1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


ТАҚЫРЫП. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ



бет111/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112
Байланысты:
дәріс

24 ТАҚЫРЫП. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ
Халықаралық азаматтық іс жүргізу туралы жалпы ережелер мен заңдар. Азаматтық сот өндірісіндегі шетел азаматтарының, ұйымдарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың азаматтық сот өндірісіндегі құқықтық жағдайлары. Шетел тұлғаларының қатысуындағы істер бойынша Қазақстан Республикасы соттарының құзыреті. Шет мемлекеттерге талап қою. Соттық иммунитет. Соттық тапсырмалар. Шет мемлекеттердің құжаттарын, сот, арбитраж шешімдерін тану, орындау.


Дәріс
Халықаралық азаматтық іс жүргізу туралы жалпы ережелер мен заңдар. Халықаралық азаматтық іс жүргізу нормалары әр түрлі нормативтік актілерден тұрады. Ол Қазақстан Республикасы органдарының құзіретіне кіреді.
Оларға:
1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қаулылары;
2) Қазақстан Республикасы заңдары ;
3) Заңды күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары ;
4) Қазақстан Республикасы Президент жарлықтары ;
5) 1993 жығы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Министр кабинетінің қаулылары ;
6) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министлігінің қаулылары ;
7) 1998 жылы 8 қаңтардағы Әділет министрлігінің қаулылары.т.б
Азаматтық сот өндірісіндегі шетел азаматтарының, ұйымдарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың азаматтық сот өндірісіндегі құқықтық жағдайлары. Шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар,шетелдік ұйымдар мен халықаралық ұйымдар өздерінің бұзылған немесе дау айтылып отырған құқықтарын,бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының соттарына жүгінуге құқылы.
Азаматта бірнеше шет мемлекеттің азаматтығы болса,бұл адам неғұрлым тығыз байланыстағы мемлекеттің құқығы оның жеке заңы болып табылады.
Халықаралық ұйымның іс жүргізу құқығына қабілеті ұйым соған сәйкес құрылған халықаралық шарт,оның құрылтай құжаттары немесе Қазақстан Республикасының құзыретті мемлекеттік органымен келісім негізінде белгіленеді.
Шетел тұлғаларының қатысуындағы істер бойынша Қазақстан Республикасы соттарының құзыреті. Егер Қазақстан Республикасының аумағында жауапкер-ұйыморналасқан болса немесе жауапкер-азаматтың тұрғылықты жері болса,шетелдік тұлғалар қатысатын істі Қазақстан Республикасының соттары қарайды.
Қазақстан Республикасы соттарының айрықша құзыретіне:

      1. Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлік құқығына байланысты істер;

      2. тасымал шартынан туындайтын тасымалдаушыға талап қою жөніндегі істер;

      3. егер ерлі-зайыптылардың екеуінің де Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері болса, қазақстандық азаматтардың шетелдік азаматтарымен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некесін бұзу туралы істер. (ҚР АІЖК 417 б)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет