілдері жиынтығын құрайтынын бағамдауға болады.
Тренингіге ұқсас өзін-өзі тану сабақтары төмендегідей құраушы компонеттеэлементтерден тұрады: рәсімдер (сәлемдесу – қоштасу, сергіту жаттығулары, интерактивті ойындар, ойын жаттығулар); жағымды ойлауға бейімдеу (тыныштықта отыру, әуен тыңдау); дәріс-әңгіме, пікірталастар, «миға шабуыл», проблемалық тапсырмалар, жағдаяттар және т.с.с.; көркем шығармаларды, халық ауыз әдебиеті туындыларын тыңдау және талқылау (әңгімеле, пікірталас, талдау түрінде); бірлескен шығармашылық жұмыстар (шағын топтарда іс-әрекетті ұйымдастыру, коллаждар құрастыру, проблемалық тапсырмаларды, жағдаяттарды шешу, жобаларды қорғауға дайындық және т.б.); өзіндік жұмыстар (студенттің дәптердегі жұмыстары және т.б.).

2 СӨЖ. Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістерінің, құралдарының жүйесін кестеге түсіріңіз


Тәрбиенін құралдары, формалары мен әдістері түралы түсінік. Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары жэне әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек.
Құралдары формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н. Д. Хмель).
Материалистік диалектика адам табиғатын биологиялык пен әлеуметтіктің (тұқымқалаушылық мүмкіндіктер мен әлеуметтік ортаның) бірлігі деп түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоғаммен өзара әрекеттестікте болады, оларды өзінше қабылдайды, яғни осы әрекеттестіктің белсенді қатысушысы.
Қоршаған дүниені өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді (К. Маркс). Бұл ретте әр түрлі іс-әрекеттің орны ерекше. Адамның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т.б.) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет. Осылайша, іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар.
Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғанын қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық құралға жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдызқ, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т.б.) жатады.
Педагогикалық құралға қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері-әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:
— қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);
— тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия);
— таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (бірлесіп жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс, білімді тексеру, оқу жағдайындағы кездесу т.б.)
— оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).
Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Тәрбие әдістері дегеніміз тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәсілдері мен нақты әрекеттері, оқушылардың белсенді іс-әрекетінің ынталануы тәрбие мақсатына бағытталуы керек. Тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.
Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, әдістемелік тәсілдер құралдар арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрқашан бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.
Педагогикалық процестің қозғаушы тетігі сияқты құрал, форма әдістердің оқу кезінде және оқудан тыс кезде қолдану аясына қарай өзіндік ерекшеліктері бар. Оқу процесінде негізгі әрекеттің түрі таным болып табылады. Бірақ іс-әрекеттің басқа түрлері (ойын, қарым-қатынас, еңбек т.б.) оқу кезінде қолданылмасада керісінше әр түрлі іс-әрекет түрлері оқушының тұлғалық интелектісіне ғана әсер етіп қоймайды. Оқу- танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері мен формалары ойын элементтерімен, өнер құралдарымен, қарым-қатынаспен сабақтасып жатады. Оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы ғана емес, оқушының бір-бірімен өзара қарым-қатынасы педагогикалық технология, ұжымдық танымдық іс-әрекет мысал бола алады.
Оқу әдістері оқыту процесінің негізі болып табылады (мұғалімнің баяндамасы, оқулықпен жұмыс, әр түрлі әңгіме-сұқбаттар, жаттығулар), бірақ олармен қоса мадақтау, көңіл-күй жағдайларын тудыру, сендіру, талап қою және ұялту сияқты ынталандыру әдістері де қолданылады.
Сабақ — оқуды ұйымдастырудың басты формасы. Соңғы жылдардағы педагогикалық технологиялардың дамуы оқыту формаларын айтарлықтай байытуда: конференциялар, ғылыми айтыстар, оқуға байланысты кездесулер, пікірталастар көңінен қолданылуда.
Оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиенің барлық амалдары, формалары мен әдістері қолданьшуда. Алайда, бұл ретте іс-әрекеттің барлық түрлері кеңінен қолданылады: танымдық (үйірмелер, факультативтер, оқушылардын ғылыми қоғамдастықтары), еңбек (өз өзіне қызмет ету, еңбек десанттары, әр түрлі мектеп бизнесі), ойын (танымдық, спорттық, іскерлік), эстетикалық (студиялар, мектеп театрлары, фестивальдар). Іс-әрекеттің барлық түрлері қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Бұл іс-әрекеттер барысында мұғалім оқушылардың санасы, сезімі мен ерік-жігерінің қалыптасуына, олардың мінез-құлқы мен тіршілік әрекетін ұйымдастыруға әсер ететін тәрбие әдістерін қолданады.
Тәрбие әдістері, әсіресе ынталандыру әдістері, сыныптан тыс жұмыспен қоса оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда да кеңінен қолданылады (әр түрлі мадақтаулар, жарыстар). Олар оқушылардың танымдық тілек-қалаулары мен қажеттіліктерінің дамуына әсер етеді. Оқыту әдістері ақпаратты игеруге, жалпы оқу және арнайы сипаттағы білік пен дағдыларды (оқу пәндері бойынша біліктерді) қалыптастыруға бағытталған.
Оқыту мен тәрбие әдістері, өзінің арнайы қызметтері бола тұра (оқыту міндеттері, тәрбие міндеттері), тұтас педагогикалық процесте бірлікте қолданылады.

3 СӨЖ. Тұтас педагогикалық (ТПҮ) үдерістің заңдылықтарынан мысал келтіру және анықтама беру


Қойылған мақсатқа жету үшін тұлға дамуын ұйымдасқан түрде жүргізу қажет. Басқаша айтқанда, белгілі бір нәтижеге жету үшін тәрбиеге мұғалімдер мен оқушылардың өзара әсерлесуі біріктірілген, басқарылатын үдеріс пішінін беру керек. Мұндай үдерісті оқу-тәрбие немесе педагогикалық процесс деп атайды. Бұл үдеріс алдын ала анықталған мақсатқа қол жеткізуге және алдын ала белгіленген өзгерістерге, тәрбиеленуші қасиеттері мен белгілерін түрлендіруге алып келеді. Педагогикалық процесс – тәрбиешілердің әлеуметтік тәжірибесі тәрбиеленуші тұлғасының қасиеттеріне айналатын өзара әсерлесуі.
Педагогикалық процестің ең басты ерекшелігі – оның тұтастығы.
Пайда бола бастаған кезден тәрбие тұтас үдеріс ретінде қалыптасты. Алғашқы кездегі тәрбие формаларының өзінде-ақ – салт, ритуал, ойындар барысында аға ұрпақ білімдері мен іс-әрекет тәжірибелерін беруге ғана емес, мінез-құлықты қалыптастыруға да мән беріп отырған.
Келесі кезеңдерде тәрбие оқытудың құрамды бөлігі ретінде қарастырылды.
Қоғамдағы еңбектің әрі қарай бөлінуі оқыту мен тәрбиелеудің жіктелуіне алып келді. ХІХ ғасырдың өзінде-ақ оқыту мен тәрбиелеу бірлігін дәлелдейтін фактілер пайда бола бастады. Олар И.Ф. Гербарт, К.Д. Ушинский, Н.Ф. Бунаков, В.П. Вахтеров т.б. еңбектерінде талдана бастады. Педагогикалық үдеріс тұтастығын дамытуға Н.К. Крупская, С.Т. Шацкий, А.С. Макаренко, А.П. Пинкевич көп үлес қосты. Бірақ 30-жылдары оқыту мен тәрбиелеу ерекшеліктерін тереңдете зерттеу үшін оларды бөліп қарастыру көзқарасы басым болды.
Тұтас педагогикалық процесс мәселесіне 70-80-ші жылдар аралығында Ю.К. Бабанский, М.А. Данилов, В.С. Ильин, В.В. Краевский, Б.Т. Лихачев және т.б. көңіл бөле бастады.
Ғалымдар мен педагогтер тұлғаны дамытуға жан-жақты амал жасау тек педагогикалық процесс тұтастығы негізінде жүзеге асырылатындығын баса көрсетті.
Қазақстанда тұтас педагогикалық процесті дамыту мәселесін кеңінен қарастырған ғалым-педагог Н.Д. Хмель және оның шәкірттері болып табылады.
Жоғарыда аталған ғалым-педагогтер еңбектерінде тұтас педагогикалық процестің барлық мүмкіндіктері зерттелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет