1-сұрақ: Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология


-сұрақ ДНҚ репликация кезеңдері. Кешігуші және бастаушы тізбектің синтезінің ерекшеліктері



бет11/30
Дата29.09.2023
өлшемі2,67 Mb.
#182981
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
Байланысты:
Молекулярка
сұрактар тізімі, Жатырдан тыс жүктілік
11-сұрақ ДНҚ репликация кезеңдері. Кешігуші және бастаушы тізбектің синтезінің ерекшеліктері
ДНҚ репликациясы 3 кезеңнен тұрады:

  1. Инициация;

  2. Полимеризация;

  3. Терминация.

Инициация кезеңінде бізде ДНҚ молекуласының қос ширатпасы бір-бірінен ажырайды. Егер ДНҚ молекуласының қос ширатпасы ажырамаса, онда репликация жүрмейді. Ең алдымен геликаза ферменті аналық ДНҚ молекуласынын кос ширатпасынын ашылып, жіпшелердін бір-бірінен ажырасуын қамтамасыз етеді. Одан кейін ширатпаның ашылып жазылуы әрі карай үлкенді-кішілі туйіндердің (суперспирализация) пайда болуына альш келеді. Мұның себебі әрбір ДНҚ молекуласы өздерінің бірнеше учаскелерімен ядро матриксіне бекінген, ал бүл ширатпалары ашылған ДНҚ молекуласының еркін айналуына мүмкіндік бермейді, сондықтан да түйіндер пайда болады. Бұл мәселе топоизомераза ферментінің катынасуы аркылы шешіледі. Сонымен, геликаза, топоизомераза ферменттері аналык ДНҚ молекуласынын қос ширатпасын жеке-жеке екі тізбекке ажыратады. Ажырасқан әрбір тізбектен ерекше SSB-акуыздар байланысады, олардың қызметі бір-бірінен ажырасқан жіпшелерді керіп, күні бұрын жанасып, кос ширатпаның түзілуін болдырмау болып табылады.
(Полимеризация) Осыдан кейін праймаза , бір жіпшелі ДНҚ-нын тиесілі учаскесін матрица ретінде пайдаланып, қысқа «РНҚ-ұйыткыны» (праймер) синтездейді.Әрі қарай ДНҚ синтезін ДНҚ полимераза жүргізеді.Эукариоттарда 5 түрлі ДНҚ полимеразалар белгілі: β және ε - полимеразалар ДНҚ репликациясына қатысады; γполимераза митохондрия ДНҚ-сының репликациясын жүзеге асырады; ал α және δ полимеразалар ядролық ДНҚ репликакациясына қатынасады. α ДНҚ полимераза праймазамен де, δ-полимеразамен де байланысады, ал соңғысы PCNA деп аталатын ақуызбен байланысқан. PCNA ақуыз – полимераза кешенін ДНҚ-ның репликацияланушы тізбегіне бекіндіріп “қыстырғыш” ролін атқарады. PCNA ақуыз “қыстырылған” күйінде сақина сияқты ДНҚ тізбегін қоршап тұрады және полимеразалардың ДНҚ тізбегінен күні бұрын диссоцияциялануын (ажырауын) болдырмайды, яғни ДНҚ синтезінің жүруіне, жалғасуына мүмкіндік жасайды. Кез келген жаңадан синтезделген ДНҚ фрагменттері-(ұзын лидерлік не Оказаки фрагменттері) праймерлерден («РНҚ-ұйыткыдан) басталады. Аналык (матрицалык) тізбек бойымен жылжып отыратын ферментгіх кешен келесі ДНҚ фрагментіне жанасқаннан кейін, ДНҚ-полимераза III ферменті “қыстырушы” PCNA ақуызын ашып, кешенді матрицадан ажыратады және ДНҚ синтезін токтатады. Осыдан кейін ДНҚ полимераза І-іске кіріседі. Ол өсіп келе жатқан ДНҚ фрагментінің 3' үшына жалғанады және 3 белсенділікке ие болады.
ДНҚ тізбегінің синтезі 5'-3' бағытында ғана мүмкін, сондықтан ДНҚның жаңа тізбектері репликациялық ашада бірдей жылдамдықпен синтезделмейді. Ферментті кешен бастапқы тізбек түзуін өз кезегінде тоқтатып, екінш аналық тізбекке өтіп, кезекті Оказаки ферментін синтездейді. Оказаки ферменттері ДНҚның кешігуші тізбегінің қысқа кесінділері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет