1. Стилистиканың пайда болу тарихы және оның ғылым ретінде қалыптасуы



бет1/5
Дата25.12.2023
өлшемі69,12 Kb.
#199271
  1   2   3   4   5
Байланысты:
стилистика сессия
12082 kaz 20061225 20220404, 22АӨК МиМ силлабус

1. Стилистиканың пайда болу тарихы және оның ғылым ретінде қалыптасуы
Стилистика – тіл білімінің, тілдің көркемдегіш амал-тәсілдерін, қолданылу аясын, қатысымдық әрекет-қызметін зерттейтін саласы. Стилистика тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін реттейді, сөйлеу процесінде тілді пайдаланудың заңдылықтарын қарастырады, сондай-ақ тілдік амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық қызметті үйретеді.XX ғасырдағы Ш.Баллидің концепциясының негізінде стилистика тілдің экспресивтік формалары туралы ілім ретінде анықталды. Стилистика тілдік жүйе элементтерінің эмоционалды-экспрессивтік, сонымен қатар тілдің мәнерлегіш құралдарының қалыптасуына әсер ететін тілдік деректердің өзара әсерін зерттейтін ғылым ретінде таныла түсті. XX ғасырда тіл білімінің үлкен жетістіктерге жетуі, жаңа бағыттардың пайда болуы стилистика ғылымының қарқынды дамуына әсер етіп, стилистикада тілдің функционалдық қырлары басты назарға ілікті. В.Матезиус бастаған чех ғалымдары әдеби тілдің функционалдық сипатын зерттеуге ерекше көңіл аударды. Орыс стилистика ғылымында В.В.Виноградов жаңа бір кезеңнің бастамасы болды деп айтуға негіз бар. В.В.Виноградовтың еңбектерінде тілдік-функционалдық концепция басым бағыт болса, оның негізін тілдің халық өмірінің нақты тарихи жағдайларындағы шынайы қызмет атқаруын зерттеуі құрайды. Стилистика жалпыхалықтық, ұлттық тілдің барлық қырын, оның дыбыстық құрылымын, грамматикасын, сөздігін, фразеологиясын толық қамтитын күрделі жүйе ретінде таныла түсті. Тіл тұтас құрылымның тарихи дамуындағы іштей байланысқан элементтері тұрғысынан емес, оның тарихи дамуы барысындағы функционалды жіктелісі және әртүрлі сөйлеу құбылыстарының экспрессивтік бояулары мен реңктерінің сәйкестілігі тұрғысынан қарастырыла бастады. Қазақ тілі стилистикасы ғылымының алдында оның мәселелерін қазіргі талаптарға сай зерттеу міндеті тұр. ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында жазылған алғашқы оқулықтан басқа, стилистиканы тұтас ғылым ретінде не жекелеген мәселелерін тереңірек зерттеген еңбектер жоқтың қасы. Филология ғылымында стилистика, стиль сөздері ертеден қолданысқа ие. Ресейде 19, тіпті 18 ғасырдан стилистиканың жекелеген аспектілеріне арналған зерттеулер шықты, теориялық сипаттағы еңбектер де жарық көреді. Алайда, ғылыми пән ретінде стилистика 20 ғасырдың 20-30 жылдарынан қалыптаса бастайды, ал оның бір тармағы болып саналатын функционалды стилистика 50 жылдардан бастап белсенді түрде зерттеу объектісіне айналады. Стилистиканың қалыптасуына тіл ғылымының «ұсақ» бірліктерді зерттеуден «ірі» бірліктерге ден қоюы да әсерін тигізді. Стилистиканының дамуына әдеби тіл, тіл мәдениеті мәселелерін зерттеу де өзіндік үлес қосты.
2. Стилистиканың қазіргі таңдағы даму бағыт-бағдары мен зерттелуі
Ең алдымен, стилистика ғылымы аясының кеңеюіне, жаңа бағыттарының пайда болуына танымдық бағдарларға негізделген ғылыми ілімдердің қарқынды дамуы ықпал етуде (сөйлеу актілерінің теориясы, прагмалингвистика, коммуникативтік лингвистика, антропоөзектік парадигма, мәтін лингвистикасы т.т.). Соған орай қазіргі тіл білімінде стилистика ғылымын дамудың жаңа аспектілері тұрғысынан зерттеп-зерделеп, ғылыми тұрғыдан негізделіп, жүйелі қарастырыла бастады. Оның түрлері айқындалып, салалары орныға бастады: ортостилистика, мәтін стилистикасы, прагмастилистика, экспрессивтік стилистика, тарихи стилистика, салыстырмалы-салғастырмалы стилистика, кодтау стилистикасы, декодтау стилистикасы, т.т. 
Тың бағыттағы зерттеулердің сипатына қарай стилистика түрлерін осылайша айқындау, мәнді белгілерін, ерекшеліктерін көрсету, ол жайындағы ғылыми ой-тұжырым, болжамдарды теориялық түрде саралау – бүгінгі ғылымның абыройлы міндеті. 
Стилистиканың тағы бір даму аспектісі адамның эмоциясын жеткізудегі тілдің экспрессивтік қызметінің ғалымдар назарын көптен бері аударып келетіндігі. Стилистиканың ғылым ретінде дамуына түрткі болған В.Гумбольдт, К.Фосслер зерттеулері дүниеге келген заманнан бері бұл бағытта көптеген еңбектер жазылды. Сол кезеңдегі тілдің эстетикалық табиғатын оның экспрессивтік қызметімен тығыз байланыста алып қарастырылған еңбектер, айтылған ой-тұжырымдар бүгінде дамытылып, стилистиканың экспрессивтік стилистика деп аталатын бағытының пайда болуына негіз болды.
3. Стиль ұғымы, Ол туралы пікірлер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет