1. Табиғи және техногендік апаттар



бет1/2
Дата18.04.2023
өлшемі19,86 Kb.
#174787
  1   2
Байланысты:
Анарбек Ләззат 101топ
3 Дәріс, Ақша айналымының заңы реферат, лекции инклюзивное образование, Lecture theses, Cиллабус 3курс 2022-2023, Инклюзивті білім беру Силлабус 1.09.22, 1-2 курс каз

1.Табиғи және техногендік апаттар.
Жаңа технологиясыз адамзаттың ілгері дамуы мүмкін емес. Техниканы пайдалану кезінде, сонымен қатар, оның технологиялық есеп ауытқуы, кемшіліктермен ақаулықтары болуы мүмкін. Апаттардың арасындағы адам құрбандарының саны жағынан жетекші орынды техногенді апаттар алады. Егер техногенді және табиғи апаттарды салыстырсақ, табиғи апаттар жайлы қазіргі кезде адамзат жорамалдауды үйренді, ал техногенді апат тап басыңа жай түскендей болады. Саны жағынан техногенді апаттар табиғи апаттарды басып озды. Чернобыльдік АЭС - әлемдегі ең ірі техногенді апаттардың символы.ООН мәліметтер бойынша, техногенді апаттар – апатқа ұшырағандардың саны жағынан дүлей апаттардың ішінен үшінші орында. Бірінші орында гидрометеорологиялық апаттар, мысалы, су тасқыны және цунами, екінші орында –геологиялық (жер сілкінісі, сел ағындары, вулкандардың атқылауы және т.б.). Техногенді апаттар адамдардың жаңа технологияны ойлап тапқаннан кейін ізінше пайда болды. Ұқсас оқиғалар – технологиялық ілгерілік үшін төленбей қалмайтын өтем. «Технологиялық (техногенді) апат» мағынасы толық шешілмеген сөз тіркесі. Белгілі, технологиялар – бұл аяқ киім, көлік және электроэнергия өндірістеріндегі әдісі ғана емес. Егер осы түсініктің барлық жалпы анықтамаларын қоссақ, арнайы әдебиеттерде шашыраңқы мол мәліметтерден технологиялар деп – көпшлікпен мақұлданған, әлеуметтік нәтижелілігіне және білім жағдайына шартталған, қоғаммен қойылып бекітілген мақсатқа жету әдісі. Осы мағынада, технологиялар адамзаттың пайда болған кезеннен басталды, сондықтан антропологтардың тас немесе қола дәуіріндегі технологиялар деп бекер айтылуы емес. Шынында, технология мекендеу ортасына үстемдік ететін барлық жандылардың табиғи ілгерілеуіне және минималды болса да, тіршілік үшін күресте қысым көрсетуін жалғастырып жатыр. Демек, технологиялық апаттар тек қана біздің дәуірде ғана емес сонымен қатар бұрынғы өткен ғасырда да болған. Технологиялық жүйелердің ауытқулардан туған технологиялық апаттарды – катаклизм деп атайды. Бұл ретте тек қана кездейсоқ және кездейсоқ емес ауытқулар, онымен қоса ақаулықтар және сынықтар ескеріліп, ойда болмаған және жағымсыз зардаптардың штаттық қызмет көрсетуі де кіреді. Мұндай анықтама бірден әскери әрекеттердің бұзушы зардаптары секілді, диверсиялармен террорлық әрекеттерді, осы жүйелердің жұмысына әдейі жаман оймен тудыратын басқа да бақытсыздықтарды еңгізбейді. Негізгі себебі кемені металмен қаптағанда шегелеу жұмысының сапасыздығынан болған «Титаниктің» апаты – бұл техногенді апат. Камикадзе-ланкестік әрекетінен болған, 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі апат – технологиялық апат санына жатқызбайды.Технологиялық апаттарды әдетте табиғи апаттарға қайшыластырады, бірақ бұл да дәлелділік талап етеді. Сонында, барлық апаттар, адамзаттың және басқа да әрекеттерінің салдарынан туындайды. Технологиялық (техногенді) апаттар, сонымен қатар, өз негізінде әлеуметтік себептерге ие, яғни техникалық жүйелер адамдармен құрастырылатындықтан, дайындалатындықтан және басқарылатындықтан, олар әлеуметтік негізгі мақсаттарды қамтамасыздандырады. Нәтижесінде, энергетикалық, ядерлі, инфрақұрылымдық, көліктік, экологиялық және әуе апаттары мен қирауларды адамдардың өздері құрастырған және жасаған элементтерін жасауда және функционерлеуде күрделі жүйеде элементтердің қатынастарының келісілмеушілікті тудырады. Бұл апат түрінде техниканың дамуы бойынша барлық күрделі қызметтерді адам факторы атқарады, ол инженерлік есеп ауытқуында, қызметкерлердің қателесінде, құтқару қызметінің нәтижелі көмек көрсетпеуінде анық байқалады. Техникалық жүйенің күш-қуаты, көлемі ұлғаюымен – адамдардың, материалдарды және экологияны жоғалту тәуекелділігін арттырады – бұл технологиялық ілгерілікке төленетін өтем.
2.Жер сілкінісі, қауіпсіздік ережелері.
Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас-қағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалысы. Жер қыртысының траекториялық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. Жер сілкінісінің барысында үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар тоғандар мен басқа да ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесіне зиян келіп, байланыс бұзылыды. Тау жыныстарынан тау құлайды, адамдарды үрей билейді. Жер сілкінісінің жойқын күшінің әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қаупі бар. Бұл аумақта 6 млн. халық тұрады. 27 қала, 400 ден астам елді мекен бар. Еліміздің қырық процентке жуық өндірістік потенциалы осы аумаққа шоғырланған. Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмо қауіпті аймақта тұр. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының отыз проценті шоғырланып, тұрғын үй қорының отыз бестен аса проценті орналасқан. Республика халқының қырық проценті тұрады. Жер сілкінісі қауіпті аумақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өндірісті өнеркәсіп орындары, жасанды су қоймалары, жарылыс қаупі бар және улы материалдар қоймасы орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген обьектілердің кейбіреуінің бұзылуы оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін
Жер сілкінген сәтте сіздің ой-әрекетіңіз бен іс-қимылыңызға 5-10 секунд қана уақытыңыз бар. Осы сәтте үрейге еркіндік беріп, абдырып-сасып қателессеңіз, арты бақытсыздыққа әкелуі ықтимал. Өзіңізді де, өзгелерді де үрейлендірмеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет