1-СҰРАҚ. Абайдың өскен ортасы,алған білімі: діни,қоғамдық-саяси шығармалары арқылы дәлелде


-БИЛЕТ:Абай тұлғасын танытудағы Мұхтар Әуезовтің орны: ғылыми, көркемдік бағыттағы еңбектері



бет9/39
Дата03.06.2022
өлшемі129,29 Kb.
#145883
түріӨмірбаяны
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39
Байланысты:
Әмренов Финал
АБАЙ 25 ӨЛЕҢ
12-БИЛЕТ:Абай тұлғасын танытудағы Мұхтар Әуезовтің орны: ғылыми, көркемдік бағыттағы еңбектері
1918 жылы ол «Абай», 1925 жылы «Таң» журналдарына ұлы ақынның шығармаларын «Абайдың Әбдірахман деген баласы өлгенде жоқтап айтқан өлеңдері», «Абайдың кейбір өсиет сөздері» деген атпен бастырған. Арада жылдар өткен сайын Абай мұрасына жазушы тереңірек үңіле бастады. 1924 жылдың өзінде-ақ М.Әуезов Абай шығармаларының тұңғыш толық жинағын құрастырып, Абайдың қазақ әдебиеті тарихындағы алар орнын анықтап алуға ұмтылды. «Абай», Шолпан» журналындағы ақын жайлы пікірлері мен орыс Географиялық қоғамы Семей бөлімінің Абайға арналған салтанатты кешендегі «Қазақ әдебиетіндегі Абайдың орыны» деген баяндамасы – осы әрекеттің айғағы. 1933 жылғы Абай жинағында жариялаған «Абайдың туысы мен өмірі» атты көлемді мақала мен сол томда ақын өлеңдеріне қосымша ретінде берілген түсінік кейін көлемді монографиялық зерттеуге ұласты.Он тараудан тұратын бұл жұмыстың бастапқы үш тарауында абайтанудың ең алғашқы қадамдарынан бастап, елуінші жылдарға дейінгі бұл игілікті іске қосылған ірілі-ұсақты зерттеулер, сын мақалалар.Жазушы кейінгі тарауларда Абайдың жастық шағындағы шығармалары бір жүйе, ал қаламгер ретінде қалыптасқан кезеңдегі туындылары жанр-жанр бойынша қарастырылады. Сол тараулардың ішіндегі маңыздысы - «Абай лирикасы» деп аталатын бесінші тарау.М.Әуезов мұрасын зерттегенде, сөз болып отырған монографиямен ғана шектеліп қалған жоқ. Солардың ішінен «Абай ақындығының айнасы», «Абай еңбектерінің биік нысанасы», «Ұлы ақын, ағартушы – Абай Құнанбаев», «Орыс классиктері мен Абай», «Пушкин мен Абай» сияқты зерттеу мақалаларын ерекше атауға болады. Мұхтар Л.Соболевпен бірігіп жазған «Абай» трагедиясын 1940 жылы Мәскеуде бастырды, кейін ұлы ақынның өмірін бейнелейтін опера либреттасын, киноценарий жазды. «Абай» трагедиясында ақын өмірінің соңғы кезеңі бейнеленген. Мұнда Абай – халықтың ортасынан шыққан ең таңдаулы адамдардың қамқоршысы, халық мүддесін жақтайтын күрескер, өнер-білімді уағыздаған өнерпаз ақын, әнші жастардың тұтас бір ұрпағының тәрбиешісіЖазушы көп жылғы ғылыми зерттеулерінің қортындысы ретіндегі Абай мұрасы жайлы монографиясы мен «Абай жолы» эпопеясын жазды. 1937 жылы жазылған «Татьянаның қырдағы әні» атты үзінді болашақ романның тарауы ретінде жоспарланған еді. Жазушы өз шығармасын Абайдың ұлы Пушкинмен рухани жақындасуын көрсетуден бастаған. Бұл автордың ойынша романның негізгі идеясын айқындайтын өзекті тақырыптардың бірі болатын. М.Әуезов көп ұзамай өз ойын жалғастыруға кірісті. Жазушы әуелі екі кітаптан тұратын «Абай», одан кейін мұның жалғасы ретінде тағы 2 кітаптан тұратын «Абай», одан кейін мұнын ретінде тағы 2 кітаптан тұратын «Абай жолы» романын жазды. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы беріліп, 4 томдық, «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін Лениндік сыйлықтың лауреаты атанды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет