1 Судьяның іс-әрекеті дұрыспа? Судья іс әрекеті дұрыс, Қр аіжк 38 бабында



бет10/178
Дата24.08.2020
өлшемі219,71 Kb.
#76805
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   178
Байланысты:
Құқықтану гос жауаптары (1)
Практикалық сабақ 1 сапа менед
Жауабы А варианты.

403-бап. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын беру тәртібі мен мерзімдері

1. Апелляциялық шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты шешім шығарған сот арқылы беріледі. Тікелей апелляциялық сатыға келіп түскен шағым, прокурордың өтінішхаты осы баптың екінші бөлігінің және осы Кодекстің 405-бабының талаптарын орындау үшін шешім шығарған сотқа жіберілуге жатады.

2. Апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты іске қатысатын адамдардың санына қарай көшірмелерімен қоса сотқа беріледі. Қажет болған жағдайларда судья шағым берген немесе өтінішхат келтірген тұлғаны шағымға, прокурордың өтінішхатына қоса берілген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін іске қатысатын адамдардың санына қарай беруге міндеттей алады.

3. Апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты, осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, түпкілікті нысанда шешім шығарылған күннен бастап, ал сот талқылауына қатыспаған адамдар өздеріне шешімнің көшірмелері жіберілген күннен бастап бір ай ішінде беруі мүмкін.

4. Мемлекеттік сатып алудың өткізілуін тексеру қорытындысы бойынша уәкілетті органның шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына дау айту туралы істер бойынша апелляциялық шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты шешім шығарылған күннен бастап он күн ішінде берілуі мүмкін.

5. Апелляциялық шағым беру немесе прокурор өтінішхат келтіру үшін мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені бірінші сатыдағы сот осы Кодекстің 126-бабында көзделген тәртіппен қарайды.

2. Соттың үкімімен соттталушы Д.Т Қонақпаев ақталды. Тұтқындарды кұзету тобының бастығы Д.Т Қонақпаевқа сені тергеу изоляторына апарамыз, сосын қамаудан босатамыз деді. Бұл жөнінде Д.Т судьға шағымданып еді судья сот үкімі 24 саңат ішінде орындалады деді.

  1. Үкім заңды күшіне енді және үкімдерді орындау деген ұғымдарды қалай түсінесіздер?

  2. Үкімді кім орындайды?

  3. Ақтау үкімін орындау тәртібі қандай?

  4. Тапсырма қандай тақырыпқа сәйкес келеді?

1) сұрақ 470-бап. Үкімнің заңды күшіне енуі және оны орындауға енгізу 1. Аудандық және оған теңестірілген соттар, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, гарнизонның әскери соты шығарған бірінші сатыдағы соттың үкімдері, егер оларға шағым жасалмаса немесе олар прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралмаса, апелляциялық шағым жасаудың және прокурордың өтінішхатын келтірудің мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді және орындауға енгізуге жатады. 2. Іс апелляциялық сатыда қайта қаралған жағдайда, егер үкімнің күші жойылмаса, ол апелляциялық қаулы шығарылған күні күшіне енеді. Егер апелляциялық (жекеше) шағымдар, прокурордың өтінішхаты апелляциялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейін кері қайтарып алынса, апелляциялық саты шағымның, прокурордың өтінішхатының кері қайтарып алынуына байланысты іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарған күні үкім заңды күшіне енеді.

3. Бірінші сатыдағы сот, үкімнің заңды күшіне енген немесе іс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей үкімді орындауға енгізеді. 4. Қылмыстық құқық бұзушылық үшін сотталған адам, егер айыптау үкімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 77-бабында белгіленген мерзімде орындауға келтірілмесе, жазаны өтеуден босатылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   178




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет