1-СҰРАҚ. Абайдың өскен ортасы,алған білімі: діни,қоғамдық-саяси шығармалары арқылы дәлелде


-СҰРАҚ. Абайды шығармашылық өнерге тәрбиелеудегі әжесі мен анасының рөлі



бет6/39
Дата03.06.2022
өлшемі129,29 Kb.
#145883
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Әмренов Финал
АБАЙ 25 ӨЛЕҢ
8-СҰРАҚ. Абайды шығармашылық өнерге тәрбиелеудегі әжесі мен анасының рөлі
Абайдың әсемдік әлемін құруда оның әжесі мен анасының рөлін айтып өтсек болады. Абай мейірімділік пен мінездің сұлулығын осы екі жүрегі жылы жандардан байқаса, келбеттің жылулығын айналасындағы Әйгерім, Тоғжан, Салтанат сынды бикештердің өн бойынан тапқан. Абайдың әсемдік әлемін дамытуда махаббат лирикаларының да рөлі ерекше болған. Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясында Зере бейнесін өте мейірімді, қамқор ана ретінде шынайы сомдаған.Абайдың Абай болып қалыптасуына әжесінің септігі зор.Тың дерек Зере Бектемірқызы (азан шақырып қойған аты – Тоқбала) Жас келін болып түскенсоң мұрнына зере әшекей тағып жүргенен кейін Зере аталып кеткен. Әжесі Абайды ерекше жақсы көріп еркелеткен, оны бала күнінен өлең-жырға шыңдап, ақынның болашағына үлкен әсер еткен.Абайдың ауыл мооласынан білім алуына өзінің септігін тигізген жандардың бірі әжесі. Ғабитхан молдадан әріп танып, сауатын аша бастаған немерелерін қадағалаған кәрі әже балаларға оңаша киіз үй тіккізіп, оның жылы болуын әр кез қаперінде ұстаған. Абай¬дың оқуға зеректігін байқап, оған жете көңіл бөлген Ғабитханды қажы баласының үйінің төріне отыратын ең сыйлы адамының дәрежесіне жеткізген де зерделі Зере әже еді. Абай ақын¬дығына зеренің тигізген бір тағы ықпалы бар.Бұл осы «Қайтқанда» тарауында Құнанбай ауылына қонақ болып келген атақты төкпе ақын Дулат пен жыршы Байкөкше еді. Сұңғыла әже Зере аталас ағайыны Дулат бауырын немересі оның ақындық, жыршылық талантынан үйренсін деп Ақшатаудағы қонысынан арнайы алдырып шақыртқан.болатын. Абайдың Шортанбайды, Дулат, Бұқар жырауды ауызға алып, бала күнінен естіп, танып, жаттап, тіпті тамашалап өсуіне септігін тигізген әжесі зере болатын.Ұлжан сабырлы, кең мінезді кісі болған.Абайдыдың бойындағы жұмсақ мінезінің болуы анасы Ұлжанға тартқан. Ұлжанда тұқымының тауып айтқыш қалжыңшылдығы әбден болған. Анда-санда әлдеқалай айтып қалған сөздері қалжың болып, ел есінде ұмытылмай сақталады.Абайдың бойында Ұлжанның осы қасиеттері бар.
9-СҰРАҚ.Абайдың шығармашылық өмірбаянын көркем бейнелеген туындыларға қысқаша сипаттама бер: М.Әуезов., Р.Тоқтаров.
Мұхтар Әуезовтің көркем шығармаларында Абай бейнесін суреттеуі, оның заманын, өмір жолын, ақындық, ағартушылық, қоғамдық қызметін сипаттап көрсетуі, яғни Мұхтар Әуезовтың Абайға арналған пьесасы, опералық либреттосы, киносцена­рийі, әсіресе төрт томдық «Абай жолы» эпопеясы төңірегінде айтылған, қорытылған ой-пікірлер. Тағы бір өте маңызды қыры бар. Ол Абай шығармашылығының, әдеби мұрасының Әуезовке әсеры ықпалы туралы, әсіресе «Абай жолы» роман-эпопеясында Мұхтар Әуезовтың Абай шығармаларын деректік тірек етуіне қатысты айтылатын жайлар. Мәселеге бұдан да кеңірек келсеқ Абай мен Әуезовті қазақ әдебиетіндегі екі дәуірдің, екі ғасырдың (яғни 19 ғасыр мен 20 ғасырдың) аса ірі өкілдері ретінде алып, ұлттық сөз өнеріміздегі дәстүр жапғастығы тұрғысынан қарап, олардың үндестігі мен өзгешелігі қандай екенін байыптаудың өзі осы екі сөз шеберінің өнерпаздық тұлғасын айкынырақ түсінуімізге септігін тигізеді. Абай бейнесін жасауда акын өмірінің белгілі оқиғалары кеңінен суреттеледі, оның шығармаларындағы әуез-сарындар, мотивтер, идеялар пайдаланады. Бірақ, жеке өлендерге иллюстрация, жалаңаш еліктеу, қайта баяндап беру дегеніңіз атымен жоқ, Абай сөздері, диалогтағы, монологтағы лебіздер түп-түгел ақын лексикасын, синтаксисті ескере отырып, тыңнан жасалған, Мұхтар Әуезов тудырған.«Абай жолы» эпопеясының ішкі сарайы кең, образдары мен характерлері, психологиялық тереңдігін, диалектикалық даму заңдылығын сақтаған саңлақ та тұлғалы болғандықтан, мұнда басқа компоненттермен қатар, кең құлашты эпостың аясында шиеленістер мен монологтар, тебіреністер мен толғаныстар, махаббат күйлері жарасымды бірлік тапқан. Мысалы, бір жағынан эпикалық кең жоспарда ас, той, барымта, төбелес, жұт, індет, съезд, сайлау сықылды ірі оқиғалар баяндалып жатса, екінші жағынан солардың арасында бұрқ етіп шыққан дау талас, тартыс, кісі өлімі сықылды драмалық және трагедиялық жайлар суреттесіп жатады. Үшінші жағынан, романның бас қаһарманы, сүйікті ақын Абайдың көңіл-күйі, жан құбылысы, жарқын ақындық сезімге бөленген табиғат, махаббат сырлары оқушы жүрегіне мөлдір бұлақтай құйылып, адамның ең нәзік эстетикалық сезіктерін оятып жатадыБұл М. Әуезовтың көреген суреткер, әрі күрделі сюжет пен композицияның шебері екенін көрсетеді. Оның суреткерлігі адам характерінің, тұрмыстық және табиғаттың көркем картинасын, бейнесін,кескін келбетін, өзінің нағыз ақиқат пішінінде суреттеуінен байқалса, ал, композицияға шеберлігі, осының бәрін белгілі тәтіппен бір шығарманың тұлғасына сыйғызып, оларға жан беріп, өмір беріп, жүйке, қан тамырларымен шыға алатындығынан байқалады.Қысқасы, эпопея әдебиеттің барлық жанрынан да жетілген жазушының серпінін танытатындай. Бірде, лирик ақынның риясыз таза көңілінен ақтарылған нәзік жүрек сырын, біресе эпик әңгімешінің шымырлаған дария ағасындай, шалқи толқыған сабырлы хикаясын, біресе жалынды драматургтің от шашып түтіккен өткір де уытты диалогін кездестіресіз, біресе туған дала табиғатының әр мезгілдегі құлпырған көп бояулы көріністерін, тамаша пейзаж картиналарды көресіз, біресе, эпопеядағы есебі жоқ көп алақұла адамдардың әрқилы характерлерін, аз сөзбен қысқа қайырып, шебер түйетін, дәлме-дәл мінездемелерді табасыз. Рамазан Тоқтаров «Абайдың жұмбағын» жазуға үлкен дайындықпен келген. Тоқтаров жазушы Мұхтар Əуезовтен шыққан «Абай жолы» романын негізге ала отырып, бес кітапты біріктіріп, жаңалығымен «Абайдың жұмбағы» атты роман-хамсасын қалың оқырманға ұсынды. Бұл шығарманы жазуда үлкен мəн бар. Себебі, туындыны оқи отырып, «Абай жолында» жазылмай қалған кейбір тұстарын байқаймыз жəне Абайдың өміріндегі айтылмай қалған маңызды оқиғаларды анық аңғарамыз.Абайдың əдеби мұрасын өз деңгейінде тереңірек танып ұғынуымыз үшін, алдымен, Абай өмір сүрген, ұлы ақынды қоғам қайраткері етіп қалыптастырған отбасы тəрбиесі мен сол заманның саяси- əлеуметтік болмысын, қоғамдық ортасын жете танып-білудің мəні айрықша болмақ. Ол үшін Абайдың өзі ғұмыр кешкен заманы мен оның атасы Өскенбай мен əкесі Құнанбайдың заманын салыстыра қарап, сын көзімен қарасақ, көптеген саяси-əлеуметтік мəселелердің астарлы сыры ашыла түсетінін аңғарамыз .Роман-хамса, автордың пайымдауынша, ақынның əдеби бейнесін толымдырақ етіп жеткізу үшін əлі де қамтылмай келе жатқан жайттар баршылық. «Бір Абайдан сан кісінің саралы өмірі тұр. Абайдың не бергені — біздің қолымызда. Өзінің өмірден не алғаны, қалай алғаны — жұмбақ. Ол жұрт көрмегенді көрді, жұрт сезінбегенді сезінді. Қалай көрді, қалай сезінді, түсінік-түйсігі қай дəрежеде қалыптасты? Не нəрселерге көбірек əсерленді? Абайдың достығы, мейірбанды жүрегі, махаббатығы, сүйініш-күйініші — бəрі өзгеше».Роман-хамсаның ұзақ сонар оқиғалары маң далада уақытша тіккен шатырын жығып, Арқадан ауғалы тұрғанда айтқан Кенесарының қоштасу сөзімен ашылады.
– Уа, кір жуып, кіндік кескен туған елім! Сарыарқа сары белім! Абылай атам ту тіккен, алты Алашқа кең жазира қоныс болған алтын босағам... Кер миықтым кеңестен, керторы атым жүрістен қалып барады. Жасанған жаудан емес, жағадан алған өз иттерімнен жеңіліп, мен кетіп барамын. Қош-қош, енді айналып келгенше. Жеңсек — қазы, өлсек — шейітпіз. Шашылған күлің мен жапырылған шалғының кейінгі өсіп-өнетін ұрпағыма көрінсін. Боз інгенім ботасынан, боздауық бура жетесінен қалып бара жатса да, үйелменім аман болсын! Абылайдай атағы жер жаратын ұл тусын Сарыарқамда. Сол бастасын халқымды салқар ұлы көшке. Есіңде сақта осы сөзімді, қайран ел-жұртым, қазағым! Мен кетпеспін біржола. Тірі болсам өзім, өлсем аруағым қайтып кеп қалар. Қош-қош енді... Осыдан сəл ғана бұрынырақ Кенесары ел тағдырын ойлап қамығып отырғанда, өзін-өзі жұбату үшін болса да жəне бір ауыз сөз айтып еді: «Халық қасиетін жоймау үшін дана тууы керек», — деген ол. Жаңағы қоштасу сөзінде сол ойын жаңғырта қайталап айтқан.Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағындағы» Абай өмірі — ғажап өмір. Бесікте əнмен əлдиленген ол көшпелі елде, əр түрлі рулардың салтында əсершіл боп өседі. «Бахаббат пен ғадауатқа» ерте қанығады. Тіршіліктің шұғылалы жағымен көлеңке жағын түгел таниды. Бармағынан бал тамған өнерпаздарға қызықса, қарапайым жандардың ішкі сұлулығына сүйсінсе, үй ішіндік, рулық, таптық шəркездіктерге жауап іздеуге тиісті болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет