1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі



бет11/14
Дата28.01.2018
өлшемі3,32 Mb.
#34536
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

ЭМР классикалық үлгісі


13.4 кесте



ЭМР-дің кейнсиандық үлгісі




13.5 кесте

ЭМР институционалды-әлеуметтік үлгісі



Белгілер( 13.5 кесте):

ТК-ТУ-тауарлар және қызметтер;

ТС-ЧН-таза салықтар;

ӨФ-ФП-өндіріс факторлары;

ӨШ-И-өндіріс шығындары;

ҮШK-ДДХ-үй шаруашылығының кipicтepi;

ҮШР-РД-үй шаруашылығының ресурстары;

ҮШӨ-ПД-үй шаруашылығының өнімдері;

ФК-ДФ-фирмалардың кipicтepi;

ФАР-РОФ-фирмалардың ауытқуларын реттеу;

ҮШАР-РОДХ-үй шаруашылығының ауытқуларын реттеу;

ФӘМБР-РБСДХ-фирмалардың әлеуметтік мүдделерінің балансын реттеу;

ҮШӘМБР-РБСДХ-үй шаруашылығының әлеуметтік мүдделерінің балансын реттеу;

МӘИ-мемлекеттік әлеуметтік институттары;

МӘИ-СИГ-салт-дәстүрді қорғаушылар мен білдірушілер.

Институтционалды-әлеуметтік үлгі факторлар құрамы жағынан ең күрделi болып табылады. Оны таза түрінде көрсету қиын. Ол қоғамның шаруашылық өміріне мемлекеттің ықпал етуі сияқты арнайы макроэкономикалық тұрғыдағы шектерін көрсетеді, сонымен біpгe оған алдыңғы екі үлгінің элементтері де кіреді.
13.3. Шаруашылық мүдделерін орындаушылар (субъектілер)
Экономикалық саясат субъектілері шаруашылық мүдделерін орындаушылар, иеленушілер және айқындаушылар болып табылады. Шаруашылық мүдделерін иеленушілер - бұл әлеуметтік топтар, олар бip-бірінен мынадай белгілермен ерекшеленеді: мүліктік, табыс, кызметі мен түрлері, мамандығы, салалық және аймақтық қызығушылығы. Бұл-жалдамалы жұмыскерлер, кәсіпорын қожайындары, фермерлер, ұсақ және ipi кәсіпкерлер, басқармалар, акционерлер т.б. Олардың әр қайсысының өз әлеуметтік-экономикалық мүдделері және қызметтері бар. Мемлекет қоғамның барлық топтарының мүдделерін дұрыс үйлестіруі тиіс. Ол үшін мемлекет атқару билігі тетігін құрады.

Шаруашылық мүдделерін орындаушылар (ЭМР субъектілері) үш тармақтан құралған, олар: Президент, Үкімет, олардың сот органдары және Ұлттық банк. ЭМР өз қолдарына алатын федералды және жергілікті органдар, парламент және үкімет болды. Кәсіпкерлерден, еңбекшілерден және үкімет пен арадағы тариф келісімін реттеу үшін кәсіпкерлер, кәсіподақ одақтары және атқару биліктері өкілдерінен органдар құрылады. Экономика Министрлігі және кәсіпкерлердің салалық одақтарын жеке салаларын қолдау және дамыту жөнінде комитеттер, кеңестер ұйымдастырылады. Олар кеңесшілдік қызметті жүзеге асырады және мемлекеттік экономикалық саясатқа (МЭС) ықпал етеді.

Мұндай органдарға үкімет экономика, қаржы, әлеуметтік қорғау Министрлігі, мемлекеттік экономикалық саясаты Орталық банк сарапшыларының әр алуан кеңестері т.б. жатады. Олардың ұсыныстары (МЭС) бағдарлауға, бюджеттен және әртүрлі қорлардан қаржы жұмсау бағыттарына жатады.

ЭМР мен мүдделі иелер арасындағы қатынас мыналармен айқындалады:

- шаруашылық құрылымын жақсартудағы ЭМР жетістіктерімен;

- еңбекке қабілетті халықтың еңбекпен қамтылуының өсуімен;

- қалыпты төлемқабілетті баланспен;

- инфляция қарқынының төмендеуімен;

- халықтың тұрмыс деңгейінің жоғарылауымен;

ЭМР жетістігі сондай-ақ кәсіподақ шерулерімен, қақтығыстардың азаюымен, МЭС бағасымен, сайлауды реттеудің мемлекеттік шараларын қолдауынан көрінеді. Ол үшін ЭМР органдарында сауалнамалар көмегімен жүргізілген реттеу шараларында шаруашылық субъектілері ic-қимылының болжамдары мен жедел ақпараттар болуы тиіс.

ЭМР тиімділігін зерттеудің сауалнамалық әдісін кейбір кемшіліктері болғанымен, ол, экономикалық мемлекеттік реттеуде елеулі рөл атқарады және ғылыми әлемде,сондай-ақ мемлекеттік аппаратта болып саналады.

Макроэкономикалық зерттеулерде мемлекетке, оның экономикалық саясатының жиынтық көрсеткіштеріне ықпал етуге зор көңіл бөлінеді. Мемлекет ұлттық нарықта экономикалық қатынастарға қатысушылардың қолданатын "ойын ережелерін" белгілейді, жеке үкімет нарықтық субъектілерінің бipi болып шығады, яғни ұлттық мүддені қолдайтын белсенді мемлекет ретінде әрекет жасайды.


13.4. Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) объектілері және функциялары
ЭМР объектілері бұл-қиындықтар, проблемалар туындаған немесе туындауы мүмкін салалар, аймақтар, сондай-ақ, ахуалдар мен құбылыстар.

ЭМР-дің негізгі объектілері:

- экономикалық цикл;

- шаруашылықтың секторлы және аймақтық салалық құрылымы;

- капитал жинақтау шарттары және жұмыспен қамту;

- ақша айналымы;

- бағаны реттеу;

- төлем балансы;

- бәсеке шарттары;

- әлеуметтік қатынастар, жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы қатынастарды қосқанда;

- кадрлар даярлау және қайта даярлау;

- қоршаған ортаны қорғау;

- сыртқы экономикалық байланыстар.

Kөріп отырғанымыздай, ЭМР объектілерінің тізбесі макроэкономикалық процестерді, шаруашылық циклы ауқымында қорлануды, жекелеген салаларды, аумақтық кешендерді, конкурс шарттарын, мемлекетаралық байланыстарды қамтиды.

ЭМР объектілері шешілетін міндетіне қарай келесілерге бөлінеді: фирмалар, салалар, аймақтар, экономика секторлары (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, қызмет көрсету т.б.); тұтастай шаруашылықтар (шаруашылық циклы, ақша айналымы, баға); ауқымды (әлеуметтік қатынастар, экология); ұлттық (шет елдермен экономикалық-саяси қатынас, интеграциялық процесс).

Экономикалық реттеу (ЭР) мақсаттары әдетте, мәні, ауқымы жағынан әркелкі, бірақ өзара тығыз байланыста болады, біреуін шешпей екінші салада табысқа жету мүмкін емес.

ЭР құралы мемлекеттік билік күшіне негізделеді және мемлекет функциялары арқылы айқындалатын рұқсат ету және мәжбүрлеу шаралары шығындарын қамтиды.

Қазіргі мемлекеттің экономикалық функциялары алуантүрлі және күрделі. Мемлекет атқаратын экономикалық функциялардың негізгі топтарын былайша бөлуге болады:

- экономикалық қызметтің құқытық базасын құру және дамыту;

- нарық жүйесінің қызметін қамтамасыз ету және бәсекелестік орта құру, оны монополияға қарсы заң арқылы қорғау;

- табысты және байлықты қайта бөлісу, ресурстарды бөлуді түзету, жұмыспен қамту және инфляция деңгейін бақылау көмегімен экономиканы тұрақтандыру;

- нарықтық тетіктің кейбір элементтерін қолдануды шектеу, қоғамдық тәртіпті, ұлттық қорғанысты, көлік жүйесін және жиынтық тұтыну саласын қолдауға және білім, медициналық қызмет көрсетудің қалыпты жағдайын қамтамасыз етуге бюджет ресурстарын бөлу;

- дүниежүзілік экономикада ұлттық бәсеке артықшылығына жету және сақтау:

- экономиканың құрылымдық жаңаруын ынталандыру;

- макроэкономикалық көрсеткіштің өзгеруін қалпына келтіру үшін экономиканың интеграцияны реттеуші жүйесін құру.

Құқықтық базаға кіретіндер:

- мемлекетпен ерекше түрде экономиканың барлық саласына, бизнесті қоса алғанда берілетін өзіндік қызметтер, құқықтық нормалар, заңдар, актілер;

-"ойын ережесі" тетіктерін жасау, яғни үкімет, бизнес, өндірушілер мен тұтынушылар, жұмыскерлер арасындағы қатынастарды реттеу нормалары т.с.с. (мемлекет осындай мақсатпен өз институттарын құрады -сот, комитеттер, қызметтер, комиссиялар т.с.с.);

- меншік иелерінің құқықтарын мерзімдеу, бұл трансакциялық шығындарды азайтады.

- мемлекет бәсекені қорғауды жүзеге асырады;

- бәсеке экономиканы дамытудың негізгі факторлары ретінде жағдай жасайды;

- монополияны нарықтық негізгі қатынасушыларына зиян келтіруші фактор ретінде шектейді;

- нарықтық ішкі және шетел қатысушыларына бәсекені белгілеуді шектейді және рұқсат беру процесінде бәсекені ынталандырады.

Мемлекет арқылы табыс пен байлықты сапалы қайта бөлісу нарық қызметінің күрт бұзылуы салдарынан жүргізіледі, ол сыртқы тиімділік деп аталады. Сыртқы тиімділік - бұл нарық қатысушыларының ұтымды не ұтымсыз факторларына ауысу және байланысты емес табыс пен шығындар.

Мемлекеттік (нарықтық емес) игіліктер тиімділігі-нарықтық экономиканың іске асыру мүмкіндігі жоқ өндірісі, дегенмен мүндай өндіріс бәріне қажет және пайдалы, оны 13.6 кестеден көруге болады.

13.6. кесте

Мемлекеттік қоғамдық игіліктер


- ешкіммен де шектелмейтін тұтыну мүмкіндігі бар қоғамдық игіліктердің негізгі нысандары

игіліктердің негізгі нысандары


- ұлттық қорғаныс

- қоғамдық тәртіпті қорғау

- су тасқынын реттеу

- а/ш зиянкестерімен, жәндіктермен күрес

- стихиялық апаттан қорғау т.с.с.


ерекшеліктері


- топтық және ұжымдық шешім негізінде үкімет делдалдығы арқылы тұтынылады,

- ажырамас болып табылады және бұл игіліктерге төленбей, тұтынушылар пайдалана алмайды,

- бұл игліктер мемлекетте елеулі пайда әкелетін жағдайда ғана, өндірісі мемлекетпен қамтамасыз етіледі,

- өндіріс ресурстары көздері салық салу болып табылады,

- өнімді алуға жағдайлы және керек етпейтіндері жоққа шығару қағидаларына ұшырамайды, ал төлеуге жарамды және төлеуге құқы жоқтар осы өніммен қамтамасыз етілетін пайданы салу қатарынан шығарылады.


Мемлекеттік қоғамдық игіліктердің мынадай қасиеттері бар:

- бөлінбейтін болып табылады және нарықтың кейбір қатысушыларына ғана сатылмауы мүмкін, яғни оның бәрі пайдаланады.

- "фрирайдер" деп аталатын проблема туындады (қыз-метті, оны өндіруде шығындардың шықпайтыныдық мыса-лы, сот, құқықтық тәртіп, қорғаныс қызметі жүйесі т.б.);

- квазиқоғамдық (жалған қоғамдық) қызметтер, яғни бұл игіліктер қоғам үшін жеткіліксіз және барлығына пайда келтіре алмайды (денсаулық сақтау, білім беру, спорт т.с.с. қызмет көрсету).

Экономиканы құрылымдық жақсартудың ынталандыру функциясы мыналар арқылы орындалады:

- инновациялық ресурстарға, тауарларға, инвестицияны жүзеге асырушы кәсіпорындарға ерекше салық тәртібін (режимін) енгізу;

- инновациялық бизнесті ынталандыратын заңдарды қабылдау;

- ғылымды көп кажетсінетін тауарлар өндірушілерге арналған субсидия, жеңілдіктер;



  • ҒЗТКЖ-НИОКР-ды қаржыландыру. Экономиканы тұрақтандыру функциясы табыс пен шығындардың тең айналымын қолдауды қамтамасыз етуі тиіс. Егер шығындар кірістен төмен болса, онда бұл өндірістің құлдырауына, жұмыссыздықтың өсуіне, экономиканың жаңаруын баяулатуға, жабдықтың ескіруіне әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда мемлекет салықтарды төмендету және бюджеттің шығыс бөлігін қаржыландыру арқылы жұмсауды толықтырады. Егер шығындар кірістерден жоғары болса, онда ол инфляцияны тудырады, кірістердің қайта бөлінісі тиімсіз болады және нақты өсу тұрақсызданады. Онда мемлекет шығындарды қысқартуы тиіс.



Каталог: attachments -> article -> 731
article -> История финансовой науки и ее развитие в России
article -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
article -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> «мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Абыз тұЛҒА, АҢыз тұЛҒа кетбұҚа жауапты редакторы
article -> «Мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Элективті пәндердің каталогы Мамандық 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» (оқу мерзімі – 4 жыл, оқу тілі – қазақ) Қарағанды – 2014-2015
731 -> ҚазтұтынуодағЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет